Үй шаруашылықтарының шығыстары
Отбасы бюджетіне түсетін ақша қаражаттары екі бөлікке бөлінеді – шығындар және жинақталған ақшалар.
Шығындарға мыналар кіреді:
- тауарлар сатып алу және қызметтерді төлеу;
- міндетті және ерікті төлемдер;
- басқа шығындар.
Халықтың тауарлар сатып алуы барлық өткізу арналары бойынша бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі мөлшерінде анықталады.
Халықтың қызметтерді төлеуіне және басқа шығындарға мыналар жатады: тұрғын үйді, коммуналдық және тұрмыстық қызметтерді, білім беру жүйесінің қызметтерін төлеу; санаторийларға және демалыс үйлеріне жолдамаларға шығындар, туризм және ақылы емханаларда емдеу; кинотеатрларға, театрларға және т.б. шығындар; көліктің барлық түрлеріне шығындар; байланыс қызметтерін және т.б. төлемдер.
Үй шаруашылықтары шығындарының келесі тобы – міндетті және ерікті төлемдер. Міндетті төлемдерге салықтар, алымдар, баждар, аударымдар жатады, олар атқарушы билік органдарымен әр түрлі деңгейлі бюджеттерге және бюджеттен тыс қорларға алынады. Ерікті төлемдерді үй шаруашылықтарының жеке мүшелері сақтандыру ұйымдарына, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, қайырымдылық қорларына, кооперативтік ұйымдарға төлейді.
Үй шаруашылықтарының жалпы шығындарындағы бұл шығындардың үлесі салыстырмалы түрде үлкен емес, алайда соңғы жылдары салықтар есебінен ұлғайды.
Үй шаруашылықтарының мүшелері ҚР азаматтары сияқты әр түрлі міндетті төлемдерді, ең алдымен салықтар мен алымдарды төлейді.
Сақтандыру бойынша төлемдерге: азаматтар шаруашылықтарындағы мүлікті міндетті сақтандыру бойынша және жолаушыларды темір жолдарда, әуе және су көлігінде сақтандыру бойынша және жеке сақтандыру бойынша жарналар кіреді.
Қоғамдық және кооперативтік ұйымдарға жарналарға: кәсіподақ ұйымдарына кіру және мүшелік жарналар, ерікті қоғамдар, шығармашылық одақтар және бірлестіктер кіреді.
Жинақталған ақшалар – бұл үй шаруашылықтарының инвестициялауға тиесілі сұранысы, халықтың жинақтаған байлығы.
Жинақталған ақшалар экономиканың нақты секторына, қаржы-несие ұйымдарынағ алтынға, шетелдік валютаға және т.б. салынуы мүмкін. Құндылықтарды ұлттық және шетелдік валютада қаржы-несие жүйесінен тыс сақтайтын халық оларды экономикаға салмайды, инвестициялық процеске қатыспайды.
ЕТЕМ, зейнетақылар және жәрдемақылар мөлшерлері қабылданған ең төмен тұтыну бюджеті жүйесінен анықталады.
Ең төмен күнкөрiс деңгейi - мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну қоржынының құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс.
«Ең төмен тұтыну қоржыны» - адамның денсаулығын сақтау және оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердің ең төмен жинағы.
Азаматтарға мемлекеттің беруі қамтамасыз етілетін әлеуметтік трансферттерге: жәрдем ақылар төлеу және әлеуметтік көмек; зейнетақылар; материалдық және басқа көмек көрсету; стипендиялар және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |