Білуі тиіс: түрлі типтегі каландрлардың құрылысын және пайдалану ережесін; каландрлаудың және ұштасқан шектердің технологиялық процесін; каландрларды жұмысқа баптау ережелерін; каландрланатын қоспалардың физика-химиялық қасиеттерін; өнімнің, қоспалардың және қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.
Жұмыс мысалдары: Бедерленген түрлі суреттері болатын, қалыңдығы 0,5 бастап 2,5 мм дейінгі, қаттылығы әр түрлі қабыршықтар мен табақтарды былғары, ағаш, т.б астына каландрлау.
352. Жиынтықтаушы
1-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Велосипед доңғалақтарының тысын өлшемдері, типтері және нысаны бойынша жиынтықтау. Доңғалақ тыстарын әрбір доңғалақ тысы өлшемінің нөмірі бойынша жинақтау үшін шығыршықтарды, күшейту таспаларын және басқа бөлшектерді іріктеп алу. Төсемдерді фасондары және өлшемдері бойынша жиынтықтау. Ыдысты дайындау, маркалау, орауыштарға салу, өнімді қоймаға тасымалдау және т.б. Дайын өнімді квалификациясы жоғарырақ жиынтықтаушының басшылығымен партияларға жиынтықтау.
Білуі тиіс: қолданылатын механизмдер мен айлабұйымдардың құрылысын; орауыштарға салу, маркалау, тасымалдау және ыдысты дайын өнімге дайындау ережелерін; қоймалардың орналасуын; жұмыс тәсілдерін.
353. Жиынтықтаушы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Дайын өнімді партияға тапсырыстар, пішіндері, модельдері, түстері, артикулдары және басқа белгілері бойынша, техникалық шарттарға және жұмыс нұсқауларына сәйкес жиынтықтау. Резеңке формалық аяқ киімнің шикі дайындамаларын (ілмекті) жиынтықтау. Дайын түйіндерді және бөлшектерді жұмысшылардан қабылдау, жиынтықтау және кооперациялаушы цехтарға жіберу. Өнім партиясын іріктеу, орналастырып қою, салу және шығаруға жиынтықтау. Дайын өнімнің сапасын сыртқы көрінісіне қарап тексеру, метражды, салмағын, әрбір партиядағы бірліктер санын есептеу. Олармен қатар жүретін жұмыстарды орындау (жиектерін, қабыршақтарды кесіп алу, сыртқы ақауларды жою, бұйымдарды сұрыптау, сұрыпталған өнімді орау айлабұйымдарына салу, орау барысының дұрыс өтуін қадағалау).
Білуі тиіс: дайын өнімді жиынтықтаудың ережелерін және тәсілдерін; дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар; дайын өнімді сақтау тәсілдерін; қолданылатын механизмдер мен айлабұйымдардың құрылысын.
354. Жиынтықтаушы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Дайын өнімді партияға сұрыптары, эталоны, жалпы салмағы, сызықтық өлшемдері, ассортименті, тақырыптары, сызбалары, спецификациясы, тізімдемесі, каталогтар және бағатізімдер бойынша, зертханалық зерттеу немесе техникалық бақылау мәліметтерін пайдалана отырып жиынтықтау. Қажет болса, бұйымдардың өлшемдерін алу және салмағын өлшеу. Бұйымдарды ыдыстарға сала отырып жиынтықтау. 5-6 бөлшекті бұйымдарды полиэтилен пакеттерге салып және пісіру аппараттарында пісіріп жиынтықтау. Өнім партиясын тұтынушыға жіберу үшін оны орналастырып қою, маркалау, салу, жиынтықтау және орауыштарға салу. Толық жиынтықтың болуын, орауыш сапасын және ыдыстың беріктігін тексеру. Сынама алу. Табиғи өлшеуіштерді стандарттыққа қайта есептеу. Дайын өнімді тапсыру үшін құжаттарды рәсімдеу. Өнімді қоймаға тапсыру. Тапсырылған өнімді есептеу. Квалификациясы төменірек жиынтықтаушылар болған жағдайда, оларға басшылық ету.
Білуі тиіс: жиынтықтаудың ережелері және тәсілдері; жиынтықталатын материалдардың атаулары және қасиеттері; жиынтықталатын өнімді жинақтау ретін; жиынтықталатын өнімді есептеу, тасымалдау, салу, сақтау, орауыштарға салу ережелерін және белгіленген құжаттаманы рәсімдеу тәртібін; сынама алу ережелерін.
355. Бақылаушы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жеке жұмысшылардан немесе аймақ жұмысшыларынан дайын өнімді, жартылай дайын өнімді немесе ыдысты қабылдау, техникалық шарттарға сәйкестік жөніндегі қорытынды беру. Талдау үшін сынама алу, дайын өнімді пломбалау. Былғары-картонды және одан жасалған бөлшектерді ақауға шығару. Іріктеу әдісімен жарық сүзгісінде қақталған каучукты қарау, каучуктан кездейсоқ қоспаларды, бор және пастаны алып тастау.
Білуі тиіс: шикізатқа және дайын өнімге қызмет көрсетілетін аймақ бойынша қойылатын талаптарды; өнім партияларын қабылдау және рәсімдеу ережелерін; бақыланатын материалдардың физика-химиялық қасиеттерін; сынама алу ережелерін.
356. Бақылаушы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Цехтардан өнім партияларын қабылдау. Арнайы қондырғыларда пластмасса қабыршықтар сапасын бақылай отырып, анықталған ақауларды квалификациясы жоғарырақ бақылаушының басшылығымен жою. Жартылай дайын өнімдерге және дайын бұйымдарға операциялық бақылау жүргізу. Сымкөздер күйін және тоқу стандарттылығын бақылау. Тоқу сорғыларын бақылау және реттеу. Дайын өнім және шикізат талдауын жүргізу, өнім, ыдыс және маркалау сапасының МЕМСТ талаптарына және техникалық шарттарға сәйкестігі жөніндегі қорытынды шығару. Сынама алушылар жұмысына басшылық ету. Матаның, қабаттық былғарының сұрыптары бойынша ақауын шығарып, сұрыптау нәтижелерін карточкаға түсіру. Сапа паспорттарын рәсімдеу.
Білуі тиіс: шикізат және дайын өнімге қатысты МЕМСТ және техникалық талаптарды; қызмет көрсетілетін цехтер тобы бойынша шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды; өнім партиясын қабылдау және рәсімдеу ережелерін; бақыланатын материалдардың физика-химиялық қасиетерін; сынама алу, өлшеу және маркалау ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.
357. Бақылаушы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Цехтерден өнімді қабылдау. Пластмасса қабыршақтарының сапасын арнайы қондырғыларда бақылап, анықталған ақауларды жою. Дайын өнімнің және шикізаттың күрделі талдауын техникалық шарттарға сәйкес жүргізу, өнім, ыдыс және маркалау сапасының МЕМСТ және техникалық шарттар және тиеуге рұқсат талаптарына сәйкестігі жөніндегі қорытынды шығару. Өнімнің экспорттауға және арнайы өнімнің сапасын операцияаралық бақылау. Сұрыптылық журналын және есебін жүргізу. Сұрыпты емес өнімге акт рәсімдеу. Тұтынушылардан келіп түскен шағымдар мен наразылықтарды қарастыруға қатысу. Квалификациясы төменірек бақылаушыларға нұмқама беру және олардың жұмысына басышылық ету.
Білуі тиіс: шикізатқа, жартылай дайын өнімдерге және қызмет көрсетілетін цехтер бойынша өнімге қойылатын техникалық талаптарды; химиялық терминологияны және химиялық қосылыстардың қасиеттерін; улы заттектерді сақтау және есепке алу ережелерін; тиелетін партияларды бақылау және рәсімдеу тәртібі жөніндегі нұсқаманы; талдау жүргізу әдістемесін.
358. Бақылаушы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Дайын өнім қоймасында химиялық талшықтарда ақаулар табу сапасын іріктеп бақылау және ақау табу конвейерлеріндегі резеңке аяқ киім сапасын бақылау бойынша жұмыстарды орындап, бір уақытта квалификациясы төменірек бақылаушыларға басшылық ету. Өнімді партиялар, ассортименті бойынша сұрыптаудың дұрыс жүруін бақылау. Талдау жүргізудің және дайын өнімді сақтаудың дұрыс болуын бақылау.
Білуі тиіс: шикізатқа, жартылай дайын өнімге және қызмет көрсетілетін цехтар бойынша өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттарды мен техникалық талаптарды; химиялық терминологияны және химиялық қосылыстардың қасиеттерін; улы заттектерді сақтау және есепке алу ережелерін; тиелетін партияларды бақылау және рәсімдеу тәртібі жөніндегі нұсқаманы, талдау жүргізу әдістемесін.
Арнайы орта білім талап етіледі.
359. Өнім сапасын және технологиялық процесті бақылаушы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесс барысын қызмет көрсетілетін аймақта талдаулар нәтижелері және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша бақылау. Аппаратшылардың нұсқаулық картаға сәйкес технологиялық регламентті сақтауын бақылау. Жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтың техникалық күйін бағалау. Сынаманың дер кезінде және дұрыс алынуын бақылау. Құрал-жабдықты технологиялық тоқтаудан, тазалаудан және жөндеуден кейін қабылдауға қатысу.
Білуі тиіс: өндірілетін өнімнің ассортиментін; технологиялық процесс параметрлерін, құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсетілетін аймақта жұмыс істеу қағидасын; сынама алу ережелерін және талдау жүргізу әдістемесін; құрал-жабдық күйінің шығарылатын өнім сапасына әсерін; шикізат және дайын өнімнің МЕМСТ және техникалық талаптарын.
360. Өнім сапасын және технологиялық процесті бақылаушы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсетілетін аймақта бақылау карталарының графигі, желілік графиктер және техникалық бақылау карталары бойынша технологиялық процестің барысын бақылау. Технологиялық және аналитикалық мәліметтерді математикалық статистика әдісімен өңдеу. Өндірістің ауысымдық шеберіне (ауысым басшысына) технологиялық процесс барысы және оның ауытқулары жөнінде ақпарат беру, қажет болса, ескерту белгісін және технологиялық процесс параметрлерінің ауытқуларын жою бойынша ұсыныстар жіберу. Ақау болуына сезікті өнімдер бөлігін бөліп алу. Технологиялық процестің бұзылуына алып келетін себептерді жою бойынша оны қосымша бақылауды ұйымдастыру. Параметрлерінің немесе бастапқы шикізат көрсеткіштерінің ауытқуы болған кезде, технологиялық процеске әсер етудің мүмкін болатын нұсқаларын ескеретін диагностикалық картотека құрастыру. Квалификациясы төменірек бақылаушылардың жұмысына басшылық ету және оларға нұсқама беру.
Білуі тиіс: технологиялық регламентті, құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсетілетін аймақтағы кинематикалық схемаларын; математикалық статистика әдістерін; диагностикалық карточка құрастыру принциптерін; бақылауды есепке алу және талдау әдістерін; бақылау карталарын жүргізу және акт құрастыру ережелерін.
361. Сырлаушы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Ваннаға батырылған түрлі бұйымдарды сырлау немесе жасанды былғарының беттік қабыршығына полиамидтік ерітінді жағу процесіне қызмет көрсету бойынша жеке жұмыстарды квалификациясы жоғарырақ сырлаушының басшылығымен жүргізу. Бояғыш ерітіндісін дайындау, бұйымдар бетінде қалған қышқылды бейтараптау, сумен жуу, бояу. Жасанды былғары қабыршығына жаққан кезде – полиамидті ерітіндіні жеткізу және оны бүркігіш сұйыққоймасына құю; тарқату құрылғысына қабыршықты орамды орнату және қабыршықты агрегатқа салу. Квалификациясы жоғарырақ сырлаушының басшылығымен – кептіру-сырлау агрегатын басқару, оның буындарының жұмысын реттеу. Сепкішті, сұйыққойманы және сорғылық сырлау камерасын бояғыш қалдықтарынан тазарту. Автомат пышағының жұмысын бақылау. Орамдарды каландрлардан агрегатқа жеткізе отырып, оларды мезгіл-мезгіл ауыстырып тұру.
Білуі тиіс: сырлау-кептіру агрегатының құрылысын; бояғыштарды дайындау тәсілдерін және олардың қасиеттерін; сырлау және кептіру режімін; химиялық материалдардың жұмсалу нормаларын; жұмыс тәсілдерін.
362. Сырлаушы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жасанды былғарының беттік қабыршығына полиамидтік ерітінді жағу процесін жүргізу; блоктық, эмульсиялық, түйіршіктелген және басқа пластиктер массасында пигменттік бояғыштармен иірлік-машиналарында, араластырғыш атанақтарда (бір уақытта ұсақтай отырып) және басқа сырлау аппараттарында беттік сырлау процесін жүргізу. Қажет болса – оларды кептіру. Агрегаттың техникалық ақаусыздығын тексеру және оны жұмысқа даярлау. Сырлау процесін, температуралық режімді, бояғыш ерітіндісін жіберуді бақылау және реттеу. Қабыршықты керу, автоматтық пышақты, будың жіберілуін және кептіргіш температурасын реттеу. Сырлау және кептірудің біркелкі өтуін бақылау. Боялған термопласттарды орауыштарға салу, қабыршық сапасын, оның бөліктері ұзындығының сәйкестігін тексеру. Жұмыстағы ақаулардың алдын алу және оларды жою. Талдауға сынама алу. Құрал-жабдықтың жөндеуіне қатысу. Құрал-жабдықты тазалау және жуу. Ыдысты (регенеративтік заттектер бұйымдары бар жәшіктерді) сырлау және кептіру процесін жүргізу кезінде – фосфоттаушы ерітінділерді, төсеме бояу қабатын және бояуды дайындау, ванналарды және сырлау камераларының арындық шандарын оларға толтыру, бояу бүрку-пистолеттерін баптау және жерге қосуды тексеру, жәшіктерді конвейерге ілу, фосфоттау, жәшіктерді жуу және кептіру, төсеме бояудың жұқа қабатын, эмальдың бірінші және екінші қабаттарын жағу, жәшіктердегі дәнекерлеу жерлерін содалық ерітіндімен жуу.
Білуі тиіс: Сырлау және кептіру аппараттарының және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын; сырлау және кептірудің технологиялық процесін және оны реттеу ережелерін; сырлау сапасына қойылатын техникалық талаптарды; лактардың, бояулардың және эмальдардың қасиеттерін; құрал-жабдықты баптау ережелерін; сынама алу ережелерін.
363. Сырлаушы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Сәндік сипаттамаларға ие болатын және суретшілердің нобайлары бойынша түстері үйлесетін көркемөнер бұйымдарын сырлау үрдісін, сонымен бірге термохимиялық өңдеу саласында шыныматаны сырлау үрдісін жүргізу. Технология саласының, бақылау құралдарының жұмысын және шыныматаны сырлау үрдісін автоматты түрде реттеуді бақылау. Шыныматаның дұрыстығын және жылдамдығын реттеу. Статикалық электр ажыратқыштарының жұмысын, сырлау ерітіндісін жеткізуді және шыныматаға қажетті бояу алуды бақылау. Салып алу ваннасында белгіленген деңгейді сақтап тұру. Реңктердің әр түрлілігін жою. Жану өнімдерін жоюды және электр пештерінен айналдыруды, сондай-ақ кептіргіштен өңделген жылу тасымалдағышты жоюды бақылау. Сырлау үрдісіндегі ақаулардың алдын алу мен оларға жол бермеу. Шыныматаның белгіленген тығыздығы бойынша дұрыс оралуы жағдайларын қамтамасыз ету.
Білуі тиіс: сырлаудың технологиялық үрдісі; технология саласы жұмысының принципі; маталар түрлерінің жиынтығы; сырлаушылардың және сіңдіретін ерітінділерінің негізгі қасиеттері; матаны өңдеу кезінде пайда болған ақаулар мен олардың алдын алу және жою шаралары.
364. Сырлаушы
5-ші дәреже
Жұмыстар сипатамасы. Төменірек білікті сырлаушының бір мезеттегі басшылығымен термохимиялық өңдеу саласында шыныматаны сырлау үрдісін жүргізу. Жұмыстық нұсқаулықтарға сәйкес технологиялық үрдісті басқару мен реттеу. Талдаулар мен бақылау қорытындыларына жүгіне отырып сырлау үрдісін түзету. Автоматиканың бақылау-өлшегіш аспаптары мен құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың жағдайы мен жұмысын бақылау.
Білуі тиіс: сырлаудың технологиялық үрдісі; құрылғы, технлогиялық сала жұмысының принципі; маталар түрлерінің жиынтығы; бояғаш заттар мен сіңдіретін ерітінділердің; матаны өңдеу кезінде пайда болған ақаулар мен олардың алдын алу және жою шаралары.
365. Лактаушы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Лагы бар ыдысқа батыру арқылы бояу жаққышпен немесе бүріккішпен бұйымдардың сыртқы және ішкі бетіне лактың біркелкі қабатын жағу жолымен бұйымдарды лактау. Лакталатын бұйымдарды дайындау – лактау жеріне жеткізу, сұрыптау мен тазарту. Лакты, құрал-саймандар мен айлабұйымдарды дайындау. Желдетуді іске қосу. Бүріккіш пен кассетаның айналу механизміне ауа жеткізу. Бұйымдарды жәшікке салу. Лакпен қапталған бұйымдарды кейінгі технологиялық операцияларға жеткізу.
Білуі тиіс: Лактау ережелері; лактауды әзірлеу кезінде операция орындауының кезектілігі; лактың қасиеттері; дайын бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар.
366. Лактаушы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті лактаушының басшылығымен лактаушы машинада немесе лактаушы-кептіргіш агрегатта қабыршықты бұйымдарды немесе жасанды тері тіліктерін лактаудың технологиялық үрдісін жүргізу. Агрегаттың техникалық дұрыстығын тексеру және оны жұмысқа дайындау. Орамдарды машинаның тарқату құрылғыларында бекіту; өткізгіш механизмдері арқылы және орау механизміне таспалар салу. Таспаның үзілуіне жол бермеу. Бақылау-өлшегіш құралдар арқылы лактың айналуын, лактың біркелкі жағылуын, жартылай дайын өнімді тартуды, таспаны орауды, біліктер арасындағы саңылауларды, кептіргіш камерадағы температураны бақылау мен реттеу. Құрал-жабдықтар күтімі.
Білуі тиіс: Лактаудың технологиялық үрдісі және таспаны салу кестесі; лактаушы машинаның, бақылау-өлшегіш құралдардың құрылғысы мен жұмысының принципі; арматура және коммуникация кестесі; жартылай дайын өнімдер мен лактың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері; таспаға қойылатын талаптар; лактаудың технологиялық режимінің параметрлері және үрдісті реттеу ережелері; құрал-жабдықтарды күту тәртібі.
367. Лактаушы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Целлофан қабыршығын лактаудың технологиялық процесін немесе жасанды былғары тілімдерін лактау процесін жүргізе отырып, бір уақытта квалификациясы төменірек лактаушылардың жұмысына басшылық ету. Лакты, лак еріткіштерінің регенерациясын жұмыс нұсқамасына сәйкес дайындау. Лактау машинасы аймақтарының жылдамдығын және целлофан қабыршығын лактау сапасына сәйкес гидрожетектің жалпы жылдамдығын, машина шахталарындағы температураны және ылғалдықты, желдеткішпен ауа жіберуді, қабыршыққа жағылатын лак сапасын бақылау және реттеу. Қабыршықтың метрлік нөмірін, жағылған лактың салмақ өсімін және өнімнің шығуын есепке ала отырып есептеу. Дайын өнімді есепке алу және өндірістік журналға жазу.
Білуі тиіс: целлофан қабыршықты лактаудың технологиялық процесін; лакты дайындау және еріткіштерді регенерациялау тәсілдерін; процесті реттеу ережелерін; құрал-жабдықтың құрылысын және жұмыс істеу қағидасын; метрлік нөмірді және лакталған қабыршықтың шығарылуын есептеудің әдістемесін.
368. Лактаушы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Целлофан қабыршығын және шыныпластиктік бұйымдарды лактаудың технологиялық процесін жүргізе отырып, бір уақытта квалификациясы төменірек лактаушыларға басшылық ету, целлофан қабыршығын және шыныпластиктік бұйымдарды лактау бөлімінің жұмысын бақылау және үйлестіру, сонымен қатар екі осьтік бағдарланған полиэтилентерефталатты қабыршықты лактаудың технологиялық процесін жұмыс нұсқауларына сәйкес жүргізу; полиамидті қабыршықты және оның негізіндегі қабатты материалдарды лактау машинасында лактаудың технологиялық процесін жүргізу. Лактау машинасын жұмысқа дайындау және оны шығарылатын өнімнің түріне байланысты баптау. Техникалық ақаусыздығын тексеру және машинаның барлық буындарының үйлесімді жұмыс істеуін баптау. Құрал-жабдық жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
Білуі тиіс: лактаудың технологиялық процесін; лакты дайындау және ерітінділерді регенерациялау тәсілдерін; процесті реттеу ережелерін; құрал-жабдықтың құрылысын және оны пайдалану ережелерін; метрлік нөмірді есептеу және лакталған қабыршықтың шығарылуын есептеудің әдістемесін.
369. Диірмендер машинисті
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті диірмендер машинистінің басқаруымен химикаттарды уату процесін жүргізу немесе өсімдік материалын ұнтақтау. Материалдарды тиеу. Сынамалар алу. Бөлшектерді, шарларды, дисктерді, диірменнің үстіңгі тастарын, елеуіштерді ауыстыру. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау. Құрал- жабдықты тазарту және майлау.
Білуі тиіс: уату технологиялық процесін; құрал- жабдықтың құрылысын және белгіленуін, өңделетін өнімдердің физикалық- химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін.
370. Диірмендер машинисті
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті диірмендер машинистінің басқаруымен химиялық және минералды шикізатты, өнімдерді әр түрлі жүйелердің агрегаттарында құрғақ немесе сулы ұн тартуды жүргізу: балғалы, жұмыр, айналма, дискілік, шығыршықты маятниктік, жаншып үгітетін, өзекті, құбырлы немесе коллоидты ұсақтаумен, сепарациямен, себумен, араластырумен немесе ұн тарту процесін неғұрлым жоғары біліктілікті диірмендер машинистінің басқаруымен жарылыс қаупі бар және от қаупі бар өнімдердің, улы химикаттардың, ультрамаринның, керамикалық бояғыш заттардың, коллоидты – графитті препараттардың арнайы диірмендерінде жүргізу. Ұсату агрегаттарының және гарнитурдың жұмысын, материалдарды тиеуді, ұн тарту деңгейі мен сапасын, моторлардың жүктемесін бақылау. Агрегаттарды қосу және тоқтату, берілген рецептурамен шихталарды (қоспаны) құрастыру. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерін анықтау, алдын алу және жою. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Дайын өнімді маркалау және есепке алу. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Қажет болса – ұсатылған өнімді өлшеу және тығындау.
Білуі тиіс: құрғақ немесе сулы ұн тарту технологиялық процесін; құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін; өңделетін өнімдердің физикалық- химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін.
371. Диірмендер машинисті
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жарылыс қаупі бар және от қаупі бар өнімдердің, улы химикаттардың, ультрамаринның, керамикалық бояғыш заттардың, коллоидты – графитті препараттардың арнайы диірмендерінде ұн тарту процесін жүргізу; кейіннее тасумен және өндіріске қайтарумен қож жіктегіштерінде өлшенген заттарды бөлу процесін жүргізу; бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті диірмен машинистеріне басшылық етумен химиялық және минералды шикізатты, өнімдерді әр түрлі жүйелердің агрегаттарында құрғақ немесе сулы ұн тартуды жүргізу.
Білуі тиіс: құрғақ немесе сулы ұн тарту технологиялық процесін; құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін; өңделетін өнімдердің физикалық- химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін.
372. Диірмендер машинисті
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті диірмен машинистеріне басшылық етумен жарылыс қаупі бар және от қаупі бар өнімдерді, гранозанның, шараптық - тас қышқылдың, керамикалық бояғыш заттардың өндірісінде улы химикаттардың сериясының ұн тарту процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес ұн тарту процесін басқару және реттеу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Бақылау талдауларын жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау.
Білуі тиіс: ұн тарту технологиялық процесін; құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктерін; өңделетін өнімдердің физикалық- химиялық қасиеттерін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
373. Шпрединг-машина машинисті
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жасанды қарақұл өндірісі үшін немесе неғұрлым жоғары біліктілікті машинистің басқаруымен техникалық және киім маталарын майлау процесі үшін шпрединг- машинада матаға желім қабатын жағу, процесті жүргізу. Машина техникалық ақаусыздығын тексеру және оны жұмысқа дайындау. Матаны жұмысшы орынға жақындату. Матаны ені, сапасы, метражы бойынша таңдап алу, ұштарын тігу және машинаға май құю. Желім беру, матаға желімнің біркелкі жағылуын, матаның біркелкі созылуын, кептіргіш камераның температурасын, шпуляға дұрыс орауды бақылау. Матаның қозғалыс жылдамдығын, пышақ пен машинаның жетекші білігінің арасындағы саңылауды реттеу. Матаны тасу, желім жаққанға дейін және одан кейін өлшеу. Машинаны тазалау.
Білуі тиіс: шпрединг-машинаның құрылысын; мата түрлерін; матаға желімжағу регламентін; тоқыма материалдарының, желімдер мен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; ақау себептерін және оларды жою шараларын; жұмыс мысалдарын.
374. Шпрединг-машина машинисті
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Мақта- маталарды және тоқыма төсемді нитролакпен сіңіру процесін жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті машинистің басқаруымен әр түрлі конструкциялы шпрединг - машиналарда негізгі және жылуды оқшаулайтын поливинилхлоридті линолеумды дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындау, сондай-ақ арнайы маталарды сіңдіру – жағу. Май құятын және қоректендіретін құрылғыны, қосалқы және көліктік құралдар мен жабдықтарды тексеру және дайындау. Машинаны, коммуникацияларды тазарту және майлау. Оларды қабылдау- тарқату құрылғысына қабылдау. Соңдарын машинаға салу. Көтеру құрылғыларының көмегімен поливинилхлоридті қоспаны машинаның қабылдау бункеріне тиеу. Машинаның поливинилхлоридті қоспамен, пастамен, желіммен ұдайы қоректенуін қамтамасыз етуі және оны бункерден матаға немесе қабыршаты негізге мөлшерлеу. Матаға желімнің, поливинилхлоридті массаның қабыршағының, пастаның біркелкі жағылуын қадағалау және индикатордың көрсеткіштері бойынша раклидің көмегімен тегістеумен жағылатын қабаттың қалыңдығын өзгерту. Технологиялық регламентпен қарастырылған жағдайларда, - желімді бірнеше «штрихпен» - қабатпен жағу. Мата немесе қабыршақтың біркелкі берілуін қамтамасыз ету, матаның машина арқылы өту жылдамдығын реттеу. Матаны жағуға дейін және кейін өлшеу. 1 м2 матаға жағу және сіңдіру материалының мөлшерін есептеу.
Білуі тиіс: агрегаттың құрылысын және кинематикалық сызбасын; май құятын, қоректендіретін және көліктік құрылғыларды жөндеу ережесін; матаны немесе қабыршақты жағудың технологиялық процесін; қолданылатын маталы, қабыршақты және басқа материалдардың түрлерін, сорттарын және белгіленуін, қолданылатын материалдар мен дайын өнімнің сапасына техникалық талаптарды.
Достарыңызбен бөлісу: |