2) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес;
3) Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес беріледі.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бекітілген типтік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарту және олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне азаматтық әуе кемелерін енгізу кезінде азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) азаматтық әуе кемесін тіркеуші мемлекетпен бекітілген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға (регламентке) немесе оның баламасына сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу орындалмаған жағдайларда ұшуды орындауға тыйым салынады.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұшуға жарамдылығының жай-күйі, техникалық қызмет көрсетілгендігі және жөндеу жүргізілгендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі деректерді ұсынады.
8. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген барлық әуе кемелері ұшуға жарамдылықта ұсталуға қатысты тексерілуге жатады.
Ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданылуын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) бір және сол үлгідегі барлық әуе кемелерінің сериясын немесе үлгісін пайдаланудан уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданса;
2) ұшу жарамдылығын ұстауға ықпалы бар авиациялық оқиға немесе әуе кемесіне зақымдалу болса;
3) әуе кемесін пайдалану, ұшуға жарамдылығы тексеру және бақылау процессінде кемшіліктер анықталса;
4) әуе кемесінің немесе оның компонентінің қызмет ету мерзімі бітсе немесе ресурстары аяқталса;
5) пайдаланушы сертификаты немесе авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті тоқтатылса немесе қайтарылып алынса тоқта тұрады.
Ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданысын тоқтата тұру уақытша сипатта болады және оның негізінде тоқтата тұру туралы шешім қабылданған себептерді жойғанға дейін күші сақталады.
Ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданылуын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) әуе кемесінің үлгі сертификатын қайтарып алу шешім қабылданса;
2) әуе кемесін пайдалануға мүмкін емес авиациялық оқиға немесе зақымдалу болса;
3) ұшуға жарамдылығы сертификатын тоқтата тұру соңғы тізбектелген алты айдан астам сақталса;
4) әуе кемесі ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданысын тоқтатылған мерзім бойы пайдаланылуда болса қайтарып алады.
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылықта ұсталуын тексеру:
1) пайдаланушының әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі есептері мен пайдалану құжаттамасын және әуе кемесінің техникалық жай-күйі жөніндегі басқа да есептер мен құжаттарды тексеруді;
2) әуе кемесін қарап тексеруді;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бақылауымен әуе кемесіне ұшу сынақтарын қажет болған кезде жүргізуді қамтиды.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Арнайы ұшуға рұқсат қолданыстағы ұшуға жарамдылығы сертификаты жоқ, бірақ пайдаланушы мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы негізінде белгіленген төмендегі жағдайлар кезінде және мынадай мақсаттарда:
1) жаңа әуе кемелерін өндіргеннен кейінгі ұшу сынақтарында;
2) пайдаланушылық (жөндеу) құжаттамаларына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден және (немесе) жөндеуден кейінгі ұшу сынақтарында;
3) әуе кемесін жеткізуде немесе экспортта;
4) тапсырыс берушінің немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы үшін әуе кемесінің ұшуында;
5) көрмелер мен авиа шоуларда;
6) техникалық қызмет көрсету, жөндеу орынына немесе сақтау орынына әуе кемесінің ұшуында;
7) кәдімгі қашықтықтағы ұшудан тыс судың үстіндегі немесе қону үшін тиісті жағдайы немесе тиісті мөлшерде отыны жоқ аймақтардағы жердің үстіндегі ұшулар үшін әуе кемесінің барынша сертификатталған ұшу салмағымен ұшуында;
8) рекордтарға жеткенде, авиациялық жарыстарға және оған ұқсас жарыстарға қатысқанда;
9) заңнамаға сәйкес ұшуға жарамдылығы сертификаты немесе басқа оған ұқсас құжат талап етілмейтін Қазақстан Республикасының аумағындағы әуе кемелерінің қызметінде немесе әуе кемелерінің үлгілерінде қауіпсіз ұшуларды орындай алатын әуе кемесіне беріледі.
Арнайы ұшуға рұқсат Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге беріледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арнайы ұшуға рұқсат беру кезінде оны пайдалануға қажетті шектеулерді белгілеуге құқылы. Арнайы ұшуды орындаған кезде әуе кемесінің бортында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер азаматтық әуе кемелерінде радиомен хабарлау аппаратурасы орнатылған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес осындай аппаратураны пайдалануға рұқсат береді.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борт журналының нысаны мен мазмұны тиісті авиация түрлерінде Қазақстан Республикасының ұшуды жүргізу қағидаларында белгіленеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылған азаматтық әуе кемесінің экспорты үшін ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын береді.»;
43) 48-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларына сәйкес авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар жүргізеді. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді, осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы орындайды.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету азаматтық әуе кемесін тіркеуші мемлекетпен бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламалары немесе оның баламасы бойынша жүзеге асырылады.»;
5-тармақта екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын танудың тәртібі Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және сертификат беру қағидаларында белгіленеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым орындалатын жұмыстың ауқымына және күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.»;
44) 49-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркелетін танылым белгiлерiнен басқа қосымша белгілер (рәміздер, жазбалар, эмблемалар) салынуы мүмкін.»;
45) 51-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген талаптарға сай Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе ұйымдарына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемені Қазақстан Республикасының пайдаланушысы экипажсыз жалға алуы немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы тек Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 83 bis –бабының шеңберінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.
1-2. Қазақстан Республикасының пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарына жататын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы келісім-шартың қолданыс мерзімінде пайдаланушы сертификатына (авиациялық жұмысты орындауға арналған куәлікке) енгізбестен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының пайдаланушысының шет мемлекеттің пайдаланушысына жататын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша бес әуе кемелеріне дейінгі паркі бар жалға алушы үшін бір әуе кемесінен артық емес және бес әуе кемелерінен асатын паркі бар жалға алушы үшін тұрақты және тұрақсыз ұшуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын барлық әуе кемелер паркінің жиырма пайызынан аспайтын пропорцияда және пайдаланушы сертификатына енгізбестен бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Әуе кемесі жалға алушының пайдалануындағы әуе кемелерімен бір үлгідегі бірдей модификацияда болуы тиіс.
Бұл ретте рейсті нақты қай тасымалдаушы орындайтындығы жөнінде жолаушылар хабарлануы тиіс.
Жалға алынған әуе кемесіне ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған, жалға алушы немесе жалға беруші тараптан тиімді пайдаланушылық бақылау, не болмаса пайдаланушы сертификатын және ұшу жарамдылық сертификатын берген мемлекет тарапынан қадағалау болмаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының пайдаланушысынан әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға берген бұрынғы рұқсатын кез келген уақытта қайтарып алуға құқылы.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
46) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерi мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен белгіленеді.»;
47) 54-бапта:
1-тармақта:
төртінші бөліктегі бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиация персоналының біліктілік деңгейі тағайындалуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларды тағайындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын жеке тұлғалармен айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналын авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО-ның оқу орталықтарында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайты даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру инспекторалын даярлауды және қайта даярлауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайты даярлау бағдарламасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган анықтайтын тәуелсіз оқу орталығы (үшінші тарап) жүзеге асырады.
Әуежайдың кіруге шектелген қорғалатын аймағына кіруге еріп жүрілмейтін рұқсаты бар персоналды авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайты даярлау бағдарламасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан жұмысқа рұқсат алған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО-ның оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында жүргізеді.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдік азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және оларды кәсіптік деңгейде ұстауға рұқсат етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 - тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар тағайындалған жеке тұлғалармен жүргізілетін тестілеу немесе мерзімді тексерулердің көмегімен авиациялық персонал теоретикалық білімі мен тәжірибелік дағдыларын, сондай-ақ тілдерді ИКАО стандарттарына сәйкес тиісті орындайтын функцияларының деңгейінде білетіндігін көрсетуі тиіс.
2-2. Азаматтық әуе кемесінің ұшу экипажының мүшелерін даярлау, қолдау және тәжірибелік дағдыларын тексеру мақсатында қолданылатын ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғылары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Азаматтық авиациядағы авиация персоналын тренажерлік даярлау қағидаларына сәйкес қолданысқа жіберіледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиация персоналына жататын адамдар кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықтан өтуге міндетті.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, оларға техникалық қызмет көрсетумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамдар кәсіптік қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлiгi және денсаулық жағдайы бойынша белгіленген талаптарға жарамдылығын растайтын медициналық сертификаты болған жағдайда жіберіледі.
Авиация персоналына, сондай-ақ мiндеттi медициналық куәландырылуға жататын адамдар санатына денсаулық жағдайы бойынша қойылатын талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасының негiзiнде әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органдар бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру қағидаларымен белгiленедi.
Авиация персоналын медициналық куәландыру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық медициналық орталықтарда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган таныған шетелдік авиациялық медициналық орталықтарда, тағайындалуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Авиациялық медицина сарапшыларын тағайындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын авиациялық медицина сарапшыларымен жүргізіледі.
Шетелдік авиациялық медициналық орталықтар авиация персоналын медициналық куәландыруға медциналық тәжірибеге олардың рұқсаттарын Авиация персоналына медициналық куәландыруды жүзеге асыратын авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына сәйкес танығаннан кейін жіберіледі.
Авиация персоналын медициналық куәландыру бойынша талаптардың сақталуына авиациялық медицина сарапшылары жауапкершілікте болады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Авиация персоналын дербес кәсіптік қызметке жіберуге кәсіптік білімдері мен дағдыларына тексеру жүргізген авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар тағайындалған жеке тұлғалар жауапкершілікте болады.»;
6-1- тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұшуды қамтамасыз ету және орындау кезінде, әуе қозғалысына қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету кезінде белгіленген талаптарды бір рет өрескел бұзған;»;
4) тармақша алып тасталсын;
«7. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартары мен ұсынылатын практикасын ескере отырып және Қазақстан Республикасының барлық пайдаланушылары мен азаматтық ұйымдары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктеріне сәйкес азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақытын және демалысын ұйымдастыру туралы ережені бекітуге құқылы.»;
48) 56-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Экипаждың әрбір мүшесінің ұшудың сәтті аяқталуына қаупі болғаны үшін, егер:
1) өзін шаршау сезінген немесе аурудың, жарақаттың немесе басқада жағдайлардың салдарынан оның дене немесе психикалық жағдайы талап етілетін стандартарға сәйкес міндеттерді орындауға мүмкіндік бермейтінін білген;
2) оның даярлық деңгейі ұшуды қауіпсіз орындау үшін талаптарға сәйкес болмаған жағдайларда ұшуға тапсырманы орындаудан бас тартуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Экипаж мүшелері:
1) демалу және тамақ ішу үшін берілген жағдайлар мен мүмкіндіктерді пайдалануға, сондай-ақ өзінің демалатын уақытын күшін толық қалпына келтіруге қамтамасыз ететіндей етіп жоспарлауға және өткізуге;
2) оларға куәліктер мен тиісті біліктілік белгілерімен берілген құқықтарды бұл құқықтарды қауіпсіз және тиісті түрде жүзеге асыруға оларды қабілетсіз етуі мүмкін кезкелген психобелсенді заттардың әсерінде болған кезде жүзеге асырмауға;
3) психобелсенді заттарды қабылдау қауіпімен байланысты қандайда бір әрекеттермен айналыспауға міндетті.»;
49) 57-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әрбір жеке ұшулар үшін әуе кемесінің командирі әуе кемесінің пайдаланушысымен немесе жалпы мақсаттағы авиация жағдайында әуе кемесінің иесімен тағайындалады.»;
1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Азаматтық авиация әуе кемесінің командиріне белгілі бір типтегі әуе көлігін өз бетінше басқаруға арналған рұқсаты бар коммерциялық авиациядағы ұшу тапсырмасына немесе жалпы мақсаттағы авиацияның осыған ұқсас құжатына сәйкес ұшудың (ұшулардың) қауіпсіз аяқталуына жауапкершілік жүктелген пилот тағайындалады.»;
5-тармақта:
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) оның өкіміне бағынудан бас тартатын:
өздерінің іс-әрекеттерімен әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бұзған адамдарға қатысты барлық қажетті шараларды, оның ішінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
4) ұшуды орындау кезінде қауіпсіздікке қауіп төндіргені және (немесе) әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы тиісті актіні ресімдеуге;
5) әуе кемесі жақын арадағы әуеайлаққа келгеннен кейін ұшу қауіпсіздігі мен борттағы тәртіпті ұстауға ықпал еткен кезкелген экипаж мүшесін немесе жолаушыны әуе кемесінен алып шығуға және оларды құқық қорғау органдарына беруге;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тиісті авиациялық қауіпсіздік қызметтері болмаған кезде жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүктерді ұшу алдында тексеріп қарауды қамтамасыз етуге;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Авиациялық оқиға болған жағдайда әуе кемесінің командирі өз өкілеттіктерін іздестіру және құтқару қызметтері өкілдеріне бергенге дейін әуе кемесінің бортындағы адамдардың іс-қимылдарына басшылық жасайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Әуе кемесінің командирі:
1) есіктер жабылғаннан кейін борттағы барлық экипаж мүшелерінің, жолаушылардың және жүктің қауіпсіздігіне;
2) әуе кемесін басқаруға және ұшақтың ұшу мақсатында қозғалуға дайындалған сәттен ұшудың аяқталуы немесе негізгі қозғалтқыш құрылғы ретінде пайдаланылған қозғалтқыштың (тардың) сөндірілуі бойынша оның толық тоқтатылған сәтіне дейін оның қауіпсіздігіне;
3) ұшуға дейінгі, ұшу уақытындағы және ұшудан кейінгі ұшулардың барлық кезеңдерінде ұшу экипажы қолданатын бақылау карталары жүйесінің анық сақталуына;
4) ұшу аяқталғаннан соң әуе кемесінің барлың белгілі немесе күмән тудыратын ақаулары туралы пайдаланушыға хабарлауға;
5) борт журналын жүргізуге немесе бас декларацияны жасауға жауапкершілікте болады.»;
50) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлік-авиациялық қызмет басшысы, сапа кепілдігі басшысы азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін басшы қызметкерлері болып танылады.»;
51) 59-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
52) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау
1. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларына және (немесе) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларына сәйкес сертификаттау талаптарына және сертификаттау шарттарына сәйкестікті растайтын құжаттармен қоса белгіленген нысанда өтінім жібереді.
Пайдаланушы сертификатын немесе авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оның сертификатталған әуе кемелері, даярланған персоналы, құжаттамасы, әуе кемелерін ұшуға пайдалануға, техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз етуге қажетті жабдықтары, ғимараттары, құрылыстарының болуын, сондай-ақ ұшуды орындау кезінде міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті сақтандыруды жүзеге асыратынын көрсетуі тиіс.
Пайдаланушы өзінің әуе кемелері бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде авариялық хабар беру үшін жауаптылықта болады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушы сертификатының және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданысына, оны беру кезінде және пайдаланушы қызметінің барысында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер белгілейді.
2. Пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді пайдаланушының бұзуына тыйым салынады. Бір әуе кемесін екі және одан да көп пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте бір мезгілде болуына жол берілмейді.
Әуе кемелерді қолданыстағы пайдаланушының сертификатынсыз және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліксіз пайдалануға тыйым салынады.
3. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті басқа адамға беруге болмайды.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Заңның 16-3-бабының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ:
1) пайдаланушы сертификатталған талаптар мен шектеулерді сақтамаған;
Достарыңызбен бөлісу: |