Жұмыс үлгілері.
-
Артқы тұғырлар – пиноль бойынша станокта тесіктерді толықтай жону;
-
Баллондар – толық токарлық өңдеу;
-
Әмбебап клеттердің бандаждары – кесу;
-
Диаметрі 500 мм дейін барабан кабелдері – тұтқаларды кесу, толық токарлық өңдеу;
-
М48 артқы болттар және гайкалар – толықтай өңдеу;
-
Реттығынның букстары және ұзындығы 500 мм дейін бу құбырының сомалаушы реттығындары – толық токарлық өңдеу;
-
Ұзындығы 1500 мм артық тегіс және сатылы біліктері – толық токарлық өңдеу;
-
Қуыс көп сатылы білікшелер – қайрау, бұрғылау және жону;
-
Құбыр илегіш, құбыр түзегіш және құбырлы электр пісіргіш орнақтардың біліктері – толық токарлық өңдеу;
-
Ұзындығы 5000 мм дейін тегіс және сатылы біліктер-ажарлауға арналған әдіппен қайрау;
-
Ұзындығы 1000-ден 2000 мм-ге дейін біліктер мен осьтер – терең тесіктерді бұрғылау және толық токарлық өңдеу;
-
Таза мойнағы бестен артық біліктер мен осьтер-толық токарлық өңдеу;
-
Пресстер мен компрессорларға арналған иінді біліктер – таза өңдеу және мойнақты жылтырату;
-
Бу турбиналарының біліктері – алдын ала өңдеу;
-
Дизельдердің ұзындығы 1000 мм дейін таратқыш біліктері – таза қайрау және жұдырықшаларды қысқарта кесу;
-
Алты кілетті илем орнақтарының диаметрі 500 мм дейін, ұзындығы 20000 мм дейін тістегершік біліктері – толық токарлық өңдеу;
-
Микрометрлердің бұрандалары – бұраманы кесу;
-
Ұзындығы 500-ден 1500 мм дейін суппортты бұрандалар – толық токарлық өңдеу;
-
Көп қолданылатын ұзындығы 2000 мм дейін бұрандалар – толық токарлық өңдеу;
-
Диаметрі 70 мм дейін ішпектер, құрсамалар мен шар қалпақшалары – толық токарлық өңдеу;
-
Ажырама ішпектері – толық токарлық өңдеу;
-
Төлкелер мен поршеньдер - Н9 (3 класс дәлдігі) бойынша ішкі бунақтарды толықтай өңдеу;
-
Төлкелер – толықтай өңдеу;
-
Кеме дизельдерінің диаметрі 600 мм цилиндр төлкелері – толықтай өңдеу;
-
Бұрама диаметрі 100 мм артық гайкалар мен бақылау гайкалары – толық токарлық өңдеу;
-
Бұрамасы бар арнайы гайкалар – термоөңдеуден кейін толық токарлық өңдеу;
-
Суппортты гайкалар – бұраманы қысқарта кесу, бұрғылау, жону және кесу;
-
Қиын өңделетін болат пен қорытпалардан жасалған толқын секілді бөлшектер – плазмалы қыздыруды қолданумен токарлық өңдеу;
-
Конустық бұрамасы бар бөлшектер – бұраманы кесумен толық токарлық өңдеу;
-
Бірнеше беті бар күрделі конфигурациялы бөлшектер – толық өңдеу;
-
Орталық арасындағы дәл қашықтықта бірнеше параллельді тесіктерді бар бөлшектер – тесіктерді таза жону;
-
Күйдірілген фарфор мен дунитті керамикадан жасалған химиялық аппаратуралар мен химиялық жабдықтардың бөлшектері;
-
Металл өңдейтін станоктардың әмбебап патрондарына арналған дискілері – шетжақ бойынша спиральді кесумен толық токарлық өңдеу;
-
Конустық бұрамаға арналған калибрлер (тығындар мен сақиналар) – жетілдіру бойынша бұраманы кесу;
-
Жартылай таза кілеттегі калибрлер – алдын ала кесу;
-
Үшбұрышты бұрамаға арналған және тегіс калибрлер (тығындар мен сақиналар) – толық токарлық өңдеу;
-
Поршеньді сақиналар-ажарлауға арналаған әдіппен толық токарлық өңдеу;
-
Бұрама сақиналар – толық токарлық өңдеу;
-
Корпустар: 32 мм дейін шартты аралықпен және тығыздатқыш алаңнан фланецке дейін корпус ұзындығы 150 мм және жоғары арматура; жоғары қысымды клапан бағаналары; өзара жанасатын осьтері бар күрделі жапқыштар – толық өңдеу;
-
200 мм дейін шартты аралығы бар сыналы ысырмалардың корпустары мен сыналары – толқ токарлық өңдеу;
-
Гидромашинкалардың корпустары мен қақпалары, бұрғылағыш және ажарлағыш пневмомашинкалардың корпустары – толықтай өңдеу;
-
Клапан корпустары, мойынтіректер, букстер, роликтер-толықтай өңдеу;
-
Кран корпустары – конустық тесіктерді тура қашап кеңіту;
-
Қосарланған фильтрлердің корпустары – тесіктерді өңдеу;
-
Диаметрі 150 мм стакан мен сальник корпустары – көп аралықтар мен қондырмалармен толықтай өңдеу;
-
Орталықтан тепкіш сорғылардың корпустары – толық токарлық өңдеу;
-
Диаметрі 500 мм артық лабиринтті бунақтары бар қақпалар мен сақиналар – толық токарлық өңдеу;
-
Әмбебап патрондарға арналған жұдырықшалар – бұрамаларды диск бойынша кесу;
-
Қалыпты сорғыш және шапқыш штампылардың, пресс-қалыптардың матрицалары, пуансондары, пуансон ұстағыштары – толық токарлық өңдеу;
-
Бір рет кіретін тарпецеидалды және екі рет кіретін үшбұрышты, тікбұрышты, жартылай дөңгелек бұрамасы бар бұрандаойғыштар – толық токарлық өңдеу;
-
Қуатты дизельдерді қосатын муфталар – жанасатын бунақтарды кесу;
-
Фрикциялық муфталар, ішкі тұйық буналары бар күрделі цилиндрлер - толық токарлық өңдеу;
-
Жұдырықша патрондар және планшайбалар –толық токарлық өңдеу;
-
Артқы тұғырдың пинольдері – толық токарлық өңдеу;
-
Сыртқы және ішкі цилиндрлік беті – жетілдіру және ысқылау;
-
Фланецті жасалған мойынтіректі қалқандар – толық токарлық өңдеу;
-
Таяныш мойынтіректердің жастықшалары – толық өңдеу;
-
Алюминий поршеньдері – толық токарлық өңдеу;
-
Күрделігі орташа пресс-қалыптар – толық токарлық өңдеу;
-
Күрделілігі орташа пресс-қалыптар – жылтырата отырып, толық токарлық өңдеу;
-
Трапецеидалды бұрамасы бар құбыр айдағыштары – бұраманы кесу -
-
Дөңгелек созылғыштар – толық токарлық өңдеу;
-
Бұрама сақиналар – бұраманы жетілдіру бойынша кесу;
-
Электр қозғалтқыштың роторлары мен зекірлері-толық токарлық өңдеу;
-
Поршень сорғыларының ершіктері мен клапандары-толық токарлық өңдеу;
-
Сырғымалы тіректер мен диаметрі 300 мм дейін екі жартыдан жасалған күпшектер – толықтай токарлық өңдеу;
-
Вакуумды-доғалы және электр қожды қайта балқытылған құймалар – плазмалы қыздыруды қолдана отырып токарлық өңдеу;
-
Герметикалық ажырамаларға арналған стакандар, күрделі – толық токарлық өңдеу;
-
Реттелетін қадамның тарақты бұрандаларының күпшектері- сфераны толықтай өңдеу;
-
М100 және одан артық бұрамалы беті бар бірнеше қондырма өлшемдері бар ДУ-300 және одан артық жапқыш тарелкалары – толық токарлық өңдеу;
-
Бұрғылау, сорғы-компрессорлы құбырлар, бұрғылау штангалары, құлыптар, ауыстырушылар және олардың калибрлері – конустық бұрама дайындау және кесу;
-
Қатты қорытпалы фильтрлер - Н7 - Н9 бойынша жетілдіру;
-
Бұрамалы фрезалар, бұрама кескіш қалпақшаларға арналған тарақтар – дайындау;
-
Диаметрі 200 мм дейін бұрамдық, модульдық, бұрыштық және симметриялы емес екі бұрыштық фрезалар – толық токарлық өңдеу;
-
Қысатын және станокқа құлап тұратын цангалар – ажарлаусыз толық токарлық өңдеу;
-
Барлық орнақтардың мойнақтары мен білік бөшкелері – сыдыру және өңдеу;
-
Ұсақ модульды тістегершіктер – Н7-Н9 бойынша толық өңдеу;
-
Цилиндрлік тістегершіктер, диаметрі 500-ден 1000 мм дейін тегіс және сына белдіктерге арналған, диаметрі 300-ден 600 мм дейін конустық және бұрамдық шкивтер – толық токарлық өңдеу;
-
Диаметрі 600 мм дейін шпангоуттар, сақиналар – токарлық өңдеу;
-
Ұзындығы 100 мм дейін токарлық станоктардың шпиндельдері – толық токарлық өңдеу;
-
Домна пештерінің шағын конустарының штангалары – бұраманы кесе отырып, токарлық өңдеу.
520. Токарь 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі құрылғылардың көмегімен орын ауыстыруды әрі құрамды бекітуді және бірнеше жазықтықта дәл салыстыруды қажет ететін 6-7 квалитет бойынша көп аралықтары бар күрделі бөлшектер мен құралдарды токарлық өңдеу және жетілдіру. Сыртқы және ішкі фасонды бетті және өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар қисық сызықты цилиндрлік бетімен жанасқан бетті қайрау. Бірнеше люнеттерді қолдана отырып, ұзын біліктер мен бұрандаларды токарлық өңдеу. Әр түрлі пішінді және қадамды көп кіретін бұрамаларды кесу және дөңгелету. Бұрамдықтарды 8-9 дәрежелі дәлдікпен толықтай кесу. Бірнеше жанасқан беті бар құралды жетілдіру бойынша операцияларды орындау. Әмбебап жабдықтарда күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды токарлық өңдеу. Күрделі пішінді калибрлеумен жаңа илемді біліктерді токарлық өңдеу және өндірілген илемді біліктерді қайта қайрау, оның ішінде плазмалы механикалық өңдеу әдісімен қиын өңделетін жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді материалдардан жасалған бөлшектер мен құралды өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орында.
Білуге тиіс: әр түрлі конструкциялы токарлық станоктардың, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін, плазмалы қыздыру қондырғыларының техникалық сипаттамасы мен пайдалану ерекшеліктерін, бөлшектерді орнату және салыстыру тәсілдерін, әр түрлі кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, орындалатын жұмыс шегінде металдарды кесу теориясын, күрделі пішіндерді калибрлеудің негізгі принциптерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.
Жұмыс үлгілері.
1) Орта және үлкен кеме рульдерінің баллерлері – толықтай токарлық өңдеу;
2) Диаметрі 500 мм артық барабан кабельдері – тұтқаларды кесу, толық токарлық өңдеу;
3) М80 артық болттар, гайкалар, шпилькалар – толықтай қайрау;
4) Реттығын букстері және ұзындығы 500 мм артық бу құбырларының сомалаушы реттығындары – толық токарлық өңдеу;
5) Рельсті-балкалы және ірі сортталған орнақтарда рельстерді, балкаларды, швеллерлерді, доңғалақтарды, бұрыштарды, трактор кебістерін илемдеу кезіндегі қысқыш қара және жартылай таза кілеттердің біліктері – толық токарлық өңдеу;
6) Рессорлық жолақты илемдеуге арналған жылтыратқыш кілеттердің біліктері – толық токарлық өңдеу;
7) Сортталған орнақтардың қара кілеттерінің және жабық калибрлі аралық кілеттердің біліктері – толық токарлық өңдеу;
8) Ұзындығы 5000 мм артық тегіс және сатылы біліктер - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай ажарлауға арналған әдіппен қайрау;
9) Еспе біліктер (ұзындықтың диаметрге қатысы 30 дейін)- толық токарлық өңдеу;
10) Ұзындығы 2000 мм артық біліктер мен осьтер-терең тесіктерді бұрғылау және толық токарлық өңдеу;
11) Алты және одан артық шатун мойнақтары бар иінді біліктер – шатун мойнақтарын толықтай қайрау, мойнақтарды қысқарта кесу және желкелікөңдеу;
12) Дизельдердің ұзындығы 1000-ден 6000 мм дейін таратқыш біліктері – толықтай өңдеу;
13) Кеменің таяныш біліктері – толықтай өңдеу;
14) Диаметрі 500 мм артық, ұзындығы 2000 мм артық илемдеу орнақтарының алты кілетті тістегершіктердің біліктері – толық токарлық өңдеу;
15) Көп кіретін трапецеидалды бұрамалары бар бұрандалар мен гайкалар- бұраманы қайрау және кесу;
16) Ұзындығы 15000 мм артық суппортты бұрандалар - толық токарлық өңдеу;
17) Кесу ұзындығы 2000-ден 7000 мм дейін көп қолданылатын бұрандалар – толық токарлық өңдеу;
18) Ажырама ішпектері– толық токарлық өңдеу;
19) Кеме дизельдерінің диаметрі 600 мм артық цилиндр төлкелері - толықтай өңдеу;
20) Бұрама еспелер, бұрама калибрлер, Морзе конустарының калибрлері - ажарлаудан кейін жетілдіру;
21) Бу-май сорғыларының, химиялық сорғылардың және арнайы металды емес материалдардан, түзету тораптарынан, роторлық доңғалақ жетектерінің редукторларынан тұратын бөлшектер - толық токарлық өңдеу;
22) Кіші қалпақша қондырғыларының дискілері, буландырғыш айналмалары, өлшемі 500 мм дейін вакуумды қалпақшалар – толықтай өңдеу;
23) Су және бу инжекторлары – толық токарлық өңдеу;
24) Таратқыш біліктерге арналған конустық калибрлер (тығынар, төлкелер) – жетілдіре отырып, калибр бойынша конусты таза қашап кеңіту;
25) Конустық бұрамасы бар (тығындар, сақиналар), диаметрі 100 мм артық конустық (тығындар, сақиналар) калибрлер – жетілдіру, бұраманы жетілдіру;
26) Біліктестігін және 10 класс бойынша таза өңдеуді сақтай отырып, көп аралығы бар жоғары қысымды күрделі клапандар – толық токарлық өңдеу;
27) Ұзындығы 15000 мм дейін гидравликалық пресстердің колонналары – толық токарлық өңдеу;
28) Жоғары қысымды герметикалық ажырмалардың корпустары, күрделі – толық токарлық өңдеу;
29) ДУИМ бұйымдарының корпустары – толықтай өңдеу;
30) Корпустар - тазалығы 8 класқа дейін жылтыратумен сыртқы сфералардың шаблондары бойынша өңдеу және ішкі қашап өңдеу;
31) Ішкі және сыртқы аралықтары бар корпустар – Н7 бойынша өңдеу;
32) 0,05 мм дейін біліктестігін сақтай отырып, көп аралығы бар жоғары қысымды күрделі клапандар - толықтай өңдеу;
33) Редукторлардың корпустары – толық токарлық өңдеу;
34) Ұсталық-пресс жабдықтарының кулисалары – толық токарлық өңдеу;
35) Қалыпты, шабылған, сорылған штампылардың матрицалары, пуансондары; пресс-формалар үшін матрицалардың өлшемінде жылтыратылған күрделі пішінді соғу штампылары мен пресс-қалыптар - шаблон бойынша сфералық ұяшықтарды қайрау;
36) Күрделі құрылғылар – суппорт станогында қашап кеңіту;
37) Үшбұрышты, тікбұрышты және трапецеидальды бұрамасы бар бұрамалы ысқыштар – толық токарлық өңдеу;
38) Күрделі центрифуга роторлары – толықтай өңдеу;
39) Бу турбиналарының тұтас соғылған роторлары – алдын ала өңдеу;
40) Клапан ершіктері – шаблон бойынша радиусты бетті өңдеу;
41) Герметикалық ажырамаларға арналған стакандар, күрделі – толық токарлық өңдеу;
42) Дейдвудты құбырлар – таза өңдеу;
43) Диаметрі 200 мм артық бұрамдық, модульдік, бұрышты және екі бұрышты симметриялы емес фрезалар – бұраманы толықтай кесу;
44) Компрессорлардың цилиндрлері – толық токарлық өңдеу;
45) Гидропресстердің цилиндрлері – тесіктерді қашап кеңіту;
46) Көп кіретін бұрамдықтар – бұраманы толықтай кесу;
47) Шатундар –толық токарлық өңдеу;
48) Диаметрі 2000 мм дейін цилиндрлік тістегершіктер, тегіс шкивтер – плазмалы қыздыруды қолданумен толық токарлық өңдеу;
49) Цилиндрлік тістегершіктер, диаметрі 1000 мм жоғары тегіс және сына белдік беретін, диаметрі 600 мм жоғары конустық және бұрамдық шкивтер – толық токарлық өңдеу;
50) Токарлық станоктың ұзындығы 1000 мм артық шпиндельдері – толық токарлық өңдеу;
51) Ұзындығы 10000 мм дейін реттелетін қадамды еспе біліктердің штангалары – таза өңдеу.
521. Токарь 6-й разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап токарлық станоктарда күрделі эксперименталды және бағалы бөлшектер мен аралығы көп 1-5 квалитет бойынша құралды ж»не орнату кезінде құрамды бекітуді әрі әр түрлі жазықтықта жоғары дәлдік салыстыруды қажет ететін өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар қондырмаларды токарлық өңдеу және жетілдіру. Бірнеше жанасқан беті бар әр түрлі конфигурациялы күрделі арнайы құралды 5 квалитет бойынша жетілдіру және жылтырату. Кез келген модульді және қадамды күрделі пішінді көп кіретін бұрамаларды кесу. Бұрамдық пішіндері 6-7 дәлдік дәрежесі бойынша толықтай кесу. Күрделі ірі габаритті бөлшектерді, деформацияланған тораптар мен жұқа қабырғалы ұзын бөлшектерді әмбебап әрі сирек кездесетін токарлық станоктарда токарлық өңдеу. Күрделі пішіндерді калибрлеумен жаңа илемдеу біліктерін токарлық өңдеу және өндірілген илемдеу біліктерін қайта қайрау, оның ішінде қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен қиын өңделетін, жоғары қоспаланған материалдардан жасалған бөлшектер мен құралды өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: әр түрлі типті токарлық станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін, күрделі бөлшектерді орнату, бекіту және салыстыру тәсілдерін және өңдеудің технологиялық жүйелілігін айқындау әдісін, кескіш құралдардың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, белгіленген дәлдікке және өңдеу тазалығына жету тәсілдерін, плазмалы-механикалық өңдеуге қойылатын талаптарды және осы әдісте арнайы құрылғыларды қолдану шарттарын, күрделі пішіндерді калибрлеудің негізгі принциптерін, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесудің ең тиімді режимін айқындау ережесін, күрделі токарлық жұмыстарды орындаумен байланысты есептеулерді.
Жұмыс үлгілері.
1) Блюминг, слябинг және илемдеу әрі сымды орнақтардың таза кілеттерінің біліктері – плазмалы қыздыруды қолданумен әрі қолданбай толық токарлық өңде;
2) Калибрлеу орнақтарының біліктері –толық токарлық өңдеу;
3) Жеңілдетілген пішінді илемдеуге арналған әмбебап кілеттердің біліктері-толық токарлық өңдеу;
4) Рельстер мен фасонды пішіндерді илемдеуге арналған алдын ала тазалау кілеттерінің біліктері – толық токарлық өңдеу;
5) Ашық калибрлері бар таза кілеттердің және жабық калибрлері бар алдын ала тазарту кілеттерінің біліктері – толық токарлық өңдеу;
6) Гидравликалық турбиналардың біліктері – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай біліктер мен қаптамаларды таза өңдеу;
7) Еспе біліктер (ұзындықтың диаметрге қатынасы 30 артық)-толық токарлық өңдеу;
8) Жоғары және төмен қысымды бу турбиналарының біліктері – ажарлау бойынша таза өңдеу және бұраманы кесу немесе муфталар бойынша конустарды қайрау;
9) Жоғары және төмен қысымды бу турбиналарының біліктері – плазмалы қыздыруды қолдана отырып, ажарлау бойынша таза өңдеу және бұраманы кесу немесе муфталар бойынша конустарды қайрау;
10) Жүрдек біліктер – үдемелі ұзаратын қадаммен сегіз рет кіретін бұраманы кесу;
11) Дизельдердің ұзындығы 6000 мм жоғары таратқыш біліктері – толық өңдеу;
12) Шарик астына қоятын радиусты спиральі бар бұрандалар – екі қабысатын бөлшектердің спиральдерін толықтай жетілдіру;
13) Кесінді ұзындығы 7000 мм жоғары көп қолданылатын бұрандалар – бұраманы кесе отырып, толық токарлық өңдеу;
14) Дейдвудты төлкелер – кемеде борштангамен қашап кеңіту;
15) Көп арналы магний қалпақшалары – негізгі жетілдіру;
16) Көп кіретін бұрамасы бар қырнағыш қалпақшалары – толық токарлық өңдеу;
17) Арнайы металды емес материалдардан және қышқыл қорытпаларынан жасалған химиялық сорғылар мен ірі өлшемді қондырғыларға арналған күрделі бөлшектер мен тораптар – толық токарлық өңдеу;
18) Қалпақ асты қондырғыларының дискілері, буландырғыш айналмалар, өлшемі 500 мм жоғары вакуум қалпақтары;
19) Көп кіретін трапецеидалды бұрамасы бар бұрамалы калибрлер – толық токарлық өңдеу;
20) Гидравликалық престердің колонналары – толық токарлық өңдеу;
21) Күрделі конфигурациялы қалпақтар – толық токарлық өңдеу;
22) Күрделі конфигурациялы көп орынды пресс-қалыптар – жылтырата отырып, толық токарлық өңдеу;
23) Диаметрі 5000 мм жоғары тарақты бұрандалардың күпшектері – толық өңдеу;
24) Диаметрі 2000 мм жоғары цилиндрлік тістегершіктер, тегіс шкивтер – плазмалы қыздыруды қолданумен толық токарлық өңдеу;
25) Ұзындығы 10000 мм жоғары реттелетін қадам тарақты біліктерінің штангалары – таза өңдеу.
Желкелік өңдеуші токарь
522. Желкелік өңдеуші токарь 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір типті токарлық желкелікөңдеу станоктарында 12-14 квалитет бойынша әр түрлі қарапайым кескіш құралды желкелікөңдеу. Белгілі құралды өңдеу үшін құрылған және бапталған арнайыландырылған жартылай автоматты және автоматты станоктарда 7-10 квалитет бойынша күрделілігі орташа кескіш құралды желкелікөңдеу.
Білуге тиіс: бір типті токарлық желкелікөңдеу станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін, едәуір кең таралған әмбебап құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, кескіш құралдарының бұрыштарын, қайрау және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтардың міндеті мен қасиетін.
Жұмыс үлгілері.
1) Метрлік және дюймді бұрамасы бар бұрандаойғыштар - арнайы станоктарда желкелікөңдеу;
2) Дөңгелек плашкалар – арнайы станоктарда тоған бөлігін желкелікөңдеу;
3) Орталық бұрғылар – ажарлауға арналған әдіппен желкелікөңдеу;
4) Қалыпты пішіннің модульдық, дискілік фрезалары.
523. Желкелік өңдеуші токарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті токарлық желкелікөңдеу станоктарында 8-11 квалитет бойынша күрделілігі орташа кескіш құралды желкелікөңдеу. Әмбебап әрі арнайы құрылғыларды қолдана отырып, станокты баптау. Белгілі кескіш құралды өңдеу үшін құрылған және бапталған арнайыландырылған жартылай автоматты немесе автоматты станоктарда 7-8 квалитет бойынша күрделі пішінді кескіш құралды желкелікөңдеу.
Білуге тиіс: әр түрлі типті токарлық желкелікөңдеу станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері.
1) Трапецеидалды бұрамасы бар бұрандаойғыштар - плашкалы және негізгі желкелікөңдеу;
2) Дөңгелек плашкалар - әмбебап желкелікөңдеу станоктарында бұрамаларды желкелік өңдеу;
3) Ұңғылар – ажарлау бойынша әдіппен цилиндр бойынша желкелікөңдеу;
4) Сатылы ұңғылар – желкелікөңдеу;
5) Шығыңқы және батыңқы күрделі пішінге арналған фрезалар-термиялық өңдеуге дейін желкелікөңдеу;
6) Бұрғылар мен бұрандаойғыштарға арналған желкеөңделген фрезалар - термиялық өңдеуге дейін желкелікөңдеу;
7) 1 мм қадамды бұрамдық фрезалар - ажарлау бойынша алдын ала желкелік өңдеу.
524. Желкелік өңдеуші токарь 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі пішінді, көп бунақтары бар және екі-үш радиусі қабысқан күрделі кескіш құралды 7-10 квалитет бойынша желкелікөңдеу. Әр түрлі типті токарлық желкелікөңдеу станоктарда корпус беттерін желкелікөңдеу. Станокты баптау және станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша өңдеудің технологиялық жүйелігін және кесудің ең тиімді режимін айқындау. Өңделетін құралды желкелікөңдеу үшін ауыспалы тістегершіктер мен эксцентрикті жұдырықшаларды іріктеу бойынша есептеулерді орындау.
Білуге тиіс: әр түрлі типті әмбебап әрі арнайы токарлық желкелікөңдеу станоктарының құрылғысын және кинематикалық тәсімін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесі, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, арнайы ажарлағыш шарықтастарды және оларды қолдану ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, ауыспалы тістегершіктерді және эксцентрикті жұдырықшаларды есептпеу және іріктеу ережесін.
Жұмыс үлгілері.
1) Арнайы бұран ойғыштар – бұраманы желкелік өңдеу;
2) Ағаштан өңделген фрезалар (штампылар, көлденең талшықтар үшін ойықты, тегіс сүргілеу, фалецті өңдеу үшін галтельді, қыздырушы) – термиялық өңдегенге дейін толық желкелікөңдеу;
3) Арнайы пішінді дискілік модульдік фрезалар – желкелікөңдеу;
4) Бір бұрышты және екі бұрышты дискілі фрезалар – ажарлау бойынша әдіппен шаблон бойынша желкелікөңдеу;
5) Бұрама фрезалар – желкелікөңдеу;
6) Фасонды радиусты және бұрышты фрезалар – желкелікөңдеу;
7) Спираль тісті конустық сағасы бар цилиндрлік фрезалар - ажарлау бойынша әдіппен кесу бөлігі бойынша желкелік өңдеу.
8) Бір рет кіретін бұрамдық және оймакілтекті фрезалар – желкелік өңдеу бойынша әдіппен бұранда бунақтарды қысқарта кесу;
9) Бір және көп кіретін турасызық пішінді бұрамдық және оймакілтекті фрезалар – ажарлау бойынша әдіппен желкелік өңдеу.
10) 1,0 мм жоғары қадамды бұрамдық фрезалар - ажарлай бойынша әдіппен желкелікөңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |