Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»


Мейірбике процесі негізгі бес кезеңнен тұрады



бет22/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80
med is neg 2k kz (1)

Мейірбике процесі негізгі бес кезеңнен тұрады:
1-кезең. Мейірбикелердің науқасты зерттеуі немесе тексеруі.
Науқастың денсаулығы жайлы мәлімет жинау, бұл субъективті және объективті сипатта болады. Субъективті әдіске - науқас туралы физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелер жатады. науқастан мәліметті сұрау арқылы немесе бұрынғы тексерілген құжаттары болуы мүмкін немесе дәрігермен болған әңгімелері немесе туыстары арқылы алынады. объективті әдіс – бұл науқастың физикалық жағдайын көзбен көріп, қолмен ұстап тексеріп, оған баға береді. Науқастың бойын, салмағын өлшейді, дене қызуын, тыныс алу санын, қан тамырларының соғуын, артерия қысымын өлшеп анықтайды және оларға баға береді. Бұл кезеңде алынған мәліметтерді мейірбике науқастың ауру тарихына немесе мейірбикенің байқау картасына жазады, бұл мейірбикенің кәсіби дербес қызметтерінің құжаты болып есептеледі.


2-кезең. Науқас мәселесін тұжырымдау және мейірбике диагнозын құрастыру.
Науқас мәселесі қазіргі және алдағы уақытта болатын мәселе болып бөлінеді. Қазіргі мәселеге яғни науқасты дәл қазір не мазалайды, сол мәселе жатады, ал потенциалды мәселе болса, ол дәл қазір жоқ, бірақ кейіннен пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайда науқасты бір емес бірнеше мәселе мазалайды, мұндай жағдайда мейірбике жан-жақты ойланып науқасқа сол мәселелердің ішінде қайсысы өте қауіпті екенін анықтап барып, соған қарсы әрекет жасайды.
Мейірбике диагнозына келетін болсақ, дәрігер диагнозы мен мейірбике диагнозы арасында айырмашылық бар. Дәрігер диагнозы науқаста пайда болған белгілі аурудың негізінде қойылса, ал мейірбике диагнозы науқастың қазіргі немесе потенциалды проблемасына сәйкес науқас ауруының ағзаға берілетін реакциясының негізінде қойылады.


3-кезең. Мейірбикелер күтімінің мақсатын анықтау және мейірбикелер қызметін жоспарлау.
Мейірбике күтімін жоспарлау мақсаты тез арада немесе ұзақ уақыт ішінде жетістікке жетуге бағытталған. Мақсатты қалыптастырғаннан кейін нәтижесін күту, орындалу уақыты, әрекеті және жағдайы. Мысалы: мақсаты - науқас мейірбикенің көмегімен 1- наурызда кереуеттен тұруы керек.
Әрекеті –кереуеттен тұруына жағдай жасау - мейірбикенің көмегімен. Күту жайлы мақсаттарды және міндеттерді анықтағаннан кейін мейірбике егжей тегжейлі етіп жасаған жұмыстарын мейірбикелік ауру тарихына немесе мейірбикелік байқау картасына жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет