Жоба Қазақстан республикасының



бет2/7
Дата29.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#32122
1   2   3   4   5   6   7

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әуе қозғалысын басқару органының (563-бап (бірінші бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген әрекеттерді қоспағанда екінші бөлігі);»;

24) және 25) тармақшалары мынадай редакцияда жазылысын:

«24) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның (462,  564 (бесінші бөлiгi), 565-1 (екінші және төртінші бөліктері), 569 (бірінші, екінші және төртінші  бөліктері)-баптар);

25) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);».


4. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

68-баптың 15-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Ұшу қауіпсіздігі және адамдардың өмірі мен денсаулығына зияндық әсерді болдырмау үшін әуеайлақ маңындағы құрылыстар Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделетін шектеулерді ескере отырып жүзеге асырылады.».
5. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Заң, пайдаланушылардың, азаматтық авиация ұйымдарының, әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және көрсетілетін авиациялық қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі қоғамдық қатынастары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартары мен ұсынылатын практикасына сәйкес реттелетін азаматтық авиация саласын қоспағанда, өнімге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестеріне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейді.».
6. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):

2-баптың 1-тармағы редакцияда жазылсын:

«1. Осы Заң ұшуда авиациялық инспекцияларды жүзеге асыру және авиациялық техниканы пайдалана отырып біліктілік деңгейін ұстау кезінде мемлекеттік авиация инспекторларының өмірі мен денсаулығын сақтандыруды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қызметкері еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейді.».
7. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, әуе кеңістігі мен авиация қызметін адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін айқындайды.»;

2) 1-бапта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Авиациялық қауіпсіздік – азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен кешенді іс-шараларды іске асыру мен адами және материалдық ресурстарды тарту арқылы қол жеткізілетін қорғау;»;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) авиациялық қауіпсіздік жағдайына шолу - заңсыз араласу актiлерiн жасау үшін қолданылуы мүмкін осал тұстарды анықтауды қамтитын қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктерді бағалау және түзету әрекеттеріне қатысты ұсынымдар жасау;»;

9) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

«9) авиация қызметіне заңсыз араласу актілері – бұл азаматтық авиация қауіпсіздігіне қатер төндіретін актілер немесе актілерді жасауға оқталу және осы актілермен шектеліп қалмай:

ұшақты заңсыз басып алуды;

пайдаланаланылудағы әуе кемесін бүлдіруді;

әуе кемесінің бортында немесе аэродромда адамдарды кепілге алуды;

әуе кемесінің бортына, әуежайға немесе аэронавигациялық құрал немесе қызметтер орналасқан жерге күштеп енуді;

әуе кемесінің бортында немесе әуежайда қылмыстық мақсаттарға арналған қару, қауіпті құрылғыны немесе материалды орналастыруды;

өлім, ауыр жарақат, мүлікке немесе қоршаған ортаға елеулі зиянды келтіру мақсатында пайдаланаланудағы әуе кемесін қолдануды;

ұшудағы немесе жердегі әуе кемесінің қауіпсіздігін қауіп-қатерге қоятын өтірік ақпарат хабарламасын қамтиды;»;

14) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

«14) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдарын орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;»;

мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

«16-1) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар –азаматтық авиацияның барлық саласын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа ең жоғарғы деңгейіне ауыстыруға және озық тәжірибені пайдалануға бағытталған әуе көлігін реттеу мәселелері бойынша жалпы өңірлік саясат пен бірыңғай тәсілді жүргізетін ұйымдар;»;

17) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

«17) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық қағидалары – азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым қабылдаған, азаматтық авиация қызметінің жекелеген аспектілерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды регламенттейтін талап;»;

28-1), 29) және 29-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысын ұйымдастыруды, байланыс жүйесін ұсынуды, навигацияны және бақылауды, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет көрсетудің түрлері. Бұл қызмет көрсетулердің түрлері ұшудың барлық кезеңіндегі (қонуға жақындағанда, әуеайлақ ауданында және маршрутта) әуе кеңістігінің пайдаланушыларына ұсынылады;

29) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісі – аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну мақсатында құрылған ұйым;

29-1) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификаты – аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;»;

39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«39) әуежайдың бақыланатын аймағы – оларға кіруі бақыланатын әуежайдың (әуеайлақтың) жұмыс алаңы, оларға іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимарат немесе олардың бөлігі;»;

мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

«40-1) әуе кемесінің бортындағы бөтен адам – ол тұлғаның әуе кемесінің бортына аймақтық кіру рұқсатының болуы немесе болмауына қатысы жоқ, рейске қызмет көрсетуге қатыспайтын немесе инспекторлық немесе басқада қадағалау функцияларын жүзеге асырмайтын жеке адам;»;

мынадай мазмұндағы 51-1) және 51-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«51-1) әуе қозғалысын ұйымдастыру – барлық тараптармен ынтымақтастықта құралдарды ұсынумен үздіксіз қызмет көрсету жолымен және борттағы мен жердегі функцияларды пайдалана отырып әуе қозғалысын ұйымдастыруды, әуе кеңістігін ұйымдастыру мен әуе қозғалысының ағымын ұйымдастыруды қоса алғанда қауіпсіз, үнемді және тиімді түрде жүзеге асырылатын әуе қозғалысы мен әуе кеңістігін серпінді және ықпалды ұйымдастыру;

51-2) әуе қозғалысын ұйымдастырудың функциональдық жүйесі - әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінде функцияларды орындау үшін ұйымдастырылған жүйелердің, рәсімдер мен адам ресурстарының байланысы;»;

53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«53) әуе трассасы – дәліз түрiндегi бақылаудағы әуе кеңiстiгi (немесе оның бөлігі);

мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:

«56-1) кіруге шектелген қорғалатын аймақ - әуежайдың бақылау аймақтарының ең жоғары тәуекел аймағы ретінде белгіленген телімдері және онда өткізу бақылауына қосымша қауіпсіздік мақсатында бақылаудың басқа да шаралары қолданылады.  Әдетте, басқалардың бәрін қоспағанда, мұндай аймақтар, қарау пунктінен әуе кемесіне дейінгі коммерциялық авиацияның жолаушыларына арналған барлық аймақтар, сондай-ақ перрон, қараудан өткен багаж бен жүктер бар әуе кемелеріне қызмет көрсету аймақтарды қоса алғанда багажды сорттау аймақтары, жүк қоймалары, пошта сорттау орталықтары, бақыланатын аймақта орналасқан борт тағамдары мен ұшақтарды тазалау қызметтерінің үй-жайы болып табылады;»;

58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«58) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргiзiлетiн құжат;»;

мынадай мазмұндағы 60-2) тармақшамен толықтырылсын:

«60-2) қарап тексеру – бұл заңсыз араласу актісін жүзеге асыру үшін пайдаланылуы мүмкін қаруды, жарылғыш заттарды немесе басқа қауіпті құрылғыларды, бұйымдарды немесе заттарды идентификациялауға және (немесе) табуға арналған техникалық немесе басқа құралдарды қолдану;»;

мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:

«63-1) мемлекеттік авиация инспекторы - азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы;»;

мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:

«65-1) нұсқамалық материал – процесстер мен рәсімдерді қамтитын және сертификаттауды жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ азаматтық авиация субъектілеріне басқа да рұқсат беру құжаттарын беру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану және олардың осы құжаттарда белгіленген талаптарды сақтауы мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға арналған құжат;»;

67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«67) тексеру – авиациялық оқиғаны немесе инцидентті болғызбау мақсатында жүргізілетін, олардың болу себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтауды қоса алғанда, олар бойынша ақпарат жинауды және талдау жүргізуді, қорытынды әзірлеуді және егер бұл қажет болған жағдайда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтитын процесс;»;

мынадай мазмұндағы 81-1), 81-2) және 81-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«81-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) – әуе қатынастарының қауіпсіздігін, сенімділігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық нормаларды белгілейтін және азаматтық авиацияға байланысты барлық салаларда халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруді жүзеге асыратын, БҰҰ мамандандырылған мекемесі;

81-2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарты - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдаған біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі немесе тұрақтылығы үшін қажет болып танылатын физикалық сипаттарына, конфигурациясына, материальдық бөліктерге, техникалық сипаттарға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын кезкелген талаптар;

81-3) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынылатын практикасы - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдаған біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздік, тұрақтылық немесе тиімділік мүдделеріне лазым болып танылатын физикалық сипаттарына, конфигурациясына, материальдық бөліктерге, техникалық сипаттарға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын кезкелген талаптар;»;

87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«87) экипаж мүшесінің куәлігі –ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін белгіленген үлгідегі құжат.»;

3) 7-бапта:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен басқа да азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың стандарттары мен авиациялық қағидаларын қолдану»;

1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасының қолданылуы азаматтық авиация саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдау, оларға қажеттің өзгерістер мен толықтыруларды енгізу не оларда нақтылы ИКАО стандартары мен ұсынылатын практикасын қолдану бойынша сілтемелерді көрсету жолымен жүзеге асырылады.

2. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары, егер олар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе және көрсетілген авиациялық қағидаларда көзделген талаптар ИКАО стандартарында жазылған талаптардан кем болмаса, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы мүмкін.

Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларының жеке талаптары азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілуі мүмкін.

Үлгісін шет мемлекеттің авиация биліктері сертификаттаған азаматтық авиация әуе кемесінің пайдаланушысы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын ағылшын тілінде қолдануға құқылы.»;

4) 10-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін байқауды, талдауды, шолуды және сынақты қамтитын, бақылау мен қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырады.»;

5) 10-2-бапта:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) авиациялық персоналды медициналық қамтамасыз ету, жолаушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;»;

6) 11-бап мынада редакцияда жазылсын:

«11-бап. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулер тәртібі
1. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулерді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қажеттілік және жеткіліктілік қағидатына сәйкес жүргізеді.

2. Тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиациялық инспекторлары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасының негізінде әзірленген нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.

3. Тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асырушы тұлға, тексерудің басталуы мен аяқталу мерзімі, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалар жөнінде мәліметтер көрсетілген тексеру жүргізу туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі.

4. Мемлекеттік авиация инспекторы тексеру кезінде тексеру жүргізу туралы актіні және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін тексерілетін тұлғаға табыс еткен кез тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.

5. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін қабылдаудан бас тартылған немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік авиация инспекторларының объектілерге кіруіне және (немесе) тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда, хаттама жасалады. Хаттамаға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік авиация инспекторы мен тексерілетін адам не оның уәкілетті өкілі қол қояды.

Тексерілетін адам бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеру тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді болдырмауға негіз болып табылмайды.

6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік авиация инспекторы тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.

Тексеру нәтижелері туралы актіде:

1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;

2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы;

3) соның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың күні мен нөмірі;

4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы;

5) тексерілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, ал шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне тексеру жүргізілген жағдайда – барлық тексерілетін жеке немесе заңды тұлғалардың және тексеру жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдардың;

6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;

7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;

8) жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;

9) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.

Тексерілудегі тұлға тексеру нәтижелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға не сотқа шағымдануға құқылы.

Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар болған кезде) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.

7. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, тексерілетін адам оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, ол туралы тиісті белгі жасалады.

8. Тексерілетін адамның қолындағы түпнұсқадағы құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да іс-қимылдар үшін тексерілетін адамға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.

9. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.»;

7) 12-бапың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларда, мемлекеттік авиация инспекторлары әуе кемесін пайдалануды тоқтату не инспекцияланатын пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының және (немесе) авиация персоналының белгілі бір әрекеттерді тоқтатуы туралы талаппен инспекторлық нұсқамалар береді.»;

8) мынадай мазмұндағы 12-2 және 12-3-баптармен толықтырылсын:

«12-2-бап. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі


1. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (ҰҚБЖ) қажетті ұйымдық құрылымды, жауапкершілік баспалдақтарын, басшылыққа алатын қағидаттар мен рәсімдерді қоса алғанда ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі тәсілді білдіреді.

Халықаралық әуежайлардың пайдаланушылары, аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілері, коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларына қызмет көрсететін техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар, авиациялық оқу орталықтары, коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары орындалатын ұшулардың көлемі мен күрделілігіне қарай отырып ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.

2. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі мыналарды:

1) ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптің өзекті және ықтимал көздерін анықтау процессін және оған байланысты қауіпті бағалауды;

2) ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейін ұстап тұру үшін қажетті түзету шараларын әзірлеу мен жүзеге асыру процессін;

3) тұрақты мониторинг пен ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша шаралардың барабарлығына және тиімділігіне тұрақты бағалауды қамтамасыз ету функциясын;

4) ұшу қауіпсіздігіне байланысты ақпараттарды жинау, талдау, тарату мен қорғау процессін қамтиды.

3. Азаматтық авиация ұйымдарында ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу мен қызмет етуіне бақылау мен қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.


12-3-бап. Азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысушы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылған практикасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаны әзірлейді, ол:

1) белгілі бір қағидаларды, тәжірибелерді және рәсімдерді енгізу жолымен заңсыз араласу актiлерiнен азаматтық авиацияны қорғауды қамтамасыз етеді;

2) азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асырады;

3) авиациялық қауіпсіздік саласындағы саясат пен мақсаттарды айқындайды;

4) әуежайларды, әуе кемелерін және аэронавигациялық құралдарды заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі талаптарды белгілейді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет