~
38
~
«Сіз бұл жағдайды қалай шеше алдыңыз?»
деген сияқты сұрақтар
қойыңыз.
• пациентпен айқындалған оқытудың басымдықтары
- пациенттен жүрек-қан тамырлары аурулары туралы алғашқы
ақпаратты қалай білгісі келетінін сұраңыз және пациенттің
басымдықтарынан бастап, құрмет көрсете отырып, өзара әрекеттесуді
ынталандыру тақырыптарын ұсыну арқылы бастаңыз. Бұл әдіс-тәсіл
(тактика) пациенттердің белсенді болуына әкелуі мүмкін.
- егер пациенттің (оның отбасының)
басымдықтары мен
медицина қызметкерінің мақсаттары арасында сәйкессіздік болса,
неге мұндай сәйкессіздік бар екенін зерттеу қажет.
- мысалы, дұрыс тамақтану жүрек қызметі үшін пайдалы, бірақ
жүрек-қан тамырлары аурулары бар көптеген пациенттер рационында
қызыл ет еттің азаюы және май мен тұздың азаюы сияқты
өзгерістерге төзімді.
- Пациент тамақтану тәртібінің өзгеруі аспаздық әдеттердің
қарапайым
өзгеруімен байланысты болса, ол оқуға қызығушылық
танытуы мүмкін.
• Оқу кедергілері
- Кедергілер ретінде есте сақтау қабілетінің бұзылуы немесе
когнитивті (танымдық) мәселелер; оқудағы қабілетсіздік;
физикалық
шектеулер; тіл мәселесі; төменгі сауаттылық; есту, көру немесе
сөйлеу қабілетінің нашарлығы;
қаржылық қиындықтар; науқастың
(отбасының) мәдени, психоәлеуметтік немесе эмоционалдық
мәселелері болуы мүмкін.
- Оқытудағы кедергілерді медициналық қызметкер сұхбаттасу
арқылы, пациент стационарға түскен кезде және физикалық және
психикалық
тұрғыдан бағалау кезінде, кезек-кезек емдеу барысында
бағалайды.
- Дәрі-дәрмектің белгіленген режимін ұстанбайтын ЖҚА-мен
ауыратын пациенттермен қарым-қатынас жасауда мәселелер
туындауы мүмкін, ол төмен қаржылық табыс пен дәрі-дәрмектердің
қымбаттығы, депрессиямен байланысты.