Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет17/26
Дата14.06.2016
өлшемі1.98 Mb.
#134833
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
§ 8. БІЛІКТЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыбық тәрізді және жайпақ металлдан жасалған бөлшектердің суықтай қалыңдығы 30-дан жоғары және ыстық күйінде 40-тан жоғары түрлі біліктерде және сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Каркастар, макеттер және модельдер бойынша күрделі бөлшектерді ию. Көп клеткалы стандарда болат пен қорытпа қоспаланған маркалардан жасалған жұқартатын таспаларды күшейту. Стандарды баптау. Таспаның түрлі өлшемдерін илемдеу үшін біліктер мен роликтер теңшеу және реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі; бірегей және арнайы айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын теңшеу және реттеу ережесі; берілген дәлдікке қол жеткізу тәсілдері; илемді болат пен қорытпалардың химиялық құрамы; жасалатын өнімге қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері. Каркас бойынша ию:

1. Ағызба бөлшектері.

2. Дейдвудты жаймалар.

3. Префорирленген жаймалар.

§ 9. ИНЕ ТӘРІЗДІ РОЛИКТЕР МЕН ШАРИКТЕРДІ БІЛІКТЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес бунттық және шыбық тәрізді материалдан жасалған түрлі мөлшердегі ине тәрізді роликтер мен шариктерді суық күйінде біліктеу автоматтарында илеу және біліктеу. Аспапты орнату. Жұмыс процесінде пышақтар мен біліктерді ауыстыру. Бақылау-өлшеу аспаптары арқылы шариктер мен роликтердің диаметрлерін, жүзін және ұзындықтарын өлшеу. Автоматтардың жұмысын қадағалау және оларды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін біліктеу автоматтарының құрылымы, кинематикалық тәсімдері, баптау және дәлдігін тексеру ережесі; аспа құрылысы ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары; рұқсат берілген шегі мен отырғызу жүйесін.

§ 10. СОЗУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Барлық кескіндегі және маркадағы болаттан жасалған шыбық тәрізді материалды 30 мм-ге дейін кесіп созу стандарында созу және калибрлеу. Материалды станға жіберу. Материалдың ұшын ұштау машиналарында ұштау. Созу жылдамдығын реттеу. Стандарды баптауға, созғыштарды ауыстыруға және шыбықтарды созуға дайындауға қатысу. Материалдың ұшын машиналарда өру, біліктеу. Металлды созғыштардан өткізу, оның ұштарын созу арбасымен бекіту немесе ұшын ұстау. Жоғарырақ білікті созушының басшылығымен шыбық тәрізді шыбық материалды 30-дан жоғары 70 мм-ге дейін кесіп созу стандарында созу және калибрлеу.

Білуге тиіс: бүр үлгідегі созу стандарының жұмыс істеу қағидаты; созуға арналған шыбықтардың ұштарын дайындау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары; суықтай созатын бұйымдар өндірісінің принципиалды тәсімі; термоөңдеу аралық операциялары мен қосымша операциялар; бұйымдарды өңдеу және тапсыру ережесі; өңделетін металдарды негізгі механикалық қасиеті; кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

§ 11. СОЗУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Барлық кескіндегі және маркадағы болаттан жасалған шыбық тәрізді материалды 30 мм-ден жоғары 70мм-ге дейін кесіп созу стандарында созу және калибрлеу. Созғыштарды және созу жылдамдығын берілген технология және созу режимі бойынша орнату. Созу стандарын, алмалы-салмалы және көтергіш механизмдері мен салқындату жүйесін баптау. Жоғарырақ білікті созушының басшылығымен шыбық тәрізді шыбық материалды 70 мм-ден астам кесіп созу стандарында созу және калибрлеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі созу стандары мен созуға арналған қосымша жабдықтың құрылымы, жұмыс істеу қағидатыжәне баптау ережесі; созу процесінің негіздері; созу станының шекті жүктемесі; созғыштарды орнату және ауыстыру тәртібі; жасалатын сым мен шыбыққа мемлекеттік стандарт бойынша қойылатын талаптар; биркалы жүйені сақтау ережесі; бақылау-өлшеу аспабы мен арнайы айлабұйымдардың құрылымы; кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

§ 12. СОЗУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Барлық кескіндегі және маркадағы болаттан жасалған шыбық тәрізді материалды 70мм-ден астам кесіп созу стандарында созу және калибрлеу. Шыбықтан жасалған дәлме-дәл фасондық кескіндерді созу. өңдегеннен, шайғаннан, сарғайтқаннан және әктегеннен кейін металлды созуға дайындау сапасын айқындау және созғыш аспаптың жұмысқа жарамдылығын айқындау. Дайындаманың өлшемін есептеу. Созу жылдамдығын бекіту. Созу стандарын, ұштау машиналарын, алмалы-салмалы және көтергіш механизмдері мен салқындату жүйесін баптау.

Білуге тиіс: түрлі созу стандары мен созуға арналған басқа да жабдықтың кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі; сығудың шекті көлемі және созу жылдамдығы; шикізатқа және дайындалатын өнімге техникалық шарттары; созу кезінде металлдың сапасына өңдеудің және күйдірудің әсері; түрлі металлдарды созу кезектілігі мен ауыспалы саны; арнайы айлабұйымдардың құрылымы; орындалатын жұмыс шегінде металл өңдеу және термиялық өңдеу негіздері; кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

§ 13. СОЗУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тез бұзылмайтын, ыстыққа төзімді, күрделі қоспаланатын және басқа да арнайы маркадағы болатқа ыстықтай металды қыздыруға арналған құрылғыға (қорғасын немесе тұз бұлаулар, ТВЧ құрылғылары, электр байланысты қыздыру және т.б.) бір мезгілде қызмет көрсете отырып, шыбық тәрізді және бунтты металлды созу стандары мен арнайы желілерінде созу және калибрлеу. Созуға дайындалған металлдың сапасын, қызу температурасын, созу жылдамдығы мен созғылау санын айқындау. Байланыс құрылғылары мен ТВЧ құрылғыларында металлды қыздыру режимін айқындау. Металлды қыздыруға арналған созу стандары мен құрылғыларын баптау. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі созу стандарының, қыздыру құрылғылары мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен жұмыс істеу қағидаты; фильера орнату және ауыстыру әдістері; металл өңдеу және металлды қысыммен өңдеу негіздері мен теориясы; металлды созу, өңдеу және термоөңдеудің оны созғанда сапасына әсері; кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.


§ 14. ҚҰБЫР ИЮШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта бір жерінен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды суықтай ию. Жоғарырақ білікті құбыр июшінің басқаруымен бір және бірнеше жазықтықта бірнеше жерден иілген құбырларды айлабұйымдар және құбыр ию станоктарын арқылы шаблон бойынша суықтай ию. Құбыр июден алдын шаблондарды қиыстыру.

Білуге тиіс: құбыр игіш станоктардың құрылымы; олардың маңызды бөліктерінің атаулары мен қызметі; жұмыста қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі; күрделі емес сызбаларды оқу ережесі.

Жұмыс үлгілері

Диаметрі 38 x 3 мм-ге дейінгі, ұзындығы 4000 мм-ге дейінгі құбырлар - ию.

§ 15. ҚҰБЫР ИЮШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта бірнеше жерінен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды шаблон бойынша айлабұйымдар немесе бапталған құбыр игіш станоктар арқылы суықтай ию. Жоғарырақ білікті құбыр июшінің басшылығымен игіш қалпақтар мен айлабұйымдарды орнату.

Білуге тиіс: үлгілік құбыр игіш станоктардың жұмыс істеу қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары; құбырлардың мемлекеттік стандарттары, доғалары мен бұрыштарын өлшеу бірліктері.

Жұмыс үлгілері

1. Иіндері – ішкі жағынан толқынды өсінділерді түзету.

2. Ию автомобильдеріне арналған бензин құбырлары мен тежегіш жүйесінің құбыршалары.

3. Диаметрі 20 мм-ге дейін кереуеттерге арналған құбырлар – ию.

4. Су қыздыру құбырлары – механикалық тәсілмен консервациядан алу.

5. Диаметрі 38 x 3 мм-ден асатын, ұзындығы 4000 мм-ден артық құбырлар – ию.

6. Бір жазықтықтағы қайнататын және басқа да екі иінді құбырлар – ию.

7. Автомобильдердің сөндіргіштеріне арналған қабылдау және пайдаланылған құбырлар - ию.

§ 16. ҚҰБЫР ИЮШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта көп жерінен қолмен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды сызбалар және шаблон бойынша айлабұйымдар немесе құбыр игіш станоктар арқылы суықтай ию. Белгілі бір диаметрдегі игіш қалпақтар мен айлабұйымдарды орнату. Құбыр игіш станоктарды баптау. Сығылған қазандық құбырларды ию, оларды ішкі және сыртқы диаметрлері бойынша қалибрлеу және гидравликалық сынау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктардың құрылымы және жұмыс істеу қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың құрылымдары; барлық диаметрдегі және дорндағы игіш қалпақтарды пайдалана отырып ию тәсілдері; ию кезінде құбырларды ию мен материалдардың бұзылу шектері; құбыр ұзындықтарын жайып есептеу әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. Бумен қыздырғыш иректемелері – иіндерін ию.

2. Кәдеге жарату қазандығының диаметрі 1200 мм иректемелері – ию.

3. Үш жерінен иілген қосымша және негізгі қазандықтар үшін су жылытатын, ұзындығы 4000 мм-ге дейінгі құбырлар – ию.

4. Үш жерінен иілген су жылытатын құбырлар – шаблон бойынша тексеру, жеткізу және шарикпен илемдеу.

5. Диаметрі 20 мм-ден асатын кереуеттерге арналған құбырлар – ию.

6. Бу қазандықтарына арналған қайнататын құбырлар – ию.

7. Бумен қыздыратын секциялар мен экономайзер секцияларының құбырлары – ию.

8. Құбыржол құбырлары – түрлі жазықтықта ию.

9. Полиэтиленмен футерленген құбырлар – ию.

10. Бу қазандықтары экранының құбырлары – екі жазықтықта ию.

§ 17. ҚҰБЫР ИЮШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта көп жерінен қолмен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды түрлі жазықтықта түрлі үлгідегі айлабұйымдар немесе құбыр игіш станоктар арқылы көп сатылы суықтай ию. Жоғары жиіліктегі токта қыздырып немесе арнайы пештерде диаметрі 200 мм-ге дейінгі құбырларды ию. Барлық диаметрдегі игіш қалпақтарды және айлабұйымдарды орнату. Түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктарды баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; сызбалар, эскиздер, макеттер бойынша, жаймалар бойынша құбыр ию үшін шаблондарды жасау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Үш жерінен иілген қосымша және негізгі қазандықтар үшін су жылытатын, ұзындығы 4000 мм-ден асатын құбырлар – ию.

2. Автомобильдер үшін тұтқалардың, арқалығы және тұғырына арналған құбырлар - ию.

3. Электр станциялары мен барлық маркадағы диаметрі 200 мм-ге дейінгі турбиналарға арналған бу өткізетін және су өткізетін құбырлар – түрлі жазықтықтағы көп иінді ию.

4. Бу қазандықтарының түрлі мөлшердегі экрандарының құбырлары – түрлі жазықтықта көп иінді ию.


§ 18. ҚҰБЫР ИЮШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта көп жерінен көп иінді иілген болат, мыс және басқа да құбырларды түрлі жазықтықта түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктар арқылы көп сатылы суықтай ию. Жоғары жиіліктегі токта қыздырып немесе арнайы пештерде диаметрі 200 мм-ден асатын құбырларды ию. Барлық диаметрдегі құбырларды және қабырғаларының қалыңдықтарын июге арналған станоктарды баптау. Құбырларды қыздыру режимін орнату. Күрделі құбыржолдардың сызбалары мен тәсімдерін оқу. Арнайы плаздағы иілген жерлерін тексеру.

Білуге тиіс: барлық құрылымдағы құбыр игіш станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі; қоспаланған болат пен қорытпадан жасалған құбырларды өңдеудің ерекшеліктері; құбырларды өңдеу әдістері; жоғары жиіліктегі токтарды қыздыру кезінде болаттың құрылымдық өзгерістері туралы.

Жұмыс үлгілері

Электр станциялары мен барлық маркадағы болат турбиналарға арналған бу өткізетін және су өткізетін диаметрі 200 мм-ден асатын құбырлар – түрлі жазықтықтағы көп иінді ию.

§ 19. БАСТЫРМАЛАТУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті бастырмалатушының басшылығымен арнайы бапталған бастырмалатқыш, тегістегіш және өргіш станоктарда бөлшектер мен бұйымдарды бастырмалату, тегістеу және өру. Құбыр тазарту құрылымдары мен станоктарындағы бу шығаратын және түтін шығаратын құбырларды тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктарының, қолданылатын айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен құрылымы туралы негізгі ұғымдар; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы; түтін шығаратын және ыстық шығаратын құбырларды тазарту жөніндегі жұмыс тәсілдері; құбыр қабырғаларының қалыңдығына қойылатын шекті өлшемдері; сызбалар мен калибрлердегі дәлдіктер сыныбының шартты белгілері.

Жұмыс үлгілері


  1. РС, РСБ бұйымдардың аспалы гайкалар – корпусқа гайка кесіктерін

бастырмалау.

  1. Қағаз диэлектригі бар тұрақты ыдыстар конденсаторларының

гильзалары – механикалық аспаптарда кесіктерді тегісту.

  1. Панель ұяшықтары – төлкелерді бастырмалату.

  2. Қағаз конденсаторлары герметизделген шағын габаритті – станокта

немесе механикалық аспаптарла бастырмалату.

  1. Шағын габаритті қағазды, металды қағазды және пленкалы

конденсаторларының корпустары – қол аспаптарда бастырмалату.

6. Трансформаторларға арналған гетинакстан жасалған платтар – төлкелерді бастырмалату.

7. Түтін шығаратын және ыстық шығаратын құбырлар – қабыршақтан, ластықтан, қарайған жерлерден ұштарын тазалау.

§ 20. БАСТЫРМАЛАТУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы бапталған бастырмалатқыш, тегістегіш және өргіш станоктарда жайма, сұрыптық және пішінді металдан жасалған қарапайым бөлшектер мен түзу сызықты бұйымдарды бастырмалату, тегістеу және өру. Цилиндр бұйымдар мен ірі бөлшектерді роликті тегістеу станоктарында тегістеу.

Білуге тиіс: үлгілік өретін, бастырмалататын және тегістейтін станоктардың құрылымы және жұмыс істеу қағидаты туралы негізгі ұғымдар; кеңінен таратылған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары; кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Салатын банкалар, ыдыстар және басқа да металл шаруашылық заттары – бортты тегістеу, құрастыру және тегістеу.

2. Бұлаулар – ию, борттау және бортты тегістеу.

3. Жинақы түзеткіштер – екінші ұшын бастырмалату.

4. Барабандарды және басқа да бөлшектердің қақпақтарының мойындары – бастырмалату, сымдар мен жіктерін тегістеу.

5. Ішетін және көйлек-көншектік бактардың түптері мен корпустары – бастырмалату.

6. Термитті патрондардың түптері мен қақпақтары – бастырмалату.

7. Ауыспалы резистордағы жапсырмалар – бастырмалату, бірікпелердің беріктігін тексеру.

8. Жүк автомобильдерінің дөңгелектеріне арналған қайрайтын сақиналар - өру.

9. Қағаз конденсаторлар герметизделген шағын габаритті – арнайы жартылай автоматта қысу.

10. Оксидті конденсаторлар – гидравликалық престерде арнайы штампылармен бастырмалату.

11. Оксидті конденсаторлар шағын габаритті – бастырмалау немесе иректеу.

12. Танталды және ниобиев конденсаторлары – қондырғыда оқшаулағыштың түтіктерін қысу.

13. Триацетат пленкадан жасалған корпустар – бастырмалату.

14. 2РМ, РС, РСБ бұйымдары ажыратқыштарының корпустары – станокта корпус кесігін бастырмалату, корпустағы оқшаулауғыштар бастырмаларының беріктігін тексеру.

15. Оксидті конденсаторлардың қақпақтары – корпустарға бастырмалату.

16. Болат ыдыс – бортын бастырмалату.

17. "Киловольт II" штепсель бұйымдары ажыратқышы – кабельде иректеу; шеті бойынша байланыстарды қысу.

18. Штепсель ажыратқыштары - завальцовка.

19. ПЛЗ-1,2 стакандар - тегістеу.

20. ПЛК-50 стакандар - бастырмалату.

21. Түтін шығаратын құбырлар – тегістеу.

22. Түсті металдан жасалған құбырлар, шыбықтар – ұстағыштарын соғу және бастырмалату.

23. ИКПТ шпилькалары – қалпағы бар шпилькаларды жинау және бастырмалату.
§ 21. БАСТЫРМАЛАТУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы бастырмалатқыш, тегістегіш және өргіш станоктарда және сығымдағыштарда жайма, сұрыптық және пішінді металдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектер мен түзу сызықты бұйымдарды бастырмалату, тегістеу және өру. Жұмыс уақытында станоктарды баптау, станоктардағы ұсақ ақаулықтарды жою. Бу қазандықтары, жылы алмастырғыштар, бойлер және басқа да ыдыстардың металл қабырғаларының саңылауларындағы түтін шығаратын, ыстық шығаратын, су қыздыратын және басқа да құбырлардың ұштарын біліктеу арқылы біліктеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі біліктеу, тегістеу және өру станоктары мен сығымдағыштарының құрылымы мен баптау ережесі; кеңінен таралған арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; құбырларды қысымда ұстау уақыты және біліктеу кезінде ақаулықтың пайда болу себептері; жұмыс аспабы мен айлабұйымдарды реттеу тәсілдері; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері; кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Шифер шегелері – құрастыру және біліктеу.

2. Барабандардың түптері мен қақпақтары – тегістеу.

3. Сүзгіштердің корпустары – тегістеу.

4. Ыдыс бұйымдары – эмальдап тегістеу.

5. Бензин және маймен жүретін автомобильдердің түтікшелері – тегістеу.

6. Ыстық шығаратын құбырлар - біліктеу.

7. Перфорирленген цилиндрлер – тегістеу.

8. Түсті металлдар мен қорытпалардан жасалған құбырлар, жолақтар, түтікшелер – ұстағыштарды қыздырып соғу.
§ 22. БАСТЫРМАЛАТУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы бастырмалатқыш, тегістегіш және өргіш станоктарда және сығымдағыштарда жайма, сұрыптық және пішінді металдан жасалған күрделі бөлшектер мен түзу сызықты бұйымдарды бастырмалату, тегістеу және өру. Арнайы өретін, біліктейтін және тегістейтін станоктарды жұмыс процесінде баптау. Аспаптар мен айлабұйымдарды кескініне, тегістеу және өру радиусына қарай орнату және реттеу.

Білуге тиіс: біліктеу, тегістеу және өру станоктары мен сығымдағыштарының құрылымы, баптау ережесі және кинематикалық тәсімі; арнайы және әмбебап айлабұйымдардың құрылымы; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары; бұйымдар мен бөлшектерді біліктеу, тегістеу және өруге техникалық шарттары; бөлшектер мен бұйымдарды әзірлеуде қолданылатын материалдарға мемлекеттік стандарттары; кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Автомашинаның қанаттары мен басқа да ұқсас бөлшектерді жиектеу – сымды тегістеу.

2. Бензобактардың алжапқыштарын жиектеу – тегістеу.

3. Сопақ ыдыстар мен мырышпен қапталған бұлаулар – корпустың түбін тегістеу.


§ 23. СИЛЬФОНДЫ КОМПЕНСАТОР ЖӘНЕ ШЛАНГ ЖАСАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өлшеу құрылғыларында: кемелердің құбыржолдарда қолданылатын термостаттарда, тығыздалған көп қабатты сильфонды компенсаторда, іріктелген тығыздағыштар мен икемді металл шлангтарда, қолданылатын сильфондарды – жұқа қабырғалы металл гофрирленген түтіктер мен шлангтарды жасау жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындау. 1 мм-ден 3 мм-ге дейінгі шекте дайындамалардың жиектерін белгілеу, кесу, тазалау және майсыздандыру. Дәнекерлегеннен кейін жіктерді тазалау. Эксцентрикті сығымдағыштарда шеңбер ою және саңылау тесу, дірілмен істейтін қайшымен және құбыр кесетін станокпен сильфондардың кесіктеріндегі тегіс емес жерлерін кесу. Арнайы тегістеу станоктарымен белгілер мен кемістіктерді тазалау және жылтырату. Сильфондарды таңбалау. Оправкадағы түтіктердің жиектерін қолмен бастырмалату. Екі үшқабатты сильфонға ішкі және сыртқы сильфондарды қолмен құрастыру.

Білуге тиіс: үлгілік эксцентрикті сығымдағыштардың, дірілмен істейтін қайшылардың, құбыр кесетін станоктардың, абразивті шеңберлердің жұмыс істеу қағидаты; кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың қызметі және пайдалану шарттары; бетіндегі майларды кетіру ережесі; өңделетін металлдардың негізгі механикалық қасиеттері, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Компенсаторлар, тығыздағыштар мен шлангтар арматурасы – дәнекерлеуге тазарту және майсыздандыру.

2. Технологиялық бекіткіштер – металл икемді шлангтардың ұштарына сынамадан кейін орнату.

3. Сильфонды компенсаторлар, іріктеу тығыздағыштары, икемді металл шлангтар - өлшеу, консервациялау, орау және ыдысқа белгі қою.

4. Сильфонды компенсаторларды, іріктеу тығыздағыштары мен икемді металл шлангтардың ернеушелері – дәнекерлеуге қиялай және кесік жиектерін тазалау және майсыздандыру.

5. Технологиялық қорғағыш орама (оқшаулағыш таспа, полиэтиленді пленка және т.б.) – тазалау.

6. Икемді шлангтарға арналған металл орамалар – консервациядан алу.

7. Сильфон дайындамаларын гофрлеуге арналған жарақтар – тазалау, майлау, стеллаждарға қалау.

8. Икемді металл шланг жасауға арналған құбырлар, сильфонды компенсаторлардың түсіретін өзекшелі жетектеріне арналған кескінді материал – дайындамаларды белгілеу, кесу.

9. Өзекшелі түсіретін жетектер – шплинттеу және бекіту.


§ 24. СИЛЬФОНДЫ КОМПЕНСАТОР ЖӘНЕ ШЛАНГ ЖАСАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі кеме құбыржолдарында қолданылатын сильфонды компенсаторларды, іріктеу тығыздағыштарын және икемді металл шлангтерді құрастыру, гофрлеу және сынамалау. Қысымы 1,5 МПа-ға дейінгі арнайы тағайындалған сильфонды компенсаторлар мен металл шлангтардың гидравликалық сынамалары мен 160 кПа (1,6 атм) –ға дейінгі қысымдағы пневматикалық сынамалар. Екі жақты істейтін сығымдағыштарда және көлденеңінен – ұзын стандарда сызба бойынша бекітілген мөлшерлерді сақтай отырып құбырға дайындамаларды жүйелі сору. Оправкадағы жаншымаларды қолмен түзету. Токарлық станоктарда кесіктері бойынша әдіптерді мөлшерлеп кесу. Кетпектерді өлшеп егеумен егеу, беткі қабатын алу және оны оправкада төменгі қабатқа қолмен қысу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Дайындамалардың жиектерін 1 мм-ге дейінгі шекте белгілеу және тазалау. Бір және екі жерден кіретін қабырғаларын илектеу стандарымен алюминий қорытпалардан жасалған монометалл және биметалл құбырларға апару.

Білуге тиіс: екі жақты істейтін сығымдағыштарды және көлденеңінен соратын түрлі үлгідегі станоктардың құрылымы мен баптау ережесі; кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың құрылымы; қабырға өлшегішпен өлшеу тәсілдері, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері; сильфонды компенсаторлар мен металл шлангтерді сынамалау ережесі; қабырға тегістеу станының құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты.

Жұмыс үлгілері

1. Сильфонды компенсаторларға, икемді металл шлангтерге және іріктейтін тығыздағыштарға шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі ұштық арматура (фланецтер, штуцерлер, жіберетін келте құбырлар, дыбыс өткізбейтін тораптар, ұштары) – тықсыру, дәнекерлеуге құрастыру, дәнекерлегеннен кейін біліктестігін тексеру.

2. Икемді металл шлангтерге арналған дайындамалар – ПГ-30, АГШ-60 үлгісіндегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофр пайда болу үшін 15,0 МПа-ға дейінгі қысымда гофрлау.

3. Сильфонды компенсаторлар мен іріктейтін тығыздағыштардың цилиндр ернеушелерін жасауға арналған жаймалық дайындамалар – гидравликалық немесе электр қайшылармен автоматты режимде немесе белгілері бойынша кесу, гильотинді қайшылармен белгісі бойынша таспаны кесу, цилиндр ернеушелерді біліктеу.

4. Сильфонды компенсаторларға, іріктейтін тығыздағыштарға және икемді металл шлангтерге арналған жаймалық дайындамалар, құбыр дайындамаларына жаймаларды біліктеу, байланысты дәнекерлеу машиналарымен немесе электр қапсырғыштармен ұштарын қапсырып дәнекерлеуге құрастыру.

5. Шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторларға, іріктейтін тығыздағыштарға арналған көп қабатты цилиндр дайындамалар – ПВ-200 «Филдинг», Ак-1167, АК-1168, АК-1170 үлгісіндегі тік гидравликалық сығымдағыштарда, көлденең роликті АК-1173 үлгісіндегі сығымдағыштарда гофрлеу, қабаттарын илемдеу.

6. Шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторлардың цилиндрлі көп қабатты дайындамалары – ПГС-350-100, ПГС-500-200 үлгідегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофрлеу.

7. Сильфонды компенсаторларға, тығыздағыштар мен шлангтарға арналған цилиндр дайындамалары – қажетті көп қабатты құрылымға құрастыру.

8. Икемді металл шлангтар мен сильфонды компенсаторларға арналған қаптары – дайындау, қиюластыру, орнату.

9. Сильфонды компенсаторлар, икемді металл шлангтар, іріктейтін тығыздағыштар – қысымы 10,0 МПа-ға дейін гидравликалық сынамалар, 1,6 МПа-ға дейінгі қысымда пневматикалық сынамалар.

10. Сильфонды компенсаторлар мен құрастыратын бұйымдар – көтеру, жылжыту үшін ілмектеу және байластыру; орнату және қоймалау.

11. Сильфонды компенсаторлар мен іріктейтін тығыздағыштар – кептіруге дайындау, пешке салу және пештен алу.

12. Сильфонды компенсаторлар – гофрлеу станогында және ойыс жерлерін калибрлеу.

13. Кеме құбыржолдарында икемді элемент ретінде пайдаланылатын сильфонды компенсаторларды, іріктейтін тығыздағыштар мен икемді металл шлангтарды жасау үшін түсетін материалдар мен бөлшектер – сертификатының барлығын тексеру және ішін тексеру.

14. Сильфонды компенсаторлардың ұштары – біліктеу.

15. Аралық сильфондардың ернеушелері (Ду 70-150 мм) – электр қайшымен таспаларды кесу; біліктерде аралық ернеушелерді қолмен орау.

16. Сақтандырғыш технологиялық орау (оқшаулағыш таспа, полиэтиленді пленка және т.б.) – бұйымға жағу.

17. Икемді шлангтарға арналған металл орама – белгілеу, қиюластыру және шлангпен (оқшаулағыш тораптарынсыз) құрастыру.

18. Шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторлар жасауға арналған жарақтар – қиюластыру, құрастыру, бөлшектеу.

19. Компенсаторларға жіберетін ішкі келте құбырлар – жасау.

20. Түсіретін арқанды жетектер – жасау және орнату.

21. Дайындамалардың дәнекерленген жіктері – керосин және бор ерітіндісі қоспасымен кейіннен керосинді және борды кетіріп өткізгіштігін сынамалау және жіктерін тегістеу.

22. Сильфон ернеушелерінің, дәнекерленген келте құбырлардың дәнекерленген жіктері – шыңдау машинасында негізгі металлмен жіктестіріп илемдеу.

§ 25. СИЛЬФОНДЫ КОМПЕНСАТОР ЖӘНЕ ШЛАНГ ЖАСАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шартты өтпесі 350 мм-ден жоғары 700-ммге дейінгі кеме құбыржолдарында қолданылатын сильфонды компенсаторларды, іріктеу тығыздағыштарын және икемді металл шлангтерді құрастыру, гофрлеу және сынамалау. Қысымы 1,5 МПа-дан жоғары 3 МПа-ға дейінгі арнайы тағайындалған сильфонды компенсаторлар мен металл шлангтардың гидравликалық сынамалары мен 160 кПа (1,6 атм)–дан жоғары 400 кПа-ға дейінгі қысымдағы пневматикалық сынамалар. Негізгі және қосалқы жырашықтарды белгілеу және дөңгелетіп кеңейту. Токарь станоктарында талап етілетін өлшемге шақтап сильфонның сыртқы қабаттарын кесу. Гидроқалыптайтын станокта гофрларды қалыптастыру. Сильфонды рейкалық сығымдағышта гофрлар бір-біріне тигенге дейін сығу, айлабұйымның көмегімен қажетті биіктікке дейін сильфонды созу және жеткізу. Сильфондардың күюін және қабатаралығын пневмоқұрылғыларда пневмосынау. Сильфондарды құрастырудың автоматикалық желісінде жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Үш жерден кіретін қабырғаларын илектеу стандарымен алюминий қорытпалардан жасалған монометалл және биметалл құбырларға апару. Қабырға құбырларын таспамен өру.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі қызмет көрсетілетін станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымдары; сильфондарды сынау ережесі; гидроқалыптау станоктарына бөлшектерді орнату тәсілдері мен айлабұйымдарды іріктеу ережесі; гофр қалыптарға жұмыс қысымын беру ережесі және сығу; жұмыс манометрлері сыныбын таңдау ережесі (үлгілер бойынша); кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері; түрлі үлгідегі компенсаторларды, іріктейтін тығыздағыштар мен металл шлангтарды құрастыру кезектілігі; қабырғаны айналдыратын аспаптың құрылымы және қабырғаның пайда болу принципі.

Жұмыс үлгілері

1. Сильфонды компенсаторларға, икемді металл шлангтерге және іріктейтін тығыздағыштарға шартты өтпесі 350 мм-ден жоғары 700 мм-ге дейінгі ұштық арматура (фланецтер, штуцерлер, жіберетін келте құбырлар, дыбыс өткізбейтін тораптар, ұштары) – тықсыру, дәнекерлеуге құрастыру, дәнекерлегеннен кейін біліктестігін тексеру.

2. Икемді металл шлангтерге арналған дайындамалар – ПГ-30, АГШ-60 үлгісіндегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофр пайда болу үшін 15,0 МПа-дан жоғары 30,0 МПа-ға дейінгі қысымда гофрлау. (150-ден жоғары 300 кгс/кв-ге дейін).

3. Шартты өтпесі 150 мм-ге дейінгі арнайы тағайындалған сильфондарға арналған дайындамалар – тік және көлденең сығымдағыштарда гофрлеу, сильфондарды арматурамен дәнекерлеуге құрастыру, дәнекерлегеннен кейін біліктігін тексеру және түпкілікті құрастыру.

4. Шартты өтпесі 350 мм-ден 700 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторларға, іріктейтін тығыздағыштарға арналған көп қабатты цилиндр дайындамалар – ПВ-200 «Филдинг», Ак-1167, АК-1168, АК-1170 үлгісіндегі тік гидравликалық сығымдағыштарда, көлденең роликті АК-1173 үлгісіндегі сығымдағыштарда гофрлеу, қабаттарын илемдеу.

5. Шартты өтпесі 350 мм-нен жоғары 700 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторлардың цилиндрлі көп қабатты дайындамалары – ПГС-350-100, ПГС-500-200 үлгідегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофрлеу.

6. Компенсаторлар мен іріктейтін тығыздағыштар – тапсырыс берушіге ұсыну.

7. Мембранды компенсаторлар – толықтай жасау (белгілеу, дайындамаларды кесу, құрастыру).

8. Сильфонды компенсаторлар, икемді металл шлангтар, іріктейтін тығыздағыштар - қысымы 10,0 МПа-дан 30,0 МПа-ға дейін (100 кгс/кв. см-ден 300 кгс/кв.см-ге дейін) гидравликалық сынамалар, 1,6 МПа-дан жоғары 4,0 МПа-ға дейінгі (16 кгс/кв.см-дан 40 кгс/кв.см-ге дейін) қысымда пневматикалық сынамалар.

9. Екі және одан да көп сильфонды компенсаторлар – қаптарын жасау, шақтау және орнату, орнын тесу және түсіретін жетектерді реттеу.

10. Арнайы тағайындалған мен шартты өтпесі 700-мм-ге дейінгі лицензия бойынша жасалатын сильфонды компенсаторлар – тік және көлденең сығымдағыштарда гофрлеу, қысымы 10,0 МПа-ға дейін (100 кгс/кв. см-ге дейін) гидравликалық сынамалар, 1,6 МПа-ға дейінгі (16 кгс/кв.см-ге дейін) қысымда пневматикалық сынамалар.

11. Арнайы тағайындалған және лицензия бойынша шартты өтпесі 700 мм-ге дейін дайындалған сильфонды компенсаторлар – сильфондардың ұштары мен ернеушелерді роликті станоктарда белгілеу және кесу (технологиялық әдіптері).

12. Шартты өтпесі 350 –ден жоғары 700 мм-ге дейін сильфонды компенсаторлар жасауға арналған жарақтар – дайындау, құрастыру, бөлшектеу.

§ 26. СИЛЬФОНДЫ КОМПЕНСАТОР ЖӘНЕ ШЛАНГ ЖАСАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шартты өтпесі 700 мм-ден жоғары кеме құбыржолдарында қолданылатын сильфонды компенсаторларды, іріктеу тығыздағыштарын және икемді металл шлангтерді құрастыру, гофрлеу және сынамалау. Қысымы 3 МПа-дан жоғары арнайы тағайындалған сильфонды компенсаторлар мен металл шлангтардың гидравликалық сынамалары мен 400 кПа-дан жоғары қысымдағы пневматикалық сынамалар. Сильфон компенсаторларының, сериялық жоғары ағынды компенсаторлардың тәжірибелік үлгілерін жасау, дәнекерленген жіктерін вакуум тығыздығына сынау. Қабырға дөңгелетіп кеңіту стандарын баптау.

Білуге тиіс: жиналатын бұйымдар мен қызмет көрсетілетін механизмдердің құрылымы, қызметі мен жұмыс істеу пирнципі; сильфонды компенсаторлардың тәжірибелік үлгілерін сынаудан өткізу тәртібі; вакуум тығыздығына сынама өткізу тәртібі; қабырғаны айналдыратын станоктарды баптау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Сильфонды компенсаторларға, икемді металл шлангтерге және іріктейтін тығыздағыштарға шартты өтпесі 700 мм-нен жоғары ұштық арматура (фланецтер, штуцерлер, жіберетін келте құбырлар, дыбыс өткізбейтін тораптар, ұштары) – тықсыру, дәнекерлеуге құрастыру, дәнекерлегеннен кейін біліктестігін тексеру.

2. Икемді металл шлангтерге арналған дайындамалар – ПГ-30, АГШ-60 үлгісіндегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофр пайда болу үшін 30,0 МПа-дан жоғары қысымда гофрлау (300 кгс/кв-ге жоғары).

3. Шартты өтпесі 700 мм-ден жоғары сильфонды компенсаторларға, іріктейтін тығыздағыштарға арналған көп қабатты цилиндр дайындамалар – ПВ-200 «Филдинг», Ак-1167, АК-1168, АК-1170 үлгісіндегі тік гидравликалық сығымдағыштарда, көлденең роликті АК-1173 үлгісіндегі сығымдағыштарда гофрлеу, қабаттарын илемдеу.

4. Сильфонды компенсаторлар, икемді металл шлангтар, іріктейтін тығыздағыштар - 30,0 МПа-дан (300 кгс/кв. см-дан) жоғары қысымдағы гидравликалық сынамалар, қысымы 4,0 МПа-дан (40 кгс/см-дан жоғары) жоғары пневматикалық сынамалар.

5. Шартты өтпесі 600 мм-ге дейінгі арнайы тәсімдер бойынша жасалатын сильфонды компенсаторлар – құрастыру, гофрлау, сынау.

6. Арнайы тағайындалған мен шартты өтпесі 700-мм-ден жоғары лицензия бойынша жасалатын сильфонды компенсаторлар – сильфондар мен ернеушелердің ұштарын роликті станоктарда белгілеу және кесу (технологиялық әдіптер).

7. Шартты өтпесі 700 мм-ден асатын сильфонды компенсаторлар жасауға арналған керек-жарақтар – дайындау, құрастыру, бөлшектеу.

8. Жоғары дәрежеде буланған арнайы ортаға арналған компенсаторлар мен икемді металл шлангтердің дәнекер жіктері – гель тесік тапқыштармен вакуум тығыздығын сынау.

9. Дәнекер жіктері – термомеханикалық өңдеу.

§ 27. ШЕГЕНДЕУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тойтарма шегелерді қолмен және пневматикалық шегендеу кезінде қыздыру және ұстап тұру. Екі пневматикалық балғамен шегендеу кезінде жоғарылау білікті шегендеушімен жұмыс істеу. Белгі және шаблон бойынша кесу. Қыспақтарды іріктеу. Жоғарылау білікті шегендеушінің басшылығымен стационарлық нығыздағыш пен балғамен ірі бұйымдар мен металл құрылымдарды шегендеу.

Білуге тиіс: пневматикалық балғалармен жұмыс істеу қағидаты және пайдалану ережесі; тойтарма шегелердің сұрыптамасы; тойтарма шегелерді қыздыру ережесі; кеңінен таралған қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары.

§ 28. ШЕГЕНДЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 12 мм-ге дейінгі тойтарма шегелермен 300 кПа (3 атм) дейінгі қысымда жұмыс істейтін қарапайым металл құрылымдарды пневматикалық балғамен немесе қолмен шегендеу станоктарында, сығымдағыштарда ыстықтай және суықтай шегендеу. Пневмогидравликалық қапсырмамен, пневматикалық балғамен және жекелеген бөлшектерді алюминий корпустың сығымдағышында жіктердің тығыздығын қамтамасыз ете отырып қолмен суықтай тойтарғыштармен шегендеу. Гидравликалық сынау кезінде анықталған тойтармалардың ақаулықтарын түзету. Жіктерді шегендеуге дайындау сапасын айқындау.

Білуге тиіс: үлгілік пневматикалық балғалар мен тығыздағыштардың, шегендеу қапсырмаларының, қарапайым айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен шегендеуге және кесуге арналған аспаптың құрылымы; тойтарма шегелерді сығу және көрінбейтін тойтарма шегелерді шегендеу тәсілдері; тойтарма шегелерді қыздыру дәрежесі және шегендеу процесін жүргізуге болатын суыту шегі; тойтармалар мен әдіптердің ұзындық бойынша мөлшерлері; рұқсат беру шегі мен отырғызу жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Люк және есік ілмектері, тиейтін люктердің рамкалары – шегендеу.

2. Күлалғыштар, бағаналар, крандар, рамалар, ілмектер мен құбырлар – тығыз тігілген қолмен немесе пневматикалық шегендеу.

3. Машиналардың, станоктардың, шестерналар мен белдіктердің қаптары мен қоршаулары – қолмен немесе пневматикалық шегендеу.

4. Конькилер – қолмен немесе пневматикалық шегендеу.

5. Жел кронштейндері, есіктің ішкі панельдерінің рамалары, автомашиналардың тежегіш колодкалары – қолмен немесе пневматикалық шегендеу.

6. Ішкі қалқалары бойынша кронштейндер мен басқа бекітпелер – шегендеу.

7. Баспалдақтар, торлар мен қанаттары – қолмен және пневматикалық шегендеу.

8. Бензосорғы рычагының платиналары – құрастыру және шегендеу.

9. Дюралюминий стеллаждары - шегендеу.

10. Шелектер – шегендеу.

11. Шылапшындар - шегендеу және түзету.

12. Металл термостар – шегендеу.

13. Түрлі жәшіктер –қолмен немесе пневматикалық шегендеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет