ЖҰмыс бағдарламасы пән, пән коды Медициналық экология Мамандық 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс»


Жағдайлық есептерді құрастыруға қойылатын талаптар



бет13/15
Дата26.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#158919
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Жағдайлық есептерді құрастыруға қойылатын талаптар:

жағдайлық есеп берілген тақырыпқа сай, қосымша материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін, өзекті, қойылған сұрақтар (3-4) нақты әрі толық болуы шарт. Жағдайды сипаттау, берілген сандар мен фактілер түсікті, нақты болуы керек. Құрастырылатын жағдайлық есептің саны 5-тен кем емес.



Қосымша №2

Бағалау критерилері:



Бақылау түрі


Бағалау


Бағалау критерийлері

Рефераты дайындау және қорғау безендірілуі

Өте жақсы

Бағалауға сай:

А (95-100);

А- (90-94)




Қорғау кезінде ешқандай қателер, түсінбеушіліктер жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйеніп, оларды бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса.

Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, мазмұны мен

безендірілуі рефератты жазу талаптарына сай, қолданылған әдебиеттер көлемі жеткілікті және соңғы жылғы шығарылымдағы болса қойылады.


Жақсы

Бағалауға сай:

В+(85-89);

В (80-84);

В- (75-79).


Студент қорғау кезінде дөрекі қате жібермей, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады. Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде болмашы қателіктер жіберілген болса қойылады.

Қанағаттанарлық

Бағалауға сай:

С+ ( 70-74);

С ( 65-69);

С-(60-64);

D+( 50-54)



Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.

Рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде айтарлықтай қателіктер жіберілсе, текстті қолмен жазса, реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе және пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.



Қанағаттанарлықсыз

Бағалауға сай:

Р (0-49)


Реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.


Тақырып бойынша презентация

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тақырып бойынша презентация

безендіру



Өте жақсы:

А ( 95-100%);

А- ( 90-94%)

бағаға сәйкес




Баға қойылады: егер де студент

презентация кезінде ешқандай қателік пән дәлсіздік жібермесе. Тақырып бойынша теорияларды, концепция мен бағыттарды білсе және оларға баға бере білсе, ғылыми жетістіктерді келтіргенде. Мазмұны мен безендірілуі презентацияға қойылатын талапқа сай болғанда.

Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.


Жақсы:

В+( 85-89%);

В (80-84%);

В- (75-79%).

бағаға сәйкес


Баға қойылады: егер де студент

Презентация кезінде айтарлықтай емес қателік пен айтарлықтай емес дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, оны студент өзі түзесе, материалды оқытушының көмегімен жүйелей білгенде. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан сәл ғана ауытқу болғанда. Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.



Қанағаттанар-лық:

С+ (70-74%);

С (65-69%);

С-( 60-64%);

D+( 50-54%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер де студент

презентация кезінде айтарлықтай дәлсіздік жібергенде немесе қағидалық қателік жіберіп, оқытушы айтқан негізгі әдебиттермен ғана шектелгенде,

материалды жйелей алмағанда,

Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан айтарлықтай ауытқушылық болғанда. Презентацияның мазмұны тақырыпқа сай келмегенде. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.



Қанағаттанар-лықсыз

F ( 0-49%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер де студент

презентация кезінде айтарлықтай қағидалық қателік жіберіп, ғылыми терминологияны қолдана алмаса, жауап бергенде айтарлықтай логикалық қателіктер жібергенде. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.




Тест тапсырмасын дайындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тест тапсырмасын дайындау


Өте жақсы:

А (95-100%);

А- ( 90-94%)

бағаға сәйкес




Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. 1Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Берілген жауаптары бір типті және адекватты. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Жақсы:

В+(85-89%);

В (80-84%);

В- (75-79%).

бағаға сәйкес


Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Кейбір берілген жауаптары бір типті және адекватты емес. Алайда студент өз қателігін өзі анықтады. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Қанағаттанар-лық:

С+ (70-74%);

С (65-69%);

С-(60-64%);

D+(50-54%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мазмұнды қате. Тест тапсырмалары дұрыс емес, әрі нақты құрастырылмаған. Кейбір берілген жауаптары бір типті емес. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленбеген.

Қанағаттанар-

лықсыз


F (0-49%)

бағаға сәйкес





Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20 аз болғанда, тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған, мазмұнсыз, жауап варианттары бір типті емес, жауап алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптың 50% дұрыс белгіленбеген.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Гигиена-1,дене шынықтыру және валеология» кафедрасы


Пән – Медициналық экология
Мамандық 5В110400- «Медициналық-профилактикалық іс»

БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР

Курс: ІІ

ШЫМКЕНТ 2014ж
1-нұсқа

1~ Медициналық экология ... жылы жеке ғылым болып аталды.

а| 1985

б| 1996


с| 1986

д| 1989


е| 1993

2~ Медициналық экологияның бөлімдері:

а| инженерлік экология, қолданбалы экология

б| санитарлық экология, экологиялық патология

с| транспорттық экология, рекреациялық экология

д| аргоэкология, радиациялық экология

е| кәсіптік экология, геохимиялық экология

3~ Санитарлық экология ... арасындағы себеп - салдарын зерттейді.

а| жануар мен өсімдіктер

б| қоршаған орта мен қоғам

с| адам денсаулығы мен қоршаған орта сапасы

д| өсімдіктер мен адам денсаулығы

е| жануар мен адам денсаулығы

4~ Адам ағзасы мен удың өзара әсер ... ғылымы зерттейді.

а| микробиология

б| онкология

с| гистология

д| токсикология

е| нутрициология

5~ Ісіктің пайда болуына әсер ететін физикалық фактор:

а| лазер сәулесі

б| инфрақызыл сәуле

с| өте жоғары жиіліктегі ток

д| ультрадыбыс

е| ультракулгін сәуле

6~ Қоршаған ортадағы канцерогенді заттар:

а| темекі түтіні, күл, таскөмір смоласы

б| темекі түтіні, дәрілік препараттар, күл

с| үй шаңы, таскөмір смоласы

д| инфра, ультрадыбыстар, инфрақызыл сәуле

е| жануарлар жүні, өсімдік шаңы, саңырауқұлақтар

7~ Ісік ауруларын тудыратын химиялық заттар ... деп аталады.

а| эмбриогендер

б| канцерогендер

с| биогендер

д| трансгендер

е| миогендер

8~ Эндемиялық аурулардың пайда болуына әсер етуші фактор...

а| экологиялық

б| биологиялық

с| функциялық

д| химиялық

е| лимиттік

9~ Қант диабетінің дамуына әсер ететін қатерлі факторлар:

а| көмірсулы тағамдарды шектен тыс пайдалану, гиподинамия

б| нашақорлық, жеткіліксіз тамақтану, темекі шегу

с| гипердинамия, белокты тағамды шектен тыс пайдалану

д| гиподинамия, шектен тыс артық тамақтану

е| нашақорлық, артық тамақтану,темекі шегу

10~ Биогеохимиялық аймақта тұратын адамдарда пайда болатын аурулар … деп аталады.

а| пандемиялық

б| эндемиялық

с|геоценотикалық

д| эпидемиялық

е| геопатогенді

11~ Озон тесігінен адам денсаулығына келетін зиян … әсер етуі.

а| қысқа толқынды инфрақызыл сәулесінің жанама

б| орташа толқынды инфрақызыл сәулесінің тікелей

с| қысқа толқынды ультракүлгін сәулесінің тікелей

д| ұзын ультракүлгін сәулесінің тікелей

е| қысқа көзге көрінетін сәуленің тікелей

12~ Озон тесігінің пайда болу себебі:

а| ауа температурасының артуы

б| көмірқышқыл газы мөлшерінің артуы

с| күкіртқышқылы мөлшерінің артуы

д| ауа ылғалдылығының өзгеруі

е| фреон мен метан мөлшерінің көбеюі

13~ «Фотохимиялық смогтің» пайда болу себебі:

а| тынық ауа райының болуы

б| көмірқышқыл газы мөлшерінің артуы

с| фреон мен метан мөлшерінің көбеюі

д| ауа ылғалдылығының өзгеруі

е| ауа температурасының жоғарлауы

14~ Атмосфералық ауа ластануынан … аурулары туындайды.

а| аллергиялық, ісік

б| асқазан ішек жолы

с| тері және өкпе

д| буын


е| ОЖЖ

15~ Хлордың ... қасиеті бар.

а| жылулық

б| канцерогендік

с| иондаушы

д| тотықтырушы

е| салқындататын

16~ Радиациялық мутагенез …

а| радиобелсенді заттар әсерлерінің нәтижесінде мутацияның пайда болуы.

б| адам ағзасында мутациялық өзгерістердің туындауы.

с| әртүрлі факторлар мен адам денсаулығы арасындағы себеп- салдар.

д| молекуланың ДНК құрылымының өзгеруі.

е| қатерлі ісіктің пайда болуы.

17~ Экологиялық патология … зерттейді.

а| адам әрекетінің жануарлар әлеміне әсерін

б| сыртқы ортаның ауру тудыратын қолайсыз, зиянды факторларын

с| адам әрекетінің табиғатқа әсерін

д| адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін

е| қоғамның табиғатқа әсер етуі

18~ Акклиматизация дегенiмiз …

а| ортаның қолайсыз ықпалының әсерiмен байланысты жылу

реттеудiң бұзылуы.

б| климаттық ауысуы кезiнде ағзада дамитын функционалдық

өзгерiстер.

с| өмiр сүрудiң жаңаша жағдайларына адамның белсендi түрде

бейiмделу үдерiсi.

д| климаттық фактордың әсерiнен ағзада физикалық қайта құрылу үдерісі.

е| адамның iс әрекетi үшiн қолайлы жағдайларды тудыру.

19~Тыныс жолдары мен көздiң кiлегейлi қабықшасына тiтiркендiргiш әсер ететiн озонның мөлшерi ... кг/куб м.

а| 2


б| 0,01

с| 0,5


д| 1,0

е| 0,1


20~ Пассивтi акклиматизация бұл …

а|өмiрдiң жаңаша жағдайларына ағзаның физиологиялық бейімделу үдерісі

б| адамның өмiрдiң жаңаша жағдайларына бiртiндеп бейімделу үдерісі.

с| өмiр сүрудiң жаңаша жағдайларына бейiмделу үшін жағдайлар тудыру.

д| өмiрдiң жаңаша жағдайларына адамның физиологиялық бейімделу.

мүмкiншiлiктерiнiң төмендеуi.

е| өмiр сүрудiң жаңаша жағдайларында жұмыс iстеу үшiн жылу реттеуді

қайта құру.



2-нұсқа

1~ Атмосфералық ауадағы оттегiнiң тұрақты болуына себепкер табиғи үдерiс …

а| фотосинтез.

б| топырақтағы радиобелсенділік үдерiсi.

с| органикалық заттардың синтезi.

д| мұхиттар мен теңiз суынан оттегiнің бөлiнуі.

е| ультракүлгiн сәулелердiң әсерiнен стратосферадағы су молекуласының ыдырауы

2~ Белсендi акклиматизация бұл …

а| өмiр сүрудiң жаңаша жағдайларында жұмыс iстеу үшiн жылу реттеу

құралын қайта құру.

б| өмiрдiң жаңаша жағдайларына ағзаның физиологиялық бейімделу үдерісі.

с| өмiрдiң жаңаша жағдайларына адамның физиологиялық бейімделу

мүмкiншiлiктерiнiң жоғарылауы.

д| өмiр сүрудiң жаңаша жағдайларына бейiмделген демалу,еңбек етудің

тиiмдi жағдайларын тудыру.

е| өмiр сүрудiң жаңаша жағдайларына адамның тез үйрену үдерiсi.

3~ Озон тесiгінің адам ағзасы үшiн жағымсыз әсерi …

а| жер бетiне келiп түсетiн бактерицидтi ультракүлгiн сәуле мөлшерін

төмендетеді.

б| жер бетiне ғарыштық сәуле шоғырының түсуін жоғарылатады.

с| УКС мутагендiк әсерiн күшейтедi.

д| қатерлi iсiк ауруларының санын төмендетедi.

е| ауадағы улы газдардың мөлшері артады.

4~ДДҰ мәліметі бойынша жылына пестицидтермен … мың адам уланады.

а|250

б| 600


с|700

д| 300


е| 500

5~ Денсаулықтың тікелей көрсеткіштеріне ... жатады.

а| өлімге алып келетін аурушаңдық

б| қаралуы бойынша аурушаңдық

с| патологиялық зақымдану

д| физикалық даму мен денсаулық индексі

е| жеке аурушаңдық

6~ Денсаулықтың жанама көрсеткіштеріне ... жатады.

а| физиометриялық және соматоскопиялық көрсеткіштер

б| физикалық даму мен денсаулық индексі

с| өлімге алып келетін аурушаңдық пен денсаулық индексі

д| жалпы аурушаңдық пен денсаулық индексі

е| қаралуы бойынша аурушаңдық пен патологиялық зақымдану

7~ Интенсивті көрсеткіш аурудың ... білдіреді.

а| жиілігі мен таралуын

б| үлес салмағын

с| құрылымын

д| ауырлығын

е| ауруханада емделуін

8~ Абсолюттi өлiм дозасы дегенiмiз ... мөлшері.

а| 1 рет әсер еткенде тәжірибеде жасайтын жануарлардың 100% өлiмiн

тудыратын ауадағы токсикалық заттардың минимальды

б| 1 рет әсер еткенде тәжірибе жасайтын жануарлардың 100% өлiмiн

тудыратын ауадағы токсикалық заттардың максималды

с| 1 рет әсер еткенде тәжірибе жасайтын жануарлардың 50% өлiмiн

тудыратын ауадағы токсикалық заттардың минималды

д| 1 рет әсер еткенде тәжірибе жасайтын жануарлардың 50% өлiмiн тудыратын ауадағы токсикалық заттардың максималды

е| 1 рет әсер еткенде тәжірибе жасайтын жануарларда 2-4 аптадан кейiн өлiм тудыратын ауадағы токсикалық заттардың минималды

9~ ҚР ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы ... жас.

а| 63,2


б| 70

с| 59,7


д| 60,5

е| 58


10~ ҚР әйелдерде орташа өмір сүру ұзақтығы ... жас.

а| 63


б| 59,7

с| 70,4


д| 58

е| 55,1


11~ Халық жағдайын зерттейтін бағытқа ... жатады.

а| қоныс аудару, халық динамикасы

б| мүгедектік, көшу

с| туылу, өлім

д| табиғи өсім, сәби өлімі

е| халық статистика мен динамикасы

12~ Қоршаған орта ластануының физикалық түріне ... жатады.

а| пестицидпен ластану

б| шаңмен ластану

с| шумен ластану

д| ауа ылғалдылығы

е| минералдық тыңайтқыштармен ластану

13~ Қоршаған орта ластануының химиялық түріне ... ластану жатады.

а| ауыр металмен

б| шаңмен

с| органикалық заттармен

д| электромагниттік толқынмен

е| ультракүлгін сәулемен

14~ Қоршаған орта ластануының биологиялық түріне ... жатады.

а| ылғалмен ластану

б| гендік инженерия

с| пластмассамен ластану

д| өсімдіктермен ластану

е| ауыр металмен ластану

15~ Озон қабатын бұзатын заттар ...

а| су буы.

б| шаңдар.

с| космостық заттар.

д| фреондар.

е| механикалық бөлшектер.

16~ Табиғи биогеохимиялық аймақ дегеніміз ...

а| топырақтың патогенді микроағзалармен ластануы

б| топырақтағы микроэлементтердің мөлшері.

с| топырақтардың гельминттермен ластануы.

д| топырақтағы макроэлементтердің мөлшері.

е| . эндемиялық аурудың дамуына соқтыратын топырақтағы

микроэлементтердің көп мөлшері.

17~ Жасанды биогеохимиялық аймақ дегеніміз ...

а| зиянды заттардың топырақта жинақталу нәтижесінде ағзада әртүрлі

аурулар туғызатын аймақ.

б| үлкен территорияларда топырақтың физикалық қарқынды ластану.

с| топырақтың гельминттермен қарқынды ластануы.

д| үлкен территориялардағы топырақтың радионуклидтермен қарқынды

ластануы.

е| үлкен территориялардағы топырақта микроэлементтердің болуы.

18~ Биогеохимиялық аймақтар дегеніміз ...

а| демалыс орындары құрылысына жарамды аудандар.

б| жер шарының белгілі бір климаттық аудандары.

с| ауылшаруашылығына жарамсыз топырағы бар аудандар.

д| тұрғын үйлер құрылысына жарамсыз топырағы бар аудандар.

е| тұрғындардың арасындағы химиялық эндемиялар

кездесетін географиялық аудандар.

19~ Ауылшаруашылығында су көздерін негізгі ластаушылар ...

а| мұнай өнімдері.

б| пестицидтер.

с| гербицидтер.

д| детергенттер.

е| қышқылдар.

20~ Табиғи химиялық факторға ... жатады.

а| мұнай өнімі, пестицидтер

б| көліктің шығарынды газдары

с| ауыз судағы микроэлементтер

д| минералды тыңайтқыш, азықтық қоспалар

е| ауыз суындағы бактерия, вирустар



3-нұсқа
1~ Антропогенді химиялық факторға ... жатады.

а| қоршаған ортадағы көліктер түтіні арқылы түсетін ауыр металдар

б| атмосфералық ауаның химиялық құрамы

с| азық түліктегі майлар, көмірсулар, ақуыздар

д| өндірістік шу,

е| атмосфералық ауа қысымы

2~ Адамды қоршаған ортаны жақсарту үшін қажетті табиғи қор ...

а| энергетикалық қор

б| тамақ өнімдері.

с| шикізаттар.

д| минерал қоры.

е| . орман.

3~ Ауылдық жерлерге тән ластанудың антропогендік көздері ...

а| электрлік өткізу желісінің болуы.

б| техникалық құралдарды пайдалану.

с| көгалдандыру, минералды тыңайтқыштарды қолдану.

д| малшаруашылығы, құсшаруашылығы.

е| шикізат өнімдерін өңдеу.

4~ Адам ағзасына түсетін химиялық жүктеме түсінігі ...

а| тағамдық өнімдер, су, ауа арқылы адам ағзасына түсіп, әсер ететін барлық химиялық факторлар жиынтықтарының нақты қарқындылығы.

б| ауыз су және өсімдік арқылы адам ағзасына түсіп, әсер ететін барлық химиялық факторлар жиынтықтарының нақты қарқындылығы.

с| топырақ және ауа арқылы адам ағзасына түсіп, әсер ететін барлық химиялық факторлар жиынтықтарының нақты қарқындылығы .

д| адам ағзасына сүт арқылы заттардың нақты түсуі.

е| топырақ арқылы заттардың адам ағзасына нақты түсуі.

5~ Су арқылы түсетін химиялық заттардың жүктемесін есептеуге арналған көрсеткіш ...

а| бір жыл ішіндегі адам ағзасының азық-түліктің қажеттілігі.

б| судағы заттардың ШРЕМ-ден арту еселігі.

с| тасымалдану көрсеткіші.

д| судағы заттардың ең көп мөлшері.

е| бір жыл ішіндегі адам ағзасына ауыз судың қажеттілігі.

6~ Азық түлікпен түсетін заттардың нақты химиялық жүктемесін

есептеуге арналған көрсеткіш ...

а| топырақ пен өсімдіктердегі заттардың ең жоғарғы мөлшері.

б| тасымалдану көрсеткіші.

с| азық түліктегі заттардың ШРЕМ-нен арту еселігі.

д| азық-түліктерде химиялық заттардың рұқсат етілген мөлшері.

е| бір жыл ішіндегі адам ағзасына азық түліктің қажеттілігі.

7~ Қазіргі кездегі қалалардың экологиялық мәселелері ...

а| улы тұман, шумен ластануы.

б| көлікпен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

с| медициналық көмек көрсетудің жеткіліксіздігі.

д| ауа ылғалдылығының төмендеуі.

е| атмосфералық қысымның жоғарлауы.

8~Экожүйе тұрақтылығының негізгі қағидасы ... болып табылады.

а| энергия көздерінің болуы

б| продуцент санының жеткіліктілігі

с| экожүйе көлемінің жеткіліктілігі

д| энергия ағынымен болатын зат алмасуы

е| топырақтағы зат алмасу

9~ Фотохимиялық смог - ...

а| атмосферадағы қатты ластанудың салдарынан болатын ауыспалы

құбылыстар.

б| атмосферадағы қоспалар мен СО2-ның арасындағы химиялық құбылыс.

с| қатты және газ тәріздес қоспалардың тұман мен аэрозольдер түрінде

болатын құбылыс.

д| атмосферадағы құбылыстар мен SO2 арасында болатын химиялық

реакция.

е| күн сәулесі мен қоспалар арасында болатын атмосферадағы құбылыс.

10~ Улы тұманның құрамына ... кіреді.

а| көмірқышқыл газы, органикалық емес қосылыстар

б| темір мен мыстың оксидтері, органикалық емес қосылыстар

с| нитрат, нитрит, органикалық қосылыстар

д| күкіртсутек пен күкіртті ангидрид

е| азот пен күкірт оксидтері, органикалық қосылыстар

11~ Қала экожүйесінің табиғи экожүйеден айырмашылығы ...

а| қалада топырақ жамылғысы жақсы дамыған.

б| популяция тығыздығының төмендігі.

с| қалада жануарлардың түрлік құрамы көп.

д| қаланың табиғи ортасында тірі ағзалар санының болуы.

е| популяция тығыздығының жоғары болуы

12~ Максималды ШРЕК бұл ...

а| атмосфера қосылыстарының ең жоғарғы мөлшері.

б| зиянды заттардың мөлшері.

с| улы заттардың қанығуы.

д| атмосфера қосылысының тәуліктік нормасы.

е| зиянды заттардың қауіпті мәні.

13~ Фактордың ағзаға қолайлы әсер ету диапазонын ... аймағы деп атайды.

а| оптимум

б| пессимум

с| буферлік

д| минимум

е| максимум

14~ Мемлекеттік мониторинг ... жүргізіледі.

а| табиғи ортаны тазартуда.

б| табиғи ортаның нысандарына.

с| табиғи ортаның жағдайын бағалауда.

д| табиғи орта жағдайының өзгеруіне.

е| айыппұл салынады.

15~ ШРЕК және ШРЕД ... жатады.

а| кешенді нормалауға

б| әсер ету нормативтеріне

с| сапа нормативтеріне

д| болжамдауға

е| санитарлық талапқа

16~ Смог дегеніміз …

а| қоршаған ортаны ластанудан сақтау.

б| литосфераның қатты қалдықтарды шығару нәтижесінде ластануы.

с| биосфераға кәсіпорындардан шығатын газ тәріздес заттармен ластануы.

д| күн сәулесінің түрлі қоспалармен әрекеттесуі нәтижесінде

атмосфераның ластануы.

е| атмосфераның қатты және газ күйіндегі қалдықтарды жағу

нәтижесінде ластануы.

17~ Бірінші реттік ластану - бұл ...

а| ластаушы көздерден шығатын заттармен ластануы.

б| атмосфералық ауаның химиялық өзгерістер нәтижесінде ластануы.

с| атмосфералық ауаның физикалық өзгерістер нәтижесінде ластануы.

д| өндірістен қоршаған ортаға бөлінетін заттармен ластануы.

е| атмосфераның механикалық заттармен ластануы.

18~ Екінші реттік ластану ...

а| ластану көздерінен бөлінетін заттармен ластануы.

б| атмосфералық ауаның химиялық өзгерістер нәтижесінде ластануы.

с| атмосфераның химиялық ластануы.

д| атмосфераның механикалық ластануы.

е| литосфераның механикалық заттармен ластануы.

19~ Тұрақты даму концепциясы - бұл ...

а| табиғатты қорғау.

б| биология туралы ілім.

с| экодаму туралы ілім.

д| қоғам туралы түсінік.

е| саясат туралы ұғым.

20~ Өлімнің жалпы коэффиценті... х1000 қатынасымен анықталады.

а| бір жылда қайтыс болғандар санының халықтың орташа жылдық санына

б| қайтыс болғандардың орташа жылдық санының тірі туғандардың орташа санына

с| туылғандар санының қайтыс болғандардың орташа санына

д| жалпы табиғи өсімнің қайтыс болғандар санына

е| бір жылда тірі туылғандардың орташа санының халықтың жылдық орташа санына




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет