4.Иллюстрациялы материалдар: ұсыналады (презентация)
5.Әдебиет:
негізгі:
1 Шрейдер Ю.А. Этика. Введение в предмет.-М.,2005.
2Малеина М.Н. Человек и медицина в современном праве.-М.,2007
3Медицинская этика и деонтология.-М 2005
4Иванюшкин А.Я. Профессиональная этика в медицине.-М.,2008
5 Шрейдер Ю.А. Этика.Введение в предмет.-М.,2005
6.Молдабеков Ж.Ж. Этика-кәсіби этика –мораль-жеке тұлға психикасы-кәсіби сана-кәсіби борыш-көзқарас-қатынастың құрылымы-этикет-Астана фолиант, 2008ж.
Қосымша
қосымша:
1. Биоэтика принципы правила проблемы Под ред. Б.Г.Юдина.М.2005
2. Гусейнова А.А. Введение в этику
3. Введение в биоэтику. Ред. Юдин Б.Г. –М., 2005
4. Биомедицинская этика. Под ред. В.И.Покровского.-М.,2006
5.Врачебная ассоциации, медицинская этика и общемедицинские проблемы: Сб.официальных материалов М.,2007
6. Чикин С.Я. Современные проблемы биомедицинской этики.-М.,2007.
7.Студенттерді ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлау жолдары мен әдістері VII-ші Мәшһүр Жүсіп оқулары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Павлодар, 2010. –Б.59-64
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Трансплантация дегеніміз не?
Қазақстандағы трансплантология мәселелері?
№ 2 Кредит
№ 1. Дәріс
Тақырыбы: Ғылыми-медициналық және этикалық контекстегі ятрогения мәселесі.
2.Мақсаты:Ғылыми-медициналық және этикалық контекстегі ятрогенияны меңгеру.
3.Дәріс тезистері: Ятрогения – ауру көрінісімен сипатталатын психикалық жағдай. Ятрогенияны оқу ( грек тілінен – дәрігер әсерінен пайда болған ауру) өткен ғасырдың 20-шы жылдарында неміс дәрігері О.Витке негізін салған. Ол ятрогенияны дәрігердің теріс әсері нәтижесінде науқас психикасының жандық бұзылысы.
ХХ ғ. 70 жылдары ғылыми – техникалық прогресс нәтижесінде жаңа профилактика, диагностика, ауруларды емдеу мүмкіндіктері пайда болды. Бұл кезде дәрігер себебінен болатын ятроген ұғымы өзгерді.
Ятрогения ұғымын дамытуда И.А.Кассирскидің үлесі зор. Ол ятрогенді ауруларды дәрігерлердің іс әрекетінен болатын функцианалды және органикалық аурулар деп анықтады.
Ятрогенді аурулар даму себептеріне байланысты сипатталады:
дәрігер әсерінен науқасты тікелей жарақаттау;
медициналық әдебиетті оқумен байланысты тікелей емес жарақаттау;
психастеникаға, психапотияға бейім науқастың жеке қасиетімен байланысты ятрогенді ауру;
дәріні қате егу, инструментальді зерттеу кезінде дірігердің қате қимылы.
Ятрогенияның көп жағдайын И.А.Кассирский дәрігерлер медициналық психологияны, психотерапияны, психопрофилактиканы игере алмайды.
Махачкалада ятроген және ятрогенді аурулар мәселесі бойынша ғылыми – практикалық конференция болды. Конференцияда бұл мәселенің әртүрлі аспектілері қарастырылды: медициналық, филасофиялық, эканомикалық.
Ятроген ұғымына дәрігерлік патернализм ұғымын жатқызуға болады. Бұл – науқастың немесе оның туыстарының келісімінсіз әрекет жасау. Бұл – науқас құқығын бұзатын қауіпті көрініс. Эрготогенде ятрогения себебі болуы мүмкін.
Ятрогения – психиатрда бақыланатын депрессия элементі.
Ятрогения мәселесі өте кең, оның өзектілігін зерттеуді қажет етеді.
Ятрогенияның маңызы үш сөз тобымен сипатталады:
1.ятрогенияның пайда болуын суреттейтін тетіктер.(әрекет,араласу,әсер,пікір айту,қате)
2.»не болды?» сұрағына жауап.(өзгеріс,ақыр соңы,бұзылыс,жағдай,ауру)
3.болған оқиғаға сапалы баға беру.(қолайсыз,негативті,теріс,жағымсыз)
Достарыңызбен бөлісу: |