Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет11/21
Дата13.06.2016
өлшемі1.37 Mb.
#131182
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Жұмыс үлгілері

1. Электр қыздыру және электр орнату бұйымдары (телевизиялық антенналар, электр дәнекерлегіштер, қыздыру элементтері, ұзартқыштар және т.б.) – сенімділігін және жұмыс қабілетін бақылау.

2. Күш, төмен жиіліктегі, бақылау және телевизиялық кабельдер – электр параметрлерін өлшеу.

3. Алюминий және мыс созба сымы – механикалық төзімділігін сынау, салыстырмалы ұзарту, кесу төзімділігін және омикалық кедергісін бақылау.

4. Жұмыр мыс және үлгілік кескіндегі сым (тік бұрышты, секторлық, коллекторлық, шиналар, таспалар және т.б.) – механикалық және электр сипаттамаларын өлшеу.

5. Орау сымдары – механикалық және электр сынамалар, оқшаулауды желімдеудің төзімділік деңгейін айқындау.

6. Диаметрі 0,05 мм-ден асатын эмаль сым – икемділігін, жылу соғу, оқшаулауды сүрту, өткір кернеулігін, салыстырмалы ұзарту және нүктелік зақымдылыққа сынау.
29. Кабель бұйымдарын бақылаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі кабельді бұйымдарды бақылау. Ерекше күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен жоғары вольтты аппаратура арқылы кабельдің электр параметрлерін өлшеу. Техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес сыналатын кабель партияларын іріктеу. Оқшаулаудың бүлінген жерлерін белгілеу, оларды паспортына жазу, даяр бұйымдарды іріктеу.

Білуге тиіс: жоғары жиіліктегі байланыс кабельдерінің, жоғары вольтты және май толтыру кабельдерінің, эмаль сымдардың маркалары мен құрылымдары, бақыланатын бұйымдарды бақылау-өлшеу аспаптары мен сынау құрылғыларына қосудың электрлік тәсімдері; электр параметрлерін бақылау әдістері, жоғары вольтты аппаратура мен ерекше күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы; сынау хаттамаларын ресімдеу ережесі; электр техникасының негізгі заңдары.

Жұмыс үлгілері

1. Жоғары вольтты, май толтырылған, жоғары вольтты байланыс кабельдері – электрлік сипаттамаларды өлшеу.

2. Диаметрі 0,05 мм-ге дейін эмаль сымдар – сынаудың толық көлемі.
30. Жгут иіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кабель қағаз немесе кендірдің түрлерінен жасалған жгутты көп жүрісті машинада иіру. Қағаз таспа домалақтарын орнату және ауыстыру. машина тораптарын кабельді қағаз немесе кендірмен толтыру. Калибрлерді іріктеу, орнату және ауыстыру. Жгутты иіру барысын реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану принципі; кабель қағаз маркалары; жгутты иіру барысын реттеудің тәсілдері; даяр өнімге қойылатын талаптар.


31. Сымдар мен кабельдерді лактаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті лактаушының басшылығымен лактайтын бұлауда немесе шахтада сымдар мен кабельдерді лактау. Шахтаны, бұлауды лакпен толтыруға қатысу. Калибрлерді, жіберетін және қабылдайтын барабандарды ауыстыру. Калибрлерді, шахталар мен бұлауларды тазалау.

Білуге тиіс: лактайтын шахталар мен оның жекелеген механизмдерін қолдану принципі; калибр өлшемдері және оларды орнату ережесі; сымдарды лактау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтардың негізгі талаптары; аспаптар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану шарттары, лакталатын сым маркалары мен кесілуі.


32. Сымдар мен кабельдерді лактаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сымдар мен кабельдерді, оларды лактайтын шахта арқылы өткізіп лактау, ораманы лактайтын бұлауда лактау. Сымдарды, кабельдерді орамаларды лактайтын құрылғы арқылы толтыру; шахта немесе бұлау температурасын реттеу; лактау сапасын қадағалау, сымдардың, кабельдер мен орамалардың шахтадан немесе бұлаудан шығарында созылуын реттеу. Шахтаны баптау. Лактаушы сымдар мен кабельдердің ұштарын тығыз біріктіру.

Білуге тиіс: лактайтын шахта және механизмдерінің құрылысы; сымдарды лактауға арналған лак құрамы мен қасиеті, сым лактауға арналған технологиялық нұсқаулықтар; түрлі лактармен сым және кабельді лактау кезінде температуралық режимдері; жабдықты баптау тәсілдері, аспаптарды бақылау және бақылау-өлшеу аспап құрылымдары және қолдану принципі.


33. Кабель өндірісінің монтері

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кесілуі 6 мм2-ге дейінгі кабель мен сымды электрмен және механикалық сынау үшін бөлу және дайындау. Кабельдің кесіктері мен контактілерінің болмауын тексеру, байланыс кабельдері желілерін сынау үшін ажырату. Бандажды дәнекерлеу, орамаларды шайбаларға және шұлыққа дәнекерлеу, индукциялық орамалар мен колодкаларды ұштарын дәнекерлеп монтаждау. Жартылай муфталарды құрастыру, полихлорвинильді түтікшені дәнекерлеу. Кабель мен сым ұштарын сынаудан кейін бөлу және дәнекерлеу. Сымдар мен кабельдерді қолмен және құрылғыларда қайта орау.

Білуге тиіс: кесілуі 6 мм2-ге дейінгі кабельдер мен сымдарды сынау және жөндеуде бірікпелерінің тәсімдері мен электрлік сипаттамаларын өлшеу әдістері; монтажды колодкалар құрылымы; жартылай муфталарды монтаждауда бірікпе тәсімдері мен тәсілдері; кабельдер мен сымдардың ұштарын жабу және дәнекерлеу ережесі; кабельдер мен сымдарды жөндеу тәсілдері.


34. Кабель өндірісінің монтері

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр және механикалық сынау үшін кесілуі 6 мм-ден асатын кабель және сымдардың, өткізгіш сым және тегіс броньды күш кабельдерінің, 110 кВ-қа дейінгі кернеуліктегі жоғары және төмен қысымдағы газ және май толтырылған кабельдердің, кордельді-полистирольді, кордельді-қағаз және кордельді-полиэтиленді оқшаулағышты ұзақ байланысты кабельдердің ұштарын бөлу. Анағұрлым жоғары білікті монтердің басшылығымен жүзіп тұратын кабельді, оның гарнитурасын вулкандатып және жекелеген бөліктерін қалайылап монтаждау. Полиэтиленді оқшаулаумен жер асты кабельдерін ұзындығына арнайы айлабұйымдардың көмегімен ұзарту. Сынаудан кейін кабель және сым ұштарын дәнекерлеу, алыс байланыстағы кабельдер үшін бұрандаларды дәнекерлеу. Кабельдегі ақау жерлерін аспаптар мен айлабұйымдардың көмегімен табу және жою. Геометриялық параметрлерді бақылау-өлшеу аспабымен бақылау. Кабельдің ақау жерлерін жөндеу және кабель қабығының герметикалығы сапасын тексеру.

Білуге тиіс: кабельді сынауға арналған құрылғылардың қолданыс принципі мен қызметі; барлық маркадағы және қимадағы кабельдер мен сымдардың құрылымы; кабельдің электрлік сипаттамаларын өлшеу әдістері, кабельдің ұштарын дәнекерлеу және бөлу ережесі; бақылау-өлшеу аспабын пайдалану тәсілдері, жартылай муфталарды монтаждаудың электр тәсімдері мен біріктіру тәсілдері; сымдар мен кабельдерді сынау; кабельді жөндеу тәсілдері.


35. Кабель өндірісінің монтері

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жүзетін кабельдің, кернеулігі 110-нан 220 кВ-тан асатын жоғары және төмен қысымдағы газ және май толтырылған кабельдердің және кернеулігі 35 кВ-ға дейінгі пластмасса оқшаулағышты кабельдердің ұштарын бөлу. Жүзіп тұратын кабельді, оның гарнитурасын вулкандатып және жекелеген бөліктерін қалайылап монтаждау.кабель кесінділерін, кабельдің құрылыс ұзындықтарын, қабылдау-тапсыру және үлгілік сынамаларға арналған муфталарды монтаждау. Түпкілікті арматураны және май толтырылған кабель аппаратураларын дәнекерлеп, бөлшектерді лакпен пісіріп және бакелитті цилиндрлерді желімдеп құрастыру. Электр сынамалары тәсімдерін құрастыру және электр өлшеу аспаптарын қосу. Вакуумды сорғыларды, қысқыштарды сығымдауға арналған гидравликалық сығымдағыштарды, оқшаулау майын тазалауға арналған газсызданған құрылғыларды сынамалауға дайындау кезінде пайдалану.

Білуге тиіс: сынау кезіндегі электр тәсімдерін; монтаждалатын май толтырылған жүзіп тұратын кабельдердің құрылымы және кернеулігі 35 кВ-ға дейінгі пластмассалық оқшаулау кабельдерін құрастыру, сынау, іске қосу және қысым бактарын қайта қосу тәртібі; құрылыс ұзындықтарын сынауға арналған біріктіру әдістері мен тәсілдері.


36. Кабель өндірісінің монтері

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 220 кВ-дан асатын жоғары және төмен қысымдағы май толтырылған кабельдердің және кернеулігі 35 кВ-дан асатын пластмассамен оқшауланған кабельдердің ұштарын бөлу. Біріктіретін, біріктіретін-тарамдалған, стопорлық және ұштық муфталардың тораптарын гидравликалық сынау және түпкілікті құрастыру. Құрылыс ұзындықтары мен кабел кесінділерін кабельдерді электрлік сынаудың барлық түрлеріне дайындау. Түрлі құрылымдағы муфталарды құрылыс ұзындықтарында және кабель үлгілерінде монтаждау. Сынау стендісін құрастыру, вакуумдау және оқшаулау майын құю. Сыналатын үлгідегі қыздырудың электрлік тәсімдерін құрастыру. Пластмасса оқшауланған кабельдер үшін арнайы таспа муфталары орамаларын монтаждау. Арнайы құрылғының көмегімен пластмассамен оқшауланған кабель муфталарын градиентті қыздыру.

Білуге тиіс: түрлі құрылымдағы муфталарды сызбалар мен нұсқаулықтар бойынша құрастыру және сынау тәртібі; электрмен сынауға арналған кабельдің құрылыс ұзындығы мен үлгілерін монтаждау тәсілдері, кернеулігі 220 кВ-дан асатын май толтырылған кабельдердің құрылымы; пластмассамен оқшауланған кабельдерді электрмен сынауға арналған құрылғылардың құрылымы және қолдану принципі.


37. Оқшауланған желілер жасау жөніндегі автоматты желі операторы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматты желідегі пластмассамен оқшауланған ток жүргізетін желі жасау процесінің жекелеген операцияларын жүргізу. Түсті металдардан, пластмассадан, эмульсиядан жасалған дайындаманың сапасын байқау және тексеру. Сымды созатын машина, күйдіру приставкасы, экструдер арқылы толтыру. Созғылау, дорн және матрица бағыттарын іріктеу және орнату. Жіберетін және қабылдайтын контейнерлерді, немесе сым ұштарын пісірілген бухталарды ауыстыру. Дайындамалар мен оқшауланған желінің геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Бағыт құжатнамасын толтыру.

Білуге тиіс: автоматты желі құрылысы; сыммен толтыру ережесі; оқшауланатын желілердің құрылымы; бұйымның мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары,оқшаулау материалдарының маркалары; бақылау-өлшеу аспабының қызметі мен қолданылуы.


38. Оқшауланған желілер жасау жөніндегі автоматты желі операторы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пультпен басқарылатын автоматты желідегі пластмассамен оқшауланған ток өткізгіш желі жасау процесін жүргізу. Созғылау және оқшаулау жылдамдығын, температураны қыздыру жері бойынша бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Оқшаулауға қатысты ток өткізетін желінің ортасын дәлдеу. Жұмыс процесінде жабдықты баптау. Сымды күйдіру сапасын бақылау. Жабдықтың жұмыс істеу және жағдайының журналын жүргізу.

Білуге тиіс: автоматты желілердің кинематикалық тәсімін; жекелеген тораптар мен желілерді тұтастай баптау тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; созғылау жылдамдығын, қыздыру аймағы бойынша температурасын реттеу; басқару жүйесіндегі ақаулық түрлері және оларды жою тәсілдері; даяр өнім талаптары.


39. Сым илемдеу станының операторы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Илемдеу станында сымды илемдеу процесін жүргізу. автоматты орауыштардың, транспортердің, ілмекті конвейердің, пневматикалық күректің жылдамдығын станның жұмыс істеу режиміне теңшеу. Бухтаны транспортерге қалаудың дұрыстығын қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: автоматты орауыштардың, транспортерлердің, ілмекті конвейердің құрылысы; орауыш пен транспортер жылдамдығын теңшеудің тәсілдері.


40. Сым және кабель тоқушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сымдар мен кабельдерді коклюш үлгісіндегі тоқу машинасында талшық материалдармен тоқу. Дайындаманы орау сапасын тексеру. Жіберетін және қабылдайтын барабандарды, бобиндер мен тоқу материалы бар орауыштарды орнату және ауыстыру. машина тораптарын жүйелі түрде сыммен, кабельмен және талшық материалдармен толтыру. Тоқыма сымды қабылдағыш барабанда созылуын реттеу. Тоқу сапасын қадағалау, жіптің үзілген жерлерін жою, ақау жерлерін жөндеу.

Білуге тиіс: коклюш үлгісіндегі тоқыма машиналардың құрылысы және қолдану принципі; тоқу материалдарына қойылатын талаптар; сым және кабель маркалары мен құрылымдары, тоқу жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; машина тораптарын толтыру тәсімдері; ақау түрлері мен олардың алдын алу әдістері.


41. Сым және кабель тоқушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сымдар мен кабельдерді орауыш үлгісіндегі тоқу машинасында талшық материалдармен тоқу. Калибрлерді, ауыспалы тісті дөңгелекті эскиз картасына сәйкес іріктеу және орнату. Тежеуішті, қабылдағыш және жіберетін катушкалардың созылуын реттеу. Талшық материалды жіберетін ілмек, ролик, блоктау рычагы арқылы кезегімен толтыру және оны дайындамаға бекіту. Тоқудың геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Жіптердің пасьмалары орамасының саңылауларын тоқыма жасаудың алдын-алу. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: катушкалы үлгідегі тоқыма машинасының құрылысы және қолдану принципі, эскиз карталары; тежеуішті реттеу тәсілдері, тоқу сапасын бақылау әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері және оны жою тәсілдері.


42. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті сығымдаушының басшылығымен диаметрі 50 мм-ге дейінгі экструдерлерде резиналармен, поливинилхлоридпен, полиэтиленмен, фторопластпен және басқа да материалдармен желі және сымдарды сығымдау. Дорн мен матрицаны орнату және ауыстыруға, қабылдағыш және жіберетін барабандарды домалату және орнатуға, желілерді және экструдер тораптарына сымдарды толтыруға қатысу.

Білуге тиіс: ұзынша экструдерлердің негізгі тораптарының жұмысы туралы мәліметтер; жіберетін және қабылдайтын айлабұйымдардың құрылысы; оқшаулау материалдарының маркалары.


43. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 50 мм-ге дейінгі экструдерлерде резиналармен, поливинилхлоридпен, полиэтиленмен, фторопластпен және басқа да материалдармен желі және сымдарды сығымдау. Дорн және матрицаны іріктеу, орнату және ауыстыру, экструдерді оқшаулау материалдарымен толтыру. Салқындату бұлауларын сумен толтыру. Жіберетін және қабылдайтын барабандарды домалату және орнату. Экструдер тораптарына желі және сым толтыру. Оқшаулау жөніндегі желінің ортасын дәлдеу. Желі және сымдарға оқшаулау жасауды қадағалау. Агрегатты өндіру және әл-ахуалы журналын жүргізу.

Білуге тиіс: ирекше экструдерлердің негізгі тораптарының құрылымы; барабан үлгілері, оқшаулау материалдарының маркалары; кабель және сымдарды пластикатпен және резинамен сығымдау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар.


44. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғарылау сығымдаушының басшылығымен диаметрі 50 мм-ден асатын 120 мм-ге дейінгі экструдерлерде резиналармен, поливинилхлоридпен, полиэтиленмен, фторопластпен және басқа да материалдармен желі және сымдарды диаметрі 90 мм-ге дейінгі экструзионды жоғары жылдамдықтағы автоматты желілерде, диаметрі 50 мм-ден асатын 115 мм-ге дейінгі үздіксіз вулкандау агрегаттарында, диаметрі 120 мм-ден асатын экструдерде сығымдау. Сымдар мен кабельдерді плунжерлік сығымдағыштарда фторопластпен сығымдау. Майлау композициясын және битум құрамын жасау, қораптарды битум құраммен толтыру, ауыспалы калибрлерді, дорндар мен матрицаларды іріктеу және битум қорапқа орнату. Жерлендіретін құрылғыларды кабельдер мен сымдарға бекіту. Сымдар мен кабельдердің қабылдағыш барабандарға біркелкі жайылуын қадағалау; кабель мен сымның жайылуын реттеу. Сығымдаудың талап етілетін қысымын және кептіру және пісіру температурасын қолдау. Сығымдау жылдамдығын реттеу, қабықтары мен қорғау шлангілерінің сапасы мен геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау. Сығымдағышқа жеткізілген жартылай фабрикаттардың сапасын тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: ирекше экструдер, үздіксіз вулкандау агрегатының, плунжерлік сығымдағыштың, фторпластты массаны араластыратын, таблетка, кептіру және пісіру камерасын жасау аппараттарының құрылысы, қолдану принципі және баптау тәсілдері; майлау дисперсиялар мен таблетка жасау технологиясын; сымдар мен кабельдерді оқшаулау режимдері; оқшаулау желісі мен кабель құрылымы; технологиялық аспапты іріктеу және орнату ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; өндірілетін сымдардың сапасына қойылатын талаптар; ақаулықтың негізгі түрлері, оны жою және алдын алу тәсілдері.


45. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 90 мм-ден асатын экструзионды жоғары жылдамдықтағы автоматты желілерде, диаметрі 120 мм-ден асатын экструдерлерде резиналармен, поливинилхлоридпен, полиэтиленмен, фторопластпен және басқа да материалдармен желі және сымдарды диаметрі 115 мм-ден асатын 200 мм-ге дейінгі үздіксіз вулкандау агрегаттарында сығымдау. Үздіксіз вулкандау агрегаттарын кабельмен толтыру, ниппельді ауыстыру. Кабельдерді қабығына немесе қорғау шлангісіне қатысты ортасын дәлдеу. Жоғары вольтты аппараттардың көмегімен кабельдің пластмасса қабығы мен қорғау шлангісін бақылау. Сығымдау жылдамдығы мен резина қабығын вулкандауды реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен вулкандау түтігінің, цилиндрдің және экструдер қақпағының температурасын реттеу. Кабель жылдамдығын шынжыр табанды жетек құрылысымен, электронды аппаратурамен ауыстыру жылдамдығымен оқшаулау материалын жіберу жылдамдығын синхрондау. Экструдер, үздіксіз вулкандау агрегаты, экструзионды жоғары жылдамдықтағы автоматты желіні пультпен басқару.

Білуге тиіс: ирекше экструдерлердің, үздіксіз вулкандау агрегаттарының, экструзионды жоғары жылдамдықтағы автоматты желілердің кинематикалық тәсімі және баптау тәсілдері; сығымдау материалының түріне байланысты ирекшені іріктеу және орнату ережесі; пластикаттар мен резиналардың сипаттамалары, кабельдің қабығы мен қорғау шлангісінің ақау жерлерін жою әдістері. Жоғары вольтты аппараттар мен автоматты бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы.


46. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ирекшесінің диаметрі 200 мм-ден асатын үздіксіз вулкандау агрегаттарында және бір уақытта кабельге екі және одан да көп қабат оқшаулау жасайтын үздіксіз вулкандау агрегаттарында кабельдерді резинамен сығымдау. Агрегатты кабельмен толтыру және бірнеше қабат шлангіге қатысты желі бойынша кабельдің ортасын дәлдеу. Вулкандау және сығымдаудың оңтайлы режимдерін іріктеу. Үлкен диаметрдегі резина қабықтарды вулкандау жылдамдығын, сығымдағыш қақпақтарының температурасын реттеу. Резина қабықтарының жекелеген қабаттарын вулкандау сапасын бақылау. Екі және одан да көп оқшаулау қабатын жағуға арналған желіні баптау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: бір уақытта кабельге екі және одан да көп қабат оқшаулау жасайтын үздіксіз вулкандау агрегаттарының кинематикалық тәсімдері, үздіксіз вулкандау және сығымдаудың оңтайлы режимін айқындау ережесі; оқшаулау сапасын қабаттары бойынша тексеру әдісі; оқшаулаудың екі және одан да көп қабатын жағуға арналған желілерді баптау тәсілдері.


47. Кабельді қорғасын немесе алюминиймен сығымдаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті сығымдаушының басшылығымен кабельді қорғасын немесе алюминиймен сығымдау. Қабылдау және жіберу барабандары немесе жіберетін кәрзеңкелерді домалатып жеткізу, орнату және ауыстыру. Технологиялық аспаптарды іріктеуге және ауыстыруға қатысу. Балқыту пештерін дайындау және қорғасынмен толтыру. Қыздыру пештерін алюминий құймаларымен толтыру. Гидравликалық сығымдағыштардағы реципиентті қорғасынмен толтыру. Кабелді сығымдағышқа жіберу. Оның сапасын қадағалау. Жіберетін кәрзеңкеден кабельдің таратылуын басқару. Сығымдағыш штемпельден алюминий қалдықтарын жою. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кабельдің геометриялық параметрлерін бақылау. Сығымдағышты бөлшектеуге, тазалауға және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қорғасын және алюминий қабықтарын жағуға арналған механикалық және гидравликалық сығымдағыштың құрылысы және қолдану принципі; жасалатын кабельдердің құрылымы; технологиялық аспапты іріктеу және орнату ережесі; бақылау-өлшеу аспабының қызметі және қолданылуы; шығарылатын кабельге қойылатын талаптар.


48. Кабельді қорғасын немесе алюминиймен сығымдаушы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кабельді алюминий немесе қорғасынмен сығымдау. Сығымдағышты жұмысқа дайындау, тораптар мен гидравликалық цилиндрлердің жұмысқа жарамдылығын тексеру; сығымдағышты жұмыс температурасына дейін қыздыру, сығымдағышты баптау. Қорғасын, алюминий және кабель дайындамасының сапасын айқындау. Ауыспалы технологиялық аспапты іріктеу және орнату. Сығымдағышты іске қосу. Қорғасын немесе алюминий қабықтарының геометриялық параметрлері мен механикалық төзімділігін бақылау-өлшеу аспаптары және құралдармен тексеру және реттеу. Сығымдағыштың барлық механизмдерінің жұмысын орталық пульттан басқару. Қорғасын балқыту пешінің және алюминий қыздыру пешінің, сығымдағыш реципиенті мен қақпағының температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Гидравликалық сығымдағыштың қысымын реттеу. Кабельге қорғасын және алюминий қабат жағу жөніндегі өңдеу және технологиялық режимдерді есептеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: сығымдағыштың кинематикалық, гидравликалық тәсімдері; жоғары қысымды реттеу тәсілдері; сығымдағышты баптау тәсілдері мен әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері, оларды жою және алдын алу тәсілдері.


49. Кабель бұйымдарын күйдіруші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Болат қабатты минералды оқшауланған кабельдерді мұржалы өтпелі пештерде, сутегі мен кабельдер атмосферасында, мыс қабатта қорғау газ атмосферасы бар , роликті және қалпақты өтпелі пештерде күйдіру. Кабельдерді пешке толтыру және шығару. Пештің жұмыс кеңістігі температурасын реттеу, газдың инерттілігін тексеру. Күйдірілген кабельдің сапасын бақылау. Даяр өнімді есептеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: мұржалы, өтпелі және қалпақты пештердің, гидроредукторлар мен пневможетектердің құрылысы мен пайдалану ережесі; кабель тиеу және түсіру ережесі; күйдірілетін кабельдердің маркалары мен құрылымдары; кабель жасауда қолданылатын материалдардың қасиеті; күйдірудің технологиялық режимдері; температураны және қорғау атмосферасын өлшеудің кабельдің қасиеті мен сапасына әсері; қорғау газының инерттілігін тексеру әдістері; жылу бақылау аспаптарын қолдану; даяр өнімге қойылатын талаптар.


50. Электр техникалық бұйымдарды сығымдаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Флеско штеккерлік бітемелерін, жылжымалы жарықтандыру торап бітемелерін сығымдау, сондай-ақ резина мен пластмассадан жасаған бұйымдарды сығымдағышта жасау. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып технологиялық режимді реттеу. Сығымдағышты баптау және жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін сығымдағыштың құрылысы, жұмыс істеу принципі және баптау тәсілдері; электр техникалық бұйымдардың түрлерін сығымдауға арналған технологиялық нұсқаулықтар; резина және басқа да материалдардың сұрыптары; даяр өнімнің техникалық шарттары.


51. Электр техникалық бұйымдарды сығымдаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Эмаль сымдарға арналған электр бұрғылар мен катушка секцияларын сығымдағышта сығымдау. Сығымдау процесін қадағалау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен технологиялық режимді бақылау. Қызмет көрсетілетін механизмдерді, аппаратура мен сығымдағыш қалыптарды жарамды қалпында ұстап отыру.

Білуге тиіс: электр бұрғы секцияларын сығымдауға арналған сығымдағыштардың құрылысы және қолдану принципі, технологиялық нұсқаулықтар; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы.


52. Кабельге арналған ұнтақты қыздырушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті қыздырушының басшылығымен магний тотығы ұнтағын түбі айналып тұратын қыздыру пешінде қыздыру және оны оқшаулау. Астық құрамы бойынша ұнтақты іріктеу, лифтілік көтергіштің көмегімен бункерге толтыру және құбыржол бойынша пешке тасымалдау.

Білуге тиіс: қыздыру пешінің, вибраторлардың, лифтілік көтергіштердің негізгі тораптарының құрылысы мен қолдану принципі; магний тотығы ұнтағының нөмірі; қыздыру пешіне ұнтақты жіберу ережесі.


53. Кабельге арналған ұнтақты қыздырушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Магний тотығы ұнтағын түбі айналып тұратын қыздыру пешінде қыздыру және оны оқшаулау. Бункерге түсетін ұнтақ температурасын бақылау. Құбыржолдар бойынша ұнтақ жіберу жылдамдығын, пеш температурасын бақылау-өлшеу аспаптарымен реттеу. Қыздырғаннан кейін ұнтақ сынамасын алу. Магнит сепараторларды түсіру құрылғыларын баптау, пештің берілген қалпағын орнату.

Білуге тиіс: қыздыру пешінің, түсіру құрылғыларының, магнит сепараторлардың құрылысы мен өзара іс-әрекеті; кабель дайындамасына арналған қыздыру ұнтағының көлемін есептеу; қыздыру технологиясын; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ұнтақ сынамасын алу тәсілдері, қыздырылған ұнтаққа талаптар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет