~
55 ~
аурулармен өмір сүрудің эмоционалды және психоәлеуметтік
аспектілері.
- Егер пациентке 1 типтегі қант диабеті диагнозы қойылса,
пациентке қысым жасамау үшін оқыту тек ең маңызды ақпаратқа
бағытталуы керек. Егер пациент өзін-өзі күтуге қажетті дағдыларды
орындай алмаса, отбасы мүшелері немесе үйде күтім жасау
қызметкерлері пациентке уақытша қолдау көрсете алады.
- Пациент және оның отбасы оқуға дайын болған кезде өзін-өзі
басқаруға, жеке күтімге баса назар аударып, жан-жақты оқыту
бағдарламасын ұсыныңыз. Көптеген жылдар бойы 1 типті қант
диабетімен өмір сүріп жатқан адамдар міндеттеме (приверженность)
үшін үнемі бағалануы керек және максималды түрде қант диабетін
бақылауда ұстау үшін немесе қант диабетіне байланысты жаңа
технологиялар туралы ақпараттар алып отыруы керек.
- Пациенттің назарын оның қазіргі HbA1c деңгейіне аударту
қажет және диета, физикалық жаттығулар және инсулин терапиясы
арқылы қатаң метаболикалық бақылауды жүргізу стратегияларын
талдау.
- HbA1c көрсеткіштерін пациенттің жеке және клиникалық
жағдайына қарай жекелендіру керек (мысалы, жақында ғана 1 типті
қант диабеті диагнозы қойылған ынталандырылған пациенттің өмір
сүру ұзақтығы шектеулі және гипогликемия қаупінің жоғарылауы бар
егде жастағы пациентке қарағанда басқаша мақсаты болады).
- Пациенттерді қандағы глюкозаның белгілі бір деңгейіне жетуге
ынталандыру керек (Rankin et al., 2012).
- HbA1c мақсатты деңгейінің 7,0% немесе одан аз деңгейіне
жету мүмкіндігі бар пациенттерге, әдетте олар психикалық аурулары
бар және белсенді темекі шегетіндерге назар аудару (Orr et al., 2015)
- Емдеу жалғасып жатқанда, мейлінше асқыну қаупін азайту
үшін әртүрлі стратегияларды талқылаңыз және үйреніңіз:
гликемиялық бақылау, артериялық қан қысымы және липидтер
деңгейі. Ауыр асқынулар пайда болмас бұрын пациенттерге
гликемиялық бақылаудың жеткіліксіз салдары туралы хабар беріңіз
|