Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет10/21
Дата13.06.2016
өлшемі1.37 Mb.
#131182
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Кабель өндірісі


Тарифтік-біліктілік сипаттамалар
1. Шыны оқшаулаудағы микросым жасау аппаратшысы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен жоғары жиіліктегі құрылғыларда шыны оқшаулаудағы микросымдар жасау процесін жүргізу. Жоғары жиіліктегі құрылғыға ретімен сым толтыру. Құрылғыны оқшаулау материалымен толтыру. Шыны оқшаулаудағы сым жасау процесін қадағалау. Микросымдардың геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспабымен өлшеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптауға қатысу.

Білуге тиіс: жоғары жиіліктегі құрылғылардың құрылымы және жекелеген тораптарының өзара іс-әрекеті, шыны оқшаулаудағы микросым жасаудың технологиялық нұсқаулықтары; бақылау-өлшеу аспабының қызметі және пайдалану ережесі, микросымдардың сапасына қойылатын талаптар.


2. Шыны оқшаулаудағы микросым жасау аппаратшысы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары жиіліктегі құрылғыларда шыны оқшаулау микросымдарын жасау процесін жүргізу. бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен температуралық режимді ұстап отыру. Қабылдағышты реттеу, жылдамдығы. Май салқындатқыштың ортасын дәлдеу. Даяр сымды сынамалау. Микросымдарды сынамалау журналын жүргізу.

Білуге тиіс: жоғары жиіліктегі құрылғының құрылымы және қолдану принципі; сымға шыны оқшаулау салу режимін бақылау аспабының қызметі және пайдалану, ақау түрлері, оның алдын алу және жою тәсілдері.


3. Кабель бұйымдарын арматуралау

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сымдарды арматуралау. Бухта сымдарының ұштарын берілген ұзындық бойынша кесу және ұштарынан оқшаулауды шешу. Желі және бұрма ұзындықтарын бақылау және ұзындық бойынша артық жерлерін жою. Сымдардың ұшын ілмектеу және бандаж қою. Айырларды (колодка) жаю, сым ұштарын айыр (колодка) контактілеріне қосу. Массаны қыздыру, жартылай муфталарды массамен толтыру. Бақылау муфтасының қақпағындағы құлыптарды, қапсырмаларды бұрандамен бекіту. Саңылауларды эмаль лакпен бояу. Бақылау муфтасына реттік нөмір жазу, барабандар мен жинақтау бөлшектерін таңдау, оларды конвейерге орнату және шешу. Диаметр бойынша орама таңдау. Металл шыбықтардан стерлинг шлангтерді шешу.

Білуге тиіс: қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану принципі, қызметі мен қолданылуы; арматураны бөлшектеу және құрастыру тәртібі; бандаж қою тәсілдері.


4. Кабель бұйымдарын арматуралау

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бақылау муфталары стакандары, кіші корпустарын бір уақытта құрастыра отырып сымдарды арматуралау. Сым ұштарын арматуралау және сығымдау үшін дайындау. Сым ұштарын түстері бойынша тарату. Түрлі үлгідегі ұштарды сызбаға сәйкес іріктеу және оларды сым ұштарына сығымдағышта сығымдау. Полихлорвинилді түтікшені пісіру. Жартылай муфта бөлшектерін түпкілікті біріктіру және құраманы барабан ұяшықтарына орнату.

Білуге тиіс: сығымдағыш құрылымы және қолдану принципі; қарапайым электр тәсімдер; сым маркалары мен кесу, ұштама үлгілері және олардың сым шықпаларына сәйкес қызметі; муфталардың, жартылай муфталар мен стакандардың құрылымы; полихлорвинилді түтікшелерді пісіру тәсілдері.


5. Сымдарды қаптап ораушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоавиатрактор сым орамаларын 10 мм2 – ге дейін кесіп тік қаптау машинасында қаптау. Металл таспалы рулондарды және сым орауыштарды іріктеу, орнату және ауыстыру. Металл таспа немесе сымды жіберетін калибрлер арқылы толтыру. Авиаавтотрактор сымдардың машинаға түсуін және оған қорғайтын қабаттың жағылуын қадағалау. Қабылдайтын және беретін катушкаларды орнату және ауыстыру.

Білуге тиіс: тік қаптау машиналарының негізгі тораптарының құрылымы мен олардың өзара іс-әрекеті; металл таспа немесе сымды жіберетін калибрлер арқылы толтыру тәртібі; металл таспалар мен сымдардың маркалары; қаптау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар.


6. Сымдарды қаптап ораушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоавиатрактор сым орамаларын 10 мм2 – ден асыра кесіп тік қаптау машинасында қаптау. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, калибрлерді іріктеу және орнату және таспаның шыққан жерінің бұрышын және оның жабылған жерін реттеу. Қаптау машинасының тораптарына сымды кезектеп толтыру. Қорғау қабатының геометриялық параметрлерін және оның жағылу сапасын бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Қабылдағыш және беретін орауыштардың тартылуын реттеу. Техпроцесті жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тік қаптау машиналарының құрылысы мен қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспабының қызметі мен қолданылуы; сымның қорғау қабатының құрылымы; қаптау қадамын айқындау ережесі; даяр өнімге қойылатын негізгі талаптар; ақаудың негізгі түрлері, олардың алдын-алу және жою тәсілдері.


7. Кабельді қаптап ораушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті қаптаушының басшылығымен күш кабелін, бақылау және диаметрі 30 мм-ге дейінгі кабелді қаптағыш машинада болат таспамен қаптау. Қағазды, кабельді және шыны жіпті бабиндер мен болат таспалы орамаларды іріктеу, орнату және ауыстыру. Битум бор қораптарды толтыру. Кабельдің машинаға түсуін және оған қорғау қабаты элементтерінің жағылуын қадағалау. Беретін және қабылдайтын барабандарды илемдеу, орнату және ауыстыру. Даяр кабельді қабылдағыш барабанға теңдей қалау.

Білуге тиіс: қаптау машиналарының негізгі тораптарының және олардың өзара іс-әрекетінің құрылымы; қаптау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар, кабельдің қорғау қабаттарының құрылымы.


8. Кабельді қаптап ораушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті қаптаушының басшылығымен күш кабелін, бақылау және диаметрі 30 мм-ге дейінгі және диаметрі 30 мм-ден жоғары кабелді қаптағыш машинада және төмен жиіліктегі кабельді қаптағыш машинада болат таспамен және сым қаппен қаптау. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, калибрлерді іріктеу және орнату және таспаның шыққан бұрыштарын және оның жабылған жерлерін реттеу. Қаптағыш машиналардың тораптарын кабельмен кезектетіп толтыру. Қаптағыш қабат элементтерінің геометриялық параметрлерін және олардың жағылу сапасын бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Болат таспа ұштарын ұзарту. Техпроцесті жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қаптағыш машинаның құрылысы мен қолдану принципі, бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі, қаптағыш кабель құрылымы мен маркалары; битум құрамдары, ақаудың негізгі түрлері, олардың алдын-алу және жою тәсілдері.


9. Кабельді қаптап ораушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті қаптаушының басшылығымен күш кабелін, бақылау және диаметрі 30 мм-ден жоғары кабелді қаптағыш машинада және төмен жиіліктегі кабельді қаптағыш машинада болат таспамен және дөңгелек сым қаппен қаптау. Болат таспа мен сым қап жағу бұрышын есептеу арқылы іріктеу. Тарату құрылғысын жіберетін роликтерге және сым қаптарға болат таспа толтыру. Беретін және қабылдайтын барабандардағы, қағаз, болат және пластмасса таспалар мен сымдардағы кабельдің тартылуын реттеу. Сіңдіру бұлауларының температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен орнату және реттеу.

Білуге тиіс: қаптағыш машиналардың кинематикалық тәсімдері, қаптағыш машиналардың барлық тораптары мен айлабұйымдарын өзара іс-әрекетін баптау және қамтамасыз ету тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы; қорғау қабатын жағу қадамдарын айқындау ережесі; даяр өнімге қойылатын негізгі талаптар.


10. Кабель массаны пісіруші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пісіру қазандықтарында сымдарды сіңдіруге арналған кабельді муфталар мен оқшаулау құрамын құю үшін кабельді массаны пісіру. Оқшаулау құрамы мен кабель массаны берілген құрам бойынша жасау. Пісіру қазандықтарын кабель масса құрамымен толтыру және даяр массаны төгу. Жылу режимін реттеу және массаның дайындығын бақылау-өлшеу аспаптары және аппаратурасы арқылы айқындау. Қазандық тазалау.

Білуге тиіс: пісіру қазандықтарының құрылымы; гудрондар мен битум маркалары, сыртқы түрлеріне қарай олардың айырмашылығы; шіруге қарсы, атмосфераға төзімді және отқа төзімді құрамдарды жасау тәсілдері мен құрамдары; әрбір құрамды пісіру ұзақтығы мен температурасы, даяр өнімге қойылатын техникалық талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы.


11. Кабель бұйымдарының вулкандаушысы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті вулкандаушының басшылығымен барабандарда, тәрелкелерде және бухталарда вулкандау қазандықтарында түрлі маркадағы сымдар мен кабельдерді вулкандау. Сымдар мен кабельдерді вулкандау барабандарына орау және оларды вулкандағаннан кейін орамдау. Қазандықтарға барабандар, бухталар, тәрелкелер толтыру және оларды қазандықтардан алу. Вулкандау қазандықтарын тазалау.

Білуге тиіс: вулкандау қазандықтарын қолдану принципі, айлабұйымдардың қызметі мен қолданылуы; вулкандауда қолданылатын материалдардың маркалары.


12. Кабель бұйымдарының вулкандаушысы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Барабандарда, тәрелкелерде және бухталарда вулкандау қазандықтарында түрлі маркадағы сымдар мен кабельдерді вулкандау.сымдар мен кабельдерді вулкандау барабандарына орау және оларды вулкандағаннан кейін қайта орау. Вулкандау режимін аспап көрсеткіштері бойынша бақылау және реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: вулкандау қазандықтарының құрылысы, бу құбыр жүйелері, сақтандыру клапандары мен конденсациялық горшоктардың қызметі, қайта жасау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; бұйымдардың түрлі түстеріне арналған оқшаулаудың бұзылуының алдын-алу тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы.


13. Шыбық және сым тоқушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыбықтарды, сымдарды, құбырларды дестеге және бухтаны джутпен және сыммен қолмен тоқу. Шыбықтарды, сымдарды, құбырларды сұрыптары, балқымалары және өлшемдері бойынша іріктеу. Тоқылатын жеріне бухтаны домалатып апару. Бұйымдарды сыртқы түріне қарай сұрыптау және іріктеу. Бухталар мен дестелерді қағазға, қапқа және пластикатқа орау. Бухталарға жапсырма жапсыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының геометриялық параметрлерін бақылау.

Білуге тиіс: шыбықтарды, сымдар мен құбырларды тоқу тәсілдері; тоқу үшін қолданылатын материалдардың түрлері; түсті металлдардың қорытпалары; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы.


14. Шыбық және сым тоқушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Созба сым және жылжытпа бухталарын ыстықтай ілмек конвейерде сыммен қолмен өру. Созба сымның пластиналық транспортермен берілуін қадағалау және оны ілмек конвейерге пневматикалық құрылғының көмегімен ілу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптауға және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: созба сым мен жыжытпалы бухталарды өруге арналған пластиналық транспортердің, ілмекті конвейер мен пневматикалық құрылғының қолдану принципі; өру тәсілдері.


15. Зер жіп жасаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мақта-қағаз жіп пен жібек жіптен түбін орай отырып жұқартылған сыммен зер машинада зер жіп жасау. Жіп және жібекті бобиндерді, жұқартылған сымды орағыштарды орнату және ауыстыру. зер сымды, жіпті немесе жібекті зер машина тораптарына толтыру. Зер сымның, жіптің немесе жібектің созылуын және орау барысын реттеу. Зер жіптің дұрыс оралуын қадағалау. Сымның қалыңдығын микрометрмен тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: зер машинаның құрылысы және оны баптау тәсілдері; жіп нөмірлерін және жұқартылған сым өлшемдерін; ақау түрлері мен олардың алдын-алу тәсілдері; даяр өнімге қойылатын талаптар.


16. Фильера жасаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қатты балқымалардан, табиғи және синтетикалық алмастардан жасалған диаметрі 0,09 мм-ден асатын дөңгелек фильераларды жылтырату станоктарында жасау. Дайындамаларды жылтырату сапасын тексеру және оларды оправаға алмас опамен және бор карбидімен тығыздау. Патрон ұяшығына фильера орнату. Фильера арнасы арқылы жылтыратылатын тұлымды өткізу. Шықпа фильераларды алмас опамен қолмен тазалап жеткізу. Сым тарту арнасының геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспабымен бақылау. Жылтырату станогын баптауға қатысу.

Білуге тиіс: жылтырату станоктарының негізгі тораптары мен олардың өзара іс-әрекеті, фильера өндірісінде қолданылатын баяу балқитын материалдардың маркасы; сым тарту арнасының қалыптары, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері және олардың алдын-алу тәсілдері.


17. Фильера жасаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі прецизионды жылтырату станоктарында табиғи алмастан жасалған диаметрі 0,09-дан 0,05 мм дөңгелек фильера жасау. Жіп созу арнасы әрбір аймағының геометриясын микроскоппен тексеру. Жіп созу арнасын созу, жіп созу күші және диаметрі бойынша арнайы аспаптарда бақылау. Алмас фильераның ортасын дәлдеу және алмас опамен жылтырату. Жіп созу арнасының қалыптарын арнайы аспаптарда механикалық және ультрадыбыс тәсілімен түзету. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі прецизионды жылтырату станоктарының құрылымын, кинематикасын, баптау және дәлдігін тексеру ережесі; ультрадыбыс құрылғыларына қызмет көрсету ережесі; синтетикалық алмас маркалары; тас ішіндегі ақау түрлері; даяр фильераға қойылатын талаптар; ақауды түзету әдістері.


18. Фильера жасаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі прецизионды жылтырату станоктарында табиғи және синтетикалық алмастарды, қатты қорытпалардан жасалған үлгілік фильераларды тік сығымдағыштарда диаметрі кемінде 0,05-ден 0,02 мм-ге дейін дөңгелек фильералар жасау. Ультрадыбыстық құрылғыларда барлық диаметрдегі фильераларды жасау. Фильераның барлық аймағына арналған болат инелерді қайрау, инелерді орнату және ортасын дәлдеу. Сығым қалыптарды белгілі мөлшердегі вольфрамды-кобальт қоспамен толтыру. Матрицаларды, пуансон және шектеу сақинасын сығымдағышқа орнату, шешу. Фильералардың сығымдалған дайындамаларын кептіру шкафтарына тиеу, кептіру және түсіру процесін жүргізу. дайындамалардағы қылтанақтарды тазалау. Жартылай піскен фильераларды алдын-ала қолмен бөлу. Фильера дайындамаларын электр пештерде кептіру. Пештің берілген температуралық режимін ұстап отыру. Фильера дайындамаларын гидравликалық пештерде сығымдау және электр эрозиялық станоктарда өңдеу. Электродты дайындау, оны электр эрозиялық станокта орнату және шешу. Үлгілік фильераларды ұнтақпен берілген мөлшерге дейін қолмен жылтырату және жетілдіру. Жіп созғылау арнасының бетін бақылау. Үлгілік фильералардың кескінін проекциялық аппаратта сызба бойынша бақылау.

Білуге тиіс: тік қол сығымдағыштың, гидравликалық сығымдағыштың, электр эрозиялық станоктың, тік жылтырату станогының кинематикасы мен қолдану принципі; ине қайрау станогының, электр пеш және кептіру шкафының құрылысы; ультрадыбыс құрылғысын қолдану принципі, фильера кемшіліктерін ультрадыбыспен жою әдістері; баяу балқитын фильераларды өңдеу үшін станоктың дәлдігін тексеру тәсілдері; пісіру және кептіру режимдері; баяу балқитын үлгілік фильера арнасының геометриясын бақылау әдістері, үлгілік фильералар жасау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; проекциялық аппараттың қызметі және қолданылуы; баяу балқитын үлгілік фильералардың созғылау арнасының бетіне қойылатын талаптар.


19. Фильера жасаушы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Прецизионды жылтырату станоктарында табиғи алмастардан жасалған диаметрі кемінде 0,02 мм дөңгелек фильералар жасау. Жоғары дәлдіктегі аспаптармен фильера диаметрлерін бақылау. Созғылау жабдықтарында созғылау бағытын сынау және оны түпкілікті жетілдіру. Фильералардың төзімділік коэффициенті бойынша фильераларды тензоөлшеу құрылғыларында тексеру.

Білуге тиіс: жоғары дәлдіктегі электронды аспаптардың, тензоөлшеу құрылғылардың жұмыс істеу принципі, барлық түрдегі созғылау жабдықтарының кинематикасы; арна геометриясын, фильера диаметрін бақылау әдістері; жылтырату жабдығын баптау әдістері.


20. Кабель желісін оқшаулаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 1 кВ-ға дейін күш кабель желілерін, төмен жиіліктегі байланыс кабельдерін оқшаулау машиналарында оқшаулау. Қабылдау барабандарын, орауыштарды және мыс сымды және полистиролды пленкалы беретін орауыштарды іріктеу, орнату және ауыстыру. Оқшаулау машиналары тораптарын мыс сыммен және оқшаулау материалдармен біртіндеп толтыру және олардың ұштарын біріктіру. Оқшауланған желі сапасын қадағалау, ток өткізгіш, оқшаулау материалдары мен оқшаулау желілерінің геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Оқшаулаудағы ақауларды жою.

Білуге тиіс: оқшаулау машиналарының құрылысы мен қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; кабель желілерінің құрылымы және маркалары; оқшаулау материалдарына қойылатын талаптар; ақаудың негізгі түрлері; олардың алдын-алу және жою тәсілдері.


21. Кабель желісін оқшаулаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 1 кВ-дан 20 кВ-ға дейінгі күш кабельдерін, жоғары жиіліктегі байланыс кабельдерін кордельді-полистирольді оқшаулағышпен оқшаулау машинасында оқшаулау. Мыс сымның, полистирольді пленканың, кабель қағаздың және оқшаулау желісінің созылуын реттеу. Жіп, қағаз және пленканың қозғалуын бақылау-өлшеу аспабымен өлшеу. Термокамераның температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен орнату және қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және жөндеуге қатысу. Ілеспе құжаттаманы толтыру.

Білуге тиіс: жоғары жиіліктегі симметриялық кабельдерді оқшаулауға арналған оқшаулау машиналарының кинематикасы; оқшаулау машиналарының барлық тораптары мен айлабұйымдарды баптау және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; жіптер мен пленканың жабылу шегі мен қондыру жолдары; электр кабель оқшаулау материалдарының мөлшері мен сапасына қарай тәуелділігі; оқшауланған желіге қойылатын негізгі талаптар.


22. Кабель желісін оқшаулаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 20 кВ-дан асатын күш кабельдері желісін оқшаулау машиналарында оқшаулау. Трансформаторлық және май толтырылған кабельдерді оқшаулау. Желіні, кабель орамдарын, жоғары вольтты, Металданған қағаз, фольга және басқа да оқшаулау материалдарын іріктеу. Қағаз таспаларының көлемін және енін есептеу. Оқшаулау материалдары таспасының созылуын, иілу бұрыштарын және оқшаулау бағытын орнату. Желі және оқшаулау бойынша экрандардағы таспа сандарын таңдау. Өндіруді есептеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: жоғары вольтты кабельдердің желілерін оқшаулауға арналған оқшаулау машиналарының кинематикалық тәсімдерін; жоғары вольтты кабельдерінің желілерін оқшаулауды қондыру теориясының негіздерін; саңылау көлемін және оқшаулау материалдарының енін есептеу әдістері; желі құрылымы мен мөлшерінің тәуелділігі.


23. Өткізгіш сымды оқшаулаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тік және көлденең машиналардағы жұмыр және үлгілік сымдарды мақта мата және жібек жіппен, синтетикалық талшықтармен, дельтоасбестті, шыны оқшаулағыштармен оқшаулау; оқшаулағыштарды жылуға төзімді, кремнийорганикалық және басқа да лактармен желімдеу, сіңдіру және лактау; электр пештердегі сымдарды кептіру. Машинаны жұмысқа баптау және дайындау. Машина тораптарына қағаз таспа, кембрикті полотно орамдарын, мақта-мата жіп, жібек, синтетикалық талшық бобиндерін іріктеу және орнату, қағаз таспалардың және жіп пасьмаларын, талшық жабындарын, машина пештеріндегі температураны аспаптар бойынша реттеу. Бұлаушаларды лакпен толтыру, оқшаулау материалдарын ауыстыру; беретін және қабылдағыш барабандарды немесе орауыштарды ауыстыру; сым ұштарын дәнекерлеу, пісіру; дәнекерленген немесе пісірілген жерлерді оқшаулау машинасы арқылы жіберу; тиісті ыдысты таңдау.

Білуге тиіс: оқшаулау машинасының құрылысы, және баптау тәсілдері, қосалқы айлабұйымдардың: пісіру аппараттардың, муфта пештерінің, бақылау-өлшеу аспабының қызметі және пайдалану ережесі, қызмет көрсететін жабдықтарда жасалатын барлық маркадағы және кескіндегі сымдардың құрылымы; технологиялық нұсқаулықтар; оқшаулау материалдарын жағу ережесі және негізгі қасиеті; қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар; даяр өнімдерге техникалық шарттар.


24. Өткізгіш сымдар мен кабельдерді сынаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті сынаушы басшылығымен жоғары кернеуліктегі токпен құрғақтай сынау аппараттарында оқшауланған сымдар мен кабельдерді оқшаулаудың электр төзімділігін сынау. Беретін және қабылдағыш барабандарды немесе бухталарды орнату. Сымдар мен кабельдерді аппарат арқылы кезектетіп толтыру. Ток жүргізу желісін оқшаулау және кесу зақымданған орнын белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жекелеген тораптарын қолдану принципі; қабылдау және беретін барабандарды орнату тәсілдері; сымдар мен кабельдерді аппарат арқылы толтыру кезектілігі.


25. Өткізгіш сымдар мен кабельдерді сынаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрғақтай сынау аппараттарындағы жоғары кернеуліктегі токпен электр төзімділігін оқшауланған сымдар мен кабельдерді сынау. Сыналатын кабель партияларын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар бойынша іріктеу. Жіберетін және қабылдайтын барабандар немесе бухталарды орнату. Тежегіш құрылғыларды баптау. Сымдар мен кабельдерді аппарат арқылы жүйелі толтыру. Сынау кернеулігін орнату және реттеу. Ток жүргізу желінің оқшаулар және кесу орындарын белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану принципі; оқшаулаудың тесілу төзімділігі бойынша талап етілетін кернеулікке аппаратты теңшеу ережесі, сыналатын кабельдер мен сымдарды сынау құрылымы; мемлекеттік стандарт бойынша сыналатын кабельге талаптар.


26. Өткізгіш сымды жинақтаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өткізгіш сымдарды, шнур бауларын, электр орнату бұйымдары, біріктіру сымдарын жинақтау және оларды сызбаларға сәйкес қысымға қалау. Электр орнату бұйымдарын бөлшектеу және құрастыру. Сымдарды кесілуі, түсі және құрылыс ұзындығы бойынша іріктеу. Сымдар мен шнурлардың ұштарын өңдеу. Бухта конусына тарту және кигізу; жинақталатын сымдарды сұрыптау. Сымдардың толықтай жинағын тексеру.

Білуге тиіс: жинақталатын сымдар мен шнурлардың құрылымы, маркалары, кесу және түстері; сымдар мен шнурларды бөлшектеу және байлау тәсілдері, электр орнату бұйымдарын бөлшектеу және құрастыру технологиясы; қарапайым бақылау-өлшеу аспабының қызметі мен қолданылуы.


27. Кабель бұйымдарды бақылаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарды бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып бақылау, қабылдау және іріктеу. Оқшаулаудың және сымның қорғау қабатының құрылымын, мөлшерін, сапасын бұйымның сыртын байқап және үлгілерді бөлшектеу жолымен тексеру. Сымдардың, жез сымдардың, ток жүргізетін желілердің, оқшаулау және қорғау қабаттарының, орау ыдысының геометриялық параметрлерін өлшеу. Кабель бұйымдарды орау сапасын бақылау.

Білуге тиіс: сым жасау кезінде қолданылатын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар, нұсқаулықтар, материалдар; сымды техникалық бақылау негіздері, орау, оқшаулау жасау қадамдарын айқындау; кабель бұйымдарды қабылдау ережесі; қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы.

Жұмыс үлгілері

1. Орама сымдар және эмаль сым орауыштар – орау, оқшаулау жасау қадамдарын және ораудың дұрыстығын айқындау; эмаль сым бетінің сапасын айқындау, сымның геометриялық параметрлерін өлшеу.

2. Эмаль сымды, сығымдалған сымды орауыштар – сымның кесілуін тексеру, көзбен байқау.

3. Кабель роликтер – көзбен байқау.

4. Кабель тара (барабан, орауыштар, жәшіктер) – геометриялық параметрлерді өлшеу.

5. Радио сүйгіштерге арналған шнурлар, сым жинақтары – геометриялық параметрлерін өлшеу, құрылымын бақылау.


28. Кабель бұйымдарын бақылаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы құрылғылар арқылы орташа күрделіктегі кабельді бұйымдарды бақылау. Шыны талшықты, пленкалы және талшықты оқшаулағышты орама өткізгіштерді, эмаль өткізгіштерді, электр орнату және электр қыздыру бұйымдарын механикалық және электр сынау, алюминий, мыс созба сымды және сымды сынау. Бастапқы материалдардың кіруін бақылау. Табель бұйымдарды жасаудың операция аралық бақылауды жүзеге асыру. Қабылданған және іріктелген өнім бойынша сынау және есептілік журналын жүргізу. Өнімнің сапасына құжат ресімдеу.

Білуге тиіс: күшті, төмен жиіліктегі байланыс кабельдерін, бақылау және телеграф кабельдердің маркалары мен құрылымдары; бақылау-өлшеу аспаптарына қосылудың электр тәсімдері; электр параметрлерін бақылау әдістері, бақылау-өлшеу аспаптары мен күрделі арнайы құрылғылардың қызметі мен қолданылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет