Жоба Қазақстан республикасының



бет3/7
Дата29.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#32122
1   2   3   4   5   6   7

5) әуежайдың бақыланатын аймағына және кіруге шектелген қорғалатын аймақтарына кіретін адамдарды, бұйымдар мен көлік құралдарына қатысты авиациялық қауіпсіздігі мақсатында бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.»;

9) 13-бапта:

5) тармақшасы алып тасталсын;

44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«44) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламасын бекітеді;»;

10) 14-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды орындауға қатысты нұсқаулықтар мен рәсімдерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартары мен ұсынылатын практикасында белгіленген ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкес директивтер (ұшу қауіпсіздігі, ұшу пайдалану, ұшу жарамдылығы, әуе қоғалысының қауіпсіздігі жөніндегі) және нұсқамалық материалдар шығарады;

2-2) әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру кезінде азаматтық-әскери үйлестіру жүйесін белгілеу және қолдау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ықпалдастықты жүзеге асырады;

2-3) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;

9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«9) азаматтық авиацияны аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген тізбеге сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарын бекітеді;

10) басқа елдердің авиациялық билік органдарымен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты, оның ішінде азаматтық авиация саласын қатысты ынтымақтастық, тәжірибе мен ақпарат алмасу туралы екі тараптық келісім жасасу жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында өкілдік етуін жүзеге асырады;»;

16), 17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«16) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-Қосымшасында көзделген авиация персоналына жататын адамға оның қажеттi бiлiмi мен дағдысының бар екенiн, сондай-ақ оның денсаулығының белгiленген талаптарға сай екенiн растайтын кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін бередi, куәліктің қолданылу мерзімін ұзартады, мұндай куәлiктi қайтарып алады, қолданысын тоқтата тұрады, куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізеді;

17) сертификаттауды және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті, авиациялық оқу орталығының сертификатын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын, үлгі сертификатын, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру жөніндегі сертификатты, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификатын, авиация персоналына медициналық куәландыруды жүзеге асыратын авиациялық медицина орталығының сертификатын беруді жүзеге асырады;

18) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, иеленушілер сертификаттау талаптарын сақтамаған жағдайда сертификаттар (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктер) беруден бас тартады, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) қайтарып алады, олардың қолданылуын тоқтата тұрады;

19) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруді жүзеге асырады, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті таниды, өзгертеді, шектейді, тоқтата тұрады және қайтарып алады;»;

27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«27) әуежайдың және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларды келісуді жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

«29-1) азаматтық сыныпталған әуежайлардың, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) құрылысына және қайта құруына архитектіралық-жоспарлау тапсырыстарына келісім береді, сондай-ақ әуежайды дамытудың бас жоспарын (мастер-жоспарын) бекітеді;»;

30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«30) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«30-1) әуе кемелерінің пайдаланушыларының, әуеайлақ (әуежай) пайдаланушыларының, аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілерінің, және азаматтық авиация саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын басқада жеке және заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

30-2) әуе кемелерінің пайдаланушыларының, әуеайлақ (әуежай) пайдаланушыларының, аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілерінің, жерде қызмет көрсету ұйымдарының, авиациялық оқу орталықтарының, авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету ұйымдарының, тексеруді жүзеге асыратын авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, авиация персоналына медициналық куәландыруды жүзеге асыратын авиациялық медициналық орталықтардың қызметтеріне бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;

41-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«41-4) өзі бекіткен, халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылған практикасына сәйкес әзірленген Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес және осы Заңда көзделген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;»;

41-17) және 41-18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«41-17) азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электробайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

41-18) азаматтық авиациядағы аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;

41-27) және 41-28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«41-27) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісіне қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;

41-28) авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекітеді;»;

41-29) тармақша алып тасталсын;

41-42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«41-42) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрі жарықпен техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 41-62) және 41-63) тармақшалармен толықтырылсын:

«41-65) Авиация персоналына медициналық куәландыруды жүзеге асыратын авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталыққа қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;

41-66) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;

11) 15-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын есепке алуды жүргізеді;»;

12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:


«16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде осы Заңда көзделген азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының, әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және көрсетілетін авиациялық қызметтердің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі расталады.

2. Сертификаттаудың мақсаты адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың, жеке және заңды тұлғалардың сапалы авиациялық қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда, сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алымды мемлекеттік бюджетке төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

4.Азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына қолданылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне сертификаттық тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексерулер мен тұрақты қадағалау үшін мемлекеттік авиация инспекторларына арналған нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады. Нұсқамалық материал Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартары негізінде әзірленеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітіледі.

5. Сертификаттық тексеру кезінде өтініш беруші қызметтің сұратылып отырған түрлеріне байланысты функцияларды орындау үшін қажетті қабілеті мен құралдарын, сондай-ақ қаржы-экономикалық және құқылық жағдайын көрсетуге міндетті.

Сертификаттық тексеру нәтижелері өтініш берушілерге таныстырылу үшін ұсынылады.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге сертификаттық талаптарға сәйкес болған және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететін сертификаттық тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді олар жойған кезде сертификат (куәлік) береді.

6. Сертификаттық тексеру кезінде анықталған сертификаттық талаптарға сәйкессіздік үш санатқа бөлінеді: 1-санат, 2-санат және 3-санат.

1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі жасамайтын және оларды өндірісті жетілдіру кезінде жоюға жататын ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке болмашы ықпалы бар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер жатады.

2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган келіскен мерзімде оларды жою немесе шектеулер енгізу жағдайы кезінде қызметті жүзеге асыруға кедергі жасамайтын ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке елеулі ықпалы бар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер жатады.

3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі жасайтын және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке айтарлықтай ықпалы бар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер жатады.

Сәйкессіздіктерді әртүрлі санаттарға жатқызу сертификаттық тексерулер мен тұрақты қадағалау кезінде қолданылатын нұсқамалық материалда көзделеді.

7. 3-санаттағы сәйкессіздік өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндігіне қарағанда адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

3-санаттақы сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификат (куәлік) беруден бас тартады не Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда және тәртіпте өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған сәтке дейін сертификаттың (куәліктің) қолданысын шектейді.

8. 2-санаттағы сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:

1) анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін сәйкессіздік анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық тексеріс нәтижесімен танысқан сәттен бастап он күндік мерзімде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

Іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мерзімдер өтініш беруші оларды өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен ұзартылуы мүмкін.

9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын, қажет болған жағдайда инспекциялық тексеру жүргізу жолымен, бақылайды.

Егер өтініш беруші тиімді түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынбаса және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылдаған немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса 2-санаттағы сәйкессіздік 3-санаттағы сәйкессіздікке айналады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификатты (куәлікті) қайтарып алу бойынша шаралар қабылдайды.

1-санаттағы сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылының жоспары талап етілмейді.

10. Егер:

1) осы баптың 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталса;

2) өтініш берушіге қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болса сертификатты (куәлікті) беруден бас тарту жүргізіледі.

11. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) басқа мүше-мемлекетінің құзыретті авиациялық билік органдары берген сертификаттардың (куәліктердің) күшін таниды.»;

13) 16-1-бабында:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалау»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздік үшін тұрақты қадағалауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары жатады.»;

3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру:

1) осы Заңның 16-бабының 4-тармағына көзделген нұсқамалық материал пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы;

2) тексерілетін жеке және заңды тұлғаларға ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздік бойынша олардың қызметіне қадағалаудың тиісті нәтижелерін беруі;

3) бұрынғы қадағалаудың нәтижелеріне және азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті басқарудың белгіленген жүйесі шеңберінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздігі саласындағы басымдықтарға, соның ішінде перрондық және жоспардан тыс тексерулерге негізделуі;

4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Заңның 16-3-бабына сәйкес шаралар қолдану үшін бұзушылықтардың жоқ екені немесе бар екені туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

4. Тұрақты қадағалау азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына инспекциялық тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

5. Азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттар (куәліктер) негізінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде сертификаттау талаптарын үнемі сақтайтынын растайтын ақпаратты, құжаттарды береді және мемлекеттік авиация инспекторларының өздерінің қарауындағы жерлер мен аймақтарда сертификаттау нысанасы болып табылатын ақпараттарға, құжаттарға, бұйымдарға, бөліктер мен жабдықтарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.»;

14) 16-2-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды, ол сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының қызметтерін сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің) әрекет ету мерзімі ішінде барлық аспекттерін ескере отырып тексерулерді жоспарлауды, қадағалау мәселелері бойынша азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасауды және жүргізілген тексерулер нәтижелерін есепке алуды қамтиды.»;

15) 16-3-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.»;

6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Екінші деңгейдегі бұзушылықтар болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:

1) анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және инспекторлық тексеріс нәтижесімен танысқан немесе инспекторлық нұсқама алған сәттен бастап он күндік мерзімде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

2) азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы ұсынған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

Іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мерзімдер азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы оларды өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен ұзартылуы мүмкін.

7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын, қажет болған жағдайда инспекциялық тексеру жүргізу жолымен, бақылайды.

Егер азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы тиімді түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынбаса және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылдаған немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса екінші деңгейдегі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға айналады және осы баптың 5-тармағында көзделген шаралар қабылданады.»;

16) 16-4-бапта:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және авиациялық қауіпсіздікті бақылау»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қызметі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттауына жатпайтын, бірақ осы Заңның 10-2-бабында көзделген қызметке жататын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне бақылауды жүзеге асырады.»;

2-тармағының бірінші және екінші бөліктерінің мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бақылау жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жоспарлы және жоспардан тыс тексеру, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтаудағы олардың қызметін бақылау және талдау, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздігіне шолу және авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақ жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарлы тексерулерді жүргізу нұсқамалық материалдарды пайдалана отырып және тексеру жоспарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.»;

17) 16-5-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулерді Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін нұсқамалық материалдарды пайдалана отырып мемлекеттік авиация инспекторлары жүзеге асырады.»;

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұзушылықтарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген санаттарға жатқызу шарттары нұсқамалық материалмен айқындалады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Үшінші санаттағы бұзушылықты анықтаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:

1) анықталған сәйкессіздіктер туралы пайдаланушыға жазбаша түрде хабар береді және қабылданған түзету іс-қимылдары бойынша дәлелді талап етеді;

2) пайдаланушы мемлекетінің құзыретті органдарына, қажет болған жағдайда әуе кемесі тіркелген және ұшу экипажы куәлігін берген мемлекетке хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылдаған түзету іс-қимылдарын келісу туралы құзыретті органдардан растауды сұратуға құқығы бар;

3) әуе кемесін пайдалануға шектеу қояды не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемесін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап етеді не осы баптың 7-тармағының талаптарына сәйкес әуе кемесін жерде кідіртеді.»;

18) 16-6-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік авиация инспекторлары әуе кемелерінің ұшуын орындау және қамтамасыз етуге, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысын ұйымдастыруға қатысты арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарынан тағайындалады.

Мемлекеттік авиация инспекторларының саны Қазақстан Республикасында коммерциялық авиация мен жалпы мақсаттағы авиацияның азаматтық әуе кемелерімен орындалатын ұшу жұмыстарының көлеміне байланысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітілген штатының шеңберінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен анықталады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Мемлекеттік авиация инспекторларының санатына:

бас мемлекеттік авиация инспекторы;

аға мемлекеттік авиация инспекторы;

мемлекеттік авиация инспекторы жатады.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторының санатына жатқызу тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган анықтайды.

1-2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, сертификаттауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік авиация инспекторының қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-1) анықталған сәйкессіздіктерді тиісті түрде жойғанға дейін инспекциялаудағы азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының және (немесе) авиация персоналының нақты әрекетін дереу тоқтатуға, соның ішінде ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін азаматтық әуе кемесінің ұшуды орындауына тыйым салуға;

3-2) инспекциялық тексеріс кезінде инспекциялаудағы азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының қызметіне кедергі келтірместен, аудио-, фото- және бейнетехника құралдарының қолдануға;»;

3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) авиация персоналы куәлігінің, кеме, ұшу құжаттамасының, сертификаттардың, рұқсаттардың және берілуі осы Заңда көзделген құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдік кемелерді қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігін тексеруге міндетті.»;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет