Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар



бет47/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81
karzh umk

Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар

1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің мәні неде?

2. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің алғышарттары қандай?

3. Мемлекеттің фискальды саясатының нұсқаларын атаңыз.

4. Салықтардың нарықтық тепе-теңдікке әсері неден тұрады?

5. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу әдістерін атаңыз.

6. Макроэкономикалық тепе-теңдіктегі қаржылардың ролі неден тұрады?

 

 

Негізгі әдебиеттер: 25-35, 36-45.



Қосымша әдебиеттер: 1-14, 15-18, 26-31

13 тақырып Қаржы рыногы

Дәріс жоспары:

13.1 Қаржы рыногы, оның құрылымы және экономикадағы қажеттілігі;

13.2 Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздар түрлері;

13.3 Бағалы қағаздар эмиссиясы. Бағалы қағаздар рыногына қатысушылар;

13.4 Қор биржасы.

 

Қаржы рыногы, оның құрылымы және экономикадағы қажеттілігі

 

Қаржы рыногы ақша капиталының әр түрлерде және бағалы қағаздарда қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастарды  білдіреді. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрама бөлігі  болып табылады және тауарлық және жер, табиғи ресурстар, жұмыс күші, тұрғын үй және басқа жылжымайтын мүлік, сақтандыру, валюталық, технологиялар, алтын және т.б. басқа  рыноктармен  органикалық байланысты.



Ақша рыногы төлемдік қаржылар рыногын білдіреді, оған тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сонымен бірге ақшасыз төлем қаржылары да кіреді.   Несие  рыногы банктердің ссудалар бойынша несиелік операцияларымен байланысқан.

Капиталдар рыногында қоғамдық өндіріске қатысушылардың орта мерзімді және ұзақ мерзімді жинақталымдарының қозғалысы жүзеге асырылады. Қаржы  рыногында сатып алу-сату  объектісі  ерекше  тауарлар – ақшалар және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.

Қаржы рыногында бағалы қағаздар рыногы ма ңызды орын  алады, ол бағалы қағаздар қозғалысымен  себептелетін экономикалық қатынастарды білдіреді. Сондай-ақ ол қор рыногы деп аталады, себебі қор құндылықтары -  бағалы қағаздар мен туынды  бағалы қағаздардың айналымымен байланысты. «Қор рыногы»  термині  мекеменің атауымен байланысты, онда бастапқыда  бағалы қағаздармен қор биржасында  мәмілелер жасалған.

Функционалдық көзқарастан қаржы рыногы – бұл шаруашылық жүргізетін  субъектілердің, банктердің,  мемлекеттің уақытша  бос  ақшаларын жинауды және қайта үлестіруді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.

Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеуге және тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Оған берілген рыноктың  қордағы құралдарының,  басты түрде бағалы қағаздардың  алуан түрлілігімен қол жеткізіледі.

Рыноктардың барлық типтерінің өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын  анықтайды.  Оларға мыналар жатады:

1) реттелген тауар рыногының бар болуы, яғни кез келген түрдегі және тағайындалған  тауарлар мен қызметтер бойынша сұраныс пен ұсыныстың теңгерілгендігі;

2) Орталық банк трапынан ақша айналымының қалыпты реттелуі: оған қолма-қол ақшалай және ақшасыз  айналым  бойынша  эмиссияны бақылау жатады;

3) несие рыногын жандандыру, оның толық коммерцияландыру, яғни несие  ресурстарын бос рынркта орналастыру; несие  ресурстарының қозғалысы Орталық банктің  пайыздың есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің  міндетті  резервтерінің   нормаларын  анықтауы, ашық ақша  рыногында   операциялар  жүргізуі  жолымен  реттеледі.

Қаржы рыногы жұмыс істеуінің алғы шарттары  мыналар болып табылады:

1) материалдық өндіріс сферасының – бәсекелестікті  дамыту және   монополизмді шектеу  мақсатында барлық  меншік түріндегі кәсіпорындардың, соның ішінде мемлекеттік сектордың алғашқы шаруашылық  буындарының  дербестілігі;

2) қаржы ресурстарын қайта үлестірудегі мемлекеттің  ролін қысқарту: өндірістік күрделі салымдардың орталықтандырылған қаржыландырылуын,  кәсіпорындар арасындағы қаржылардың ведомство ішінде қайта үлестірілуін азайту;

3) шаруашылық жүргізетін субъектілер мен халықта бағалы қағаздар мен басқа активтерге инвестициялануы мүмкін болатын ақшалакірістердің өсуі;

4) бюджеттер тапшылықтарын қаржыландыру үшін ссудалық қордың пайдаланылуын тоқтату; республикалық та, жергілікті де бюджеттердің тапшылықтары  облигациялар  және  басқа  міндеттемелер  айналымымен   мемлекеттік займдарды шығару мен жабылады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет