Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы


§ 307. Гидротехникалық ғимараттың қараушысы



бет18/25
Дата12.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#131112
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
§ 307. Гидротехникалық ғимараттың қараушысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Каналдардың, бөгеттердің, плотиндардың және басқа да аналогиялық гидротехникалық ғимараттардың қауіпті орындарын қарау және кішкене ақауларын жою. Гидротехникалық бөлікшесінің сусепкіш және коллекторлы – құрғатымды (дренажды) торабының барлық гидротехникалық ғимараттары бар гидрометикалық және басқа да қондырғылармен қызмет көрсету. Топырақты су қиябетінде сыналуды, көшкін құбылысының пайда болуын, жағалаудағы бекіту көшеттерін орнатуды байқау. Қар суының алдын – алу материалдары және құрылыс материалдарының апатты қорларының дайындамасы. Су шаруашылығы міндетіндегі ағаш егістерін қорғау. Жылқыға қарау, велосипед және мотоциклді жақсы жағдайда ұстау.

Білуі тиіс: сусепкіш торабымен жердің сулау ауданында қызмет көрсетуін және ауылшаруашылықта пайдалануын; кранның ұзақтығы мен орналасу жоспарын; гидротехникалық ғимараттар мен гидротехникалық қондырғылардың санын және олардың техникалық сиппатамаларын; ғимарат және ағаш егістігі торабының жағдайын; сусепкіш және коллекторлы- құрғатымды (дренажды) торабы каналдарын, гидротехникалық ғимараттар мен гидротехникалық қондырғыларды, сумен суаруды пайдаланудың негізгі ережесін; жылқыға дұрыс қарау ережесін; велосипед және мотоциклді құрылғысын және оларды дұрыс пайдалана алуын.
§ 308. Гидротехникалық ғимараттың қараушысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Келтірілген каналдардың қиябетін, бағытталған ағыншаны және қорғаныс бөгеттерін, плотиндерді және басқа да гидротехникалық ғимараттар мен олардың жабдығын визуалды тексеріп қарау; олардың су шайып кету мен бұзылу көлемін анықтау. Шаруашылық – су пайдаланушыларға суды беру және бөлу. Ағаш егістерін жұмсаған су тәртібін бұзушыларға табылған бұзышылықтары туралы сызбалық суретін салу және актілер құрастыру және актілерді учаскелік гидротехникке беру. Сусепкіш торабы мен ғимараттардың техникалық қарауына қатысу. Қызмет көрсету учаскелердегі, сонымен қатар аппаты және бөгеуші қақпалар, су жіберулерімен, дюкерлермен ағымдағы және апатты гидроғимараттарды жөндеу жөнңндегң жұмыстарға қатысу.

Білуі тиіс: негізгі гидротехникалық ғимараттардың қондырылуы мен тағайындалуын; ауылшаруашылығының суды пайдалануы туралы Заңын және су сепкіш жүйесін техникалық пайдаланудағы ережесін; гидрология жөніндегі негізгі мәлеметтер; жер гидроғимараттарын бекіту тәсілдерін; қиябет, бөгет және басқа да ғимараттардың ағымдағы жөндеу өндірісіндегі қаупсіздік техникасы ережесін; курс торабындағы дайындығы болуц керек.
§ 309. Құжат түптеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құжаттарды қолмен түптеу. Картонды жазу және сұрыптау, бойлық сызығымен форматқа кесу, техникалық матадан түбіртек жасау. Құжаттарды нөмірі мен форматы бойынша іріктеу, парақтарды түзеу, астынан және үстінен картон парағын салу, қалыпқа келтіру. Бұрғылап тесу, құжаттарды тігу, түбіртекті желімдеу. Ярлык дайындау және оны түбіртек пен жоғарғы бетіне жапсыру. Пышақтарды қайрау.

Білуге тиіс: стандартты форматты; картон мен техникалық матаны кесу ережесі мен оларға қойылатын техникалық талаптарды; құжаттарды жиынтықтау және кітапшалау ережесін; бұрғылап тесу мен пышақ пен бұрғыны қайрау ережесін.

§ 310. Құжат түптеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ескі кітаптарды, қолжазбалар мен құжаттарды қолмен түптеу. Қарапайым қалпына келтіріп түптеу: блогі сақталғанымен зақымдалған коленкор немесе қағаз түптемені қалпына келтіру; зақымдалған түптемені зарарсыздандыру; бұрыштарын, канттарын, қақпағын бекітіп қалпына келтіру; сирек, құнды кітаптарға жаңа түптеме дайындау; ескірген түбіртекті нығайту жұмыстарын жүргізу.

Білуге тиіс: түптеу жұмыстарына арналған техникалық талаптарды; түптеме жұмыстарын қалпына келтірудің түрлері мен әдістерін; түптелетін кітаптар, құжаттар жасалған материалдардың қасиеттерін; қалпына келтіріп түптеу жұмысы кезінде қолданылатын желімнің қасиеттерін, олардың рецептурасы мен жасалуын.
§ 311. Радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сұйық және қатты радиоактивті қалдықтарлы тиеу үшін ыдыстарды дайындау. Қатты қалдықтарға арналған ыдыстарда плиталарды ашу және жабу. Сұйық қалдықтарға арналған резервуарларда люктарды ашу және жабу. Ыдыстардың беттері мен кіріс жолдарды жөндеу және жинау: асфальттау, бетондау, шаңдарын, батпақты, қарды және т.б кетіру..

Білуге тиіс: едәуір таралған әмбебап және арнайы құрылғылардың белгіленуі және пайдалану шарттары; радиациялық гигиена ережесі.
§ 312. Радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі құрылғыларды пайдаланумен арнайы автомашиналардан қатты радиоактивті қалдықтарды түсіру. Түсіру кезінде радиоактивті заттардың шашырауын болдырмас үшін су пердесін қосу. Ыдыстың бетімен радиоактивті қалдықтарды орналастыру. Бетон араластырғыштың, жылдымалы қазанның көмегімен ыдыс жабуларының гидроизоляция өндірісіне арналған цемент және асфальтобитумдық ерітіндісінің массасын дайындау. Жіктерді ескі-құсқымен тыққылау және оларды цемент ерітіндімен немесе асфальтбитум массасымен бітеу. Толтырылған сыйымдылықтардың бетін катокпен теігстеу, оларды домалату.

Білуге тиіс: бетон араластырғыштардың құрылысы, бетондық және асфальтобитумдық қоспалардың негізгі қасиеттері және оларды дайындау ережесі; цемент ерітінділерін дайындау тәсілдері және олардың қасиеттері; радиациялық қауіпсіздік ережесі; әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылысы.
§ 313. Радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі құрылғыларды пайдаланумен арнайы автомашиналардан қатты радиоактивті қалдықтарды түсіру. Түсіру кезінде радиоактивті заттардың шашырауын болдырмас үшін су пердесін қосу. Ыдыстың бетімен радиоактивті қалдықтарды орналастыру. Цементтеу қондырғыларында радиоактивті сұйықтықтарда цемент ерітіндісін дайындау. Ыдыстар мен жабдықтың күйін қадағалау. Жабдықты және заттарды ағымдағы жөндеу. Радиоактивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстардың деңгейін бақылау.

Білуге тиіс: радиоактивті заттардың негізгі қасиеттері; радиоактивті сәулеге түсіруден қорғану тәсілдері; радиоактивті заттардың шекті мүмкін концентрациялары және сәулеге түсіру деңгейлері; қолданылатын жабдықтың құрылысы және кинематикалық сызбалары; әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылымы.
§ 314. Радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты радиоактивті қалдықтарды нығыздау және сұйықтарын ыдыстарда цементтеу. Қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды цемент-бетондық монолитте бірге қатыру. Басқару пультына қызмет көрсету және цементтеу қондырғысының күйін қадағалау; сальниктарды байқау, майлау, толтыру, тірек тексеру және т.б. Мөлшерлегіштер мен беру механизмдерін жөндеу және реттеу. Анағұрлым жоғары білікті жұмысшының басшылығымен күрделі аппараттар мен қондырғыларда радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу. Белгіленген нысан бойынша ауысым журналын жүргізу.

Білуге тиіс: физика және химияның қарапайым негіздері; ыдыстарда радиоактивті қалдықтарды цементтеу және нығыздау технологиясы; қызмет көрсетілетін қондырғылардың, жабдықтың және қашықтан басқарудың құрылысы, кинематикалық және электрлік сызбалары; радиоактивті заттармен жұмыс жасаудың санитарлық ережесі.
§ 315. Радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі технологиялық аппараттарда және қатаң регламенттелген процеспен қондырғыларда қатты, сұйық, биологиялық, газ тәрізділерді радиоактивті қалдықтарды престеу, өртеу, битумдау, цементтеу, буландыру, шынылаудың және біріктіру әдістерімен қайта өңдеу. Бақылау- өлшеу аспаптары, автоматика, дозиметрия және радиометрия аспаптары бойынша технологиялық режимді бақылау және реттеу. Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін ауыстыру үшін өңдеу және ресімдеу.

Білуге тиіс: физика және химия негіздері; радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу әр түрлі процестерінің технологиясы; қызмет көрсетілетін аппараттардың, қондырғылардың, жабдықтың және аспаптардың құрылымы.
§ 316. Пирометрист

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқыту, қыздыру және кептіру пештеріндегі температураны, сондай-ақ тасымалды пирометриялық және бақылау- өлшеу аспаптарының көмегімен оны шығару мен құю кезінде металдың температурасын анықтау. Температура және берілген технологиялық режимнен ауытқуларды тіркеу. Аспаптарды тіркеу және термобулардың жанған терілерін ауыстыру. Кестелердің көмегімен бір шкаладан екіншісіне температура өлшеулерін ауыстыру.

Білуге тиіс: тасымалды пирометриялық аспаптардың жұмыс істеу қағидасы; пирометриялық және бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; балқыту, қыздыру жне кептіру пештерінің технологиялық температуралық режимі, сұйық металды құюды бастау және аяқтаудың мүмкін температурасы; қадағалау нәтижелерін және температураларды тіркеу ережесі; бір шкаладан екіншісіне температура өлшеулерін ауыстыру үшін кестелерді пайдалану ережесі; термобулардың жанған терілерін ауыстыру тәсілдері.
§ 317. Пирометрист

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Стационарлық пирометриялық және бақылау- өлшеу аспаптарының көмегімен балқыту, қыздыру және кептіру пештеріндегі температураны анықтау. Аспаптардың көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Қайнату ванналарының температурасын өлшеу. Пирометриялық аспаптарды реттеу және ағымдағы жөндеу. Термобуларды тексеру. Термобуларды жұмыс орнында орнату.

Білуге тиіс: стационарлық және тасымалды пирометриялық және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; пирометрлерде ақаулықтардың туындауының негізгі себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар; жазулар жүргізу мен температура өлшеу тәртібі; металды балқытудың және құюдың, термоөңдеу мен кептірудің температуралық режимдері; элктротехника бойынша қарапайым мәліметтер.
§ 318. Пирометрист

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Оптикалық және радиациялық пирометрлердің көмегімен балқытылған металдардың, тұздардың, сұйытылған газдардың және газды орталардың температурасын анықтау. Пирометриялық аспаптарды орнату және жөндеу. Пирометриялық микровольтметрлердің, өздігінен жазатын аспаптардың, автоматты потенциометрлерінің және реттеуіштерінің бақылау көрсеткіштері қадағалау, реттеу және бақылау. Берілген ортаның температурасын өлшеу әдісін таңдау және қажетті аппаратураны іріктеп алу. Пирометриялық аспаптарды жөндеу.

Білуге тиіс: пирометриялық аспаптардың кинематикалық және электрлік сызбалары; металл жүргізу, электротехника және радиотехника негіздері; радиолампалардың, жоғары жиілікті генераторлардың және радиациялық пирометрлерде қолданылатын электрондық күшейткіштердің түрлері; қызмет көрсететін учаскеде металдардың, тұздардың, газдардың технологиялық температуралары.
§ 319. Көмекші жұмысшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік учаскелерінде, құрылыс алаңдарда, қоймаларда, базаларда және қоймалық бөлмелерде көмекші және қосалқы жұмыстарды орындау. Сақтықты қажет етпейтін жүктерді (рулон материалдар, пачкалардағы паркетті, жәшіктерді, бөшкелерді, картонды, қағаздар, фанерлер, кесілген материалдаржәне т.б.), сонымен қатар сусымалы күлдейсіз материалдарды (құмды, шағылды, қиыршық тасты, қожды, көмірді, қоқымды, ағаш үгінділерін, металл жоңқаларды және басқа өндіріс қалдықтарын) тиеу, түсіру, қолмен немесе арбашаларда (вагонеткаларда) орнын ауыстыру және қатарлап жинау. Аумақты, жолдарды, кіріс жолды, жолдарды тазалау Цехтерді, санитарлық - тұрмыс жайларды және құрылыс алаңдарын жинау. Едендерді, терезелерді, ыдысты, бұйымдарды және бөлшектерді жуу.

Білуге тиіс: жүйтерді тиеу және тасу нормалары, ережесі; ыдыстың құрылысы және тасымалданатын жүктерді бекіту тәсілдері.
§ 320. Көмекші жұмысшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сақтықты қажет ететін жүктерді (шынылар, шөлмектер, сұйықтықпен бөтелкелерді, және тез қабынғыш улы заттарды т.б.), күлдей материалдарды (сусымалы цементті, ұсатылған әк, гипсты және т.б.). тиеу, түсіру, қолмен немесе арбашаларда (вагонеткаларда) орнын ауыстыру және қатарлап жинау. Барлық жүктерді арбада, сондай-ақ аттың тарту күшімен шана мен жетекте тасымалдау. Доңғалақ жұптарын үшкірлеу станоктарына жылжымалы құрам арбаларын локомотивтарға және вагондарға жақындату.

Білуге тиіс: сақтықты қажет ететін жүктерді, және күлдей материалдарды тиеу, түсіру, орнын ауыстыру және жинау тәсілдері; қабылдау- тапсыру және ілеспе құжаттарды ресімдеу тәртібі; жүктерді сұрыптау тәртібі.
§ 321. Өрт сөндіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өртті-техникалық жарақтарын қолдана отырып өрт сөндіру жөніндегі жабдықтар. Жанғыш нысаналарының үйлесімдерін бұзу және ашу жөніндегі жұмыстардың оындалуын. Өртті-техникалық жарақтары мен жабдықтарын, оның техникалық қызмет көрсетуі мен қателектерін жою, арнаулы дайындықты керек етпейтін үлгілі жағдайда ұстау. өрт сөндіру бөлігінде бар радиоқұралдарын және сөйлесу қондырғыларын пайдалана білу. Жарлықтар мен нұсқаулықтар талаптарына сәйкес ішкі қарауылдағы, барлаудағы, күзет орнында қызмет жүргізу жөніндегі тапсырмаларды орындайды. Өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіреді. Ғимараттардың, жарақтардың және т.б. тұрғын және тұрмыс нысаналарының өртке қарсы жағдайын текссеруді жүзеге асырады.

Білуі тиіс: өрт сөндіру-техникалық жарақтармен және өрт сөндіру автокөлік құрылғыларындағы жұмыс ережесін және орналыстыруды, құрылғыны; оқшаулайтын противогаздарды пайдалану және қарау ережесін, құрылғысын және олармен жұмыс істеу ережесін; өрт сөндіру қаупсіздігінің негізгі бөлігі мен материалдарын; адамдарды құтқаруды ұйымдастырудың және бағалы материалдарды пайдаланудың әдістері мен тәсілдерін; ғимараттарда, көлікте және елді мекен кешендерінде жайсыз жағдай кезінде өртті сөндіру ерекшеліктерін; құрылмаларды талқылау және ашу жөніндегі жұмыстар жүргізу әдістерін; радиоактивті және жарылғыш заттар түгел болса өрт сөндіру кезінде туындайтын жағымсыз факторлар мен жайсыз құбылыстарды; тұрғын үйдің өртке қарсы жағдайын тексеру тәртібін; шығу ауданы және оны өрт сөндіру суымен қамтамасыз етуін; ең негізгі және өрт қаупсіздігі объектілерінің орналысуын; өрт сөндіру және өрт сөндіру күзеті құрылымдарындағы қызметін ұәымдастыруды регламенттейтін бұйрықтар мен нұсқаулықтарды; гарнизонды және қарауылды қызметтердің міндеттерін.

5-разряд- арнаулы агрегаттарды, мехнанизмдер мен пайдаланылатын аппараттарды қолдана отырып өрт сөндіру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде немесе барлық жауынгерлік есепсоты міндеттерін орындауда.
§ 322. Еден сүртуші

2 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сүртетін жердің аумағын алдын-ала босатып электрлі еден сүрткішпен немесе аяқ мәусегімен еденді сүрту. Кір мен копсықтан еденді тазарту. Электрлі еденсүркіш жұмыстарындағы кішкене қайшылықтарды жою. Мастика мен балаусыз дайындау, еденнің үстіңгі жағына мастик немесе балаусыз, лак жағу.

Білуі тиіс: электрлі еденсүкіштерді қолдану ережесін және дұмыстың қағидаттарын, құрылғысын; лак, мастика және балаусыз түрлерінің жиынтығын және оларды пайдалану ережесін.

Арнаулы мастикатарды қолдана отырып, ағаштың құнды түрлерінен еденді қолмен сүрту жөніндегі жұмыстарды орындау кезіндегі. – 3 разряд.


§ 323. Баллондарды қабылдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бос баллондарды қабылау, есепке алу және сырттай байқау. Бос баллондардың кезекті толтыруға жарамдылығын анықтау. Жөндеуге арналған баллондарды ақауға шығару, кезекті гидравликалық байқауға арналған буланбаған қалдықтардың құйып алу. Жөндеуге және гидравликалық байқауға бағытталатын баллондарға құжаттарды дайындау. Тұтынушыларға берілген баллондардың және ақауларының есебі.

Білуге тиіс: баллондар мен олардың шұраларының алуан түрлерінің құрылысы мен сипаттамасы; сұйық және қысылған газ баллондарына қойылатын талаптар; баллондарға сұйық газдың буланбаған қалдықтарының мөлшерлерін анықтау тәсілдері; баллондарды сұйық және қысылған газбен толтыру нормасы; таразының құрылысы және оларды тексеру және реттеу тәсілдері; баллондардың ақаулықтарының түрлері және оларды анықтау тәсілдері; баллондарды сынау мерзімдері; баллондарды тасу ережесі; ақау, сондай-ақ толтырылған баллондарды есепке алу түрлері.
§ 324. Баллондарды қабылдаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Толтырылған баллондарды қабылдау, есепке алу және сырттау қарау. Толтырылу дұрыстығын, баллондардың герметикалығын және толтырылудан кейін шұралардың жұмысын тексеру. Өздігінен жабылатын клапандардың күй-жағдайын тексеру. Бос және газбен толтырылған баллондарды бақылау өлшеу. Толтырылған баллондарды журналында тіркеу. Баллондарды сұйылтылған және қысылған газбен толтыру автоматты аспаптардың күйі мен жұмысы туралы журналда жазуларды жүргізу.

Білуге тиіс: баллондарды және өздігінен жабылатын калапандарды сұйық және қысылған газбен толтыру бойынша автоматика аспаптардың құрылысы; таразының құрылысы және оларды тексеру және реттеу автотәсілдері; баллондардың ақаулықтарының түрлері және оларды анықтау тәсілдері; баллондарды сынау мерзімдері; баллондарды тасу ережесі; ақау, сондай-ақ толтырылған баллондарды есепке алу түрлері; бос және газбен толтырылған баллондарды бақылау өлшеу тәртібі.
§ 325. Ауыл шаруашылық азық-түліктер және шикізат қабылдаушы

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауылшаруашалық азық – түлектер мен шикізаттарды сорттау және қабылдау. Өнімдер мен шикізаттарды өлшеу және салмақтау. Ауылшаруашалық азық-түлектер мен шикізаттарды белгіленген нышандары бойынша сорттау. Қабылданған өнімдерді сақтау.

Білуі тиіс: ауылшаруашалық азық-түлектер мен шикізаттарды сорттау және қабылдау ережесін; ауылшаруашалық азық-түлектер мен шикізаттарды өлшеу және салмақтау ережесін; өнімдер мен шикізаттрады сақтау ережесін.
§ 326. Ауыл шаруашылық азық-түліктер және шикізат қабылдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауылшаруашалық азық-түлектер мен шикізаттарды сорттау және қабылдау. Техникалық жағдайларға немесе мемлекеттік стандартқа сәйкес тапсыралатын өнімнің сапасын, сондай-ақ өнім түрлерін, оның сортын, таксатын, класын, класқа бағыныстылығын, ақаулық жағдайын, консервілеу, мөлшері мен салмағын анықтау. Алушыларға өнімдерді өткізу. Алушыларға өнімдерді ресімдеу. Белгіленген құжаттарды ресімдеу.

Білуі тиіс: тапсырылатын өнімнің сапасын анықтау ережесін және ауылшаруашалық азық-түлектер мен шикізаттарды қабылдау ережесін; мемлекеттік стандарттар мен техникалық жағдайларды; ақауларды жою және оларды болдырмау тәсілдерін; белгіленген құжаттарды ресімдеу ережесін.
§ 327. Сынама іріктеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынама іріктегіштердің және арнайы құрылғылардың көмегімен қолмен кеннің, металдардың, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің, ерітінділердің, мұнай өнімдерінің, қатты минералды отынның, құрылыс материалдарының және басқ. сынамаларын алу және өңдеу. Зертханашының басшылығымен талдаулар, механикалы байқаулар және сынаулар өткізу. Сынамаларды тығындау, оларға этикеткалар дайындау. Оларды зертханаға жеткізудің сақталуын қамтамасыз ету. Сынамаларды сұрыптауға арналған ыдысты жуу және сақтау.. Алынған сынамалардың есебін жүргізу.

Білуге тиіс: әр түрлі қоймалық және өндірістік жағдайларда сынамалар алу ережесі мен тәсілдері; қызмет көрсетілетін объектіде немесе учаскеде сыналатын материалдардың, шикізат мен дайын өнімнің қасиеттері; сынамалардың сапасына қойылатын талаптар; сынама алғыштардың құрылысы.
§ 328. Сынама іріктеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынама іріктегіштер мен арнайы құрылғылардың немесе қысыммен немесе вакуумдағы аппараттарды және респираторларды пайдаланудың көмегімен агрессиялық немесе улы заттардың сынамаларын алу. Трихенеллезге сынамаларды сұрыптау. Сынамаларды пакеттерге ілу, кварттау, қысқарту, ауыстыру. Орта сынамалар дайындау. Қатты минералды отынның сынауларын алу және бөлу кезінде сынама алу және сынама бөлу машиналардың жұмысын қадағалау. Сынамаларды бөлу және қабаттау. Алып қойылған және өңделген сынамалардың есебін жүргізу және сәйкес актілер ресімдеу. Қызмет көрсетілетін машиналарды және механизмдерді жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: сынамалар алу және сынама өңдеу машиналарының және механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; оларды ұстау ережесі; қысым мен вакуумдағы аппараттардан агресситвті және улы заттарды алу ережесі мен тәсілдері; улы және жанатын заттарды ұстай білу ережесі.
§ 329. Сынама іріктеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Домналық пештердің колошнигінің радиусы бойынша газдың сынамаларын алу. Домналық пештің шахтасынан газды алу үшін тесіктерді тесу және тазалау. Шахтаның көкжиектерінде және домналық пештердің көрігінде температура мен қысымды өлшеу. Газдың сынамасын алу және фурмендік аймақтың температурасын өлшеу, сондай-ақ домналық пештердің әр түрлі көкжиектеріне жартылай сұйық қыздырылған материалдардың сынамаларын алу. Фурмалар бойынша ауаның шығынын өлшу. Шойын мен қождың сынамаларын алу. Сынамалар алу үшін жабдықтың ақаусыздығын тексеру және дайындау.

Білуге тиіс: домналық пештің құрылысы; шойынды балқыту процесінің негіздері; газдардың, шойынның және қождың химиялық және физикалық қасиеттері; пештегі қысым мен температурасынөлшеуге арналған аспаптардың құрылысы; газдардың, шойынның және қождың сынамаларын алу ережесі мен тәсілдері; оттегі аппараттарының құрылысы және жұмыс істеу ережесі.
§ 330. Қызмет иттерінің жол көрсетушісі (бастаушы)

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген қызмет иттерін қарау, оларды үйретедә және жаттығулар жүргізеді, күзет орындарында қою және одан алу. Иттерге, күзетке, жадық заттарына, керек – жарақтарына және т.б. арналған орындарды тәртіппен ұстау.

Білуі тиіс: қызметтік иттермен ұйымдастыратын жұмыстарды реттейтін нұсқаулықтарды, бұйрықтарды; қызмет иттерін үйретудің тәртібін; қарау, ұйымдастыру және ветеринарлық қызмет көрсету, қызмет иттерін дамыту және өсіру жөніндегі талаптарын; әрбір есептегі иттердің сиппатамасын, оның жұмысқа қабілеттелігін және кемістігін.
§ 331. Қызмет иттерінің жол көрсетушісі (бастаушы)

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Иттің көмегімен күзетілетін объектлердің аумағын арнаулы маршрут бойынша бөтен адамдардың болуын және материалдардың жақсысын ұрлауға дайындап қойғанын анықтау мақсатында аралап шығу. Іздестіру итімен қылмыс жасалған жерге шығу және қалдырған із бойынша қылмыскерді ұстауға әрекет жасау. Қызметтік – іздестіру итіне қарау және үйрету. Арнаулы керек – жарақтар мен жабдықтардың дұрыс жағдайда ұсталуы.

Білуі тиіс: қызметтік иттермен ұйымдастыратын жұмыстарды реттейтін нұсқаулықтарды, бұйрықтарды; тығылып қалған қылмыскерді және материалдардың жақсысын ұрлауға дайындап қойғанын анықтау мақсатында орындары мен объект аумағын қарау тәртібін; қызметтік – іздестіру иттерін үйрету жүргізудің тәртібін; : қызметтік иттерді тамақтандыру және ветеринарлық қызмет көрсету, қарау жөніндегі талаптар.
§ 332. Өнеркәсіптік альпинист

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Биік конструкцияларда, радиотелемұнараларда, тіректерде, көпірлерде, түтіндік құбырларда, газағарларда, тоннельдердің күмбездерінде, көпірлердің бұқаларында жөндеу - құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде альпинистік технологияларды пайдаланумен тірексіз кеңістікте технологиялық операцияларды орындау. Биік конструкцияларға тексерістер, ақауларын қарау мен анықтаулар жүргізу. Әр түрлі беттерді антикоррозиялық материалдармен жабу. Сырлау жұмыстарын жүргізу. Бірегей сәулетшілік объектілерді, храмдарды, ескерткіштерді, күмбездерді, стелаларды, құрылыстардың және ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіру. Жүк көтергіш механизмдерді: жүк арбаларды, жүкшылығларды пайдаланумен сәулетшілік элементтерін, балкондарды, ернеулерді өңдеу, қаптап жөндеу. Панельаралық жапсарларды бітеу, су ағатын құбырларды ауыстыру, терезелерді жуу. Автомобиль және темір жолдарының маңында тау баурайларын бүру, өндірістік қызмет аймақтарында қауіпті, еркін жатқан тастарды алып тастау немесе бекіту. Көтеру- төмен түсіруші жабдықты жинау және бөлектеу. Қиын қол жететін таулы аудандарға экскурсияларды мен экспедициялар өткізу кезінде көшкін және тас көшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Көшкінге қарсы шараларды қамтамасыз ету. Фильмдер түсіру, бұқаралық шараларды өткізу кезінде таулы рельефте қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: биіктікте жұмыс жасау кезінде жұмыстардың ерекшеліктері мен және сәйкес құжаттама; объектілерінің негізгі конструктивті ерекшеліктері, орындалатын жұмыстардың технологиясы; биікте құтқаратын жұмыстарды ұйымдастыру; көмек көрсету қабылдаулар; биіктіктерде объектілерде жұмыстарды орындау кезінде арқандарды, арқансымдарды, альпинистік жабдықтауды қауіпсіз қолдану ережелері; альпинистік жабдықтауға арналған қабыл алмауға байқаулардың ережелері және істеген жұмыс нормалары; қол және механикалы жүк арбалардың, жүкшығырлардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; сигналдар және қызметкерлермен, басқарушы жүк көтергіш механизмдармен әрекеттестік кезінде оларды қолдану тәртібі; арқансымдарды және арқандарды қосуға арналған түйіндерді пайдалану ережесі және негізгі қасиеттері; биіктікте жүктерді және адамдарды көтеру және түсіру, альпинистік жабдықтарды, контрукция элементтерін және тау рельефті қолданумен тіреусіз кеңістікте орын ауыстыру жүйесін ұйымдастыру.

Газ- немее электр дәнекерлеу жұмыстарын орындау, плазмалық кесу, тік ұшақтардың экипаждарымен бірлесіп биіктікте торкреттеу кезінде - 6-разряд.

Радиоактивті сәулеге түсіру көздерімен электрондық - сандық кешендерді, радио ұзындық өлшеуіштерді, магнит өлшеуіштерді, гиротеодолиттерді және лазер шағылдырғыш аспаптарды пайдаланумен жұмыстар орындаған кезде - 7-разряд.

Қосымша кәсіби білім қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет