Мемлекеттің бюджеттік саясаты
Бюджеттік саясат мемлекеттік бюджетті және аумақтық-әкімшілік бірліктер бюджеттерін әзірлеумен және пайдаланумен байланысты.
Мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады.
Салықтық реттеу фискальды саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту;
ә) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады;
б) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлеуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кещенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болалды. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша – несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |