5. Әдебиет:
Негізгі:
1.Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2005.-208 б.;
2.Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.-199 б.;
3.Жалпы микробиология( оқу-әдістемелік құрал).Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова,А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева.Алматы-2006,176 б.
4.Жеке микробиология ( оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы,доценттер С.Ш.Шакиев,А.А.Стамкулова,Н.Т.Таурбаева, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова, А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева. Алматы-2006,176 б.
Қосымша:
1. Микрооргонизмдер морфологиясы (оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева. (А.Л.Котованың ред.).-Алматы, 2007 .-128б.
2. Микроорганизмдер физиологиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А. Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева..-Алматы.,2007,-132 б.
3. Микроорганизмдер экалогиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева.-А.,2007-96 б.
4. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар. (Оқу әдістемелік құрал) .Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Г.Р.Амзеева. А.,2007,-48 б.
5. Инфекция туралы ілім. Оқу құралы Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы..-А.,2007,-112 б.
6. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар боиынша оқу-әдістемелік құрал ( А.Л.Котованың ред.). А.,1997.
-
Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.
-
Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010
-
Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.
-
Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.
-
У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.
-
www.google.kz
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1. Сіреспе қоздырғышының патогендік факторы?
Дәріс №24
1.Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің вирустық ауруларының қоздырғыштары(ортомиксовирустар,парамиксовирустар, аденовирустар.
2.Мақсаты: Студенттерге респираторлы вирустық инфекцияға вирусологиялық диагноз қою әдістерін және алдын-алу жолдарын, емдеу әдістерін үйрету.
3.Дәріс тезистері.
Ортамиксовирустар(Orthomyхoviridae)-жанұясына кіреді,РНҚ түзуші күрделі құрылымды вирустар. Грек тілінен аударғанда orthos –тікелей, myха-кілегей деген мағынаны береді.Парамиксовирустар (Paramyхoviridae) – жанұясына кіреді РНК түзуші вирустар. Жанұя құрамына респираторлы – синтициальді вирустар, қызылша, паратит , парагрипп кіреді. Олар аэрогенді жолмен жұғады.
Грипп қоздырғышын бірінші рет 1933 ж. У. Смит, С. Эндрюс, Лейдлоу тапқан , қоздырғыш РНҚ түзуші миксовирустарға жатады. Антигендік биологиялық қасиеті бойынша вирус А,В,С, түрге бөлінеді. Серологиялық түрлеріне қарап А1,А2, В және В1 типтері бар. Муха-кілегей деген мағынаны береді. Электронды микроскопта грипп вирусы домалақ пішінді өлшемі 100-125 нм,кейде жіп тәрізді өседі вирион ортасында нуклеокапсид орналасқан. Капсидтің негізін ақуыз нуклеопротеидтер және ақуыздың полимеразды комплексі түзеді. Нуклеокапсид матриксті және мембраналық ақуызбен қоршалған, вирус бөлшектерін жинауда қатысады. Бұл құрылымның беткей қабатында суперкапсид орналасқан – сыртқы липопротеид қабығы –грипп вирусының эфирге сезімталдығын қамтамасыз етеді. Липопротеин қабықшасы жасушалардан түзілген, олардың беткей қабатында ұзындығы 10 нм өсінділері бар. Өсінділер екі күрделі ақуыздан түзілген; 1.гемаглютинин 2. нейраминидаза.
Микробиологиялық диагностикасы. Риноцитоскопиялық әдіс жәрдемімен бірнеше сағат ішінде диагноз қою мүмкін. Вирусологиялық әдіс. Экспресс диагностика ИФА. Емдеу үшін химиопрепараттар амантадин ремантадин тек қана Грипп А вирусына әсер етеді.
Алдын- алу үшін вирустың аттенуирленген тірі вакцинасын, Цельновирионды өлтірілген вакцина, Субвирионды вакцина, Суббірліктік вакцина құрамында тек қана гемагглютинин және нейрааминидаза бар. Қызылша- morvilli –корь- антропонозды, жедел респираторлы, вирусты, қоздырғышы ауа-тамшы механизмімен берілетін, денеде сатылы дамитын бөртпемен, энантемамен және тыныс жолдарының зақымдалуымен көрініс беретін жұқпалы ауру.
Аурудың қоздырғышы РНҚ –ды парамиксовирус . Вирионның гемагглютинациялаушы, гемолиздеуші және симпласт түзуші белсенділігі бар. Вирус штаммаларының ішінде антигендік әртүрлілік жоқ. Вирус +58 С температурада жойылады. Қоршаған ортада 30 минуттан артық сақталмайды. Төменгі температураға (-70 С) төзімді, -15-20 С температурада жақсы сақталады.
Инфекция көзі тек ауру адам. Ауру адам бөртпе пайда болғанға дейін 4 күн бұрын және бөртпе пайда болғаннан кейінгі 4 күн бойына айналасы үшін қауіпті. Инкубациялық кезең 8-17 күн, әдетте 9-10 күн. Гаммаглобулин енгізілгендерде 28 күнге дейін созылуы мүмкін.
Қоздырғыштың берілу механизмі – ауа тамшы. Ауа – шаң жолымен берілуі мүмкін емес.
Организмге вирус тыныс жолы арқылы еніп, одан аймақтық лимфа түйіндеріне өтіп, лимфа түйіндерінде көбейеді. Залалданудың 7-8 күндері вирусемия шарықтап, сосын қайта бәсеңдейді. Қызылшаның инфекциялық процесіне тән ерекшелік – бұл лимфатикалық ақпараттың және аралық тіннің дегенеративтік зақымдануы. Яғни зақымдану өкпеде ,мида ,ас қорыту жүйесінде т.б. мүшелер мен тіндерде болады. Бөртпе пайда болғанға дейінгі 1-2 –ші күні науқастың ұртында айналасы қызарған ақшыл ноқат Филатов –Коплик ноқаты анықталады. Денеде бөртпенің сатылы пайда болуы мен морфологиялық сипаты қызылшаның клиникалық көрінісінің басты айырмашылығы болып табылады. 3-4 күннен кейін бөртпе бозарып, одан әрі қоңыр- қошқыл пигмент пайда болып ,ол қабыршақтанып түсе бастайды.
Серологиялық зерттеу.-гемагглютинацияны тежеу реакциясы, қазіргі күнде қолданылатын иммуноферменттік талдау,полимеразды тізбекті реакция. Бұл тәсілдер жедел инфекцияны диагностикалау үшін де, вакцинация нәтижесін бағалау үшін де қолданылатын сезімтал, арнайылығы жоғары тәсілдер.Иммундық алдын-алу. 12 –айлығында және 6 жасында тері астына 0,5 мл жасалады.Емдеу принциптері. Сиптомдық ,антибактериалды ем асқыну белгілері пайда болғанда тағайындалады.
Жел шешек-антропонозды жедел респираторлы вирусты қоздырғышы ауа-тамшы механизмімен берілетін, бүкіл дененің ноқатты түйінді бөрітпесімен көрінетін жұқпалы ауру.
Жел шешектің қоздырғышы ДНҚ-лы адам герпесінің 3-ші типіне жататын вирус. Қоршаған ортада тез өледі, әсіресе жоғарғы температураға төзімсіз, 50-52 С температурада 30 минуттың ішінде жойылады. Төменгі температураға төзімді. Инфекция көзі тек қана ауру адам .Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 10 күннен 21 күнге дейін созылады, орташа 21 күнге дейін созылады. Ауру адам айналасына инкубациялық кезеңнің соңғы күндерінен бастап, бөртпе кезеңінің барлығында қауіпті. Қауіптілік кезеңі соңғы бөртпе пайда болғаннан кейін, 3-5 күні аяқталады. Қоздырғыштың негізгі берілу механизмі – ауа тамшы.Диагностикасы. Вирусологиялық және серологиялық зерттеулер арқылы дәлелденеді.Емдеу принциптері. Симптоматикалық.
Эпидемиялық паратит- антропонозды жедел респираторлы вирусты, қоздырғышы аспирациялық механизммен берілетін ,жалпы интоксикациямен сілекей бездерінің, кейде басқа аралас бездердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы РНҚ-ды вирус . S-VI- антигендері бар. А,В,С, және Е генотиптері анықталған, гемолиздеуші гемагглютинациялаушы және нейроаминидаза белсенділігі бар. Вирус төменгі температурада 25—75 С жылдар бойы сақталады. 55-60 С 22 минуттың ішінде өліп болады. Вирус тауық эмбрионында көбейеді.
Вирус организмге мұрын- көмекей кілегей қабаты арқылы енеді. Сол жерде вирус көбейіп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Негізгі зақымданатын құлақ маңының сілекей бездері. Вирус енгеннен кейін , сол жерге тұрақтамай бірден қабырға өзегі арқылы құлақ маңының сілекей безіне өтіп , сол жерде көбеюі мүмкін .Вирус сілекей бездерімен қатар ұйқы безі, қалқанша без , жыныс бездерін, ми және басқа органдарға еніп қабынуды туғызады./ орхит, панкреатит, менингит, бартолинит .
Лабораториялық диагностикасы. Вирусологиялық, серологиялық әдістер қолданылады. Вирус сілекейден жұлын сұйықтығынан 4-5 күндері, зәрден 9-10 күндерге дейін бөлінеді. Серологиялық әдіс КБР,гемагглютинацияны тежеу реакциясы , ИФА
Емдеу әдісі. Симптоматикалық.
Профилактикасы. 12-айлығында вакцинация ,ревакцинация 12-жасында жүргізіледі.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:
Негізгі:
1.Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2005.-208 б.;
2.Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.-199 б.;
3.Жалпы микробиология( оқу-әдістемелік құрал).Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова,А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева.Алматы-2006,176 б.
4.Жеке микробиология ( оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы,доценттер С.Ш.Шакиев,А.А.Стамкулова,Н.Т.Таурбаева, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова, А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева. Алматы-2006,176 б.
Қосымша:
1. Микрооргонизмдер морфологиясы (оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева. (А.Л.Котованың ред.).-Алматы, 2007 .-128б.
2. Микроорганизмдер физиологиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А. Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева..-Алматы.,2007,-132 б.
3. Микроорганизмдер экалогиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева.-А.,2007-96 б.
4. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар. (Оқу әдістемелік құрал) .Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Г.Р.Амзеева. А.,2007,-48 б.
5. Инфекция туралы ілім. Оқу құралы Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы..-А.,2007,-112 б.
6. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар боиынша оқу-әдістемелік құрал ( А.Л.Котованың ред.). А.,1997.
-
Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.
-
Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010
-
Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.
-
Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.
-
У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.
-
www.google.kz
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1.Ортамиксовирустарға жататын вирустарды атаңыз?
2.Парамиксовирустардың ортомиксовирустардан айырмашылығы?
Дәріс №25.
1.Тақырыбы: Асқазан ішек жолдарының вирустық ауруларының қоздырғыштары (энтеровирустар, ротовирустар, гепатит вирустары, паротит, цитомегаловирустар).
2.Мақсаты: Студенттерге респираторлы вирустық инфекцияға вирусологиялық диагноз қою әдістерін, энтеровирустар мен гепатит вирустарының морфологиялық және химиялық құрылымын ,дақылдылық қасиетін, антигендік құрылымын, сыртқы ортаға тұрақтылығын эпидемиялогиясымен патогенезін, клиникасын, иммунитетін микробиологиялық диагностикасы емдеу және алдын- алу әдістерін талдап үйрету.
3.Дәріс тезисі.
Энтеровирустар –майда және қарапайым құрылымды вирус, дөңгелек пішінді 20-30 нм. Вирустың суперкапсидті қабықшасы жоқ. Оның құрамында көмірсутек және липидтер жоқ, сондықтан майды ерітуші ертінділерге эфирге сезімтал емес. Көпшілік энтеровирустар Коксаки А вирусынан басқасы адам ұлпасынан алынған біріншілік және өндірілген дақылдарда цитопатогендік әсер мен байқалады. Энтеровирустар жалпы топқа және типке тән антиген түзеді. Э.В.И –ның инкубациялық кезеңі 2-4 күнге дейін болады 10- күнге дейін ұзаруы мүмкін. Ауру жедел басталады, дене қызуы бірден 38-39 С -40 С - қа дейін көтеріледі бас ауруы, айналуы, әлсіздік мазасыздық байқалады.
Аурудан кейін тұрақты типке тән иммунитет қалыптасады. Вирусологиялық және серологиялық аурудың жұп сарысуы мен қойылады. Вирусты мұрын жұтқыншақ кілегейден аурудың бірінші күні алынады, нәжіс, цереброспинальді сұйықтық алынады. Мәйіттен вирус зақымдалған ағзалардан алынады. Серодиагностика әдісінде энтеровирустарға титрдің жоғарылауы 4 есе байқалады.
Емдеу және алдын-алу әдістері. Патогенетикалық терапия. Аурудың бірінші күндері интерферон және басқа да вирусқа қарсы препараттар қолданылады. Арнайы алдын-алу әдістері жоқ.
2. КОКСАКИ вирусы –РНҚ түзуші вирустар Picornoviridae әулетіне Enterovirus кіреді. Вирустың аты АҚШ-тағы вирус табылған жергілікті аймақтың аты. Коксаки А вирусы диффузды миозитті және көлденең жолақ бұлшық еттердің ошақты өліктенуіне алып келеді. Коксаки В –ОНЖ зақымдайды, салдылықтың дамуына, скелет бұлшық еттердің өліктенуіне және миокардтың да өліктенуіне алып келеді. Коксаки В вирусы энцефалитті, миокардитті, полиомиелит тәрізді ауруды шақырады.
Микробиологиялық диагностикасы. Вирусологиялық әдісті қолданады: вирусты нәжістен, мұрын–жұтқыншақтан бөліп алады. НеLa жасушаларын зақымдайды. Вирусты КБР, РН, ИФА, РТГА идентификациялайды.
ЕСНО –вирусы РНҚ- түзуші 30 –дан аса типі бар.ЕСНО –вирусы адамдардағы цитопатогенді ішек вирусы.Вирус асептикалық менингитті, тыныс жолдары вирусты инфекциясын шақырады.
Микробиологиялық диагностикасы. 1.Вирусологиялық әдіс: вирусты цереброспинальді сұйықтықтан, нәжістен, мұрын жұтқыншақ сұйықтығынан бөліп алып маймылдың бүйрек жасушаларын зақымдайды. 2. Серодиагностика. Қан сарысуында антидене титрінің жоғарылауын КБР, ИФА, РН, РТГА, жәрдемімен анықтаймыз.
3.Полиомиелит- сал ауруы жедел, антропанозды, қоздырғышы негізінен нәжіс –ауыз механизмімен берілетін, жұлынның қоңыр затының алдыңғы мүйізінің, мидың әр түрлі бөлімдерінің зақымдалуымен, бұлшық еттің атрофиялық сылбыр параличімен сипатталатын ауру. Вирустың мөлшері 28 нм.
Полиомиелит қоздырғышы Picarnoviridae әулетіне Enterovirus тұқымына Poliovirus түріне кіреді.
Антиген құрылымы. 3 серотипі бар түрдің ішінде 1,2,3, қиылысатын иммунитетті шақырмайтын түрге бөлінеді.Барлық серотиптері маймылдар үшін патогенді.
Иммунитеті. Аурудан кейін мәңгілік типке тән иммунитет қалыптасады.
Микробиологиялық диагностикасы.Лабораториялық зерттеу үшін мұрын жұтқыншақ жұғындысы, нәжіс, жұлын суы , қан алынады.
Вирусологиялық және серологиялық зерттеу жүргізіледі. Серологиялық зерттеу нәтижесі вирус нейтралдаушы қарсы денелер титрі 4 есеге артқанда ғана диагностикалық маңызды саналады.
Алдын-алу. Сал ауруына қарсы ауызға тамызатын тірі вакцина қолданылады. Вакцина африкалық жасыл маймылдардың бүйрек жасушаларында өсірілген. Вакцина сұйық түрде шығарылады.
Емдеу әдістері. Патогенетикалық терапия. Сал формасын алдын алу үшін иммуноглобулин қолданылады.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:
Негізгі:
1.Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2005.-208 б.;
2.Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.-199 б.;
3.Жалпы микробиология( оқу-әдістемелік құрал).Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова,А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева.Алматы-2006,176 б.
4.Жеке микробиология ( оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы,доценттер С.Ш.Шакиев,А.А.Стамкулова,Н.Т.Таурбаева, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова, А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева. Алматы-2006,176 б.
Қосымша:
1. Микрооргонизмдер морфологиясы (оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева. (А.Л.Котованың ред.).-Алматы, 2007 .-128б.
2. Микроорганизмдер физиологиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А. Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева..-Алматы.,2007,-132 б.
3. Микроорганизмдер экалогиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева.-А.,2007-96 б.
4. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар. (Оқу әдістемелік құрал) .Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Г.Р.Амзеева. А.,2007,-48 б.
5. Инфекция туралы ілім. Оқу құралы Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы..-А.,2007,-112 б.
6. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар боиынша оқу-әдістемелік құрал ( А.Л.Котованың ред.). А.,1997.
-
Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.
-
Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010
-
Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.
-
Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.
-
У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.
-
www.google.kz
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1.Энтеровирустарға жататын вирустарды атаңыз?
2. ЕСНО –вирусының мағынасын талдаңыз?
3. Полиомиелит ауруының алдын-алу шаралары?
4.Қазіргі таңда гепатит вирусының қанша түрі ба?
Дәріс № 26.
1. Тақырыбы: ВИЧ-инфекциясы
2. Мақсаты: Студенттерге адамның иммуно дефицит вирусы қоздырғыштарына вирусологиялық диагноз қою әдістерін және алдын-алу жолдарын, емдеу әдістерін үйрету.
3. Дәріс тезистері.
Ретровирустар әулетіне жататын вирустар бірқатар ерекшеліктерге ие:
-
Геномы біржіпшелі фрагменттелмеген позитивті РНҚ-дан тұрады, бірақ екі молекулалы
-
Вирионның құрамында кері транскриптаза ферменті бар.
-
Кері транскриптазаға байланысты вирустың РНҚ-геномы, жасушада ДНҚ-геномға айналады. Осы күйінде қожайын жасушасының хромасомасына интеграцияланады.
-
Вирустың құрылымдық белоктарының жиі мутациялынауы, эффективті вакцина табуға қиындықтар туғызады.
-
Нуклоекапсидтік құрылымы мен оның вирионда орналысуына қарай, реторвирустардың жалпы құрылымдық гендері:
әулеті үш әулет астына бөлінеді.
-“көпіргіш” вирустар, бұл вирустардың патологиялық процестермен байланысы тұжырымдалмаған.
- онкогенді вирустар.
-баяу инфекцияылалардың қоздырғыштары /СПИД/.
Жүре пайда болатын иммунодефицит синдромы /СПИД/, алғаш рет ерекше ауру ретінде АҚШ-та 1982 жылы аталып көрсетілді. СПИД-тің қоздырғышын 1983 жылы бір-біріне тәуелсіз екі ғалым француз Л. Монтанье және американдық Р.Галло ашты. Оны 1986 жылы алып, немесе АИВ деп атады.
АИВ, шар формалары диаметрі 100нм. Вирустың қабықшасы көп бұрышты 12 бес бұрыштың және 20 алты бұрыштан құралған. Вирионның нуклеокапсиді үшкір цилиндрлі, дельта-экосаэр пішінді.
АИВ-инфекциясының көзі-науқас немесе вирустасымалдаушы адам, аурудың берілуі: жыныстық қатынас, қан, анасынан баласына босану жолдары арқылы. ВИЧ инфекцияның патогенезі және клиникалық ерекшеліктері.
Вирус жоғары жылдамдықпен көбеюге қабілетті. АИВ-инфекциясында иммунодефициттің даму себебі: Т-хелперлердің жаппай қырылуы және түрлі интерлейкиндердің синтезінің бұзылуы салдарынан Т-киллерлер жүйесінің функциясы бұзылып комплемент жүйесі мен макрофаггтардың активтілігі бәсеңдейді. Бұл науқастарда оппортунистік инфекция, ісік және ОНЖ ауруларының дамуына әкеледі.
АИВ инфекция мен СПИД-тің клиникалық критерилері
Қауіп тудыратын күрделі симптомдары: 10%-тен жоғары салмақ тастау, ұзаққа созылатын лихорадка, созылмалы диарея. Жеңіл симптомдары: жөтел, генерелизацияланған дерматит, рецидивирлеуші белдемелі герпес /ұшық/, ауыз қуысы мен жұтқыншықта кандидоздың пайда болуы.
АИВ инфекцияның лабораториялық диагностикасы, вирустасымалдаушылық.
АИВ инфекцияның диагностикалаудың негізгі тәсілі ретінде иммуноферментті әдіс қолданылады, зерттелетін барлық қансарысуларының оң нәтижелері, иммуноблотинг немесе вестернблотинг әдісінің көмегімен қосымша тексеріледі.
АИВ инфекцияны емдеу және арнайы алдын алу проблемалары.
АИВ инфекцияның дамуын белгілі бір уақытқа дейін тоқтату үшін қолданылатын бірден-бір препарат азидотимидин . Азидотимидинмен емдеу науқастың өмірін орташа есеппен 1,5-2 жылға ұзартады, алайда бұл препаратқа АИВ-1 және АИВ-2 де төзімділігік қалыптасады.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |