Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Медициналық этикаға анықтама беріңіз?
Гиппократтың еңбектерін атаңыз?
№2. Дәріс
1. Тақырыбы : Медициналық этиканың негізгі қағидалары және тәртібі.
2.Мақсаты: Этиканың негізгі қағидалары мен тәртібін оқып білу.
3.Дәріс тезистері: Этика — мораль мен әдептілік сұрақтарын зерттейтін философиялық ғылым. Этика адамдардың өзара қатынасын, олардың ойын, сезімін, жақсылық категориясындағы ісін, міндетін, құрметін, бақытын зерттейді. Дәрігер этикасы — бұл адамның шындық моралі, сондықтан дәрігер тек жақсы адам болуы керек. Гиппократ бірінші рет дәрігерлердің өзара арақатынасына, науқас туыстарына көңіл аударды. Гиппократ арқылы қалыптасқан этикалық принциптер өз дамуын антикалық дәрігерлер А.Цельс, К.Гален жұмыстарында жалғасын тапты. Сонымен қатар медициналық этика дамуына Шығыс дәрігерлері де өз үлесін қосты.(Ибн Сина, Абу Фарзджа).
Дәрігерлік этиканың маңызды принциптері:
Науқасқа адами қарым–қатынас, Гиппократтық талапты сақтау жамандық жасамау, науқас психикасына аяушылықпен қарау,ауырлық жасамау.
Дәрігер міндеті – адамдардың физикасы және психология үшін тартыс.
Дәрігер міндеті – ұлтына,жынысына қарамай көмек беру.
Дәрігерлер арасында өзара көмек көрсету принципі.
Дәрігерлік құпияны сақтау принципі.
Ежелгі Үнді, Египет қолжазбаларында дәрігердің науқасқа, ұжымға қарым–қатынасы, сапалы әдептілік жайында көрсетілген.Ежелгі үнділердің айтуы бойынша: «Науқас үшін дәрігер-атасы, сау адамдарға- ол дос.Денсаулығы қалыпқа келгенде - ол қорғаушы».
Әрбір кәсіп икемділікті қажет етеді. Әсіресе халықпен жұмыс істейтін мамандықтарға қажет. Атақты орыс клиницисті Мудров дәрігер мамандығы кездейсоқ емес, икемді болуы керек.
Атақты жазушы К.Паустовский « икемділік » түсінігін былай деп жазды: «Дәрігерлік қөлөнер және білім емес,міндетті орындау.Дәрігерлік міндетті атқару». Медициналық этика адам өмірінің әлеуметтік және табиғи түсінігі бойынша құрылуы қажет. Науқастарға қатынасы бойынша дәрігерлер өздерін жұбанышсыз туыстары секілді ұстамауы қажет. Герцен айтуы бойынша дәрігерлер «жаны жылайды, бірақ аурумен күрескенде көзжас емес, түсінік қажет». Кәсіби этиканы ерекше жағдайларда нақты қызметте жалпы этиканың спецификалық көрінісі ретінде қарастыру қажет. Кәсіби этика бұл гуманизм, борыш, ар, намыс сұрақтарына жауап беретін, маман қызметінде әдептілік ролінің ғылыми бөлімі. Кәсіби этика басқа маманның психоэмоционалдық белгілерін оқытатын пән.
Достарыңызбен бөлісу: |