Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Кеме құрастыру және кеме



бет13/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.66 Mb.
#124057
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

6) серіппелі аспалары бар амортизациялы платформалар, негізгі будың құбырларының сырғанау тіректері – орнату, монтажджау, реттеу, тапсыру;

7) өзара блоктаумен байланысқан арматура мен жабдық басқаруының білікті жетектері – жөндеу, монтаждау, іске тапсыру;

Әртүрлі жұмыстар:

1) әмбебап, борттан тыс, тұмсықты, ішкі аппарелилер – стендте алдын ала жинақтау, монтаждау, тапсыру;

2) жоғары қысым ауасының баллоны – сынаққа дайындау, сынау;

3) диаметрі 175-300 мм тетіктер (подшипниктер, төлкелер, саусақтар, тіс тегершіктер) – құралдар көмегімен және салқындату әдісімен гидравликалық, бұранда механикалық престерде тығыздау;

4) гидравликалық машиналар, желдету клапандары, отын және балласты цистерналар кингстондары мен кингстон жетектері, редукторлары бар сұрыптау желдеткіш жаппалар – дефектациялау, жөндеу, монтаждау, істе тексеру, тапсыру;

5) қосалқы механизмдер, құбыр жүйелері – жабдықты монтаждауды тапсыру және монтажды актілер мен куәліктерді жабу;

6) отынсорғылары, реттегіштер – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау, реттеу, түзету, сынау, тапсыру;

7) автомобильді платформалар – жинақтау, монтаждау, іске тапсыру;

8) ПГР-40 типтес гидравликалық тұтқа көтергіштері – жинақтау, монтаждау, іске тапсыру;

9) автомобильді платформалар секцияларын, тұмсықты жабу аппарелилерін көтеру жетектері – монтаждау;

10) қалқымалы бұрғылау қондырғыларында гидроакустикалық позиционирлеу жүйесі – монтаждау;

11) көмірқышқыл сөндіру станциясы, қуаты 500 кВт дейін турбогенераторлар, турбожетектер, негізгі үлестіру сауыттары – орнату, монтаждау;

12) реверсивті құбырлар, бу жаппалары– жинақтау, монтаждау, реттеу, сынау, саңылауларды тексеру;

13) газды талдау, газ өткізу, көмірқышқыл, қышқыл, сутекті, азотты, фреонды, вакуумды, салқындату, қысып нәрлеу құбырлары мен құбыр арматуралары, кеме дизельдеріне тығыз мұнай, айналым, май, өткізілген ауаны жіберу, негізгі және ингибиторлы қазандарды үрлету – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау, жуу, сынамасын алып шайқау, сынау және тапсыру;

14) телескопикалық құрылғылар – бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, монтаждау, орталықтау;

15) қалқымалы бұрғылау қондырғыларындағы, сүңгуір кешенді, зәкірлі толқын және ағын өлшегіштің датчиктерін түсіруге арналған құрылғылар – монтаждау;

16) қалқымалы бұрғылау қондырғыларында аспа инклинометрикалық жүйесінің белгілеу құрылғылары – монтаждау, баптау, тапсыру.

Параграф 6 . Кеменің слесарь-монтажшысы, 6-разряд
346. Жұмыс сипаттамасы:

цилиндрінің диаметрі 300мм-ден жоғары кеме дизельдерін, басты механизмдердің агрегаттарын, басты тісті құбырлар агрегаттарын, газқұбырларын орнату, турбиндерді, турбогенераторларды; көтеру-діңгекті және жылжымалы құрылғыларды, білік өткізгіштерді, подшипниктерді, еспе бұрандалары, конусты сақиналарды, білік өткізгіштердің диаметрі 250 мм-ден жоғары болған кезде майланбаларды ажырату, дефектациялау, жөндеу, монтаждау кезінде слесарьлық операцияларды орындау;

кемеде басты тісті құбырлар агрегаттарын, ажыратылған түрде түсетін кеме және турбин дизелдерінжинау, ортаға дәл келтіру және реттеу;

негізгі тоңазытқышты, жаппа келте құбырларды, автономды турбогенераторларды стендіде және кемеде жинаған кезде монтаждауға ортаға дәл келтіру;

оптикалық аспаптар бойынша ортаға дәл келтірілетін қосымша механизмдерді ортаға дәл келтіру және монтаждау;

агрегаттардың екінші және үшінші каскадтарына арналған амортизаторларды орнату және монтаждау;

аграгаттарды кейіннен ортаға дәл келтіре отырып, көтергіштер мен амортизаторларға орналастыру;

білігінің диаметрі 250 мм жоғары білік өткізгіштерді кез-келген тәсілмен монтаждау және ортаға дәл келтіру;

мортирлер мен кронштейндерді жону, білігінің диаметрі 250 мм жоғары орын қайтарымымен төлкелерді престеу және монтаждау;

арматураларды, құбыр өткізгіштерді қысымы 30, 0МПа жоғары (300кгс/см2) жүйелерді дефектациялау, жөндеу, жинау, монтаждау, гидравликалық сынау және 25,0 МПа (250кгс/см2) қысыммен сынау;

арматуралар мен жоғары қысымды ауа құбыр өткізгіштерін, гидравликаларды сынама жасаумен дефектациялау, жөндеу, жинау, монтаждау, жуу, илемдеу, сынау және тапсыру;

автоматиканы монтаждау, бу сынамасы, реттеу, негізгі қазандарды іс-қимылға жіберу;

машина-қазандық бөлімінің механизмдерімен автоматтық басқару жүйесін реттеу жұмысқа беру;

жанар-жағар май беруді, бу және газ бөлу құрылғыларын реттеу;

компрессорлар мен цилиндр диаметрі 200 мм жоғары тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын сынау, реттеу және іс-қмылға жіберу;

механизмдердің роторларын және электр моторлары зәкірлерін және массасы 1000 кг басқа да бөлшектерді динамикалық теңгерімдеу;

шварты, қозғалғыш және кеменің машина-қазандық механизмдерін кешенді сынауға арналған іске қосу мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

механизмдерді, құрылғыларды, білік өткізгіштерді және электр құрылғыларын сынаған кезде қажетті өлшемдерді алу;

команданы қабылдау және беру;

апат дабылы болған кезде қажетті шараларды қолдану;

кемені құрастырған кезде электр станциясының аға қызметкерінің міндеттерін, машина-қазандық бөлімнің аға қызметкерінің міндеттерін орындау, кеменің негізгі күш құрылғыларын және білік өткізуді жөндеу және монтаждау бойынша команданы басқару.

347. Білуге тиіс:

Қызмет көрсетілетін механизмдер, жабдықтар, құбыр өткізгіш жүйелер және автоматика боыйнша монтаждау, пайдалану және швартты, кешенді және қозғалғыш сынақ жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелерді;

кемелерге кеменің негізгі дизельденрін, турбиндерді, негізгі құбыр тісті агрегаттардыорнату тәсілдерін; кеме құрылғылары жүйесі мен барлық механизмдерінің өзара іс-қимылын;

кеме дезелдерінің газ бөлу әдістерін реттеуді;

монтаждаудың неғұрлым тиімді рәсімдерін;

техникалық шарттарды және негізгі мехенизмдерді, білік өткізгіштерді және арнайы құрылғыларды монтаждау жөніндегі ОСТ, пластиналы және коникалық амортизаторларға және арналған негізгі механизмдерді монтаждау ерекшеліктерін және АДС үлгісін;

салмақ жүктемесі мен қоршаған орта температурасының кемеде монтаждау жұмыстарын орындау дәлдігіне әсерін;

будың, судың, конденсант пен майдың шекті рұқсат етілетін және жұмыс өлшемдерін;

негізгі бу турбиндерін, газды турбин құрылғыларын және барлық режим кезінде қамтамасыз ететін оларға қызмет көрсететін механизмдерді реттеу ережесін;

техникалық өлшеу ережесін, ревизия кезінде ашу және жабу механизмдерін;

апат дабылдары бойынша іс-қимыл және кеме байланыс құралдары бойынша команданы қабылдау ережелерін, негізгі есу электр қозғалтқыштарының, электр қозғалысы қалқаны және басқару аппаратурасы бар генераторлардың құрылысын, техникалық сипаттамасын және іс-қимыл принципін;

жылу техникасымен, механикамен және электрлі техникамен байланысты ақауларды айқындау және жою.

348. Арнаулы орта білім талап етіледі.

349. Жұмыс үлгілері:

Негізгі механизмдер мен қазандар:

1) дизелді кеме, негізгі қазандар, құбырлар, бу машиналары– реттеу, тексеру,іс-қимылғы беру;

2) негізгі механиканың агрегаттары - тиеу, орталықтандыру,монтаждау;

3) негізгі механизмдерге амортизаторлар- орнату, бекіту;

4) блоктар мен фундамент рамалары, цилндрдің бөлшектенбейтін блоктары, бағандары, цилндр диаметрінен 300 мм жоғары кеме дизельдерінің цилиндрі – орнату, жинау, орталықтандыру, тексеру;

5) диаметрі 200 мм-ден жоғары иінді біліктер, подшипниктер - ажырату, дефектациялау, мойындарын калибрлеу, төсем бойынша қиюластыру, ысқылау, егелеу, төсеу, раскептер мен цилиндрлар бойынша тексеру, майлы саңылауларды тексеру,

6) диаметрі 20 мм –ден жоғары іліктерді орналастыру- бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, жинау, баптау, реттеу;

7) қанатты двигательдер - реттеу, тапсыру;

8) шина-пневматикалық муфталар – реттеу, байқап көру, тапсыру;

9) қуаттылығы 225 кВт жоғары (300 л.с. жоғары) бу машиналары - цилндрдің осьтік сызығына қатысты иінді біліктердің перпендикуляр біліктерін тексеру, жайғастыру, иінді біліктердің подшипниктердегі қиылысуын тексеру және білік құбырларына орталықтандыру;

10) кеменің ауадағы негізгі механизмдері – реттеу, іс-қимылға тапсыру;

11) негізгі құбырлардың айналу жиілігі мен жылдамдығын реттеуіштер – тексеру, орнату, іс-қимылға тапсыру;

12) тісті құбырлы негізгі агрегаттардың редукторлары- дөңгелек редукторы бойынша шестерндерді орталықтандыру, майлы саңылауларды орнату, байланыстың ілігушілігін тексеру;

13) негізгі турбинаның роторы - статистикалық теңгерімдеу, баптау;

14) турбиналар мен негізгі редукторлар - жөндеу алдында дефектациялау;

15) турбиналар мен негізгі тісті құбырлы агрегаттар- монтаждау; орталықтандыру, бақылау;

16) негізгі трубиналар – аксиальді және радикальді саңылауларды тексеру және орнату;

17) автоматты реттеу блоктары бар құбыр механизмдері- реттеу, іс-қимылға тапсыру;

18) лаберинттік, соңғы диафрагмаларды мықтау – жону үшін мөлшерін анықтау, радикальді және осьтік саңылауларды анықтау;

19) епті және тез бекітілетін құрылғылар - реттеу, іс-қимылға жіберу;

20) цилиндрдің диаметрі 300 мм –ден жоғары кеменің резерсивті және кеме дизельдерін жіберу құрылғылары –жинау, орнату, реттеу.

Білік өткізулер:

1) біліктер: тірегіш, аралық еспе, еспе бұрама, екі жақты құрылғылар, мортир төлкелер, конусты сақиналар, сальниктер, еспе бұрамалардың қалқаны, білік өткізетін құрылғылар, тежеуіштер, білік өткізгіштердің диаметрі 250 мм-ден жоғары болған кезде тахометр датчиктері – дефектация, жөндеу, тиеу, от алдыру, қиюластыру, фланцевті және гидравликалық байланыстарды жинау, жартылай муфталарды орнату, төлкелерді престеу, монтаждау, қандай бір әдіспен орталықтандыру, іс-қимылға жіберу;

2) біліктің диаметрінен 250 мм жоғары бұранда қадамын өзгеру механизмі –дефектация, жөндеу, жинау, монтаждау;

3) диаметрі 250 мм-ден жоғары білік өткізгіштердің подшипниктері (негізгі төзімді, сүйеніш) - қиюластыру, ысқылау, жөндеу, монтаждау, майлы саңылауларды тексеру және тапсыру.

Әртүрлі жұмыстар:

1) диаметрі 350 мм-ден жоғары бөлшектер (подшипниктер, төлкелер, саусақтар, шестерндер және тағы басқа) - гидравликалық, бұранда, механикалық престердегі суық әдіс бойынша және игеру көмегімен престемелеу және престеу;

2) негізгі конденсатор – тиеу, ортаға дәл келтіру, монтаждау, сынау;

3) макет –негізгі механизмдердің кондукторлары – орнату, ортаға дәл келтіру;

4) машиналар және рөл және жетек құрылғыларды – реттеу, баптау, іс-қимылға жіберу;

5) көтеру-діңгекті және жылжытқыш құрылғылар – ортаға дәл келтіру; монтаждау, сынау, іс-қимылға жіберу;

6) су астындағы қанаттағы кеменің қанатты құрылғылары – жөндеу және реттеу, электрлі оқшаулау мен шабуыл бұрыштарын қалпына келтіру және.

25. Кемені жөндеуші слесарь


Параграф 1. Кемені жөндеуші слесарь, 1-разряд

350. Жұмыс сипаттамасы.

бөлшектерді слесардың қол құралдарымен деталдарды еркін мөлшерлерге өңдеу;

машина мен механизмдердің бөлшектерін тазалау және жуу;

әртүрлі материалдардан жасалған тығыздылған сақиналар мен төсемдерге арналған дайындама әзірлеу;

қарапайым өлшеу құралдарын қолдану;

жауапсыз бөлшектерді өңдеу кезінде слесарлық жұмыстарды орындау (түзету, кесу, тазарту);

бөлшектерді қайта қосу.

351. Білуге тиіс:

кеменің негізгі бөліктерінің орналасуы мен атаулары;

арматураның белгіленуін;

слесарлық жұмыстарды орындаудың әдістері, жауапсыз бөлшектерді өңдеу кезінде слесарлық жұмыстарды орындау кезінде орындалатын негізгі міндеттерді;

слесарлық және өлшегіш құралдардың кең тараған қарапайым айлабұйымды қолдану шартын және бекітуді;

консервацияланатын материалдарды қолдану ережесін және бекітілуін.

352. Жұмыс үлгілері:

1) диаметрі әртүрлі арматура – тазалау, сыртқы бетті қайта іске қосу және консервациялау;

2) биркалар – дайындау;

3) қосымша және палуба механизмдері қақпағының блоктары – тазалау;

4) әр түрлі бөлшектер ­- механикалық өңдеуден кейінгі тазалау, қайта іске қосу, консервациялау, пісірілген жерлерді егелеу, қағазбен немесе үлбірмен орау.

5) қызыл мыстан және эбониттен жасалған доңғалақтарға арналған дайындамалар –кесу;

6) уақытша қорғалынған қаптамалар - алу және орнату;

7) қапшық – алу, орнату;

8) қосымша механизмдердің іргетасы –қайта іске қосу, консервациялау.

Параграф 2. Кеме жөндеуші слесарь, 2-разряд


353. Жұмыс сипаттамасы.

11-12 квалитет (5-4 сыныпты дәлдігімен) бойынша бөлшектерді және дайындамаларды слесарьлық өңдеу;

жылу алмастыратын аппараттардың (жетексіз) ортаға дәл келтірілмеген қосымша механизмдердің және палуба механизмдердің жауапсыз түйіндерін ажыратқан және жинаған кезде слесарьлық жұмыстарды орындау;

қолданылатын құралды қайрау (бұрғыдан басқа);

қарапайым бөлшектерді белгілеу;

қайта қалпына келмейтін арматураны бөлшектеу;

қосымша механизмдерді, жабдықтарды қайта іске қосу, жуу, майсыздандыру және сырттай консервациялау;

коллекторларды, ресиверлерді тазалау;

пневматикалық және электрлік құралдармен жұмыс істеу;

кеме дизельдерін, білік өткізгіштерді, құрылғыларды бөлшектеген кезде жоғары білікті кеме жөндеуші слесарьдың басшылығымен ортаға дәл келтіретін қосымша және палуба механизмдерін, жылу алмастырушы аппараттарын монтаждау және жөндеу, жинақтау, ажырату кезіндегі жұмыстарды орындалу; тасымалдауға жауапты бөлшектерді дайындау (бітегіштерді, ұштықтарды, сақтандырғыш қалпақтардың орнатылуы және тағы басқа).

354. Білуге тиіс:

көмекші және палубты механизмдер мен құрылғылардың әрекет ету принципі мен тағайындалуын, оларды бөлшектеу, жөндеу және монтаждаудың жүйелілігін;

кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлерін;

пневматикалық және электрлік құралдарды қолдану жолдары мен ережесін;

кеме жөндеуде қолданылатын болаттардың және түсті металдардың негізгі маркаларын;

бөлшектерді сласарьлық өңдеу ережелері мен қарапайым тораптарды жинауды;

бөлшектер мен тораптарды қайта іске қосу және консервациялау тәсілдерін және консервацияланатын матариалдардың маркалары мен тағайындалуын; күрделі емес сызбаларды оқуды.

355. Жұмыс үлгілері:

1) шығыс, жанар майлы, майлы бактер – бөлшектеу, ажырату;

2) болттар, гайкалар - егелеу, шабу, кескішпен кесу;

3) желдеткіш және каютты желдеткіштердің басы - шешу, жөндеу, орнату;

4) кеменің негізге күшті құрылғыларының бөлшектері – ұзақ сақтау үшін концервациялау;

5) бөлшектер - пнивматикалық құралдардың көмегімен кесу;

6) кеме дизельдері, бу машиналары, трубиналар - бөлшектер мен тораптардықақтан, күйеден тазалау;

7) иллюминаторлар – шешу;

8) трал жүк арбасы желпуіш салушысының кареткасы - бөлшектеу, ажырату;

9) желдеткіш қақпақшалары мен апат жапқыштары- бөлшектеу, ажырату;

10) қаптама руль қауырсыны – шешу;

11) қарапайым кронштейндер, тіреуіштер, тақтайшалар – дайындау, орнату;

12) қарау люктерінің қақпақтары- шешу;.

13) май көрсеткіштері, май құбырларын мәжбүрлеп майлау– шешу, ажырату;

14) қолдық палубының механизмдері (шпилдер, шығырлар, жүк, шлюпка, кран- мәткелер, пеш жаппасы және тағы басқа) – бөлшектеу;

15) көмекші және қайта өңдеу қазандарын, механизмдердін, құрылғыларды әдіптеу– бөлшектеу;

16) айымашылығы бар белгілер мен тақтайшалар –шешу;

17) қайнау тақтайшалары - роульстерді жөндеу;

18) машиналық- қазандық бөлімнің тақтайлары мен баспа – шешу;

19) конфигурациялардың жапырақты материалдарынан (резеңке, желкенше, паронит, фибра және тағы басқа) қарапайым төсеніштер - дайындау, орнату;

20) көмекші механизмдердің протекторлары мен жылу алмастырушы аппараттар – айырбастау;

21) шпигаттардың торлары – дайындау;

22) кеме дизельдерінің, құбырсорғыштарының, рөл машиналарының салқындатқыш, ауа, майлы құбырлары - ажырату;

23) майлы, жанар майлы, ауа, су, сүзгіштер, саз қораптар санитарлық-техникалық құрылғылар – бөлшектеу;

24) көлденең және иілген шнектер, шкивтер, таспалы транспартерлер (редукторсыз) - бөлшектеу, ажырату;

25) 16 мм дейінгі диаметрлі түйреуіштер- бұрғылау;

26) картер қалқандары - шешу.

Параграф 3. Кеме жөндеуші слесарь, 3-разряд
356. Жұмыс сипаттамасы.

бөлшектер мен бұйымдарды 9-11 квалитет бойынша (дәлдіктің 4-3сыныбы) слесарьлық өңдеу;

ортаға дәл келтірілмейтін қосымша және палубалы (жетексіз және жетекті) механизмдерді бөлшектеу, жөндеу және монтаждау, жылу алмасу аппараттарын бөлшектеу кезінде слесарьлық операцияларды орындау;

қолданылатын аспапты қайрау;

диаметрі 108 мм дейінгі және қысымы 1,5 МПа (15 кгс/см2) дейінгі арматураны (арнайы жүйелерден, гидравликадан, жоғарғы қысым ауасынан, басты және қосымша будан және т.б басқа) дефектация, жөндеу, жинау, монтаждау;

құбырлар және жүйелер арматураларына кемеде 1,5 МПа (15 кгс/см2) дейінгі қысыммен гидравликалық сынақ жүргізу;

қосымша және қайта өңдейтін қазандарды, білік өткізгіштерді, мойынтіректерді, ескіш бұрамаларды біліктің диаметрі 100 мм дейін болған жағдайда, тоңазытқыш қондырғылардың құрал-жабдықтарын, қуаты 225 кВт (300 а.к.) дейінгі бу машиналарын бөлшектеу;

цилиндрінің диаметрі 175 мм дейін болатын кеме дизельдерін бөлшектеу;

гидравликалық, бұрама, механикалық баспақтарда диаметрі 80 мм дейінгі айлабұйымдардың көмегімен бөлшектерді баспақтау;

күрделі емес бөлшектердің өлшемін алу, эскиз құрастыру.

357. Білуге тиіс:

негізгі жинау бірліктерінің және кеменіңк күш беретін қондырғыларының (дизельдердің, бу машиналарының, турбиналардың) бөлшектерінің мақсатын және құрылысын;

қосымша кеме механизмдерінің, құрылғыларының құрылысын және оларды пайдалану ережелерін, оларды жөндеуге қойылатын техникалық талаптарды; бөлшектерді белгілеу тәсілдерін;

пневматикалық және электр аспабының құрылысын және мақсатын; нормаларды, салалық және мемлекеттік стандарттарды;

кедір-бұдырлық шектерін, қондыруларын, квалиттеттерін және параметрлерін;

арнайы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспабының мақсатын және оларды қолдану ережелерін;

күрделілігі орташа сызбаларды оқу ережелерін;

басты турботісті агрегаттардың әрекет ету принципін, турбиналардың үлгілерін, олардың принциптік ерекшеліктерін.

358. Жұмыс үлгілері:

1) балық тұздау агрегаты, ау сілку машиналары –бөлшектеу, ажырату;

2) вакуум – кептіргіш аппараттары, технологиялық құрал-жабдықтардың бәсеңдеткіштері, мұздату арбалары, балық кескіш – ажырату, дефектация, жөндеу, монтаждау;

3) жылу алмасу аппараттары –бөлшектеу, ажырату;

4) желдету және ауа баптау жүйелерінің арматурасы – бөлшектеу;

5) баллондар – бөлшектеу;

6) брашпильдер, шпильдер, электр және бу жүкшығырлары – бөлшектеу, тежегіштік құрылғыларды және қол жетектерін жөндеу;

7) ескіш біліктер – эпоксидті құрамды шыныматасыз жағу;

8) деңгейдің су көрсеткіштері (бу қазандарынан басқа) – шешіп алу, жөндеу, орнату, сынау;

9) ауа салқындатқыштар, май салқындатқыштар, қысым релесі, таратқыштар –бөлшектеу, ажырату;

10) диаметрі 80 мм дейінгі бөлшектер (төлкелер, саусақтар, мойынтіректер және т.б.) – гидравликалық, бұрама, механикалық баспақтарда және суық әдіспен баспақтау және баспалау;

11) гидравликалық домкраттар, монтаждық мойынтіректер –бөлшектеу, ажырату;

12) аспалы жол – бөлшектеу, дефектация, жөндеу;

13) турбиналардың, кеме дизельдердің, механизмдерінің, бәсеңдеткіштердің тұрқыларындағы саңылауларға арналған бұқтырмалар – орнату;

14) тралдық жүкшығырдың желпуіш төсегішінің күймешесі – дефектация, жөндеу, жинау, орнату;

15) жетегі бар енгізу, шығару клапандары –бөлшектеу, ажырату;

16) компенсаторларсыз су жинағыштары (енгізу, шығару) –бөлшектеу, жөндеу, жинау, компенсаторлармен қоса жинақтау –бөлшектеу, ажырату;

17) турбина тұрқысы – тазалау, жуу, гранитті массаны жағу;

18) қарау люктерінің, қылталардың, цистерналардың қақпақтары, шпигаттар – орнату;

19) май көрсеткіштері, мәжбүрлеп майлаудың май өткізгіштері – жөндеу, орнату;

20) рөл машиналары, турбосығымдағыштар, шпильдер, брашпильдер және т.б. қосымша механизмдер – қайта іске қосу, консервациялау.

21) ау іріктеу машиналары – бөлшектеу, жөндеу, монтаждау;

22) кеме дизельдерінің және турбиналардың аспалы механизмдері – бөлшектеу, ажырату;

23) палубалық қол механизмдері – жөндеу, монтаждау;

24) кемедегі тұрмыстық мақсаттағы механизмдер (кір жуу машиналары, центрифугалар, картоп аршығыштар, қамыр араластырғыштар) – бөлшектеу, ажырату;

25) ылғалды, аспалы ауа сорғылары– бөлшектеу, ажырату;

26) технологиялық құрал-жабдық (бас шабу, тері алу және жуу машиналары; балық ұнын алу, балық консервілерін әзірлеу және май еріту қондырғылары; тасымалдағыштар және трюм элеваторлары) –бөлшектеу, ажырату;

27) тақтайшалар және ерекшелейтін көрсеткіш тақташалар – дайындау, орнату;

28) тақталар, машина-қазан бөлімінің траптары – орнату;

29) арматураны немесе құрал-жабдықтарды (құбырлар, жол кронштейндері, топсалы жалғастырғыштар және тағы басқа) басқару жетектері – дайындау, монтаждау;

30) сопақ, әшекейлі, кез-келген материалдан жасалған төсемдер – дайындау, орнату;

31) негіз жақтаулар, цилиндрлердің қақпақтары, цилиндрінің диамтері 175 мм болатын кеме дизельдерінің бұлғақтары бар поршеньдер – бөлшектеу;

32) дейдвудтық тығыздамалар, біліктің диаметрі 100 мм дейін болатын жағдайда іріктемелеуші – іріктеу, нығыздаманы ауыстыру;

33. Турбосығымдағыштар – бөлектеу.

34) май, отын, ауа, су сүзгіштері, батпақ қораптары, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар – жөндеу, жинау, монтаждау;

35) картер шиналары – орнату.

Параграф 4. Кеме жөнлеуші слесарь, 4-разряд
359. Жұмыс сипаттамасы.

бөлшектерді дәлдіктің 9-7 квалитеті бойынша слесарлық өңдеу (дәлдіктің 3-2 сыныбы);

білік өткізгіштерді, мойынтіректерді, білігінің диаметрі 100 мм-ге дейінгі ескіш бұрамаларды, цилиндрінің диаметрі 200 мм дейін болатын тоңазытқыш қондырғылардың сығымдағыштарын, қуаты 225 кВт дейінгі (300 а.к.) бу машиналарын, бу, электр, қосымша және палубалы механизмдердің түзілімдері мен бөлшектерін ортаға дәл келтіру шегі: ығысу – 0,20 мм, сыну – 0,25 мм/м болған жағдайда бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу,монтаждау;

тіректік беттерді, негіздерді, сыналарды, төсемдерді 0,10 мм дейінгі дәлдікпен пневматикалық және электр машиналарының, жылжымалы станоктардың көмегімен өңдеу;

диаметрі 108 мм артық, 258 мм дейін, қысымы 1,5 МПа асатын, 10,0 МПа дейінгі (15-тен артық, 100 кгс/см2 дейінгі) арматураны (арнайы жүйелер: гидравликадан, жоғарғы қысым ауасынан, басты будан, т.с.с. басқа) және жылу алмасу аппараттарын дефектациялау, жөндеу, монтаждау;

арматураны, құбырларды және жүйелерді (арнайы жүйелер: гидравлика, жоғарғы қысым ауасы, басты және қосымша бу, т.с.с. басқа) кемеде 1,5 асатын, 10 МПа дейінгі (15-тен асатын, 100 кгс/см2 дейінгі) қысыммен гидравликалық сынау және 1,0 асатын, 5,0 МПа дейінгі (10-нан асатын, 50 кгс/см2 дейінгі) қысыммен пневматикалық сынау;

цилиндрінің диаметрі 175-300 мм аралығында болатын кеме дизельдерін, цилиндрінің диаметрі 200 мм асатын тоңазытқыштық қондырғылардың сығымдағыштарын, қуаты 225 кВт-тан асатын (300 а.к.) бу машиналарын, білік өткізгіштерін, ескіш бұрамаларды, білік диаметрі 100-250 мм аралығында болатын тығыздамаларды, арнайы жүйелер (гидравлика, жоғарғы қысым ауасы, басты және қосымша бу) арматурасын бөлшектеу;

Кеме құрылғыларын жөндеу;

тұщыландырғыш қондырғыларды, палубалық механизмдерді түзету және жұмыс істеп тұрған күйінде тапсыру;

қосымша механизмдерді, құрылғыларды және жылу алмасу аппараттарын болат арқан және жүріс сынақтары кезінде іске қосу және қызмет көрсету, ақауларды анықтау және оларды жою.

360. Білуге тиіс:

кеменің күш беретін қондырғыларының үлгілерін, олардың құрылымдық ерекшеліктерін;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет