Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Үй шаруашылықтарының ақшалай кірістері



бет37/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
karzh umk

Үй шаруашылықтарының ақшалай кірістері 

Үй шаруашылықтарының өндіру мақсаттары үшін қажет болуы мүмкін активтерді өндіру немесе иелену процесінде олардың қатысуы салдарынан олармен алынатын кірістер бірінші реттік кірістер деп аталады. Олар өндіру процесінде құрылатын қосымша құн салығынан төленеді.

Үй шаруашылықтарының орналасатын кірісі – үй шаруашылықтары өндірістік қызметтен алатын кіріс.

Халықтың ақшалай кірістерінің келесі түрлерін ажыратады:

- әр түрлі меншік түріндегі кәсіпорындар жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және төлемдердің басқа түрлері;

- кәсіпкерлік қызметтен және меншіктен түсетін кірістер;

- қаржы жүйесінен түсетін түсімдер;

- әлеуметтік трансферттер;

- басқа түсімдер.

Отбасы бюджетінің негізін еңбекақы құрайды. Ең төмен еңбекақы мөлшерін (ЕТЕМ) қолданудың ерекше маңызы бар. Бұл мемлекетпен белгіленген және меншіктің алуан түрлілігі және бағаны ымыраландыру жағдайларында халықты әлеуметтік қорғау мақсаттары үшін пайдаланылатын еңбек үшін төлемнің есептік шамасы. Ол 1991 ж. 1 қазаннан бастап енгізілген және халық өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының өзгеруіне сәйкес мерзімді өзгерістерге ұшыраған.

ЕТЕМ қамтамасыз етіледі:

- бюджеттік көздерден қаржыландырылатын ұйымдармен,

- сәйкес бюджеттер қаржылары есебінен;

 - басқа ұйымдармен – меншікті қаржылар есебінен.

ЕТЕМ-ге қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйақылар және көтермелеу төлемдері қосылмайды. Мөлшерлемелер мен айлықтардың нақты мөлшерлері персоналдың және жұмыскерлердің кәсіптік-біліктілік топтарына байланысты ұжымдық шарттар талаптарымен анықталады.

Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне, орта кәсіптік және бастапқы кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушыларына,  жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің және ғылыми-зерттеу мекемелерінің аспирантурасында өндірістен қол үзіп оқитын  аспиранттарға стипендиялар, сондай-ақ сәйкес жәрдемақылар және азаматтарға басқа әлеуметтік төлемдер ЕТЕМ есепке алынып төленеді. 

Шығындар оларды қаржыландырудың қолданыстағы көздері есебінен жүргізіледі.

Салықтар, алымдар және ЕТЕМ-ге байланысты есептелетін басқа төлемдер заңмен белгіленген шамадан алынып есептеледі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет