Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»


-кезең. Жоспарлы іске асыру әрекеті



бет23/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
med is neg 2k kz (1)

4-кезең. Жоспарлы іске асыру әрекеті.
Мейірбике бұл кезеңде аурудың алдын алу, зерттеу, емдеу, науқасты бұрынғы қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Мейірбикенің араласуы үш категорияға бөлінеді. Категорияны таңдау науқастың мұқтаждығына қарай анықталады. Мейірбикенің тәуелді араласуы дәрігердің нұсқауымен және бақылауымен іске асырылады. Мейірбикенің дербес араласуы дәрігерсіз өзінің ойымен, ақылымен жұмыс істейді. Мысалы, науқасты гигиена жайлы үйрету т.б. Мейірбикенің өзара араласуы – мұнда мейірбике дәрігер мен немесе басқа мамандармен бірігіп жұмыс істейді.


5кезең. Мейірбикелер күтімінің нәтижесін бағалау.
Бұл кезеңде мейірбикенің араласуына байланысты науқас реакциясын зерттеу негізінде іске асырылады. Мейірбикелер күтімінің алға қойған мақсатының жетістігінің дәрежесі төмендегі факторлармен сипатталады:

  • мейірбикенің араласуынан науқастағы реакциялық жауап;

  • мейірбикелер күтімінің, алға қойған мақсатының, жетістігінің дәрежесі;

  • науқас жағдайына мейірбике жәрдемінің нәтижесінің әсері;

  • науқастың жаңа мәселесін бағалау және белсенді түрде оны іздеу.

Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау, алынған анализдің нәтижесін салыстырудың рөлі мен маңызы өте зор.

Квалификациялық сипаттама


Мейірбикелер не білуі керек:

  1. Қазақстан Республикасының конституциясын, этикалық және құқықтық қалпын, адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қатынасын реттеуді;

  2. Қазақстан республикасының заңының негізгі және нормативтік құқықтық актілерін, олардың мамандықтарына қатысын, мамандық әлеуметтік маңыздылығын;

  3. Мейірбикелер ісінің міндетін, анықтамасын және мейірбикелер жұмысын, мейірбикелер диагнозын;

  4. Мемлекеттік тілді білу;

  5. Жиі кездесетін аурулардың басты белгілерін;

  6. Тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дәрілердің ағзаға тигізетін әсерін , оның мөлшерін, қолдану тәртібін және сақталу әдісін;

  7. Медицина этикасы мен деонтологиясын;

  8. Асептика және антисептика ережесін;

  9. Медицина құралдарын залалсыздандыру және зарарсыздандыру әдістерін;

  10. Бөлімде тазалық және індетке қарсы ережені орындауды және ұйымдастыруды;

  11. Электр жүйесімен және басқа техникалық аспаптармен жұмыс істегенде олардан техникалық қауіпсіздікті сақтануды;

  12. Емдәмнің қасиеттерін;

  13. Өкімет тарапынан экологияға қарсы жасалынып жатқан шараларды;

  14. Өте қауіпті жұқпалы ауру пайда болған кезде, оған қарсы жасалынатын шараларды;

  15. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда халық арасында үгіт насихат жүргізуді білуі керек.

Мейірбикелер не істей алады:



  1. Реанимациялық жараларды жасай алады;

  2. Жарақат алған жағдайда, анафилактикалық шок болғанда, жүрек ауырғанда, суға кеткенде, асылғанда, күйгенде, үсік болғанда, т.б. жағдайда дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмекті бере алады.

  3. Медициналық шараларды істей алады:

  • Науқастың салмағын, бойын өлшеуді;

  • Науқасты тасымалдауды;

  • Науқастың дене қызуын өлшеуді;

  • Науқастың демалысын, қан тамырының соғуын санауды,

  • Артерия қысымын анықтауды;

  • Қышаны қоюды;

  • Жылытқышты,мұзды қалтаны қолдануды;

  • Тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көктамырға инъекция жасауды;

  • Қан топтарын және резус – факторды анықтауды;

  • Асқазанды жууды;

  • Тазарту, сифон дәрілі клизмаларды қоюды;

  • Көктамырға система арқылы дәріні тамшы күйінде салуды;

  • Қуыққа жұмсақ катетер салуды;

  • Қан тоқтататын бұрамаларды қолдануды;

  • Оттегін беруді;

  • Зарарсыздандыру үшін қолданылатын ерітінділерді дайындай алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет