8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру
Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
Дайьн тамақты сақтау, тарату және тасымалдау
Ауыр халде жатқан науқасқа гастростома, зонд арқылы тамақтандыруын
тік ішек арқылы қоректік қоспаларды енгізу техникасын
Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру
Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)
Жоспар:
тамыр соғуын анықтау орындары мен әдістерін
тамыр соғуының сипаттамасы
артериалдық қысымды өлшеу әдісі
тыныс алу түрлері: қалыпты (кеуделік, құрсақтық, аралас), патологиялық (Куссмаул, Биот, Чейн-Стокса)
тыныс алу сипаттамасы: жиілігі, тереңділігі, ырғағы
тамыр соғуын санау
тамыр соғуын тіркеу
артериалды қан қысымын өлшеу
Тамыр соғуын анықтау және оның сипаттамасы:
Артериалды тамыр соғуы – қанның артериалды жүйеге атқылауы кезінде пайда болатын, тамыр қабырғаларының ырғақты тебіренуі. Тамыр соғуының сипаты, оның қабырғаларының жағдайына, әсіресе созылуына байланысты.
Тамыр соғуының ырғақтығы – пульс толқыны аралығындағы үзіліс бойынша анықталады. Егер пульстік тебіренуі артерия қабырғасының пульстік тебіренуі тең уақыт аралығында пайда болса пульс ырғақты (дұрыс). Ырғақтылық бұзылған кезде тамыр соғу толқыны дұрсы ауыспайды – артериалдық пульс.
Тамыр соғуының жиілігі – 1 минутта анықталады. Дені сау адамның тыныш жиілігін минутына 60-80. Жүрек жиырылуы тез болғанда (тахикардия), тамыр соғуының толқыны асады, пульс жиілейді. Ал жүрек соғуы төмендегенде (брадикардия) – пульс сиректейді. Егер пульс ырғақты болса, оның жиілігін 30 минутта анықтап, 2-ге көбейту керек. Егер пульс ырғақсыз болса, оның жиілігін 2 қолда бірдей 1 минуттан анықталып, шыққан санды қосып, 2-ге бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |