4.Иллюстрациялы материалдар: ұсынылады (презентация)
5.Әдебиет:
негізгі:
1 Шрейдер Ю.А. Этика. Введение в предмет.-М.,2005.
2Малеина М.Н. Человек и медицина в современном праве.-М.,2007
3Медицинская этика и деонтология.-М 2005
4Иванюшкин А.Я. Профессиональная этика в медицине.-М.,2008
5 Шрейдер Ю.А. Этика.Введение в предмет.-М.,2005
6.Молдабеков Ж.Ж. Этика-кәсіби этика –мораль-жеке тұлға психикасы-кәсіби сана-кәсіби борыш-көзқарас-қатынастың құрылымы-этикет-Астана фолиант, 2008ж.
қосымша:
1. Биоэтика принципы правила проблемы Под ред. Б.Г.Юдина.М.2005
2. Гусейнова А.А. Введение в этику
3. Введение в биоэтику. Ред. Юдин Б.Г. –М., 2005
4. Биомедицинская этика. Под ред. В.И.Покровского.-М.,2006
5.Врачебная ассоциации, медицинская этика и общемедицинские проблемы: Сб.официальных материалов М.,2007
6. Чикин С.Я. Современные проблемы биомедицинской этики.-М.,2007.
7.Студенттерді ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлау жолдары мен әдістері VII-ші Мәшһүр Жүсіп оқулары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Павлодар, 2010. –Б.59-64
6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Ятрогения дегеніміз не?
Ятрогения мәселелерін атаңыз?
№2. Дәріс
1. Тақырыбы: Эвтаназия биомедициналық этиканың мәселесі ретінде.
2.Мақсаты: Эвтаназияның биомедициналық мәселесін оқып білу.
3.Дәріс тезистері: Эвтаназия (жақсы өлім) – жазылмайтын аурудан зардап шегетін адам өмірін жою.
“ Эфтаназия” термині алдын әртүрлі мағынада қолданылады: ауыр зардап шегуден өлімді тездету, “ артық” адамдар өмірін жою, өлім үстіндегілерді қорғау, адам өлуіне мүмкіндік беру.
Теорияда эвтаназияның екі түрі бар: пассивті эвтаназия(науқас емін әдейі тоқтату ), активті эвтаназия (науқасқа аурусынусыз өлімге алып келетін перепарат енгізу). Активті эвтаназияға көбінде дәрігер көмегімен өзін–өзі өлтіру жатады. Сонымен қатар ерікті және еріксіз эвтаназия түрлерін ажыратады. Ерікті эвтаназия науқас сұрауымен не келісімімен жүзеге асырылады. Еріксіз эвтаназия науқас ессіз жатқан жағдайда оның келісімінсіз болады. Ол туыстарының, асырап алушының шешімі негізінде болады.
Эвтаназия термині бірінші рет XVI ғ. Френсис Бекон қолданды. Екінші әлем соғысына дейін эвтаназия идеясы европа елдерінде кең таралды. Сол уақытта эвтаназия және евгенина эвропа елдерінің медициналық орталарында жоғары атаққа ие болды.
41-50 және 51-65 жастағы орыс дәрігерлерінің 51,5% және 44,8% “эвтаназия ны дұрыс деп санайсыз ба? ” деген әлеуметтік сұраққа ешқашан ол жайлы ойланбағандарын айтады. 21-30 жастағы дәрігерлердің 49% оң жауап берді. XXғ. соңында өмір сапасы түсінігімен бірге эвтаназия ұғымы кең таралды.
Қазіргі медицинада эвтаназияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі, дәрігердің қатысуымен, яғни емделу-шінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы дәрілерді егу. Бір ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге апаратын айықпас дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер қатыспайды. Бұл тәсілді қолданған кезде де емделушінің пікірі ескеріледі. Біріншісінен айырмашылығы, мұнда науқастың өмірін ұзарту мақсатында ешқандай емдік шаралар жасалмайды.Негізі адам баласы кез келген істе тәуекел ететіні белгілі. Сонымен қатар, нәтижесінің жақсы болуын да бір Жаратушыдан ғана үміт етері анық. Әйтсе де, ауруға шалдығып, науқас болған адам жақын адамдарының мейірімінен үміт ете отырып, амал қылып, дертіне байланысты емделу керек. Ауыр дерттен қатты азап шеккен, жаны мен тәні қоса қиналған адам жаман ойға бармау үшін, қасында әркез жақын туыстары, жақсы көретін дос-жарандары болуы тиіс. Солардың бір ауыз жылы сөзінің өзі науқасқа үлкен қолдау болары анық. Егер науқас айналасындағылардың қолдауын сезіне алса, ішкі рухани түйсіктерін жақсы ойларға тоғыстырып, сәл де болса жанын қинаған дертті, одан тартқан азапты ұмытары анық.
Достарыңызбен бөлісу: |