Жұмыс бағдарламасы «Қолданбалы жылуфизикасы»



Дата29.06.2016
өлшемі216.33 Kb.
#166045
түріЖұмыс бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 денгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-.01.20.12/

01-2010


ПОӘК

Студенттерге арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

«Қолданбалы жылуфизикасы»


№1Басылым

«30» қыркүйек 2010 ж.




ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Қолданбалы жылуфизикасы»

«050723» – «Техникалық физика» мамандығы үшін
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2010
Кіріспе
1 ӘЗІРЛЕГЕН
1 ӘЗІРЛЕГЕН

ҚҰРАСТЫРУШЫ ________ «31»тамыз 2010 ж.

Койбагаров С.Х., доцент міндетін атқарушы «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының отырысында.

«31» тамыз 2010 жылы, № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ Мукушева М.К.
2.2 Инженерлік - технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

«20» қыркүйек 2010 жылы, №1 хаттама.


Төрағасы ______________ Толеубекова С.

2.3 Инженерлік - технологиялық факультеттің ғылыми кеңесінің отырысында.

«22» қыркүйек 2010 жылы, №2 хаттама.

Төрағасы ______________ Касенов А.Л.


3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қабылданған және баспадан шығаруға рұқсат берілді.

«30» қыркүйек 2010 жылы, №1 хаттама.
ОӘК төрағасы, бірінші проректор _____________ Молдажанова А.А.
Алғаш РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.
Мазмұны
1 Жалпы ережелер..............................................................................................4

2 Пәндерді окып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар..............................5

3 Курс форматы және саясаты...........................................................................7

4 Баға қою саясаты.............................................................................................8

5 Пәндердін мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу.........9

6 ОСӨЖ жөне СӨЖ мазмұны..........................................................................10

7 Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі.........................................11

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы – Койбагаров Самат Хариевич, доцент міндетін атқарушы.

Кафедра – Техникалық физика жән жылуэнергетика.

Байланыс ақпараты – тел: 35-46-02, №9 ғимарат, №201 кабинет.

Сабақты өткізу орны – дәрісхана № 209

Пәннің аталуы - «Қолданбалы жылуфизикасы»



Берілген пән бойынша кредиттер саны – 2;


    1. Оқу жұмыс жоспарынан көшірме (1 кесте):

1 кесте – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредиттер

ДР,

(сағ.)


СПС,

(сағ.)


ЗХ,

(сағ.)


СОӨЖ,

(сағ.)


СӨЖ,

(сағ.)


Барлығы,

(сағ.)


Қорытынды бақылау

дың нысаны



3

5

2

15

-

15

30

30

90

Емтихан

1.3 Пәндердің мазмұның қыскаша сипаттау


«Қолданбалы жылуфизика» пәні техника мен ғылымның жаңа бағыттарын дамытуға қосқан үлесі мол. Соның ішінде физиканың, құралжасаудың, ғарыштың, биология мен медицинаның дамуына айтарлықтай әсер етті. Осыған байланысты бірқатар жаңа бағыттар қалыптасты. Олар криэлектроника, криобиология, криоэнергетика т.б. Қатты, сұйық және газ тәріздес денелердің жылуфизикалық, электрөткізгіштіктері температураға тәуелді. Олардың төмен температураларда қасиеттері шұғыл өзгереді. Жеке жағдайларда жаңа құбылыстар пайда болады. Сондықтан, қолданбалы жылу физикасы пәні, осындай жүйелерге байланысты есептерді шешу, жобалау, құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде ерекше орын алады.
1.4 «Қолданбалы жылуфизикасы» пәнін оқудың мақсаты 120 К дейін және одан төмен температураларда болатын процестер мен құбылыстарды, және осы температураларда заттардың жылуфизикалық, механикалық және электрлік қасиеттерін оқып үйрену. 120 К дейін және одан төмен температураларға орталарды суыту сұрақтары, және сондай температураларды ұстауға арналған циклдардың динамикалық негіздерін оқып үйрену.
1.5 Пәндерді окьш-білудің негізгі міндеті - болашақ маман инженерлік ойлау мен нақтылы жағдайлардағы негізгі термодинамикалық түсініктері мен заңарды, криогендік жүйелердің жұмыстық заттарының қасиеттері, төмен температураларды алу негізгі әдістері, төмен температураларды алуға негізделген циклдардың динамикасы, төмен температураларда конструкциондық материалдардың механикалық қасиеттері туралы дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
1.6 Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:

- криогендік жүйелердің жұмыстық заттарының қасиеттерін, төмен температуралы процестер туралы ақпараттар алу әдістері мен тәсілдерін, криогендік жүйелердің негізгі кең таралған процестерін есептеу әдістерін білуі;

- температура мен қысым өлшеуіш құралдарын қолданып, жылутехникалық өлшеулерді жүргізуді, жұмыстық заттардың термодинамикалық диаграмаларын қолдана отырып, төмен температураларды алуға негізделген циклдарды есептеуді пайдалана біліуі;

- тәжірибелілік жұмыстарды жобалауды мен жүргізуді, және зерттеу әдістерін, төмен температураларды алуға негізделген циклдардың тұрғызып есептеуді меңгеруі;

- тәжірибемен алынған нәтижелерді бір күйге келтіру дағдыларын қолдана білуі;

- жұмыстық заттарының қасиеттері, төмен температураларды алу негізгі әдістері, төмен температуралық техника жүйелері және төмен температуралы процестер туралы ақпараттар алу әдістері мен тәсілдерін саналы қолданудан түсінігі болуы тиіс.


1.7 Курстың пререквизиттері
-жалпы физика;

-математика;

-техникалық термодинамика.
1.8 Курстың постреквизиттері
- Тоңазытқыш машиналар.

2 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Студенттің берілген пәнді оқып үйренуін қамтамасыз ететін кеңестер мен түсіндірмелер жиынтығы. Кеңесті асаған кезде, курстың бір бөлігін студенттің өздік оқып үйренуімен жүретінін ескеру керек. Әдістемелік кеңестің мазмұны:

а) Пәнді оқып үйренуге қажетті уақытты жоспарлауға және оны ұйымдастыруға керекті ақыл-кеңестер.

Бұрын пәннің теориялық бөлігіне бөлінген жалпы сағат санының 60-70%-і бөлігі қарастырылса қазір оған небәрі 15-30 % қана, ал қалған 70-85 %-і студенттің оқытушының қадағалауымен жүретін өздік жұмысына (ОСӨЖ) және тек студент өзі ғана жасайтын СӨЖ (студенттің өздік жұмысы) жұмсалатының ескерту керек.

Дәріс – оқудың ең маңызды түрі. Ғылыми- техникалық ақпаратдың көлемі күннен күнге өскендіктен, дәрістің мазмұнын кеңейтіп және оған қойылатын талапты да жаңартып, жақсартып отыру керек. Дәрістің студенттің пәнді оқып үйренуін ұйымдастыруға тигізетін пайдасы көп. Бірақ діәріс алушы дәріске иек артып алмауы шарт. Дәріс өздік жұмысты алмастыра алмайды. Сондықтан студент дәріске өз бетімен дайындалуы керек. Ол оқулықтан немесе басып шығарылған дәрістер жинағынан дәрістің мазмұнымен танысып, оны ар қарай дамытып конспект жазуы керек. Барлық дәріске дайындалу уақыты кемінде 20-40 минуттан кем болмауы қажет. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Практикалық сабаққа және зертханалық жұмысқа дайындық пәнді оқып үйренуде студенттің білімінің жетіле беруіне қол жеткізеді.

Екі сағаттық практикалық сабақтың кемінде бір сағат дайындалу керек. Практикалық сабаққа дайындықты тексеру әр сабақтың басында болатынын студент білуі керек. Практикалық сабақта көрсетілген өздік жұмыстың творчествалық элементі ескерусіз қалмайтының студент білуі керек. Практикалық сабақта есепті әр студент оқытушының қадағалауымен өзі жеке шығарады. Студенттің жұмысы аралық үлгерімді тексеру арқылы жүреді, сондықтан студент әрбір жіберілген (босатылған) сабақтың оған тигізер залалы үлкен екенін естен шығармауы керек.

в) Оқу әдістемелік кешеннің (ОӘК) материалдарын пайдалануға арналған кеңес.

Студент оқу материалдарымен бірінші рет таныса отырып, оның берген жаңалықтарын, ерекшелік нысандарын қабылдап, сол арқылы пәннің негізгі жағдайын түсінуі керек.

Оқу процесіндегі негізгі рольге оқытушының материалдарды түсіндіруі және пайдаланылатын көрнекті құралы жатады. Ары қарай жаңадан алынған ақпарат бұрынғы алынған білімдермен араласып, олардың арасында пайдалы байланыс құралына айналады. Сонда барып студентте оқытылатын пән бойынша белгілі бір түсінік (ұғым) пайда болады.

Студент оқу пәнінің негізгі ережелерін және заңдылықтарын иеленіп, оқу материалдарын жалпы түрде меңгеріп оны күнделікті жұмыста, өмірде пайдалануға дайын тұрады.

г) Оқулықтар мен қосымша оқу құралдарымен жұмыс істеуге арналған кеңес.

Егер студент берілген материал көрсетілген оқулықта жеткіліксіз түрде берілген деп есептесе немесе онда берілген материалды оқып зерттеу қиын екенін білсе, онда ол берілген басқа оқулықтардағы немесе қосымша құралдардағы материалдарды пайдалану керек. Жақсы оқулықты дұрыс таңдаудың алатын орны зор. Сондықтанда оқулықтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Егер негізгі оқулықтарда берілген материал жеткіліксіз болса, онда қосымша оқулықтарды пайдаланғаны жөн.

Оқулықтар тізімі стандарт бойынша жасалады.

Берілген тақырып бойынша оқулықтарды және басқа ғылыми көпшілікке арналған материалдарды оқыған соң, конспект құру керек. Онда пайдаланылған оқулықтардың реттік нөмірі, беті, кестелері және т.б. берілгендері көрсетілуі шарт.

Емтиханға (сынаққа) дайындыққа керекті кеңестер.

Әртүрлі факторларді еске сақтауды, процестердің принципін көрсететін заңдылықтарды жатқа айту, немесе берілген материалдарды өз сөзімен жеткізу сұрақтарына жауап бере алуды үйрену және жалпы принциптерді жаңа жағдайда қолдана алуды үйрену. Студент объектіні оның құрамдас бөліктеріне жіктей және керісінше құрамдас бөліктерін бүтіндей объектіге айналдыра білуі керек. Бұл процестер ерекше ойлау процестерін (жоспарлау, байланысты, заңдарды құру) талап етеді. Жұмыстардың құндылығын дайын немесе жаңадан жасалған критерилер мен стандарттар көмегімен қарастыра білу және басқалардың алдында өзінің көз қарасын қорғай білу студентка емтиханды, сынақты жақсы тапсыруға көп көмегін тигізеді.

3 КУРС ФОРМАТЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ

Аудиториялық сабақтар өзіне келесі түрлерді: дәрістер (ДР), зертханалық (ЗЖ) және ОСӨЖ.

Бір қатар тақырыптарды студенттер сабақ үстінде оқиды, ал бір бөлігін өзбетімен оқиды.

Сабаққа қатнасу студенттің міндеті. Егер қандай да бір себеппен студент сабаққа қатнаса алмаса, ол қарастарылмаған материал үшін жауапты болады.

Сабақ жүріп жатқан уақытта тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылады немесе курс бойындағы бағасы «қанағаттанарлықсыз» деп жазаланады.

Бақылау жұмыстары міндетті түрде орындалып, уақытында тапсырылуы керек. Уақытында орындалмаған жұмыстар, автоматты түрде төмен бағаланады.

Аралық сынақтың қортындысында сабаққа қатнасуы, студенттің уақытында өздік жұмыстарды орындауы, ауызша немесе жазба түрде сабақтарда жауап беруі, аралық бақылаудың өзінің нәтижесі ескеріледі.

Көшіріп алу немесе плагиатқа (басқа студенттердің есептерін немесе дайын тапсырмаларды көшіру, пайдалану) жол берілмейді және сол үшін студент аудиториядан шығарылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады.

Ұялы телефондар сабақ уақытында өшіру қажет.

4 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ

Курстың жеке компоненттары бойынша келесідей бағалар (балдар) қарастырылады:

сабаққа қатнасу 1 сағ – 1 балл;

практикалық сабақтағы жұмыс (сұраққа жауап беру, есептерді шешу және қорғау) – 20 балл;

зертханалық жұмыс (зертханалық жұмысты орындау және қорғау) - 30 балл;

ОСӨЖ (тапсырманы орындау және қорғау) – 20 балл;

СӨЖ (орындау және қорғау) – 10 балл;

аралық бақлау – 50 балл.



5 ПӘНДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

2 кесте - сабақтын түрін бойынша сағаттарды бөлу

Кесте 3- Пән мазмұны. Сабақ түрі бойынша сағаттарды бөлу

тақырып


Тақырыптар атаулары

Сағат саны

Д

ПС

ЗС

ЖСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1

Қолданбалы жылу физикасының маңызы мен мазмұны.

1




-

2

2

2

Қолданбалы жылу физикасының термодинамикалық негіздері.

1




3

2

2

3

Термодинамика заңдары.

1




-

2

2

4

Газдардың термодинамикалық қасиеттері.

2




3

4

4

5



















6

Нақты газдарды дросселдеу. Джоул-Томсонның дифференциальдық және интегральдық эффектілері.

1




-

2

2

7

Газдың изоэнтропиялық ұлғаю процессі. Изоэнтропиялық ұлғаю процессін дросселдеу процессімен салыстыру.

1




-

2

2

8

Адиабаттық магитсіздендіру. Магниттік криогендік машиналар.

1




3

2

2

9

Десорбциялық суыту. Термоэлектрлік суыту.

1




-

2

2

10

4Не және 3Не қасиеттерін пайдалануға негізделген, суыту процестері.

1




-

2

2

11

Дросселдік оңай циклдар. Рефрижераторлық және сұйылту тәртіптері.

1




3

2

2

12

Бір сатылы детандерлі цикл. Детандер жұмысы мен суық өнімділігі.

1




-

2

2

13

Техникалық материалдардың төмен температуралардығы механикалық, электрлік және жылу физикалық қасиеттері.

1




-

2

2

14

Электрлік өткізгіштік және асқын өткізгіштік. Биоматериалдардың жылуфизикалық қасиеттері.

1




3

2

2

15

Криогендік сұйықтар. Сұйық гелий. Асқынаққыштық.

1




-

2

2




Жиыны

15




15

30

30

.




6 ОСӨЖ және СӨЖ МАЗМҰНЫ

Кесте 3 - ОСӨЖ және СӨЖ жоспарлары.



№ п/п

ОСӨЖ

СӨЖ

аудиториялық

аудиториядан тыс

1

2

3

4

1

Термодинамиканың екінші заңы (конспект).

1 сағ.


Термодинамиканың екінші заңы (конспект).

1 сағ.


Жылу, жұмыс, жылусыйымдылық (конспект). 2 сағ.

2

Ауа қасиеттері және термодинамикалық диаграм-малармен танысу.

1 сағ.


Ауа қасиеттері және термодинамикалық диаграм-малармен танысу.

1 сағ.


Термодинамикалық жүйелердің максималдық тиімді жұмысы (реферат).

2 сағ.


3

Таза заттардың жалпы қасиеттері (конспект).

1 сағ.


Таза заттардың жалпы қасиеттері (конспект).

1 сағ.


Таза заттардың жалпы қасиеттері (конспект).

2 сағ.


4

Идеал газдардың қасиеттері (конспект).

1 сағ.


Идеал газдардың қасиеттері (конспект).

1 сағ.


Газдар қоспасының термодинамикалық қасиеттері (реферат). 2 сағ.

5

Оңай дросселдеу циклымен газдарды сұйылтуды есептеу.

1 сағ.


Оңай дросселдеу циклымен газдарды сұйылтуды есептеу.

1 сағ.


Булар мен газдарды араластыру (конспект).

2 сағ.


6

Термодинамикалық температураның нолге жетпеу принципі (конспект). 1 сағ.

Термодинамикалық температураның нолге жетпеу принципі (конспект). 1 сағ.

Термодинамикалық температураның нолге жетпеу принципі (конспект). 2 сағ.

7

Ауа және оның негізгі өнімдерінің бөлінуі. Озон және фтор (конспект).

1 сағ.


Ауа және оның негізгі өнімдерінің бөлінуі. Озон және фтор (конспект).

1 сағ.


Ауа және оның негізгі өнімдерінің бөлінуі. Озон және фтор (конспект).

2 сағ.


8

Нақты газдарды сығу кезіндегі негізгі термодинамикалық шамалардың өзгерісі (конспект). 1 сағ.

Нақты газдарды сығу кезіндегі негізгі термодинамикалық шамалардың өзгерісі (конспект). 1 сағ.

U=const процессі (конспект).

2 сағ.


9

α=const процессі. Баллондардан газдарды бос шығару (конспект).

1 сағ.


α=const процессі. Баллондардан газдарды бос шығару (конспект).

1 сағ.


Айнымалы масадығ адиабаттық жүйелердегі процестер (конспект).

2 сағ.


10

Ранк-Хилштың адибатты құйынды құбырында газдың ұлғаюы (конспект).

1 сағ.


Ранк-Хилштың адибатты құйынды құбырында газдың ұлғаюы (конспект).

1 сағ.


Газдардың толқынды ұлғаю процестері (конспект).

2 сағ.


11

Газдарды сұйылтудың детандерлік циклын есептеу. 1 сағ.

Газдарды сұйылтудың детандерлік циклын есептеу. 1 сағ.

Буды сору арқылы суыту. (конспект).

2 сағ.


12

Термомагниттік және электрокалориялық суыту. Аса өткізгіштері магниттеу. (реферат). 1 сағ.

Термомагниттік және электрокалориялық суыту. Аса өткізгіштері магниттеу. (реферат).1 сағ.

Механокалориялық суыту. Серпімді орталарды деформациялау. (реферат). 2 сағ.

4 – кестенің жалғасы.

13

Төментемпертуралық жылуоқшаулағыш (реферат). 1 сағ.

Төментемпертуралық жылуоқшаулағыш (реферат). 1 сағ.

Төментемпертуралық жылуоқшаулағыш (реферат). 1 сағ.

14

КНГ өнеркәсіптік қондырғысының сызба нұсқасы.

1 сағ.


КНГ өнеркәсіптік қондырғысының сызба нұсқасы.

1 сағ.


Төмен температуралар кезінде болаттардың механикалық қасиеттерінің өзгерісі (конспект).

2 сағ.


15

Төмен температуралар кезінде мыс пен оның балқыламалырының механикалық қасиеттерінің өзгерісі (конспект).

1 сағ.


Төмен температуралар кезінде мыс пен оның балқыламалырының механикалық қасиеттерінің өзгерісі (конспект).

1 сағ.


Төмен температуралар кезінде дәнекерленген қоспалардың және метал емес материалдардың механикалық қасиеттерінің өзгерісі (конспект).

2 сағ.




7 «ҚОЛДАНБАЛЫ ЖЫЛУ ФИЗИКАСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
Кесте 4 - «Қолданбалы жылу физикасы» пәнінің оқу үрдісінің күнтізбелік графигі.

Апта-лар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сағаттар саны

Д

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

ЗС

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

ОСӨЖ

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

30

СӨЖ

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

30

Сағаттар жиыны

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

90





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет