3) Білік сым өткізгіш муфталардың жиектері – сатылы тесіктерді бұрғылау;
4) Бу турбиналарының келтеқұбырлары мен цилиндрлері-тесіктерді бұрғылау, ұңғылау;
5) Станоктардың станиналары-тесіктерді бұрғылау, үңгіштеу;
6) Ұзындығы 12000 мм дейін және диаметрі 30 мм-ден және одан артық құбырлар-жону.
7) Фундаменттер, кронштейндер, бағыттаушы бұйымдар-тесіктерді ұңғылау.
Мойынтірек бөлшектерін сұрыптаушы
504. Мойынтірек бөлшектерін сұрыптаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген технологиялық шарттар бойынша көлбеу үстелде, елек арқылы, барабандарда, сондай-ақ бір типті сұрыптаушы автомат-машиналарда роликтерді, инелер мен шариктерді сұрыптау. Сұрыптау машиналарын баптау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен эталондардың көмегімен сұрыптау сапасын айқындау.
Білуге тиіс: бір типті сұрыптау автомат-машиналарының құрылғысын, жұмыс істеу принципін және баптау тәсілін, мойынтірек бөлшектерінің өлшемін, конфигурациясын және атауын, бөлшектерді сапасыз сұрыптау себептерін және оларды жою тәсілдерін, бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын.
505. Мойынтірек бөлшектерін сұрыптаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып сұрыптаушы автомат-машиналарда роликтерді, инелерді, шариктерді сұрыптау. Сұрыптаушы автомат-машиналарды, бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және жұмыс барысында бұзушылықтарды жою.
Білуге тиіс: сұрыптаушы автомат-машиналардың құрылғысын және баптау ережесін, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын.
506. Мойынтірек бөлшектерін сұрыптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оптика механикалық, гидравликалық және электрондық жүйені қолдана отырып, жұмыс істейтін арнайы әрі әмбебап сұрыптаушы автомат-машиналар мен бақылау-өлшеу аспаптарында роликтерді, инелерді, шариктерді, сақиналарды, цапфаларды, аспапты мойынтіректердің біліктері мен сеператорларын сұрыптау. Сызық өлшемдерін, қалыптан ауытқушылықты және бетінің өзара орналасуды, сондай-ақ бетінің кедір-бұдырлық параметрлерін өлшеу. Бөлшектерді бетінің жағдайы бойынша оларды микроскоппен қарау жолымен бөлшектердің фотоэталон және бақылау үлгілеріне сәйкестігіне сұрыптау. Күрделі арнайы әрі әмбебап сұрыптаушы автомат-машиналарды және бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру, реттеу және баптау.
Білуге тиіс: күрделі арнайы әрі әмбебап сұрыптағыш автомат-машиналары мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын және баптау, реттеу және тексеру ережесін, өлшеу әдістерінің теориялық негіздерін, аспапты мойынтіректерге қойылатын техникалық шарттарды.
Кең бейінді станокшы
507. Кең бейінді станокшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық картаға немесе шебердің нұсқауына сәйкес кескіш құралдар мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып және өңдеу және кесу режимінің жүйелілігін сақтай отырып, 12-14 квалитеті бойынша бұрғылағыш, токарлық және фрезерлік станоктарда, 11 квалитет бойынша салқындатқыш сұйықтықты қолдана отырып, ажарлағыш станоктарда бөлшектерді өңдеу. Бұрғылағыш станоктарда кондукторлар, шаблондар, тіректер мен белгілер бойынша бір жазықтықта орналасқан бөлшектерде тура және тегіс тесіктерді бұрғылау, бұрғылап кеңіту, үңгілеу. Бұрғылағыш станоктарда өтуге және тура диаметрлі 2 мм-ден 24 мм-ге дейін бұрамаларды кесу. Токарлық станоктарда бұрандаойғыштармен немесе плашкамен сыртқы, ішкі үшбұрыш бұрамаларды кесу. Фрезалармен жазық бетті, ойықтарды, кертік кесіктерін, цилиндрлік бетті фрезерлеу. Станок үстеліне және құрылғыларға бөлшектерді орнату және салыстырып тексеру.
Білуге тиіс: бір типті бұрғылағыш, токарлық, фрезерлік және ажарлағыш станоктардың қызмет принципін, едәуір кең таралған құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының, арнайы кескіш құралдың міндеті мен қолдану шарттарын, өңделетін материалдардың таңбалануын және негізгі механикалық қасиеттерін, кескіштер мен бұрғыларды қайрау және орнату ережесін, фрезалардың, кескіштердің түрлерін және олардың негізгі бұрыштарын, ажарлағыш шарықтар пен сегменттердің түрлерін, ажарлағыш шарықтастарды тексеру тәсілдерін және оларды қолдану ережелерін, салқындатқыш сұйықтықтар мен майлардың міндеті мен қасиеттерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін;
Жұмыс үлгілері.
1) Бекіткіш автонормалдар – центрсіз ажарлау;
2) Баллондар мен фитингтер – токарлық өңдеу;
3) Болттар, гайкалар, тығындар, штуцерлер, крандар-қырларды кілт бойынша фрезерлеу;
4) Ұзындығы 1500 мм дейін біліктер – сыдыру;
5) Ішпектер – тесіктерді майлап бұрғылау;
6) Айналматұтқалар мен бұранда кескіш тұтқалар – токарлық өңдеу;
7) Кондукторларға арналған төлкелер - әдіппен ажарлауға токарлық өңдеу;
8) Ішкі диаметрі 20 мм керамикадан жасалған гайкалар – сызба бойынша тесу;
9) Қалыпты гайкалар – тесіктерді үңгілеу;
10) Метал конструкцияларының шағын габаритті бөлшектері – фрезерлеу;
11) Керамикалық оқшаулағыштар - бұрғылау станоктарында арнайы кескіштермен қайрау;
12) Шетжақты сыртқы және ішкі кілттер-токарлық өңдеу;
13) Білікпен құрамдалған сақиналар-тесіктерді шплинт бойынша бұрғылау;
14) Керамикалық корпустар-сызба бойынша қайрау;
15) Қолды және машиналы бұрандаойғыштар-жоңқалы бунақтарды фрезерлеу;
16) Оқшаулағыш оправалары –бұрғылау;
17) Осьтер, оправалар – центрсіз ажарлау;
18) Ілгектер – шарнирлерді фрезерлеу;
19) Каркастар мен оқшаулағыштарға арналған әртүрлі тіреулер-жасау;
20) Тығындар, шпилькалар-токарлық өңдеу;
21) Астарлар – шетжақтар мен қияларын фрезерлеу;
22) Барлық типті және өлшемді мойынтіректердің роликтері-шетжақтарды алдын ала ажарлау;
23) Жылжымалы құрам арбашықтарының бүйірлік сырғымалары-фрезерлеу;
24) Иінді біліктердің күпшектері-кілтек бунақтарын тарту;
25) Керамикалық құбырлар-фаскаларды шеше отырып кесу;
26) Орнататын бұрыштықтар – тегістеу;
27) Конустық сағасы бар фрезалар мен бұрғылар-қалақтарды фрезерлеу;
28) Әуе тежегішті шлангтар мен жеңдер-резеңкенің үстіңгі қабатын сыдыру;
29) Цилиндр штифттер – жаппай тегістеу.
508. Кең бейінді станокшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді бұрғылағыш, токарлық, фрезерлік, көшіргіш және кілтекті станоктарда 8-11 квалитет бойынша және салқындатқыш сұйықтықты қолданумен 8-10 квалитет бойынша ажарлағыш станоктарда өңдеу. Бұрғылағыш станоктарда өтуге және тура диаметрі 2 мм және 24 мм-ден 42 мм-ге дейін бұрамаларды кесу. Кескішпен, көп кескіш қалпақшаларымен сыртқы және ішкі бір рет кіретін үшбұрышты, тікбұрышты және трапецеидалды бұрамаларды кесу. Тікбұрышты және радиусты сыртқы әрі ішкі бетті, кемерлерді, ойықтарды, бунақтарды, бір рет кіретін бұрамаларды, спиральдерді, тістегершік тістерін және тісті төрткілдештерді фрезерлеу. Индикатор бойынша салыстырып тексере отырып, күрделі бөлшектерді әр түрлі конструкциялы бұрыштамаларда, призмаларда, домкраттарда, астарларда, тиссаларда, дөңгелек бұрылмалы үстелдерде, әмбебап бөлгіш қалпақшаларда орнату. Бұрғылағыш, токарлық, фрезерлік және ажарлағыш станоктарды баптау. Еден көтергіш-көлік жабдықтарын басқару. Жүктерді көтеру, ауыстыру және салу үшін арқандау және буып-түю.
Білуге тиіс: әр түрлі типті бұрғылағыш, токарлық, фрезерлік, көшіргіш-кілтекті-фрезерлік және ажарлағыш станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, арнайы кескіш құралдың геометриясын, қайрау және орнату ережесін, бұрамалардың элементтері мен түрлерін, ажарлағыш шарықтастар мен сегменттердің сипаттамасын, температураның бөлшек өлшеміне әсерін, беттің формасы мен орналасуын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттерін.
Жұмыс үлгілері.
1) Тартым электр қозғалтқыштарының тежегіш кебістері, балкалары, аспалары, букстер – фрезерлеу;
2) Ұзындығы 1500 мм артық біліктер – сыдыру;
3) Біліктер, осьтер – қисық майлау тесіктерін бұрғылау;
4) Ішпектер-құралбілікте шеңберлі сыртқы ажарлау;
5) Морзе конусы бар ауыспалы төлкелер – токарлық өңдеу;
6) Эпоксидті компаундардан жасалған бөлшектер -алмас кесетін аспаппен өңдеу;
7) Керамикалық бөлшектер - көптеген өтпелермен толық өңдеу;
8) Керамикалық конденсаторлар дайындамасы - берілген мөлшер бойынша кесу;
9) Керамикалық платтар дайындамалары-тікелей паздар мен радиус бойыынша фрезерлеу;
10) Жұлдызшалар, тісі бар рейкалар-тегістеп фрезерлеу;
11) Кесетін элементтер орнатылған зенкерлер мен фрездер-токарлық өңдеу;
12) Конкусты зенковкалар – конус пен кесетін бөлікті тегістеу;
13) Керамикалық оқшаулағыштар мен жапсырмалар-токарлық станоктарды өңдеу;
14) Көптеген өтпесі бар керамикалық оқшаулағыштар-толықтай жасау, бұранданы кесу;
15) Тегіс калибрлер - өлшеу бөліктерін фрезерлеу;
16) Ұзындығы 45,6 мм, диаметрі 22 мм каркастар-керамикалық дайындамаларды қырнау;
17) Поршенді сақиналар – кесу, құлыпты фрезерлеу;
18) Керамикалық корпустар – сыртқы үлгілік бетін өңдеу;
19) Сүзгі корпустары - фланецтерде саңылауларды бұрғылау;
20) Гильотинді қайшыға арналған пышақтар – жазық бетін тегістеу;
21) 10 х 58 х 58 мм мөлшердегі керамикалық негіздемелер-тік бұрышты дайындамаларды фрезерлеу, белгілеу, бұрғылау;
22) Керамикалық конденсаторлардың түтікше негіздемелері – өңдеу;
23) Бұрғылау патрондары - токарлық өңдеу;
24) Пуансондар мен матрицалар - токарлық өңдеу және жазықтық және контурды тегістеу;
25) Цилиндр және коникалық бұрандалар – артқы жағын тегістеу;
26) Кескіштер – алғы және артқы бетін фрезерлеу;
27) Фигуралы тұтқасап – токарлық өңдеу;
28) Өзекшелер – бұрандалап кесе отырып токарлық өңдеу;
29) Керамикалық құбыржолдар-көптеген өтпелі сыртқы және ішкі беттерін өңдеу;
30) Токарлық орталықтар-тегістей отырып өңдеу;
31) Сферикалық және бұрыштық шарошкалар – фрезерлеу;
32) Қозғалтқыш шатундар - майлы кесіктерді фрезерлеу;
33) Тістегершіктер - саңылауларды бұрандалау;
34) Қалыптар – жіберетін колонкалардағы саңылауларды бұрғылау.
509. Кең бейінді станокшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі кескіш құралдар мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, бөлшектерді токарлық және фрезерлік станоктарда 7-10 квалитет бойынша, бұрғылау станоктарында 6-9 квалитет және салқындатқыш сұйықтықты қолданумен ажарлау станоктарында 7-8 квалитет бойынша өңдеу. Бұрғылау станоктарында диаметрі 42 мм артық бұрамаларды кесу; екі рет кіретін сыртқы және ішкі бұрамаларды, үшбұрышты, тікбұрышты, жартылай дөңгелек пішінді бұрамаларды, тура және трапецеидалды бұрамаларды токарлық станоктарда кесу. Әр түрлі конфигурациялы әрі жанасқан ашық және жартылай ашық бетті, бұрамаларды, спиральдерді, тістерді, тісті доңғалақтар мен төрткілдештерді фрезерлеу. Ажарлағыш-рифельді станоктарда білік бөшкелерінің бетіндегі кедір - бұдырларды кесу. Әр түрлі жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстырып тексеруді қажет ететін күрделі конфигурациялы ірі бөлшектерді орнату. Қызмет көрсетілетін станоктарды баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін, дәлдікке тексеру және баптау ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережелерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, геометрияны, термоөңдеу, қайрау, жетілдіру, орнату ережесін, арнайы кескіш құрал материалдарының таңбалануын және негізгі қасиетін, абразивтік құралдардың түрлерін, электр техника бойынша талаптар, ажарлағыш шарықтастардың беріктігін тексеру ережесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері.
1) Артқы тұғырлар – тесіктерді толықтай қырнау;
2) Рессорлы теңгерімдер – фрезерлеу;
3) Баллондар – токарлық өңдеу;
4) Суықтай илемдеу біліктері-шаблон бойынша конус секілді оймакілтектерді фрезерлеу;
5) Жанышқыштар – конус пен мойнақты ажарлау;
6) Бу турбиналарының құбырлары – алдын ала өңдеу;
7) Көп кіретін бұрамдық тәждер – фрезерлеу;
8) Көп қолданылатын бұрандалар –бұрамаларды кесе отырып токарлық өңдеу;
9) Күйген керамикадан жасалған тарақшалар – алмас дискілер арқылы тас кесетін станоктарда кесу;
10) Станок бөлшектері – шпондты паздарды фрезерлеу;
11) Металл өңдейтін станоктардың әмбебап патрондарына арналған дискілер – спиральді кесе отырып токарлық өңдеу;
12) Фасонды бейінмен керамикалық оқшаулағыштар-саңылауларды бұрғылай отырып жасау және белгілеу;
13) Станоктардың кареткалары, станиналары, кішкене көпірлері, суппорттары – алдын ала ажарлау;
14) Түбі бар қабырғасы жұқа керамикалық каркастар - 1,7 мм бұранданы кесу, каркас корпусында кесу, белгілеу және бұрғылау;
15) Станоктардың алдыңғы тұғырларының корпустары мен редукторлары – тесіктерді бұрғылау, үңгілеу және ұңғылау;
16) Бу мен газ құбырларының қалақтары – сағалардың саңырауқұлақ секілді, Т-секілді және тісті пішіндерін толықтай фрезерлеу;
17) Муфталар – қиылысатын бунақтарды кесу;
18) Еспе бұрандалардың ағыншасы мен кронштейндері – пластмассалық фрезерлеу;
19) Құбырлы илем орнақтарының құралбіліктері – ажарлау;
20) Күйдірілмеген керамикадан 15 х 100 х 100 мм жасалған дайындамалар-дайындамаларды фрезерлеу, паздар мен терезелерді белгілеу, белгі бойынша 32 саңылау бұрғылау;
21) Конденсаторларға арналған платалар-тік бұрышты керамикалық дайындамалардан толықтай әзірлеу саңылауларды белгілеу, бұрғылау -18 о, 36 о и 40° бұрыштарда паздарды фрезерлеу;
22) Тексеру призмалары – ажарлау;
23) Доңғалақ созғыштар – токарлық өңдеу;
24) Электр қозғалтқыш роторлар мен зекірлер – токарлық өңдеу;
25) Токарлық және басқа станоктардың фартуктары – тесіктерді бұрғылау және ұңғылау;
26) Барлық орнақ біліктерінің мойнақтары мен бөшкелері – сыдыру және өңдеу.
510. Кең бейінді станокшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі құрылғылардың көмегімен және бірнеше жазықтықта дәл салыстырып тексерумен бөлшектерді токарлық және фрезерлік станоктарда 6-7 квалитет бойынша, бұрғылау станоктарында 6 квалитет бойынша және жарлағыш станоктарда салқындатқыш сұйықтықты қолдана отырып 6 квалитет бойынша өңдеу. Қоспалы болаттан, арнайы және қатты қорытпалардан жасалған бөлшектерде тесіктерді бұрғылау, ұңғылау, жону. Барлық қажетті есептеулерді орындаумен әмбебап және оптикалық бөлгіш қалпақшаларда түрлі бұрамалар мен спиральдерді кесу. Өте сирек кездесетін жабдықтарда күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды фрезерлеу. Өңдеуге қол жетпейтін сыртқы және ішкі фасонды бетін және қисық сызықпен жанасқан цилиндрлік бетін ажарлау және жетілдіру, жерлерді өлшеу. Электрокорундты ажарлау.
Білуге тиіс: әр түрлі конструкциялы қызмет көрсетілетін станоктардың, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін, бөлшектерді орнату және салыстыру тәсілдерін, кескіш құралдардың барлық түрінің геометриясын, қайрау, жетілдіру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, орындалатын жұмыс шегінде металдарды кесудің негізгі теориясын, күрделі пішіндерді калибрлеудің негізгі принциптерін, материалға, бұйымның қалпына және ажарлау станоктарының маркаларына қарай ажарлаудың ең тиімді режимін айқындау ережесін.
Жұмыс үлгілері.
1) Дизельдердің ұзындығы 1000-нан 6000 мм дейін таратқыш біліктері -толық өңдеу.Үлкен қуатты бу және су құбырларының біліктері – жетілдірумен ажарлау;
2) Көп кіретін трапецеидалды бұрамасы бар бұрамалар мен гайкалар-қайрау және бұраманы кесу;
3) Су және бу инжекторлары – токарлық өңдеу;
4) Токарлық станоктардың кареткалары-пішін бойынша толықтай фрезерлеу;
5) Күрделі конфигурациялы керамикалық каркастар-бір кіретін және екі жақтан кіретін бұрамаларды кесу, 90о бұрыштықта сыртқы диаметрі бойынша паздарды белгілеу және фрезерлеу;
6) Керамикалық каркастар жұқа қабырғалы – тік бұрышты бұрама жасау, кесу, тесіктерін бұрғылау және бөлгіш қалпақшаны белгілеу;
7) Ілініс картері – жазықтықты фрезерлеу, тесіктерді бұрғылау және жону;
8) Ұсталық-пресс жабдықтардың кулисасы – токарлық өңдеу;
9) Цилиндрлік және конустық лимбалар – фрезерлеу;
10) Спиральді жұдырықшалары бар көп жұдырықшалы муфталар-ойыстары мен қияларын фрезерлеу;
11) Бу турбиналарының келтеқұбырлары-екі жартының тесіктерін бұрғылау және ұңғылау;
12) Жұқа қабырғалы платтар көп тесіктері, жарықтары, паздары, пішінді жарықтары бар үлгілер- толық жасау;
13) Сырғақтар – жазықтықтарды және «айырқұйрықтарды» фрезерлеу;
14) Көп орынды пресс-қалыптар – ажарлау;
15) Қуаттылығы 30000 кВт турбогенератолардың роторлары – роторлы-фрезерлі станоктарда орам бойынша ойықтарды фрезерлеу;
16) Бу құбырларының тұтас шыңдалған роторлары – алдын ала өңдеу;
17) Компаунты штампылардың секторлары – контур бойынша фрезерлеу;
18) Үлкен габаритті әртүрлі күрделі станоктардың станиналары- тесіктерді бұрғылау, үңгілеу, ұңғылау;
19) Қуаттылығы 30000 кВт дейін сутекті және жылдам салқындатқыш турбогенераторлардың статорлары-ойықтарды фрезерлеу, тесіктерді жону және мойнақтарды ажарлау;
20) Қисық сызық пішінді оймакілтекті бұрамдықты фрезалар-тісті пішіндерді ажарлау;
21) Компрессорлар цилиндрлері-токарлық өңдеу;
22) Бу құбырларының цилиндрлері-көлденең және тік ажырамалардың тесіктерін бұрғылау және ұңғылау;
23) Көп кіретін бұрамдықтар – бұраманы толықтай кесу;
24) Шатундар – токарлық өңдеу;
25) Вариометрлердің моындары мен каркастары-толық жасау, жанаспалар мен саңылауларды ісріктеу және қиыстырып келтіру;
26) Күрделі қисық лекалолы эксцентриктер - контур және белгі бойынша фрезерлеу;
27) Бу құбырлары қалақтары сағасының эталоны - шеткі бөліктерді және көлбеулерді ажарлау;
511. Кең бейінді станокшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Токарлық, фрезерлік станоктарда күрделі, эксперименталды және бағалы бөлшектер мен құралдарды 6-7 квалитет бойынша және ажарлау станоктарында салқындатқыш сұйықтықты қолдана отырып, 1-5 квалитет бойынша бөлшектерді өңдеу. Кез келген модульді және қадамды күрделі пішінді көп кіретін бұрамаларды кесу. Өте сирек кездесетін фрезерлік станоктарда күрделі ірі габаритті бөлшектерді, тораптарды, шалыстыққа және деформацияланған жұқа қабырғалы ұзын бөлшектерді фрезерлеу. Бірнеше орын ауыстыруды және оптикалық аспаптарды қолдана отырып, дәл тексеруді қажет ететін, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар күрделі конфигурациялы сыртқы және ішкі жанасқан бетті ажарлау және жетілдіру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін, күрделі бөлшектер мен құралдарды орнату, бекіту және салыстыру тәсілдерін, өңдеудің жүйелілігін айқындау әдістерін, кескіш құрылдардың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесудің тиімді режимін айқындау ережесін, күрделі пішіндерді калибрлеудің негізгі принциптерін, күрделі пішіндерді өңдеуге арналған ажарлағыш шарықтастарды түзетудің ережесі мен тәсілдерін, кедір-бұдырлықтың белгіленген квалитеттері мен параметрлеріне жету тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері.
1) Калибрлеу үстелінің біліктері – толық токарлық өңдеу;
2) Жеңілдетілген пішінді илемдеуге арналған әмбебап кілеттердің біліктері-толық токарлық өңдеу;
3) Ұзындығы 6000 мм артық дизельдердің таратқыш біліктері – толықтай өңдеу;
4) Жүрдек біліктер – қадамы ұзаратын сегіз рет кіретін бұрамаларды кесу;
5) Жоғары және төмен қысымды бу турбиналардың біліктері - ажарлау және бұраманы кесу бойынша таза өңдеу немесе муфталар бойынша конустарды қайрау;
6) Тістегершіктерге арналған өлшегіш тісті доңғалақтар - тісті пішінді ажарлау;
7) Күрделі конфигурациялы көшіргіштер, көшіргіш барабандар - контур бойынша фрезерлеу;
8) Корпустар, рамкалар, жоғары сезімтал навигациялы аспаптардың негізі - фрезерлеу;
9) Таптап тегістелген радиусты және көп ұялы күрделі конфигурациялы матрицалар, көрмелер мен пуансондар – фрезерлеу;
10) Пішінді ажарлауға арналған айналма – пішінді ажарлау;
11) Эвольвентті, сүйір оймакілтекті және тура оймакілтекті созғыштар -пішінді ажарлау;
12) Күрделі конфигурациялы пішінді фасонды кескіштер-дайындау;
13) Қуаттылығы 30000 кВт және жоғары турбогенератор роторлары-роторлық-фрезерлік станоктарда орам бойынша ойықтарды фрезерлеу;
14) Сутекті және жылдам салқындатқыш қуаттылығы 30000 кВт және жоғары турбогенераторлардың статорлары – ойықтарды фрезерлеу, тесіктерді жону және мойнақтарды ажарлау;
15) Көп кіретін бұрамдықтар – ажарлау.
Сүргілеуші
512. Сүргілеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үлкен емесе ұзын-көлденең сүрлеу станоктарында технологиялық картаға немесе шебердің нұсқауына сәйкес өңдеу және кесу режимінің жүйелілігін сақтай отырып, кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қорлана отырып, 12-14 квалитет бойынша қарапайым конфигурациялы бірнеше бөлшектерді сүргілеу. Өлшеп кескіш құрал мен арнайы аспаптарды қолдана отырып, 11 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектерді сүргілеу., бөлшектерді үстелге, тиссаларға немесе рейсмус немесе бұрышы бойынша салыстыруы жеңіл құрылғыларға орнату және бекіту. Түсті металдардың құймалары мен кеспелтектерін сүргілеу. Жоғары білікті сүргілеушінің басшылығымен 10000 мм үстел ұзындығымен көлденең сүргілейтін көп шпиндельді станоктарды басқару және жұмысын қадағалау.
Білуге тиіс: бір типті сүргілеу станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін, олардың маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін, ірі станоктарды басқару ережесін, өңделетін материалдарың атауын, таңбалауын және негізгі механикалық қасиетін, едәуір кең таралған құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін және қолдану шарттарын, кескіш құралдың міндетін, қолдану шарттарын және қайрау әрі орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитететтері мен параметрлері.
Жұмыс үлгілері.
1) Букстер, бекіткіш планкалар, астарлар мен шайбалар – жазықтықтар мен жиектерді сүргілеу;
2) Балға сальниктерінің букстері – ажырама жазықтарын сүргілеу;
3) Ұзындығы 200 мм дейін ажырама ішпектері – ажырамаларды сүргілеу;
4) Төлкелер, шкивтер – кілтекті бунақтарды сүргілеу;
5) Гайкалар, болттар – қырларды сүргілеу;
6) Кескіштердің ұстағыштары – сүргілеу;
7) Штампылар, пресс-қалыптар үшін дайындамалар – сүргілеу;
8) Сұрыпталған металдан жасалған дайындамалар – кесу;
9) Патрондардың жұдырықшалары - жазықтықты сүргілеу. Таңбалар- сүргілеу;
10) Ұзындығы 500 мм дейін қысатын планкалар- жазықтықты, фаскаларды, қасқалшаларды сүргілеу. Кницалар – сүргілеу;
11) Шүберін кеспелтектердің үстіңгі сырғақтары мен рессор чектары-сүргілеу;
12) Тіреулер, кронштейндер – табандарды сүргілеу;
13) Бағыт беретін бұрыштамалар – сүргілеу;
14) Шкивтер, тістегершіктер, маховиктер-жазықтықты және ажырама орындарын алдын ала сүргілеу;
15) Ұзындығы 500 мм дейін тік бұрышты және призматикалық кілтектер.
513. Сүргілеуші 3-й разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті сүргілеушінің басшылығымен кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, сондай-ақ қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен 8-11 квалитет бойынша бірнеше орын ауыстырумен әр түрлі типті бөлшектерді ұзын-көлденең сүргілетін станоктарда сүргілеу. Өлшегіш кескіш құрал мен арнайы құрылғыларды қолдана отырып, 8-10 квалитет бойынша бөлшектерді сүргілеу. Рейсмус, ватерпас көмегімен белгі бойынша әр түрлі жазықтықта салыстыра тексере отырып, өңделетін бөлшектерді станокқа орнату. Берілген бұрышты дәл сақтай отырып және жұмыста бір уақытта бірнеше суппортты пайдалана отырып, бұрышта орналасқан ойықтар мен бетті сүргілеу бойынша операцияларды орындау. Технологиялық карта бойынша станокты баптау және өңдеу мен кесу режимінің технологиялық жүйелілігін белгілеу. Жоғары білікті сүргілеушінің басшылығымен 10000 мм артық үстел ұзындығы бар көлденең сүргілейтін көп суппортты станоктарды басқару және жұмысын қадағалау.
Білуге тиіс: әр түрлі типті сүргілеу станоктарының құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құралдардың құрылғысын және қолдану ережесін, плазмотронның құрылғысы және қолдану шарттары, бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану ережесін, аспапты болаттан жасалған және қатты қорытпалардың пластинкаларымен жарақталған арнайы кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және бекіту ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
Достарыңызбен бөлісу: |