Жұмыс бағдарламасы пән: Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы реабилитация және мейірбикелік күтім. Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет44/159
Дата19.12.2022
өлшемі493.05 Kb.
#467525
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159
reabl i ses delo kz

Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
Науқас III дәрежелі онкологиялық аурумен ауырады. Өзіне күтім жасай алмайды. Химиотерапияның курсынан кейін қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан үйіне шығарылды.
Сұрақ:
1. Науқасқа ауруханада қандай күтім көрсетілу керек?
2 . Үйінде қандай күтім көрсетілуі керек?


Есеп №2. Науқастың жасы 68-де, 10 күн бұрын тік ішегінің қатерлі ісігіне операция жасалынды. Стома қойылған. Операция жасалынған орындың қатты ауырсынуына және ауаның жетпеуіне шағымданады. Жалпы жағдайы орташа.
Сұрақ:

    • Осы науқасқа қандай күтім қажет?

    • Үй жағдайында қандай күтім жасалуы керек?

3 кредит


1 – сабақ
1. Тақырыбы: Нейрореабилитация. Неврологиялық науқастарда реабилитация жүргізуге көрсетілімдер және оның ұйымдастырылуы.
2. Мақсаты: Студенттердi неврологиялық ауруларды оңалтудың пнринциптерімен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:

  1. орталык нерв жүйесiнің ауруларын

  2. шеткi нерв жүйесiнің ауруларын

  3. Нейрореабилитация анықтамасын

  4. Неврологиялық науқастарды оңалтуға көрсетілімдер

Студент істей білуі керек:
- неврологиялық бұзылыстары бар науқастардың жалпы жағдайын бағалауды
- неврологиялық бұзылыстары бар науқастардың қажеттіліктерін анықтауды
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Нерв жүйесiнің патологиясы бар науқастарды оңалтудың негізгі принциптері
2.Неврологиялық ауруларда реабилитациялық іс – шаралардың жүргізілуіне жалпы көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер.
3.Орталық және шеткі нерв жүйесінің патологияссы бар науқастарды оңалтудың негізгі әдістері, түрлері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):
1. Тақырыпты тематикалық слайдтар, таблицалар және буклеттер қолданып талқылау.
2. «Іскер ойын» әдісімен білімді бақылау.
3. Тесттер шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет