Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет2/7
Дата09.07.2024
өлшемі383.45 Kb.
#502908
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
2 5472387324128021798 (копия)

Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Тұлға психологиясы» пәні – 1 – 15 апталарда оқытылады. Пән бойынша 150 сағат өткізу қарастырылған, соның ішінде: 15 лекция – 22,5 сағат, 22 практикалық – 33 сағат және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы 79,5 (бұдан әрі – ОБӨЖ – 15 сағат).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы керек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-7 апталарында қосымша лекциялық және практикалық сабақтар GoogleClassroom веб-сервисінде өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілген уақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа (GoogleClassroom-ға қайталап) жүктеуі қажет.
Пән бойынша барлық практикалық сабактар 8-15 апталар ішінде университеттің оқу корпусында дәстүрлі түрде өткізіледі. Университеттің аумағында сабаққа қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда студент оқытушыға хабар беріп, оқуын Google Classroom бойынша жалғастыруына болады.

1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Тұлғаның психикалық процестері, негізгі психологиялық факторлар және оларды түсіндіру, психологиялық зерттеу әдістері, психологиядағы психологиялық тұжырымдамалардың дамуының негізгі бағыттары, тәсілдері, теориялары және қазіргі тенденциялары, адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқының бағыты, психологиялық құзіреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес оның жеке дамуындағы маңызды өзгерістерді диагностикалау.

2

Сағат саны

Лекция – 22,5 сағат
Практикалық сабақтар -33 сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) -79,5 сағат (соның ішінде ОБӨЖ (15 сағат))
Барлығы – 150 сағат

3

Оқыту нәтижесі

Осы курсты аяқтағаннан кейін сіз:
Қазіргі тұлға психологиясының негізгі мазмұны мен мәселелерін, тұлға психологиясының ғылым ретінде қалыптасуы мен даму тарихын білу. Онтогенез және филогенездегі тұлғаның қалыптасуының логикасы мен заңдылықтарына назар аударыңыз.
Психологиялық практикада тұлғаның әртүрлі теорияларын қолдана білу, тұлға психологиясының ғылыми тұжырымдамалық аппаратымен жұмыс істеу, тұлға психологиясындағы әртүрлі тәсілдер мен мектептерді, теориялар мен идеяларды салыстыру және талдау. Ғылыми-зерттеу және диагностикалық жұмыс дағдыларын, зерттеуде алынған деректерді талдау, жалпылау және түсіндіру, өз мінез-құлқын және айналасындағылардың мінез-құлқын талдау және рефлексия жасау дағдыларын, жеке тұлғаның құрылымын талдау, эксперименттік зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгеру.

4

Білімін бағалау

1. Психологиялық мәселелерді шешу: 5*5=25 ұпай
2. Коллоквиум: 2*10=20 ұпай
3. Презентация: 2*5=10 ұпай
4. Кейс стади: 5 ұпай

5

Қорытынды бақылау

Емтихан (тест)



6

Техникалық талаптар (қажет болса)

Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет