Жұмыс бағдарламасы Жасақталды



бет41/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81
karzh umk

Әлеуметтік сақтандыру

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алуымен бірге нарықтық қатынасқа тән өзіндік халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасып келеді. Әр адамның өмірінде кез келген уақытта өзіне қауіп төнетін және өз еркімен шеше алмайтын жағдайлар болып тұрады. Осыған байланысты нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қорғаудың нақты нысаны бұл жұмысқа қабілетті халықты әлеуметтік тәуекелдерден әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Әлеуметтік тәуекелдерге келесідей белгілер тән:

1) Экономикалық: экономикалық құрылымның өзгерісі, экономикалық дағдарыс немесе өндірісті оңтайландыру нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеу салдарынан жұмыс жоғалту қаупі; жұмыс орнында алған өндірістік жарақаттар мен ауру салдарынан жұмысқа жарамсыз болып қалу қаупі;

2) Уақытша жұмыс істеу қабілетінен айырылу немесе зейнетақылық жасқа келу уақытымен байланысты тәуекелдер.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандардың бірі.

Халықты әлеуметтік қорғауда сақтандыру жүйесінің маңызды шартының бірі сақтандырылушыларды материалдық қамтамасыз етуде сақтандыру төлемдерінің нақты функциясын анықтау.

Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтың қоғам дамуына жеке салымдардың есебінсіз төлемдердің бірдей деңгейде барлық азаматтарға төленуі;

2) Міндетті зейнетақы салымдар есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы төленетін әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтың қоғам дамуына салған жеке салымы есебін ескере отырып төленетін қосымша әлеуметтік қамсыздандыру;

3) Ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет