Жұмыс бағдарламасы пән: Денсаулық жағдайын бағалау Пән коды: djb 221 Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі» Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 90 (2 кредит) Курсы: Оқу семестрі: Шымкент



бет10/133
Дата10.03.2023
өлшемі1.4 Mb.
#470595
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   133
ocenka sost zdorov kz 2

1.8 БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Кафедраның мекен – жайы: 1 мамыр көшесі, Травматологиялық бөлімше №1, бас ғимараты, 2 қабат. Электрондық пошта sestrinskoe_delo@mail.ru Телефон: 408222, 23-01.
1.9 ПӘННІҢ САЯСАТЫ
«Денсаулық жағдайын бағалау» пәнін оқытуда кафедра: жоғары білікті мамандарды дайындауда сапалы білім беру үшін жағдай жасауға, білім беру қызметінің сапасын жоғарылатуда қызметкерлердің барлығын қатыстыруға; студенттерді шығармашылық белсенділікке тартуға; білім алу үшін қажетті жағдайды жасауға, білім беру процессіне инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған.
Ішкі тәртіп ережелері.
Пәнді өту кезінде студент:

  • медициналық халат, қалпақ, хирургиялық форма, бет перде, алмастыратын аяқ киім және санитарлық кітапша (ОҚМФА медициналық пунктте санитарлық кітапшаны алу жайлы кеңесіңіз) алып келуі керек;

  • Оқу бағдарламасына сәйкес барлық тапсырмаларды уақтылы орындау және сабаққа қатысуы қажет;

  • СҒЗЖ қатысу және басылымға материалдар жинауы қажет;

  • Конференцияларда баяндамамен белсенді қатысуы қажет;

  • Академия иелігіндегі заттарын ұқыптылық пен және абайлықпен қолдануы (оқу құралдары, кітаптар, жиһаз, приборлар) қажет. Академия иелігіндегі заттарға зиян келтірген студенттер материалдық жауапкершілікке тартылады;

  • академияда және клиникаларда тәртіпті және таза жүруі қажет.

Оқытушы аудиторияға кіргенде студенттер орнынан тұрып амандасуы қажет. Оқытушы аудиторияға кіргенде кешіккен студенттер үзіліске дейін аудиторияға кірмейді .Белгілі себепке байланысты сабаққа келмеген студент келесі күннен кешіктірмей топ басшысына немесе деканатқа хабарлауы қажет.
Егер студент бірден 2 сабақ қалып қойса,кафедра меңгерушісінің рұқсатынсыз, ал 3 сабақты жіберсе, деканаттың рұқсатынсыз келесі сабаққа жіберілмейді; студент сабаққа 10 минуттан астам уақыт кешіксе сабаққа қатысуына рұқсат берілмейді және педагогикалық журналға «болған жоқ» деп тіркеледі. Себепсіз қалған сабақтарын өтегеннен кейін шыққан баллды 0,8 коэффициентіне көбейтеді. Студенттердің білімі мен машықтарын 100- балдық шкала бойынша жүргізіледі. Студенттердің білімін бағалау критериі мен ережелері МС 23.04.2010ж. бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет