Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет25/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70

5) Диаметрі 20 мм дейін тура және бітеу тесіктер – бұрғылау, ұңжоңғылау, үңгіштеу, бұрамаларды кесу;

6) Құбырлар – тікбұрышты және дөңгелек терезелерді шабу;

7) Шпангоуттар, жартылай сақиналар, фланецтер және әр түрлі металдан жасалған престелген пішіндерден, тұйықталмаған немесе сақиналы контурдың ыстықтай штампыланған дайындамаларынан жасалған орташа және ірі габаритті басқа да ұқсас-координаттары бар тура және бітеу тесіктерді бұрғылау, қашап өңдеу, ұңжоңғылау, үңгіштеу.


474. Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бағдарламалық басқарылатын станоктарда және үш әрі одан көп кескіш құралдарды қолдана отырып, үлкен аралықта 8-11 квалитеттер бойынша күрделілігі орташа бөлшектерді басқару пультінен өңдеу процесін жүргізу. Құралдың бастапқы нүктеге шығуын бақылау және оны түзеу. Блоктарды құралымен ауыстыру. Бөлшектер бетінің өңделуін бақылау-өлшеу аспаптарымен және құралдарымен бақылау. Құрал мен құрылғылардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Жұмыс процесінде жекелеген қарапайым және күрделілігі орташа тораптар мен механизмдерді қайта баптау.

Білуге тиіс: бағдарламалық басқарылатын қызмет көрсетілетін станоктардың жекелеген тораптарының құрылғысын және оралдың жұмыстарының ерекшеліктерін, станоктың автоматтық режимдегі және қолмен басқару режиміндегі жұмысын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын, бағдарламалық басқарылатын станоктарда бөлшектерді орнату және бекіту үшін құрылғылардың конструкциясын, станоктарды бағдарламалық басқару жүйесін, бөлшектерді өңдеудің технологиялық процессін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, бағдарламалық басқарылатын станоктарға көп станокты қызмет көрсету кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру, өңделетін бөлшектердің сызбалары мен бағдарламаларды басылмасы бойынша оқу ережесін, жұмысты әртүрлі негізгі кадрлардан бастауды, бағдарламалық басқарылатын станоктарда бұзушылықтардың туындау себептерін және оларды ескерту тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Төлкелер, біліктер, штоктар, поршеньдер, тарақты бұрандалардың күпшектері, шатундар, сақиналар, лабиринттер, тістегершіктер, мойынтіректер және сатылы цилиндрлік беті бар, бунақты және жонылған басқа да ұқсас орталық бөлшектер – сыртқы контурды токарлық өңдеу;

2) Корпустар, ішпектер, мойынтіректер, мойынтірек қақпақтары, тарақты бұрандалардың айналдыра ағызушылары мен кронштейндері, таратқыш біліктердің жұдырықшалары, күрделі конфигурациялы штампылар мен пресс-қалыптар, ауыспалы пішінді бу және газ турбиналардың қалақтары; матрицалар - фрезерлеу және бұрамаларды кесу;

3) Компрессорлар мен редукторлардың корпустары, редуктор сорғыларының қақпалары, бөлгіш корпустар, тіректер, жетектер мен агрегаттардың қораптары және басқа да орташа әрі ірі габаритті корпустық бөлшектер – шетжақ беттерді, тегіс және сатылы тесіктер мен жазықтықтарды өңдеу;

4) Диаметрі 24 мм артық тура және бітеу тесіктер – бұрғылау, бұрғылап кеңіту, бұраманы бұрап босату, кесу;

5) Рычагтар, тербелмелер, кронштейндер, рамалар және басқа да күрделі кеңістіктегі бөлшектер – үш координатты токарлық станоктарда сыртқы және ішкі контурларды өңдеу;

6) Шыбықты материалдардан, құймалар мен штампылардан жасалған қыры күрделі, бітеу түбі және фасонды беті және тесігі бар стакандар-токарлық-револьверлік станоктарда сыртқы және ішкі контурын өңдеу;

7) Шкивтер, тістегершіктер, маховиктер, сақиналар, төлкелер, дискілер, тісті доңғалақтар, стакандар – айналмалы станоктарда өңдеу.


475. Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бағдарламалық басқарылатын станоктарда 7-10 квалитеттер бойынша күрделі бөлшектерді басқару пультінен өңдеу процесін жүргізу. Дайындамаларды жұмыс орындарына механикалық беру үшін сандық бағдарламалық басқарылатын (бұдан әрі - СББ) көп мақсатты станоктарға және манипуляторларға (роботтарға) қызмет көрсет. Бағдарламалық басқарылатын бір топ станоктарды басқару. Құралдарды аспапты блоктарға орнату. Құралды ауыстыра және түзете отырып, аспапты блоктарды іріктеу және орнату. Жұмыс процесінде тораптар мен механизмдерді қайта баптау.

Білуге тиіс: бағдарламалық басқарылатын станок жабдықтарының құрылғысын, принциптік тәсімін және механизмдерінің өзара әрекеттесуін, оларды баптау ережесін, станок жұмысының нәтижесі бойынша кесу режимін түзеу, орындалатын жұмыс көлемінде электротехниканың, электрониканың, механиканың, гидравликаның, автоматиканың негіздерін, қызмет көрсетілетін станоктың кинематикалық тәсімін, бағдарламалық басқарылатын станоктарға көп станокты қызмет көрсету кезінде жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын және пайдалану ережесін, бағдарламаларды әзірлеудің негізгі тәсілдерін, бағдарламаның кодын және басылмасы мен перфолента арқылы оқу ережесін, станоктарда және басқару жүйесінде бұзушылықтарды айқындау, құралды аспапты блоктарға орнату тәсілдерін, құрылғыларды орнату және оларды реттеу тәсілдерін, бөлшектерді дайындаудың берілген ділдігін қамтамасыз ету тәсілдерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, өңделетін бөлшектердің сызбаларын оқу ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Бұрама ойығының ұзындығы 1500 мм дейін біліктер – токарлық өңдеу;

2) Күрделі геометриялық пішінді, үлкен тесігі бар авиабұрандалар мен авиадоңғалақтардың корпустық бөлшектері – фасонды корпусты фрезерлеу, бұрғылау, үңгуіштеу, қашап өңдеу;

3) Диафрагмалар, дискілер, поршеньдер, күштейтін сақиналар, фланецтер және басқа да ірі габаритті бөлшектер – токарлық өңдеу;

4) Компрессорлар мен турбиналардың дискілері – екі операцияда екі жақтан өңдеу;

5) Рульдің шетін тірейтін каркастар, панель қанаттары және басқа да ұқсас бөлшектер – фрезерлік өңдеу;

6) Мойынтірек сақиналары, су мен бу инжекторлары, көп орынды пресс-қалыптар – токарлық өңдеу;

7) Көшіргіштер, матрицалар, конфигурация пуансондары – фрезерлеу;

8) Компрессорлар мен турбиналар корпустары, тіктеуші және бағыттаушы аппараттар, күштейтін сақиналар мен фланецтер және қисық сызықты конустық, цилиндрлік беті бар басқа да ірі габаритті сақиналы және дискілі бөлшектер – сыртқы және ішкі контуры бойынша токарлық өңдеу;

9) Тірек мойынтіректерінің корпустары, цилиндр блоктары, иінді және кемелік біліктер, тарақты бұрандалар, турбогенераторлардың статорлары, тарақты мұзды бұрандалардың спицалары, пресс-қалыптар, күрделі кондукторлар, тежегіш шкивтері, муфталар – қашап өңдеу станоктарында өңдеу;

10) Кеме механизмдерінің корпустары, компенсаторлар, қозғалтқыштар, жетектер, жылдамдық қораптары, гидрожетектер, қақпалар, жұқа қабырғалы төлкелер – токарлық және фрезерлік станоктарда өңдеу;

11) Қанат ұштары, центрпландар, белдеулер, лонжерондар, нервюралар, жиектемелер, шпангоуттар, панельдер және ауыспалы малкасы бар басқа да ұқсас бөлшектер – ішкі және сыртқы контурды екі жақтан фрезерлеу;

12) Бу турбиналарының цилиндрлері, бу турбиналарының келтеқұбырлары, құбыр тақтайлары, каркастар және басқа бөлшектер-бұрғылау, бұрамаларды бұрап босату және кесу;

13) Шарлар және шар бірікпелері, көп кіретін бұрамасы бар әр түрлі қалпақшалар, бұрамасы бар біліктер – токарлық өңдеу.


476. Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бағдарламалық басқарылатын станоктарда бөлшектердің орын ауыстыруын және 6-7 квалитеттер бойынша олардың құрамды бекітілуін қажет ететін, көп аралықта, күрделі бөлшектерді басқару пультінен өңдеу процесін жүргізу. Баптаудан кейін сынамалы бөлшектерді өңдеу.

Білуге тиіс: бағдарламалық басқарылатын әртүрлі станоктардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін және оларды баптау ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, бөлшектерді орнату және салыстырып тексеру тәсілдерін, орындалатын жұмыс шегінде металдарды кесу теориясының негіздерін, кесу режимдерін станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша айқындау ережесін, күрделі пішіндерді калибрлеу принциптерін, өңделген бөлшектердің сызбаларын оқу ережесін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Жұмыс үлгілері.

1) Бұрама ойығының ұзындығы 1500 мм артық біліктер – токарлық өңдеу;

2) Тарақтар, бұрамалы калибрлер, көп кіретін бұрамдықтар-токарлық өңдеу;

3) Жылдамдық қораптары, қозғалтқыш және кеме механизмдерінің корпустары – токарлық және фрезерлік станоктарды өңдеу;

4) Терең тесіктер – бұрғылау және қашап өңдеу станоктарда бұрамаларды кесу.


Ультрадыбысты қонддырғылардың операторы


477. Ультрадыбысты қонддырғылардың операторы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы ванналарда және қарапайым шағын габаритті қондырғыларда бөлшектер мен бұйымдарды қабыршақтан, коррозиядан, қождардан және коррозияға қарсы қаптаудан жуғыш ерітінділерді қолдана отырып, ультрадыбысты тазалау. Бапталған станоктарда цилиндрлік және фасонды тесіктерді 12-14 квалитеттер бойынша ультрадыбысты тазалау және бөлшектер мен бұйымдардан сынған құралды (бұрандаойғыштарды, бұрғыларды) жою.

Білуге тиіс: ванналардың құрылғыларын және біт типтік ультрадыбысты генераторлар мен станоктардың жұмыс істеу принциптерін, орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен химияның негіздерін, генераторлардың белгіленген жұмыс режимін ұстану ережесін, қолданылатын жуғыш ерітінділердің атауы мен міндетін, едәуір кең таралған арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері.

478. Ультрадыбысты қонддырғылардың операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы ванналар мен қондырғыларда күрделі ірі габаритті бөлшектер мен бұйымдарды ультрадыбыстық тазалау, құбырларды, бөлшектер мен бұйымдарды майсыздандыру. Белгілі консистенцияда және майсыздандыру ерітіндісін даярлау. Өңделетін бұйымдар мен электрод-құралды орнату және салыстырып тексеру үшін технологиялық карта немесе шебердің (баптаушының) нұсқасы бойынша өңдеудің аралық жүйелілігін әрі режимін белгілей отырып және күрделі емес әмбебап және арнайы жарақтарды пайдалана отырып, 8-11 квалитеттер бойынша фасонды жазықтықтың беті мен тесікті ультрадыбысты өңдеу. Алмастан және бір типті аса қатты материалдардан жасалған талшықтардың кіретін қопсымаларын бұрғылау.

Білуге тиіс: бір типтік ультрадыбысты станоктар мен қондырғылардың құрылғысын, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, орындалатын жұмыс шегінде электр техника мен химияның негіздерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдыр квалитеттері мен параметрлерін, майсыздандыру процесін.


479. Ультрадыбысты қонддырғылардың операторы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір типтік станоктар мен қондырғыларда өңделетін бөлшектер мен электрод құралдарды салыстырып тексере отырып, 7-10 квалитеттер бойынша прецизиялы бөлшектердің жолақ бетін және тесіктерін ультрадыбысты өңдеу. Абразивтік суспензиялардың еңістері мен илемдерді қолдана отырып, бұйымдарды немесе құралды айналдыру кезінде үйлестірілген тесіктерді бұрғылау. Технологиялық және нұсқаулық карта әрі станоктың паспорты бойынша бір типтік станоктарды, қондырғылар мен генераторларды баптау. Микроскоп бойынша 1...2 мкм дәлдігімен өлшеу әдісімен жуатын ерш инелерінің тербеліс амплитудасын тексеру және реттеу. Арнайы ванналар мен қондырғыларда күрделі бөлшектерді, сондай-ақ микробөлшектерді ультрадыбысты тазалау. Алмастан және барлық типті аса қатты материалдардан жасалған талшықтардың кіретін қопсымаларын бұрғылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типтік станоктар мен қондырғылардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, конструктивтік ерекшеліктерін және әмбебап әрі арнайы құрылғыларды қолдану ережесін бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, микроскоппен өлшеу кезінде микронды торларды қолдану шарттарын, орындалатын жұмыс шегінде бір кристалдың кристаллографиясын, әмбебап әрі арнайы жарақтарды пайдалана отырып, бөлшектер мен құралдарды орнату және салыстырып тексеру ережесін, құралдардың электродтарының өлшемін есептеу әдістерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.


480. Ультрадыбысты қонддырғылардың операторы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі типті станоктарда 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектердің дөңгелек, фасонды, көпқырлы және сатылы тесіктерін, сыртқы және ішкі күрделі қисық сызықты бетін ультрадыбысты тазалау. Абразивтік суспензиялардың еңістері мен илемдерін қолдана отырып, бұйымдарды немесе құралды айналдыру кезінде үйлестірілген тесіктерді екі жақтан үйлесу үшін екі үлкен тереңдікке бұрғылау. Әртүрлі станоктар мен қондырғыларды баптау. Арнайы құрылғылардың қолдануды және дайындауды қажет ететін тазалауға келмейтін жерлері бар күрделі бөлшектерді ультрадыбысты тазалау және тереңдікті ажарлау. Жұмыс және кері конустарды, калибрлеуші аймақты және алмас пен барлық типті аса қатты материалдардан жасалған талшықтардың шығып тұратын қылшықтарын бұрғылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктар мен әртүрлі типті қондырғылардың конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық тәсімін және баптау әрі дәлдікке тексеру тәсілдерін, күрделі бөлшектерді орнату, бекіту және салыстырып тексеру тәсілдерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесін, өңделетін материалдың маркасына қарай абразивтік материалдарды іріктеу ережесін.


481. Ультрадыбысты қонддырғылардың операторы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстырып тексеруді қажет ететін күрделі бөлшектерді 1-5 квалитеттері бойынша ультрадыбысты өңдеу. Цилиндрлік тесіктерді оптикалық контактіге отырғызумен жетілдіру. Әр түрлі типті және қуатты станоктар мен қондырғыларды, вакуумды сорғылар мен илемдеу сорғыларын баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі материалдардан жасалған бөлшектерді ультрадыбысты өңдеу, ажарлау, жылтырату және жетілдіру, әр түрлі типті және қуатты ультрадыбысты станоктар мен қондырғылардың конструкциясын, баптау және дәлдікке тексеру тәсілдерін, әртүрлі ультрадыбысты концентраторды есептеу ережесін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Жылтыратушы


482. Жылтыратушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық карта бойынша өңдеудің технологиялық жүйелілігі мен кезеңін сақтай отырып, жылтыратқыш станоктарда, автоматтарда және қолмен щеткамен, зімпара қағазбен және жылтырататын дөңгелектермен қарапайым бөлшектердің сыртқы және ішкі цилиндрлік және фасонды бетін жылтырату және металды алдын ала жылтырату. Киізді, ағашты, былғары дөңгелектерге кішкене теріні айналдыру және жапсыру.

Білуге тиіс: бір типті жылтыратқыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін, маңызды бөліктердің атауын және міндетін, едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, әр түрлі байламды әр түрлі түйіршікті абразивтік материалдардың қасиеті, өңдеудің қажетті тазалығына қарай терінің сорттарын, жылтырату дөңгелектерін, пасталар мен мастикаларды іріктеу, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

Жылтырату:

1) Бұрандалар, арнайы бұрандалар, шуруптар;

2) Сағат бұрандалары;

3) Гайкалар, шайбалар, болттар, шпилькалар;

4) Ысқы музыкалық аспаптарының ысқысының қалпақшалары;

5) Халық тұтынатын тауарлардың беті жазық бұйымдары (құймақ бұйымдарына арналған қалақтары);

6) Суқұбырларының крандары, төлкелер, ауыз суға арналған бөшкелер, термометрлерге арналған оправалар, өзекшелер, құбырлар, шағын диаметрлі түтіктер, штангалар, штуцерлер;

7) Иілген кронштейндер, шеткі кронштейндер, құлып корпустары, бір жазықтыққа иілген тұтқалар, дискілер, қапсырмалар;

8) Маховиктер;

9) Шектерді теңшеуге арналған машинкалар;

10) Микрошлифтер;

11) Кішкене балғалар, бұрауыштар, тұтқалар;

12) Қарапайым планкалар, табақтар, табличкалар, желдетуге, қоршауға, таратып салуға арналған торлар;

13) Кескіш ұстағыштар;

14) Тұтқалар;

15) Қалқандар, қақпалар.

483. Жылтыратушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жылтырату станоктарында және қолмен пневматикалық машинкамен көзделген пішінді және шаблон бойынша параллельдікті сақтай отырып, күрделілігі орташа және Ra 1,25 - 0,32 кедір-бұдырлық параметрі бойынша беті қисық сызықты күрделі бөлшектерді жылтырату. Жоғары қоспалы болаттан жасалған үлгілерді жылтырату. Жұмыс істеу бетінің, дөңгелектер мен қалпақшалардың дұрыс орнатылуын тексеру. Дайын рецепттер бойынша пасталар мен мастикаларды жасау және дайындау. Жылтыратқыш станоктар мен пневматикалық машиналарды баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі жылтыратқыш станоктар мен қолмен жұмыс істейтін пневматикалық машиналардың құрылғысын және баптау ережесін, станоктарды дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылғысын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын, жылтыратқыш материалдардың-абразивтердің, пасталардың, мастикалардың, шұғалардың, киіздер мен шөпті щеткалардың негізгі қасиеттерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Бамперлер мен жеңіл автомобильдердің клыктары – жылтырату;

2) Коррозияға төзімді болаттан жасалған бөшкелер, рупорлар – латунды жылтырату;

3) Иінді біліктер – түпкі және шатун мойнақтарын жылтырату;

4) Дизель отын сорғыларының таратқыш біліктері – жұмыс мойнақтары мен жұдырықшаларды жылтырату;

5) Ауа таратқыштар – сфераны жылтырату;

6) Ыдыстардың бөлшектері – жылтырату;

7) Күрделі конфигурациялы бөлшектер: ілгешектер, бұрыштамалар-жылтырату;

8) Органикалық шыныдан жасалған күрделілігі орташа бөлшектер-жылтырату;

9) Халық тұтынатын тауарлардың қисық сызықты жазықтығы бар бұйымдар (әр түрлі қасықтар, тұздық қасықтар, кәкпірлер, піспектер)-гидрожылтырату қондырғыларында жылтырату;

10) Сорғы доңғалақтары – ойыс бетін жылтырату;

11) Радиалды және тірек мойынтіректерінің сақиналары – наулар мен сфераларды Н-П дәлдік классы бойынша жылтырату және жетілдіру;

12) Корпустар, корпус қақпақшалары және сағат қапсырмалары-жылтырату;

13) Көп ұзартындылары бар кронштейндер, күрделі конфигурациялы тұтқалар, екі-үш және одан да көп жазықтықта иілген штангалар – жылтырату;

14) Тік пішінді жазықтығы бар турбина қалақтары – шаблон бойынша пішінді және параллелдікті сақтай отырып жылтырату;

15) Бұрандаойғыштар – бунақтарды жылтырату;

16) Тұндырғыштар, табандықтар, қаптамалар, медальдер – жылтырату;

17) Іштен жанатын қозғалтқыштардың мойынтірек саусақтары-жылтырату.

18) Алюминийлі ыдыс-жылтыратқыш тұғырларда металды щеткамен сыртқы және ішкі бетін крацтеу, металды қатайту мақсатымен әр түрлі конфигурациялы роликтері бар станоктарда домалату;

19) Мойынтіректердің роликтері мен шариктері – жылтырату;

20) Калибрленген болат – штанганы түзетумен жылтырату;

21) Итергіштің табақтары – жылтырату;

22) Шарлар және шар бірікпелері – сфераны жылтырату;

23) Тістегершіктер – тістің ойыстарын жылтырату.

484. Жылтыратушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі жылтыратқыш станоктарда және пневмоэлектр ажарлағыш машинкалардың көмегімен қолмен Ra 0,16 - 0,08 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша, өңдеуге қол жетпейтін жерлері бар, жұқа қабырғалы, күрделі бөлшектерді жылтырату. Жылтыратқыш станоктар мен пневматикалық машиналарды баптау. Бөлшектерді жылтырату кезінде қолданылатын әртүрлі пасталар мен мастикаларды жасау және дайындау.

Білуге тиіс: жылтыратқыш станоктар мен пневматикалық машиналардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және баптау тәсілдерін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін, қыздыру температурасының бөлшектердің өлшеміне әсерін, әртүрлі пасталар мен мастикалардың міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Ашалар және сағаттардың анкер доңғалақтары-жұмыс бетін жылтырату;

2) Қарапайым және күрделілігі орташа пресс-қалыптардың бөлшектері-жұмыс бетін жылтырату және жетілдіру;

3) Радиалды және тірек мойынтіректерінің сақиналарын аулар мен сфераларды В-А дәлдік классы бойынша жылтырату және жетілдіру;

4) Қалақ турбиналары-пішінін рамалы шаблон бойынша, жиектерін микрометрлер бойынша, қималарын қапсырмалары бойынша, жанасуларын сызғыш бойымен сақтай отырып, ішкі мен сыртқы сфералық бетін ажарлау және жылтырату;

5) Осьтер-мойнақтар мен конустардың бетін айнадай болғанша жылтырату;

6) Кәдесый астына қоятын тұғырықтар-жылтырату;

7) Пуансон-ине – калибр бойынша өлшемде жылтырату;

8) Табандар – ішкі сферасын жылтырату;

9) Алюминий-магний қорытпаларынан жасалған шұлықты қалыптар-қалыпты сақтай отырып, сфералық беті бойынша беті мен бунақтарды жылтырату.

485. Жылтыратушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жылтыратушы станоктарда және әмбебап әрі арнайы құрылғыларды қолдана отырып қолмен қалыптардың шекті ауытқушылықтарын және арнайы технологиялық шарттар бойынша мойынтіректердің нақты, күрделі бөлшектердің өзара орналасуын қамтамасыз етумен Ra 0,08 - 0,04 кедір-бұдырлық параметрі бойынша ішкі және сыртқы цилиндрлік, конустық, сфералық және тороидальды бетін жылтырату. Жылтыратқыш станоктарды баптау.

Білуге тиіс: жылтыратқыш станоктар мен құрылғылардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және баптау тәсілдерін, дірілдің, температураның және төгілудің өңделетін беттің дәлдігі мен тазалығына әсері, кедір-бұдырлық параметрлері.

Жұмыс үлгілері.

1) Мойынтірек бөлшектері – жұмыс бетін жылтырату және жетілдіру;

2) Күрделі пресс-қалыптардың бөлшектері - жұмыс бетін жылтырату және жетілдіру;

3) Калибрлер (тығындар, сақиналар), өлшеуіш плиткалар - жұмыс бетін жылтырату және жетілдіру.

Тартушы
486. Тартушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тартқыштар мен құрылғыларды қолдана отырып, тартқыш станоктарда 8-11 квалитеттер бойынша бөлшектерде күрделі емес пішіндердің ішкі және сыртқы бетін тарту. Тартқыш жиынтығын қолдана отырып, 11 квалитет бойынша терең тесіктерді созу. Технологиялық картаға сәйкес кесу режимін белгілеу. Арнайы құрылғыларда бөлшектерді орнату және бекіту.

Білуге тиіс: тартқыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін, олардың маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, тартқыштарды орнату және бекіту тәсілдерін, салқындатқыш сұйықтықтар мен майлардың түрлерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері.

Маховиктер, тістегершіктер, тісті доңғалақтар, жалғаушы муфталар және басқа бөлшектер-квадратты, дөңгелек және фасонды тесіктерді Н11-Н12 бойынша тарту.


487. Тартушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тартқыштар мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, әр түрлі типті тартқыш станоктарда 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерде әр түрлі пішіндердің ішкі және сыртқы бетін созу. Әр түрлі тартқыштардың жиынтықтарын қолдана отырып, 8-10 квалитеттер бойынша терең тесіктер созу. Әрбір ойықты бір типті созу әдісімен оймакілтек ойықтарын созу. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті тартқыш станоктардың құрылғысын және баптау ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және оларды қолдану ережесін, тарту түрлерін, қайрау бұрыштарын және тартқыштарды орнату әдістерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Маховиктер, тістегершіктер, тісті доңғалақтар, жалғау муфталары және басқа бөлшектер-квадратты, дөңгелек және фасонды тесіктерді Н7-Н9 бойынша тарту;

2) Кілтек ойықтары - астарларды қолдана отырып, бірнеше өткелге Н7-Н9 тарту.

488. Тартушы 4-разряд



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет