Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Мемлекеттік қаржылардың мазмұны, олардың әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі



бет21/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
karzh umk

Мемлекеттік қаржылардың мазмұны, олардың әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі

Мемлекет экономикалық өмірге бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдалған  моделіне, саяси құрылымға, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты көп немесе аз дәрежеде қатысады.

Мемлекеттің экономикалық қызметі жалпы алғанда келесі функциялардан анықталады:

1) экономикалық дамудың қалыпты барысына мүмкіндік туғызатын құқықтық базаны анықтау;

2) монополистік қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;

3) кірістер мен байлықты қайта үлестіру;

4) экономиканы тұрақтандыру;

5) ресурстарды қайта үлестіру.

Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру бойынша әрекеттеріне экономикалық конъюнктураның ауытқуымен тудырылатын жұмыс бастылық пен инфляция деңгейін бақылау, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру шаралары кіреді.

Экономикалық ресурстарды қайта үлестіру нарықтық жүйенің екі жағдайда жетілмеуімен тудырылады:

1) кейбір тауарлар өндірісінің тең көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;

2)рыноктың ресурстар бөлуден бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктер мен қызметтерді өндіру үшін жеткіліксіз бөлінуі.

Бірінші жағдайда бірқатар тауарлар мен қызметтерді өндіру  немесе  тұтыну тікелей өндірушілер немесе берілген тауарларды тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығындар немесе пайдалар тудырады. Бұл құбылыстар «жанама әсерлер»  немесе «ауысулар» деп  аталады  және берілген  шаруашылық  процестеріне  қатысушылар болып табылмайтын тұлғалар немесе топтардың пайдаларын немесе шығындарын білдіреді. Ауысу шығындарына қоршаған ортаның ластануымен, шудың, дірілдің, әр түрлі ыңғайсыздықтардың бар болуымен  байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайларда өндірушілер өз шығындарының  бір бөлігін халыққа ауыстырады да, өндірушілердің шығындары төмендетіледі. Нәтижесінде өндірушілердің өндіру көлемі үлкен болуы  мүмкін,  осыдан, берілген тауарларды өндіру үшін  ресурстар ұлғайтылған көлемде түседі.

Ауысу шығындарын теңестіру үшін мемлекет мына ұсыныстарды қозғайтын  реттеуші шаралар жүргізеді:

1) қызметті заңды  шектеу  немесе  оның  зиянды  әсерін  болдырмайтын  шарттарға әкелуді талап ету; мұндай қызметтің   нормалары  мен стандарттарын  сақтау шығындардың ұлғаюын тудырады және өндірістің тепе-тең және оңтайлы көлемдерінің сәйкестігіне әкеледі;

2) ауысу шығындарына тең немесе жақын арнайы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізу субъектісінің жалпы шығындарын арттырады және тепе-теңдік күйін қамтамасыз етеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет