Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Мемлекеттің әлеуметтік көмегі



бет39/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
karzh umk

Мемлекеттің әлеуметтік көмегі

Мемлекеттік әлеуметтік көмек – бюджет жүйесінің сәйкес бюджеттері, әлеуметтік жәрдемақылар, субсидиялар, өтемақылар есебінен жалғыз тұратын азаматтарға беріледі. Мемлекеттік әлеуметтік көмек түрлері:

- ақшалай төлемдер – әлеуметтік жәрдемақылар, субсидиялар, өтемақылар және т.б.;

- табиғи көмек – отын, тамақ өнімдері, киім, аяқ киім, дәрі-дәрмектер және т.б.

Әлеуметтік жәрдемақы  – азаматтарға бюджет жүйесінің сәйкес бюджет қаржылары есебінен белгілі ақша сомасынан ақысыз беру.

Субсидия – азаматтарға берілетін мақсатты тағайындалған, материалдық игіліктердің немесе көрсетілетін қызметтердің төлемі.

Өтемақы – азаматтарға заңмен белгіленген шығындарды өтеу.

Мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету көздері бюджет, бюджеттен тыс қорлар қаржылары болып табылады.

Зейнетақылар және жәрдемақылар бюджеті, Зейнетақы қорлары, кәсіподақтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың Мемлекеттік жұмыспен қамту қоры бюджеттерінің қаржыларынан осы мақсатқа алынатын төлемдердің барлық түрлері кіреді.

Зейнетақылардың келесі түрлерін ажыратады: қарттығына байланысты; асыраушсыны жоғалтқан жағдайда; мүгедектігіне байланысты; еңбек сіңірген жылдары үшін; әлеуметтік зейнетақы.

Жәрдемақылар түрлері: уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша; әйелдерге жүктілігіне және бала тууына байланысты, бала туғанда, 1,5 жасқа дейін бала күтуіне байланысты, мүгедек балаларды күтуіне байланысты, әр балаға ай сайынғы жәрдемақы; кәсіпорынның таратылуына байланысты жұмыстан шығарылған, 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге өтемақы төлемдері; протез салу және ортопедиялық аяқ киім жасағаны үшін шығындарды төлеу; материалдық көмек, босқындарға және қоныс аударушыларға жәрдемақы және т.б.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет