Жұмыс бағдарламасы пән: Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы реабилитация және мейірбикелік күтім. Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет8/159
Дата19.12.2022
өлшемі493.05 Kb.
#467525
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159
reabl i ses delo kz

8) БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
Кафедраның мекен – жайы: 1 мамыр көшесі, Травматологиялық бөлімше №1, бас ғимараты, 2 қабат. Электрондық пошта sestrinskoe_delo@mail.ru Телефон: 408222, 23-01.
9) ПӘННІҢ САЯСАТЫ:
«Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі» пәнін оқытуда кафедра: жоғары білікті мамандарды дайындауда сапалы білім беру үшін жағдай жасауға, білім беру қызметінің сапасын жоғарылатуда қызметкерлердің барлығын қатыстыруға; студенттерді шығармашылық белсенділікке тартуға; білім алу үшін қажетті жағдайды жасауға, білім беру процессіне инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған.
Ішкі тәртіп ережелері.
Пәнді өту кезінде студент:

  • медициналық халат, қалпақ, хирургиялық форма, маска, алмастыратын аяқ киім және санитарлық кітапша (ОҚМФА медициналық пунктте санитарлық кітапшаны алу жайлы кеңесіңіз) алып келуі керек;

  • оқу бағдарламасына сәйкес барлық тапсырмаларды уақтылы орындау және сабаққа қатысуы қажет;

  • СҒЗЖ қатысу және басылымға материалдар жинауы қажет;

  • конференцияларда баяндамамен белсенді қатысуы қажет;

  • академия иелігіндегі заттарын ұқыптылық пен және абайлықпен қолдануы (оқу құралдары, кітаптар, жиһаз, приборлар) қажет, академия иелігіндегі заттарға зиян келтірген студенттер материалдық жауапкершілікке тартылады;

  • академияда, клиникаларда тәртіпті және таза жүруі қажет;

  • оқытушы аудиторияға кіргенде студенттер орнынан тұрып амандасуы қажет. Оқытушы аудиторияға кіргенде кешіккен студенттер үзіліске дейін аудиторияға кірмейді;

  • белгілі себепке байланысты сабаққа келмеген студент келесі күннен кешіктірмей старостаға немесе деканатқа хабарлауы қажет. Егер студент бірден 2 сабақ қалып қойса,кафедра меңгерушісінің рұқсатынсыз, ал 3 сабақты жіберсе, деканаттың рұқсатынсыз келесі сабаққа жіберілмейді; студент сабаққа 10 минуттан астам уақыт кешіксе сабаққа қатысуына рұқсат берілмейді және педагогикалық журналға «болған жоқ» деп тіркеледі;

  • себепсіз қалған сабақтарын өтегеннен кейін шыққан баллды 0,9 коэффициентіне көбейтіледі.

  • студенттердің білімі мен машықтарын 100-балдық шкала бойынша жүргізіледі. Бұйрық №152, 09.09.2011 ж.;

  • студенттердің қатысуы мен бағалануы СӨЖ-дің міндетті түрде барлық тақырыптары бойынша жүргізіледі;

  • СӨЖ-дің орындалу формалары: индивидуальді, жұптасқан, топтық.

ЕСКЕРТУЛЕР:

  1. СҒЗЖ жүргізу және мақалаларды дайындау жұмыстарының нәтижесі бойынша – жиналған баллға 2 балл қосылады.

  2. Баяндама мен конференцияда белсенді қатысқаны үшін - 3 балл қосылады.

  3. Үш сабаққа қатар кешіккенінде – 1 балл кемітіледі.

  4. Себепсіз үш сабақты жібергені үшін – 1 балл кемітіледі.

  5. Себепсіз қалған сабақтарын өтегеннен кейін шыққан баллды 0,8 коэффициенттіне көбейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет