Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы


§ 333. Оттан қорғап сіңдіру бойынша сіңдіруші



бет19/25
Дата12.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#131112
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
§ 333. Оттан қорғап сіңдіру бойынша сіңдіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орта күрделі ағаш бұйымдар мен конструкцияларды, әр түрлі материалдар мен маталарды қолмен жаққышпен немесе бояу пульттар мен бүріккіштерді пайдаланумен оттан қорғайтын құрамдармен жабу. Әр түрлі конструкцияларды және ағаш бұйымдарын, маталарды және материалдарды оттан қорғайтын өңдеуге даярлайтын жұмыстарды орындау. Берілген рецептура бойынша өрттен қорғайтын құрамдарды дайындау. Анағұрлым жоғары білікті сіңдірушінің басшылығымен күрделі сіңдіру жұмыстарын орындауға қатысу.

Білуге тиіс: конструкцияларды және ағаш бұйымдарын, маталарды және материалдарды оттан қорғайтын сіңдіру туралы жалпы мәліметтер; улы химиялық заттарды, қолданылатын қоспаларды және оттан қорғайтын ерітінділерді ұстай білу ережесі; оттан қорғайтын құрамдарды дайындау тәсілдері және оларды сақтау шарттары; ағаш бұйымдарға және конструкцияларға, материалдар мен маталарға қолмен жаққышпен немесе бояу пульттар мен бүріккіштерді пайдаланумен оттан қорғайтын құрамдарды түсіру тәсілдері мен ережесі.
§ 334. Оттан қорғап сіңдіру бойынша сіңдіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және жауапты ағаш бұйымдарын, маталарды және бағалы материалдарды, театрлық декорацияларды, макеттерді және көркем стенділерді, арқандарға арналған органикалық өзекшелерді оттан қорғайтын құрамдарымен жабу және өңдеу. Әр түрлі оттан қорғайтын қоспаларды және құрамдарды даярлау. Сіңірілетін материалдардың үлгілердің даярлау және оларды отқа төзімділікке тексеру. Ерітінділерді даярлаудың механикаландырылған тәсілі және сіңдіру жұмыстарын орындау кезінде механизмдерді басқару. Орындалған жұмыстарды және химиялық заттардың және материалдарының шығынын есептеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты ағымдағы жөндеу және орта және күрделі жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: конструкцияларды және күрделі ағаш бұйымдарын, маталарды және бағалы материалдарыны, театрлық декорацияларды, макеттерді және көркем стенділерді, арқандарға арналған органикалық өзекшелерді оттан қорғайтын сіңдіру ережелері; улы химиялық заттарды, қолданылатын қоспаларды және оттан қорғайтын ерітінділерді ұстай білу ережесі; оттан қорғайтын құрамдарды дайындау тәсілдері және оларды сақтау шарттары; оттан қорғайтын сіңдірудің әр түрлі түрлеріне техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар; оттан қорғайтын құрамдарды дайындау кезінде және сіңдіру жұмыстарын жасау кезінде қолданылатын жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; химикаттар мен материалдардың шығынын есептеуді жүргізу, сондай-ақ орындалған жұмыстарға техникалық құжаттама ресімдеу ережесі.
§ 335. Оттан қорғап сіңдіру бойынша сіңдіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше бағалы көркем театрлық декорацияларды, суреттерді, панноны және басқа өнер туындыларын оттан қорғайтын құрамдармен жабу және өңдеу. Ерекше жауапты сіңдіру үшін құрамдарды және рецептура дайындау. Сынамалар алу және қолданылатын қоспалар мен ерітінділердің сапасын тексеру. Химиялық заттарды іріктеп алу және біреулерін басқаларымен ауыстыру.

Білуге тиіс: Ерекше бағалы көркем театрлық декорацияларды, суреттерді, панноны және басқа өнер туындыларын оттан қорғайтын сіңдіру ережесі мен технологиясы; улы химиялық заттарды, қолданылатын қоспаларды және оттан қорғайтын ерітінділерді ұстай білу ережесі; оттан қорғайтын құрамдарды дайындау тәсілдері және оларды сақтау шарттары; оттан қорғайтын сіңдірудің әр түрлі түрлеріне техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар; химикаттар мен материалдардың шығынын есептеуді жүргізу, сондай-ақ орындалған жұмыстарға техникалық құжаттама ресімдеу ережесі.
§ 336. Жеміс-көкөніс қоймасының жұмысшысы

2 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Картоп, көкөніс, жемістерді вагондардан, барждан, автокөліктен қолмен немесе машина мен механизмнің көмегімен түсіру. Сақталу мерзімі бойынша өнімді сақтау және басқа белгіленген түрлерімен өлшеу және сақтауға салу. Сақталу процесіндегі өнімнің жағдайын бақылау. Өскінге қарсы репарат себу. Қоймаларды әкпен өндеу, қойма люктерін жылыту. Картоп пен көкөніс жемістерді іске асыруға даярлау: қолмен немесе машинамен іріктеп алу, өнімді және қалдықтарды толтыру, өлшеу, жәберу үшін буып – түю. Өнімді автокөлікке арту. Ыдыстарды жөндеу және сорттау.

Білуі тиіс: өнімнің түрлері мен оның сақталу ережесін; өнімнің сақталу мерзімін арттыру тәсілдерін; қызмет көрсететін механизмдерді пайдалану ережесін және құрылғысын.
§ 337. Елді мекендерді жайластыру жөніндегі жұмысшы

3 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Канализация құбырлары мен күрелген қоқыс төгілетін ордан қолмен немесе қалақтың көмегімен тұрып қалған заттар мен қоқыстарды тазалау. Қаладағы қоқыс тастайтын жерді қатты шіріген лақтырындылардан оларды оқшаулайтын жердің қабатымен жабу арқылы зиянсыз ету. Ауру тудыратын микробтар мен шыбындардың көбнюіне кедергі келтіретін жағдайларды жасау. Қоқыс тастайтын жерлерге кеміргіштердің бару мүмкіндігін шектеу және жағымсыз иістерді болдырмау. Малдардың өлекселері мен сыпырындыларды жағу. Канализация құдықтарының және күрелген қоқыс төгілетін ордың қақпақтарын ашу және жабу. Күрелген қоқыс төгілетін орды, қоқыс тастайтын жерді және төгу орындарының стансаларын (пунктерін) зарарсыздандыру. Төгуді бақылаумен төгу стансаларында ассенизациялық машиналар мен керуенді қабылдау. Қар төгетін, қоқыс тастайтын жерге қармен келген машинаны қабылдау және қар еритін жерді көрсете отырып қарды төккізу. Сұйық қоқым – соқымдар мен жеткізілген қарлардың санына есеп жүргізу және бақылау. Жол жүру құжаттарын ресімдеу.

Білуі тиіс: қоқым – соқымды жинау туралы санитарлық ережесін; күрелген қоқыс төгілетін ор және қоқыс тастайтын жерді зарарсыздандыру тәртібін; малдардың өлекселерін құртудағы ветеринарлық – санитарлық бақылау ережесін; қоқыс тастайтын және қар ерітетін жерлерді пайдалану және орналастыру жөніндегі санитарлық ережесін; қатты қоқым – соқымдарды зиянсыз ету әдістерін; жол құжаттарын ресімдеу.
§ 338. Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттарды және оларға жабысып жатқан аумақтарды (аулаларды, тротуарларды, ағынды су каналдарды, урналарды, қоқыс жинағыштарды, қоқыс өткізгіштерді, марштарды және саты алаңдарын, жалпы пайдалану жайларын, лифтілердің кабиналарын, үй астын, шатырды және т.б.) тиісті санитарлық күй-жағдайда ұстау және жинау. Қызмет көрсетілетін ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықты және механизмдерді маусымдық дайындау. Аула алаңдарын, тротуарларды, төбелерді, қар мен мұздан тазалау. Өтініштер бойынша зақымдарды және ақауларды жою.

Білуге тиіс: санитария, сәулеттендіру, ғимараттарды сыртқы ұстау сұрақтары бойынша жергілікті органдардың қаулылары; көшелерді, жайларды, қоқыс құбырларын ұстау бойынша санитария және гигиена ережелері; қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі; жинау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережесі.
§ 339. Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жұмысшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсетілетін ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықты және механизмдерді мерзімді байқау, төсемсатыларды, люлькаларды, аспалы және басқа сақтандыру және көтеру құрылғыларды пайдаланумен жөндеу- құрылыс жұмыстарының (сылақтар, сыршы, қаптау, бетон, темір ұста, ағаш шеберлігі) барлық түрлерін орындаумен оларға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу. Слесарлық, дәнекерлегіш және пісіретін жұмыстарды орындаумен орталық жылу беру, сумен жабдықтау, канализация, газбен жабдықтау, су ағарлар, жылумен жабдықтау, желдету, ауа тазарту жүйелерін және басқа контрукцияларды, механизмдерді ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Электротехникалық жұмыстарды орындаумен электр желілері мен электржабдықты жинақтау, бөлшектеу және ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: жөндеу- құрылыс жұмыстарының негіздері және оларды орындау тәсілдері; материалдардың түрлері; жұмыстар жүргізу кезінде құралдардың, құрылғылардың, машиналардың, механизмдердің және жабдықтың белгіленуі және құрылысы; жөндеу- құрылыс жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі.
§ 340. Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жұмысшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жөндеу- құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін орындаумен ғимараттардың, құрылыстардың биік бөліктерін ағымдағы жөндеу. Барлық түрлі ғимараттар мен құрылыстардың биік бөліктерінің техникалық күйін мерзімді тексеру және қызмет көрсету: мұнараларын, күмбездерін, карниздарын және т.б. Кез келген заттардың, сонымен қатар ғимараттардың конструкциялардың бөлімдерінің биіктіктен опырылып құлауларының алдын алу және болдырмауға шаралар қабылдау. Қысқы уақытта биік ғимараттар мен құрылыстардың төбелерін қар ме мұздан тазалау. Көтеру механизмдерін, құрылғылар мен құралдарды таза және дұрыс ұстау.

Білуге тиіс: санитария, сәулеттендіру, ғимараттарды сыртқы ұстау сұрақтары бойынша жергілікті органдардың қаулылары; көшелерді, жайларды, қоқыс құбырларын ұстау бойынша санитария және гигиена ережелері; қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі; жинау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережесі.

Орындауда және ғимараттарды жабдықтауда инженерлі пайдаланумен Жөндеу жөніндегі жұмыстары.


§ 341. Жуу және арнайы киімдерді жөндеу жөніндегі жұмысшы

2 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы киімдерді, орамалдарды, перделерді жуу машиналарында және қолмен жуу. Кептіру барабандарында немесе табиғи жағдайда кептіру, престерде, каландрларда немесе қолмен үтіктеу. Арнайы киімдерді қолмен және тігін машиналарында жөндеу, тамға тігу. Жуу және зарарсыздандыру ерітінділерін даярлау. Арнайы киімдерді қабылдау, сорттау және беру. Белгіленген құжаттарды ресімдеу.

Білуі тиіс: әртүрлі материалдардан жасалған арнайы киімдерді жуу технологиясын; жабдықтарды қажеттілігіне қарай пайдалану ережесін; құрылғысын; жуу және зарарсыздандыру құралдарын қолданудағы қасиетін, турлерін және оларды қолдану мен әзірлеу тәсілдерін; белгіленген құжаттың жүргізілу ережесін.
§ 342. Малдарға, оның ішінде аса қиын және ерекше малдардың қаупті топтарына қарау жөніндегі жұмысшы
Жұмыс сипаттамасы. Малдарға (байқау, тамақтандыру, суару және т.б.): жыландарға, рептилияға, құстарға т.б. қарау. Торды, торлы қора мен қашаны, сорғыиһтатын мен көң жиналатын жерлерді тазалау. Төсеніштерін ауыстыру, тамақтандыратын және суаратын, көмекші орындарды мен ұялы үйлерін ауыстыру, бассейндерді жуу. Малдар үшін жасалған орындардың температурасын, ылғалдылығын ұстау және жарық түсіру. Тамақ және тамақ қоспаларын әзірлеу. Қызмет көрсетілетін малдардың тобын көбейту жөніндегі бағдарламаларын жүзеге асыру және жоспарлау. Малдардың тіршіліктануын зерттеу жөніндегі дала жұмыстарына қатысады, ал керек жағдайда оларды ұстау, тіркеу, қайта отырғызу және тасымалдауға қатысады. Малдардың тобындағы жасын жасанды қоректендіреді, оларды үйретеді және элементарлы көмекті жүзеге асырады. Биологиялық бақылаудағы күнделігін жүргізу және ғылыми – зерттеу жұмысына қатысу.

Білуі тиіс: биологиялық негіздерін және тіркелген малдар тобындағы қамтамасыз ету жағдайын; өз тобындағы малдарды көбейту негіздерін, үйрету негіздерін, торлардың, торлы қоралардың, қашалардың орналасуын, сондай – ақ айдалып әкелінген және тіркелген торлардың ережесін; санитарлы – гигиеналық және ветеринарлық талаптарының негіздерін; зарарсыздандыру ерітінділерін пайдалану және оларды даярлау тәсілдерінің ережесін; еңбекті қорғау туралы, техника қаупсіздігі, кәсіптік санитария мен өрт қаупсіздігі ережесін.

Зертханалық малдар, аз қоректенетін және қаупсіз құстарға дербес қызмет көрсету кезіндегі – 2 – разряд.

Қауіпті малдарды дербес қамтамасыз етуде-3-разряд

Қиын жағдайда жыртқыш және қауіпті малдарды ұстауда дербес қызмет көрсетуде – 4 – разряд.

Ең қауіпті және улы малдарды ұстауда дербес қызмет көрсетуде - 5 разряд.

Лекция мен экскурссия жүргізген кезде демонстрация үшін оларды үйретуге және қауіпті малдар тобын және қиын жағдайда қамтамасыз етуде және ұстауда дербес қызмет көрсетудегі - 6 - разряд.


§ 343. Ауылды қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы

5 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жетуі қиын биік таулы аудандардағы қауіпті табиғи көріністері (сел тасқыны, себептер, опырылым, көшкін т.б.) жұмыстарының орындалуы. Қызмет көрсету құрылымдары, жабдықтар мен механизмдерінің техникалық жағдайын қарау, олардың барлық жөндеу – құрылыс жұмыстарының (бетон, ағаш шебері, арматура, дәнеркелеу, сырлау) түрлерін кезеңді орындаумен мінбелерді, люлькаларды және басқа да сақтандыру мен көтермелі қолдануды ыңғайландыру. Электр жұмыстарын орындаумен уақытша бетон түйінінің көтеру крандарды және кіре беріс жолдары, электр жүйесі және электр жабдықтаудың монтажы, демонтажы.

Білуі тиіс: ауылды қорғау және басқа да қорғау құрылымдарын тағайындау, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарының барлық түрлерін, механизм, машина жұмыс жүргізу кезінде бейімділігінің тағайындалуын және құрылуын, жарылғыш заттармен айналысу ережесін; альпинистерді дайындау және тау бағыттары бойынша жүру негізгі жаттығуларын, қалып құралдарының тәсілдерін меңгеру, арматуралық қаңқаны байлау, құрылысты қорғау конструкциясының атағы, жөндеу – құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қаупсіздік техникаларының ережесін; аппатан қорғау жұмыстары кезіндегі медициналық көмек ережесін.
§ 344. Ауылды қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы

6 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теңіз деңгейінің үстіндегі 1000 – нан 2000 – ға дейінгі метр биіктігінде жетуі қиын биік таулы аудандардағы қауіпті табиғи көріністері (сел тасқыны, себептер, опырылым, көшкін т.б.) жұмыстарының орындалуы. Қызмет көрсету құрылымдары, жабдықтар мен механизмдерінің техникалық жағдайын қарау, олардың барлық жөндеу – құрылыс жұмыстарының (бетон, ағаш шебері, арматура, дәнеркелеу, сырлау) түрлерін кезеңді орындаумен мінбелерді, люлькаларды және басқа да сақтандыру мен көтермелі қолдануды ыңғайландыру. Электр жұмыстарын орындаумен уақытша бетон түйінінің көтеру крандарды және кіре беріс жолдары, электр жүйесі және электр жабдықтаудың монтажы, демонтажы. Аппаты – құтқару шаралары жұмыстарының барлық түрлеріндегі апаттық жұмыс өндірісіндегі жарылғыш заттарды сақтау, жүк тасу және қалау жөніндегі жұмыстардың орындалуын. Антеналық және аккумуляторлық радиостансаларды пайдалану және монтаждау, демонтаждау.

Білуі тиіс: ауылды қорғау және басқа да қорғау құрылымдарын тағайындау, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарының барлық түрлерін, механизм, машина жұмыс жүргізу кезінде бейімділігінің тағайындалуын және құрылуын, жарылғыш заттармен айналысу ережесін; альпинистерді дайындау және тау бағыттары бойынша жүру негізгі жаттығуларын, қалып құралдарының тәсілдерін меңгеру, арматуралық қаңқаны байлау, құрылысты қорғау конструкциясының атағы, жөндеу–құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қаупсіздік техникаларының ережесін; аппатан қорғау жұмыстары кезіндегі медициналық көмек ережесін.
§ 345. Ауылды қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 2000 метр биіктіктегі жетуі қиын биік таулы аудандардағы қауіпті табиғи көріністер (сел тасқыны, себептер, опырылым, көшкін т.б.) жұмыстарының орындалуы. Теңіз деңгейінің үстінде. Қызмет көрсету құрылымдары, жабдықтар мен механизмдерінің техникалық жағдайын қарау, олардың барлық жөндеу – құрылыс жұмыстарының (бетон, ағаш шебері, арматура, дәнеркелеу, сырлау) түрлерін кезеңді орындаумен мінбелерді, люлькаларды және басқа да сақтандыру мен көтермелі қолдануды ыңғайландыру. Электр жұмыстарын орындаумен уақытша бетон түйінінің көтеру крандарды және кіре беріс жолдары, электр жүйесі және электр жабдықтаудың монтажы, демонтажы. Аппаты – құтқару шаралары жұмыстарының барлық түрлеріндегі апаттық жұмыс өндірісіндегі жарылғыш заттарды сақтау, жүк тасу және қалау жөніндегі жұмыстардың орындалуын. Антеналық және аккумуляторлық радиостансаларды пайдалану және монтаждау, демонтаждау.

Білуі тиіс: ауылды қорғау және басқа да қорғау құрылымдарын тағайындау, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарының барлық түрлерін, механизм, машина жұмыс жүргізу кезінде бейімділігінің тағайындалуын және құрылуын, жарылғыш заттармен айналысу ережесін; альпинистерді дайындау және тау бағыттары бойынша жүру негізгі жаттығуларын, қалып құралдарының тәсілдерін меңгеру, арматуралық қаңқаны байлау, құрылысты қорғау конструкциясының атағы, жөндеу – құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қаупсіздік техникаларының ережесін; аппатан қорғау жұмыстары кезіндегі медициналық көмек ережесін.
§ 346. Өндірістік монша жұмысшы

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Душ қондырғыларының, крандардың, душ сеткаларының, басқыш алаңының, терезелердің жағдайын байқау. Әртүрлі жуатын және зарарсыздандыратын ерітінділерді даярлау. Бақтарды ішетін сумен толтыру. Қоқыс урналарын қою, оларды тазалау және зарарсыздандыру. Кәсіпорын моншаларындағы туалеттерді, душ орындарын, шешіну орындарын және басқа да жалпы пайдаланылатын орындарды жинау және зарарсыздандыру.

Білуі тиіс: өнеркәсіптік санитария талаптарын; жуу және зарарсыздандыру құралдарының қажетті концетрациясын және қасиетін, белгіленуін; даярлау және оларды қолдану тәсілдерін; жинау және жуылғанды қабылдау ережесін.
§ 347. Өндірістік монша жұмысшы

2 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Іш киім мен арнайы киімді қабылдау, сақтау, сорттау және беру. Жуу, крахмалдау және көкшілтім ерітінділерін әзірлеу. Арнайы киімдерді, іш киімдерді және басқа да өндірістік тағайындаудағы заттарды қолмен немесе машинкаларда жуу; кептіру барабандарында немесе табиғи жағдайда кептіру; престумен немесе қолмен үтіктеу, арнайы киімдер мен іш киімдерді жөндеу.

Білуі тиіс: жабдықтарды қажеттілігіне қарай пайдалану ережесін; жуу, ағарту құралдарының қажетті концентрациясы мен тағайындалуын, олардың әзірлену тәсілдерін; өндірістік санитарияның талабын.
§ 348. Радиотеледидар аппаратурасына қызмет көрсету

және жөндеу радиомеханигі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теледидарларды, радиоқабылдағыштарды, магнитофондарды, электр ойнатылатын құрылғыларды және 2 кластан жоғары емес басқа радиоаппаратураны бөлшектеу, жинау, тазалау. Шамдардың сынаушысында радиолампаларды тексеру. Бөлмелік теледидарлық антеннаны жөндеу. Радиотелеаппаратурада сақтандырғышты ауыстыру, штекерді, басқару тұтқаларын жөндеу, қоршау жаман контактілерін жою, штепсельдік айырымен қуаттандыру бауын ауыстыру және жөндеу, 3 кластан жоғары емес теледидарлардың кинескоптарын, блоктарды, теледидарлық бағдарламалардың ауыстырып қосқыштарын (ПТП) және антеналық енгізетін теледидарлық каналдардың ауыстырып қосқыштарын алу (ПТК) және орнату. Радио арқылы таратылатын дауыс зорайтқыштардың, автостопсыз электр ойнатылатын құрылғылардың ақаулықтарының себептерін анықтау және жөндеу.

Білуге тиіс: электротехника, радиотехника және теледидар бойынша негізгі мәліметтер; қара - ақ теледидарлардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның негізгі түйіндерінің құрылуы, функционалдық сызбалары мен жұмысы; түрлі түсті бейнелеу қабылдау және тапсыру туралы жалпы мәліметтер: жартылай өткізгіштік диодтардың және радиолампаларының сипаттамалары; қара - ақ теледидарларды және басқа радиоаппаратураны құрастыру және жинау ережесі, реттілігі мен тәсілдері; қара - ақ теледидарлардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның ақаулықтарын табу, және оларды жөндеу әдістері; авометр және радиолампаларды сынаушы түрлі өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану тәртібі; бөлме антенналарының түрлері мен құрылымдары; теледидарларды, радиоқабылдағыштарды орнату ережесі мен тәсілдері, оларды антенналарға қосу; жинақтау- реттеу құралының белгіленуі және пайдалану.
§ 349. Радиотеледидар аппаратурасына қызмет көрсету

және жөндеу радиомеханигі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық класты ақ- қара теледидарларды орнату. Сынаушыларда жартылай сымды аспаптарды (транзисторларды, диодтарды және т.б.) тексеру. 2 кластан жоғары емес лампалы қара - ақ теледидарларда ақаулықтардың себептерін анықтау және мерхімді емес ақаулармен, контурларды ауыстыруымен және баптаумен, басу платаларын, галеталық, пернелік (кнопкалық) және ауыстырып қосқыштарын автоматты реттеулердің шынжырларында күрделі ақауларды жоюмен (күшейткішті автоматты реттеу, гетеродин жиіліктерін автоматты жанастыру) байланысты емес жөндеулер жасау. 4 және 3 класты лампалы радиоқабылдағыштардың және радиолалардың, 4 класты магнитофондардың, электрофондаржы және барлық түрлді ЭПУ (стереофоникалықтардан басқа), үш бағдарламалық радио арқылы таратылатын дауыс зорайтқыштардың және т.б. ақалықтарының себептерін анықтау, жөндеу.

Білуге тиіс: электротехника, радиотехника, теледидар негіздері; түрлі түсті бейнелі теледидарлар бойынша негізгі мәліметтер, жартылай сымды аспаптардың сипаттамасы; қара - ақ теледидарлардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның құрылысы және сызба элементтерінің жұмысы; қара- ақ лампалы және лампалы- жартылай сымды теледидардың, 2 кластан жоғары емес радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның негізгі және жинақтау сызбалары; бұл аппаратураның ақаулықтарының негізгі түрлері; оны тексеру, реттеу және жөндеу әдістері мен тәсілдері; радиотеледидар аппаратурасын жөндеу кезінде қолданылатын бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану ережесі; теледидар антенналарын орнату, жинақтау ережесі.
§ 350. Радиотеледидар аппаратурасына қызмет көрсету

және жөндеу радиомеханигі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 1 класты лампалы және лампалы- жартылай сымды барлық класты қара - ақ теледидарларда ақаулардың себептерін анықтау және мерхімді емес ақаулармен және баптаумен байланысты емес жөндеулер жасау. 2 кластан жоғары емес транзисторлық радиоқабылдағыштар мен радиолалардың, 2 және 3 магнитофондардың және 3 класты транзисторлық магнитофондар, стереофоникалық электрофондардың, стереофоникалық ЭПУ, антенна күшейткіштерінің себептерін анықтау, жөндеу, реттеу және баптау.

Білуге тиіс: қара- ақ лампалы және лампалы- жартылай сымды теледидардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның негізгі және жинақтау сызбалары; бұл аппаратураның ақаулықтарының негізгі түрлері; оны тексеру, реттеу және жөндеу әдістері мен тәсілдері; радиотеледидар аппаратурасын жөндеу кезінде қолданылатын бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану ережесі; теледидар антенналарын орнату, жинақтау ережесі.
§ 351. Радиотеледидар аппаратурасына қызмет көрсету

және жөндеу радиомеханигі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық класты лампалы және лампалы- жартылай сымды қара - ақ теледидарлардың мерзімді емес ақауларының себептерін анықтау және оларды жою мен баптау бойынша жұмыстар жасау. Түрлі түсті теледидар орнату. Түрлі түсті және жартылай сымды қара - ақ теледидарлардың, дециметрлік диапозон конвертерлерінің, 1 және жоғары класты радиолалардың және лампалы мен транзисторлық радиоқабылдағыштардың, барлық үлгілі стереофоникалық, автомобильдік қабылдағыштард, 1 және 2 класты транзисторлық және лампалы магнитофондардың ақаулықтарының себептерін анықтау және жөндеу мен баптау бойынша жұмыстар жасау. Радиотелевизиялық аспаптардың блоктары мен түйіндерін жаңарту бойынша жұмыс.

Білуге тиіс: барлық түрлі теледидарлардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның негізгі және жинақтау сызбалары; қара- ақ теледидарларға, радиоқабылдағыштарға және барлық класты басқа радиоаппаратураға жөндеу жасау әдістері мен тәсілдері; түрлі түсті теледидарларға жөндеу жасау әдістері мен тәсілдері; бөлшектерді типтік еместермен ауыстыру әдістері мен тәсілдері; жөндеу кезінде қолданылатын бақылау- өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

Арнайы орта білім қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет