Тамыр соғуының күші – тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Тамырдың қатты соғу дәрежесін шамамен ең жоғарғы қан қысымының мөлшерімен шамалауға болады. Қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, тамыр соғұрлым қатты соғады. Артериалды қысым көтерілгендегі тамырдың соғуы қатты болады.
Тамыр соғуының толықтығы – тамыр соғуының жылдамдығы – тамырдың соғу толқынының көтеріліп, түсуімен анықталады.
Тамыр соғуының биіктігі – тамыр соғуының толықтығымен байланысты. Тамыр жақсы соғуы кезінде саусақтың астынан тамырдың қатты толқынып, ал нашар кезінде тамырдың әлсіз соғуын, тамыр соғуының толқыны аз білінер – білінбес сипап білуге болады. Бұл жүрек бұлшық еті жұмысының нашарлағанын көрсетеді. Әсіресе білінер – білінбес соғуы тамырдың білінбей соғуы деп аталады. Тамыр соғуын анықтаудың мақсаты: жүрек – қан тамыр жүйесін қызметіг бағалау. Тамыр соғуын анықтау орындары: кәрі – жілік артериясы, ұйқы, самай, ұршық сан, тізенің асты, тобық артериялары.
Кәрі – жілік артериясында тамырдың соғуын анықтау
Артериалды қан қысымын анықтау
Керекті заттар
|
Іс - әрекет алгоритмі
|
Ескерту
|
Тонометр
фонендоскоп
Рива - Роччи аппараты
|
Науқастың жалаңаш қолына шынтақ буынынан 2-3 см жоғарыға манжетті бір саусақ сиятындай етіп бостау оралады
шынтақ буынынан иық артериясының соғуы аныталып, фонендоскоп қойылады
вентилді жауып, баллон арқылы манжетке ауа жіберіледі. Манжетке жайлап ауа жібере отырып, тон жоғалған уақыт белгіленеді
вентилді біраз ашып манжеттегі қысым жайлап төмендетіледі
манжеттегі қысымға қарсы қысым мөлшеріне жеткенде біраз қысқа тон естіледі. Монометрдегі цифлар систолық қысымды көрсетеді.
манжеттегі қысым әрі қарай төмендеп, тон жайлап жоғалады. Тон жоғалған кездегі манжеттегі қысым минимал яғни диастолық қысымды көрсетеді
|
Артериалды қан қысымы систола және диастола кезінде тамырлар қабырғасына түсетін қан қысымы.
Систолық қысым – артериал системасында сол жақ қарыншаның систоласынан кейін пайда болатын, пульс толқыны максимал жоғарылаған кездегі қысым.
Диастолық қысым – жүректің диастоласы соңында пульс толқыны төмендеген кезде пайда болады. Түрлі ауруларда артериал қысым өзгеріп, нормадан жоғарылауы (гипертония) немесе төмендеуі (гипотония) мүмкін.
Гипертония – гипертония ауруында, нефритде және ішкі секреция бездерінің кейбір ауруларында кездеседі (с.қ. 200-250 мм сынап астында).
Гипотония – коллапс, жұқпалы ауруларды және басқада ауруларды кездеседі. Үлкен жастағы сау адамдарда артериалды қысым жасына, нерв системасына және басқадай себептерге байланысы өзгеріп тұрады.
С.қ. 120 дан 140 мм-ге д.қ. 70-90 мм – ге өзгеріп тұрады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |