Ситуациялық есептер
Есеп №1
60 жастағы әйел гипертониялық ауру бойынша стационарлық ем қабылдады.
Диагнозы: І дәрежелі гипертониялық ауру. Үй шаруасын орындап жүргенде тез шаршайтынына, ентігуге, ұйқысының нашарлауына шағымданады. Күндіз тез ашушаң және денсаулығына байланысты көңілсіз болып жүреді.
Сұрақ:
1.Науқастың басым проблемасын анықтаңыз.
2.Мейірбикелік араласушылықтың жоспарын түзіңіз.
3.Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
Есеп №2.
47 жастағы еркек инсультты басынан кешірген. Диагнозы: II – дәрежелі гипертониялық ауру.Ми қанайнылымының бұзылуы.
Шағымдары: оң жақ қол – аяғының әлсіздігі, сезімталдығының жоғалуы, бас айналуы, тез шаршаушылық. Құлап қалудан қорқу, шүйде аймағындағы ауырсыну. Туысқандардың айтуы бойынша көңілсіз, жалғыз отырғанды ұнатады.
Сұрақ:
1.Науқастың басым проблемасын анықтаңыз.
2.Мейірбикелік араласушылықтың жоспарын түзіңіз.
3.Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады
4 – сабақ
1. Тақырыбы: Аритмия кезіндегі физикалық реабилитация.
2. Мақсаты: Студенттерді аритмия кезіндегі физикалық реабилитациямен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Аритмияның негізгі симптомдары.;
Аритмияның пайда болу себептері мен түрлері
Аритмияның реабилитациясы кезінде физикалық аспектілердің міндеттері
Аритмия кезінде физикалық күшті пайдалану
Аритмия кезінде шипа-жай реабилитациясы.
Студент істей білуі тиіс:
Емдік дене шынықтыру кезінде науқастың жағдайын бақылау
“ Отыру” жаттығуды науқасқа үйрету
“Тұру” жаттығуды науқасқа үйрету
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Аритмия кезінде реабилитациянын физикалық аспектісінің міндеттерін;
2. Аритмиямен ауыратын науқастарда қолданылатын медициналық реабилитация әдістері;
3. Аритмия кезінде физикалық емшаралардың қолданылуы
Достарыңызбен бөлісу: |