Жоба Қазақстан республикасының



бет6/7
Дата29.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#32122
1   2   3   4   5   6   7

2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

3) инспекциялық тексеру кезінде, оның ішінде шет мемлекеттерде тексеру кезінде белгілі болған ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайларда;

4) пайдаланушы жазбаша өтініш берген жағдайда пайдаланушы сертификатының және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұрады.

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұру тәртібі тиісінше Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларында және Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларында айқындалады.

Егер әуе кемесін пайдаланушы анықталған сәйкессіздікті және (немесе) бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаса, уәкілетті орган пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті қайтарып алады.

Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалдарын алты айдан астам мерзімге тоқтатқан жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын қайтарып алады.

5. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден, егер:

1) осы Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталса;

2) өтініш берушіге қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған;

3) түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген сәйкессіздіктерді өтініш беруші сертификаттаудың жалпы мерзімі өткенге дейін жоймаған жағдайларда бас тарту жүргізіледі.

Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;

53) 61-бапта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмм және одан кем болатын ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмм және одан кем болатын тікұшақтарды, сондай-ақ ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғыларды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу үшін мынадай шарттарды сақтау:

1) әуе кемесінің, ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғылардың осы түрін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің болуы;

2) азаматтық әуе кемесін, ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы;

3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес ұшуларды орындау кезінде сақтандыруды қамтамасыз ету;

4) бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде аэроклубтармен немесе әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдармен авариялық хабар беруді қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасасуы негіз болып табылады.

Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (пилот) және жалпы мақсаттағы авиацияның пайдаланушысы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.

2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограммнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына сәйкес ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.»;

6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын:

1) әуе кемесін пайдаланушы (оның иесі) Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

3) осы Заңның 16-3-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған;

4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда тоқтата тұрады.

Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұр және қолданысын қалпына келтіру тәртібі Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында айқындалады.

7. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден, егер:

1) өтініш беруші Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген;

2) өтініш берушіге қатысты ондай ұшуларды орындауға тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда бас тарту жүргізіледі.

Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;

54) 64-бапта:

1-тармақтың үшінші бөлігінде:

1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әуежай, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аумағында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің талаптарының сақталуын, оның ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай аумағында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етеді және бақылайды;»;

мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) және 1-6) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) әуе кемелерінің қауіпсіз қабылдау және шығару үшін, жұмыс регламенттеріне сәйкес, әуеайлақтың тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді;

1-2) әуежай жұмысының технологиясына сәйкес әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін қажетті жер үсті қызметінің қызметтерін қамтамасыз етеді;

1-3) әуеайлақ аумағында жылжу бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;

1-4) әуежай аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

1-5) әуеайлақта және әуеайлақ маңындағы аумақта іздеу, апаттық-құтқару және өртке қарсы қамтамсыз етуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

1-6) әуежай аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әуеайлақта және әуеайлақ маңындағы аумақта ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті бақылау жөнінде комиссия құрады;»;

мынадай мазмұндағы 1-1- тармақпен толықтырылсын:

«1.1. Азаматтық авиация саласында пайдаланылатын әуеайлақтарда қызметін жүзеге асыратын барлық субъектілер Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әуежай пайдаланушылары белгілеген нормаларды сақтауға міндетті.»;

3-тармақ алып тасталсын;

55) 65-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Әуежай пайдаланушысы, әуежай қызметіндегі қызметтерді көрсететін азаматтық авиация ұйымы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандартарына (қағидаларына, талаптарына) сәйкес әуежай қызметіне кіретін қызметтердің сапасына бақылау жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.»;

56) 66-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық авиация пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), сондай-ақ бірлесіп пайдаланылатын және орналастырылатын әуеайлақтар азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартарына сәйкес келуге тиіс.

Мемлекеттік авиация ғана пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкес келуге тиіс.»;

57) 70-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының аумағынан /аумағында халықаралық ұшуларды орындайтын барлық азаматтық әуе кемелері халықаралық ұшулар үшін ашық халықаралық әуежайда ұшу және қонуды жүзеге асыру тиіс.

Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;

2-тармақ алып тасталсын;

58) 71-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Әуеайлақтар мен әуежайлардың немесе арнайы объектілердің құрылысы, қайта құрылуы, таратылуы немесе көшірілуі
1. Әуежайлардың, сыныпталған әуеайлақтардың (тікұшақ айлағының) құрылысы мен қайта құрылуының жоспарларының ұшу қауіпсіздігін, авиациялық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ әуежайға қызмет көрсету үшін көлік инфрақұрылымының (жолдар мен басқа да жер үстіндегі жол қатынастары, телекоммуникация және т.б.) қажеттілігі бөлігін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қарайды.

2. Әуеайлақты дамытудың бас жоспарын (мастер-жоспарын) бекіту тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

3. Әуеайлақтың құрылысы немесе қайты құрылуы кезінде әуеайлақтың құрылысының немесе қайты құрылуының толық аяқталғанға дейін, әуе айлақта ұшу қауіпсіздігінің балама деңгейін әуеайлақ пайдаланушысының қамтамасыз еткен жағдайда ғана жеке технологиялық аяқталған объектілерге әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға уақытша рұқсат беріледі. Уақытша рұқсатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша әуеайлақ пайдаланушысы жүзеге асырады.

4. Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе басқа жерге көшіру меншік иесiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.»;

59) 74-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдауды тұрақты және тұрақсыз рейстермен жүзеге асыру құқығына ақысын алып немесе жалдау бойынша (коммерциялық әуе тасымалдары) пайдаланушының қолданыстағы сертификаты бар авиакомпаниялар ие болады.»;

мынадай мазмұндағы 4-1 – тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және (немесе) шетелдік заңды тұлғалардың акционерлік қоғам нысанындағы авиакомпанияның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі қырық тоғыз пайыздан аспауға тиіс.»;

60) мынадай мазмұндағы 75-1 – бабымен толықтырылсын:


«75-1-бап. Формальдылықты оңайлату
1. Қазақстан Республикасының аумағына келетін және оның аумағына кететін немесе транзитпен өтетін барлық әуе кемелеріне, олардың экипаждары мен жолаушыларына, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін мүліктеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген паспорттық, кедендік, валюталық, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалардың қолданыс күші тарайды.

2. Әуе тасымалдарына көмек көрсету және тездету, сондай-ақ әуе кемелерінің, экипаждың, жолаушылар мен жүктің негізсіз кідіртулерді болдырмау мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басқа құзыретті органдармен келісе отырып шекаралық, кедендік, санитарлық бақылау және басқада бақылау түрлерімен байланысты формальдылықты оңайлатуға бағытталған бағдарлама әзірлейді.

3. Әуе тасымалымен байланысты формальдылықты оңайлату жөніндегі шаралар авиациялық қауіпсіздік жөніндегі шаралар мен тыйым салынған жүктерді әкелу мен әкетуге жол бермеу жөніндегі шараларға зиян келтіретіндей етіп жүзеге асырылмауы тиіс.»;

61) 76-баптың 5-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарында айқындалады.»;

62) 78-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) әуе кемесінің жолаушысы белгіленген багажды тегін тасымалдау нормасынан салмағы асатын өзінің багажының тасымалдау ақысын төлеуден бас тартқан;

1-2) баланы жеңілдетілген тасымалдау үшін қарастырылған жағдайларды қоспағанда, әуе кемесінің жолаушысының өзімен бірге жүрген баланың тасымалдау ақысын төлеуден бас тарқан;

1-3) жолаушылардың заттарында, сондай-ақ багажында, жүгінде әуе тасымалына тыйым салынған бұйымдар мен заттардың болған;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жолаушыны немесе жүкті әуемен тасымалдау шарты тоқтатылған жағдайда тасымалдау үшін енгізілген төлем осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, авиакомпанияның бастамасы бойынша жолаушыға немесе жүктің иесіне (жүкті жіберушіге) әуемен тасымалдау шартында көзделген тәртіппен қайтарылады.»;

63) 79-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

«2-2. Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат ету қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкессіздік авиакомпанияларға ішкі тұрақты коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат етуден бас тартуға негіз болып табылады.

Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат ету қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарын авиакомпания сақтамаған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұрын берген рұқсатты тоқтатады. Тоқтатуға негіз болып табылған бұзушылықтарды осы тармақта белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, бұрын берген рұқсат қайтарылып алынады.»;

64) 80-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған үкіметаралық келісімшарттарға сәйкес авиатасымалдаушылардың саны ж»не (немесе) рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу қойылған халықаралық авиамашруттарды, сондай-ақ субсидияланатын (облысішілікті қоспағанда) авиамаршруттарды бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негізде жүргiзедi. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын облысішілік авиамаршруттарға арналған конкурсты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Халықтың әуе қатынасына қажеттiлігiн қанағаттандыру үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурстар аралығындағы кезеңде қажеттiгi туындаған авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурсты өткiзбей-ақ авиакомпанияға субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi беруге құқылы.

Пайдалану қажеттiгi конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған субсидияланатын авиамаршрутты бөлген кезде жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында көзделген бiлiктiлiк талаптарына авиакомпания сай келген жағдайда, өтiнiм берген барлық авиакомпанияларға куәлік берiледi.»;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Халықаралық авиамаршруттарға конкурс тек үкіметаралық келісімшарттарға сәйкес авиатасымалдаушылардың саны және (немесе) рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу қойылған халықаралық авиамашруттарға мынадай жағдайларда:

1) жаңа авиамаршруттарға;

2) үкіметаралық келісімшарттарға енгізілген өзгерістерге сәйкес қолданыстағы халықаралық авиамаршруттарға қосымша жиіліліктерді бөлуге;

3) авиатасымалдаушының халықаралық авиамаршрутты пайдаланудан бас тартқан кезінде босатылған жиіліктерді бөлуге жүргізіледі.»;

65) 82-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

2. Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда аккредиттелуден өтуге міндетті.

3. Шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу тәртібін және оларға қойылатын талаптарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;

66) 82-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Авиациялық жұмыстардың тізбесі және оларды орындауға қойылатын талаптар Азаматтық авиация саласындағы ұшуларды жүргізу қағидаларында белгіленеді.»;

67) 86-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарды бұзуға жол берген тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.»;

68) 87-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен жабдықтарының меншік иелері (иелері) мен пайдаланушылары Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарының талаптарына сәйкес өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, оның ішінде жолаушылар мен авиация персоналы алдындағы, сонадай-ақ жүк иесінің немесе жікті жіберушінің алдында жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.»;

69) 89-бап мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

«әуе кемесінің бортында темекі тарту жатады.»;

70) 91-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп төндіретін ғимараттардың, құрылыстардың және басқада объектілердің меншік иелері Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына, Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарының пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес көрсетілген объектілерге түнде және күндіз көрiнетiн таңбалық белгілер мен құрылғыларды өз есебінен орнатуға мiндеттi.»;

71) 92-бапта:

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) дене жарақатын табиғи себептер нәтижесінде алған, өзін-өзі жарақаттаған не басқа адамдар жарақаттаған немесе әдетте жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кіруіне болатын аймақтан тыс жерде жасырынып қалған билетсіз жолаушы дене жарақатын салған жағдайларды қоспағанда, қандай да бір адамның осы әуе кемесінде болуы немесе осы әуе кемесінің бөлініп түскен бөлігін қоса алғанда әуе кемесінің қандайда бір бөлігімен тікелей жанасуы не болмаса реактивтік қозғалтқыш газының сорғалауының тікелей әсері нәтижесінде дене жарақатын алып, соңынан қайтыс болған немесе қатерлі дене жарақатын алған;»;

2) тармақшаның төртінші және бесінші абзацтары алып тасталсын;

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:

«Азаматтық (эксперименттік) авиациядағы авиациялық инциденттер қатерлі инцидент және белгілері Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларымен айқындалатын инциденттерге бөлінеді.»;

72) 93-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«93-бап. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру
1. Қазақстан Республикасының әуе кемесімен не шет мемлекеттің әуе кемесімен Қазақстан Республикасының аумағында болған авиациялық оқиға немесе инцидент міндетті түрде тексерілуге жатады.

2. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексерудің мақсаты оларды болашақта алдын алу болып табылады.

Кімнің болсын кінәсі мен жауапкершілігін анықтау авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексерудің мақсаты болып табылмайды.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеруді тиісінше азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеруді комиссия жүзеге асырады. Азаматтық және эксперименттік авиацияда комиссияны - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган құрады. Азаматтық авиация ұйымдары тексеретін инциденттердің тәртібі мен тізбесі Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларымен айқындалады. Мемлекеттік авиацияда комиссияны мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган құрады.

Біреудің кінәсінің немесе жауапкершілігінің үлесін белгілеуге бағытталған кезкелген сот немесе әкімшілік талқылау Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларына сәйкес орындалатын тесерістерден бөлек жүргізіледі.

3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргiзу тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.

Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргiзу тәртібі мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.

Тергеуді ұйымдастыру кезінде авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның қызметіне, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға жол берілмейді.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссияға тексеру жүргізуде тәуелсіздік беріледі және оны жүргізуге шексіз уәкілеттік беріледі.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия әбден объективті, абсолютті әділ және сол тәрізді қабылдануы тиіс. Оны саяси немесе басқада араласу немесе қысым көрсетуге қарсы тура алатындай етіп қалыптастыру қажет.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиғаға немесе қатерлі инцидентке қатысты оқиға болған жерлерді, объектілерді және сынықтарды тексеруге, жұмыстарға сарапшыларды тартуға, көрген адамдардан сұрауға, авиациялық оқиғаның немесе инциденттің және (немесе) ілеспе факторлардың себептерін анықтап белгілеу үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға, осындай авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге құқылы.

4. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік әуе кемесімен болған авиациялық оқиға немесе инцидент авиация саласындағы уәкілетті органдар комиссияларының тексеруіне жатады немесе оны өзара келісім бойынша әуе кемесі тіркелген елдің (пайдаланушының) шет мемлекеті тексереді.

5. Егер Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген азаматтық немесе эксперименттік авиация әуе кемесімен не пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы болып табылатын әуе кемесімен басқа мемлекеттің аумағында болған авиациялық оқиға немесе инцидент жағдайында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартары мен ұсынылатын практикасына және олардың негізінде әзірленген Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес әрекет етеді.

6. Тексеру процессінде авиациялық оқиға немесе инцидент туралы ақпарат нақтылы деректермен ғана шектеледі.

Мына:


1) тексеру процессінде алынған адамдардың кезкелген өтінімдерінен;

2) әуе кемесін пайдалануға қатысы бар адамдар арасындағы барлық хат алмасулардан;

3) адамдарға - авиациялық оқиға немесе инцидентке қатысушыларға қатысты медициналық немесе құпия мәліметтерден;

4) борттағы сөздерді өзіндігінен жазатын аппарат жазбалары және ондай жазбалардың мағынасын ашатын;

5) әуе қозғалысын басқару органдарының жазбалары және жабалардың мағынасын ашатын;

6) экипаж кабинсындағы және оның кезкелген бөлігіндегі бейнені борттық тіркегіштердің жазбаларын немесе ондай жазбалардың мағынасын ашатын;

7) борттық өзіндігінен жасатын аппарат жазбаларын қоса алғанда ақпаратты талдау кезіндегі айтылатын пікірлерден тұратын ақпараттар авиациялық оқиға фактісі бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асырушы құқық қорғау органының шешімі болған жағдайда, егер бұл ақпараттың жариялануы тексеріске немесе болашақтағы тексеріске зиян келтірмейтін болса ғана, жария етіледі.

Көрсетілген ақпарат ақырғы есепке немесе оған қосымшаға ол авиациялық оқиғаның немесе инциденттің талдауына қатысы болған жағдайда ғана енгізіледі. Ондай талдауға қатысы жоқ жазба бөлігі жария етілмейді.

8. Авиациялық оқиға немесе инцидент немесе әуе кемесінің қалдықтары, сынықтары туралы белгілі болған кезкелген тұлға ол туралы құзырлы органдарға хабарлауы тиіс.

Авиациялық оқиға немесе инцидент туралы ақпаратты қабылдайтын, немесе оған араласатын мемлекеттік орган немесе өзге орган құзыреттілігі бойынша тиісті уәкілетті органға жедел түрде хабарлау тиіс. Осы орган тиісті уәкілетті органның өкілі келгенше авиациялық оқиға немесе инцидент болған жерді қорғауды қамтамасыз етуге жауапты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет