Жоба Қазақстан республикасының



бет7/7
Дата29.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#32122
1   2   3   4   5   6   7

9. Авиациялық оқиға немесе инцидент болған жерді қорғау мен байқауға жауапты мемлекеттік органдар және (немесе) басқа ұйымдар бөтен адамдардың араласуына жол бермеулері тиіс.

10. Барлық жеке және заңды тұлғалар, ұйымдардың барлық түрлерінің, соның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тексеріс жүргізуші уәкілетті органдардың лауазымды адамдарына тексеріске байланысты кезкелген сұрақ бойынша куәлік етуге (түсініктеме беруге) міндетті.

11. Барлық жеке және заңды тұлғалар, ұйымдардың барлық түрлері, соның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелер авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тексеріс жүргізуші уәкілетті органдардың лауазымды адамдары талап еткен кезкелген есептерді дайындауға және беруге, сондай-ақ тексеріске байланысты құжаттар мен қажетті анықтамалық ақпаратты қарауға ұсынуға міндетті.

12. Авиациялық оқиғалардың немесе инциденттердің алдын алу мүддесінде авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тексеріс жүргізуші уәкілетті орган ақырғы есепті тексеріс аяқталысымен мүмкіндігінше жедел, егер бұл мүмкін болса, авиациялық оқиға немесе инцидент болған күннен бастап он екі ай ішінде жариялайды.

Егер ақырғы есеп он екі ай ішінде жарияланбайтын болса, тексеріс жүргіуші уәкілетті орган авиациялық оқиға немесе инциденттің әрбір жылдығында ұшу қауіпсіздігіне қатысты кезкелген пайда болған мәселелер туралы ақпараттарды қоса алғанда тексерістің барысын жете баяндайтын аралық хабарламаны жариялайды.

13. Авиация саласындағы уәкілетті органдар жүргізетін авиациялық оқиғалар мен инцидеттерге тексеріс жүргізу Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнайы және өзгеде мемлекеттік органдары жүргізетін тексерістерден тәуелсіз болып табылады.»;

73) мынадай мазмұндағы 93-1-баппен толықтырылсын:
«93-1-бап. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға
1. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға оның тиісті біліктілігінің болуына байланысты авиациялық оқиға немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия құрамында азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тексеруді ұйымдастыр және жүргізу тапсырылған азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы болып табылады.

Тексеруді ұйымдастыру кезінде тексеру жөніндегі уәкілетті тұлғаның қызметіне, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға жол берілмейді.

2. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға оқиға болған жерде және тексеру процессінде авиациялық оқиға мен инцидентті және оған байланысты барлық аспекттерді тексеруді жоспарлайды, жүргізеді және үйлестіреді.

Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авиациялық оқиға мен инцидентті тексеру процессіне жауапты болады.

3. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға өзінің міндеттерін орындау кезінде:

1) араласуды, ықпал етуді, маңызды дәлелдемелердің жоғалуын және өзгеруін болдырмау мақсатында олар жүргізетін тексерудің Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнайы және өзге де мемлекеттік органдары жүргізетін тексерістерден тәуелсіз болуына мүмкіндік беретін басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету тәртібі мен қажетті үйлестіру хаттамаларды және (немесе) регламенттерді белгілеуге;

2) әуе кемесі құлаған жерге кедергісіз және шексіз кіруге, сынықтарға, қосалқы бөлшектерге, багажға, жүкке және авиациялық оқиға мен инциденттің пайда болған кезде оған себепші немесе ықпал етуі мүмкін болып табылатын кезкелген басқа объектілерге толық, шексіз бақылауға, сондай-ақ көрсетілген объектілерге одан әрі тексеру жүргізуге;

3) тексерудегі авиациялық оқиға мен инцидентке байланысты барлық техникалық құжаттамаларға және барлық тиісті материалдарға шексіз қол жеткізуге және толық бақылауға;

4) борттық өздігінен жазатын аппараттарды және әуе кемесінің бортындағы ақпарат тасығыш басқада құрылғыларды іздеу, қалпына келтіру, шығарып алу, деректерді оқу кезінде үйлестіруді және осы құрылғылардың және олардағы деректердің үстінен толық бақылауды жүзеге асыруға. Өздігінен жазатын аппаратты шығарып алу және жазбаларды оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды қолдана отырып және басқа мемлекеттердің авиациялық оқиғаларды, инциденттерді тексеру жөніндегі органдарының құралдарын қолдана отырып ешқандай кідірусіз жүргізілуі тиіс;

5) тексерудегі авиациялық оқиға мен инцидентке байланысты әуе қозғалысының кезкелген ақпаратына және жазбаларына шексіз қол жеткізуге және олардың үстінен толық бақылауға;

6) авиациялық оқиға мен инцидентке немесе оның объектілеріне қатысы бар барлық адамдарға сұхбат (жауап алу) және медициналық қарау жүргізуге;

7) тексеруге немесе оның жеке шараларына сарапшылар мен кеңесшілердің қатысуын сұрауға, есептер сұрауға және тестілер, оның ішінде тексерудегі авиациялық оқиға мен инцидентке қатысқан экипаж, ұшу, кабина экипажы мүшелерінде алкогол мен наркотиктің болуына, жүргізуге;

8) әдетте қарастырылатын әкімшілік рәсімдерді сақтамай-ақ барлық қажетті құжаттамаларға шексіз қол жеткізуді алу үшін қажетті шараларды сұрауға және қабылдауға құқығы бар.

4. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен инцидеттеріне тексеруді жүзеге асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен инцидеттерін тексеру бойынша уәкілеттіктерді өз уақытында және толық орындауға;

3) азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен инцидеттерін тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді осы Заңға, Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына және Халықаралық азаматтық авиация ұймының (ИКАО) стандартарына сәйкес жүзеге асыруға;

4) азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен инцидеттерін тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге уәкілеттілігін көрсететін тиісті құжатының болуына;

5) авиациялық оқиға немесе инцидент болған жерге барынша қысқа уақытта жетуге міндетті.

5. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға Қазақстан Республикасының Президенті  бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджет) негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.

Ақшалай ризық ақшалай үлесті (лауазымдық айлықақы), ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін басқа да үстемеақылар мен сыйлықақыларды қамтиды.

6. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлғалар талап етілетін кәсіптік даярлық деңгейін ұстап тұру үшін кезең-кезеңмен:

1) авиациялық техниканы пайдаланып және (немесе) авиациялық тренажерлерде жаттығудан өтуге;

2) азаматтық авиация және пайдаланушылар ұйымдарында кәсіптік даярлықты (біліктілікті) Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына белгіленген көлемде және деңгейде ұстауға тиіс.»;

74) 95-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«95-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау
Осы Заңның 101-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар әуе кемесiн, оның құрамдас бөліктерiн, бортындағы және жер үстiндегi объективтiк бақылау құралдарын, әуе кемесiндегi барлық заттарды, сондай-ақ авиациялық оқиға немесе инцидент әсерін тигізген аумақ пен ондағы заттарды, әуе кемесiн жасауға, жөндеуге және пайдалануға және оның ұшуын қамтамасыз етуге қатысты бүкiл құжаттаманы авиациялық оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссияның мүшелерi немесе тексеріс жөніндегі уәкілетті тұлға, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуші (пайдаланушының, әзірлеушінің немесе дайындаушының) шет мелекетінің уәкілетті өкілі келгенге дейін ешкімге қол сұқтырмай сақтауға тиiс.

Айғақ заттарды сақтау алынуы, бұзылуы, жоғалуы немесе жойылуы мүмкін кезкелген айғақ заттарды суретке түсіру жолымен немесе басқада тиісті тәсілдермен сақтауды қамтиды. Қорғау одан әрі зақымданудан, бөтен адамдардың кіруінен, ұрлықтан және бұзылудан алдын ала қорғауды қамтиды.

Егер әуе кемесі тіркелген мемлекеттен, пайдаланушы мемлекеттен, әзірлеуші мемлекеттен, осы өтінішпен жүгінген мемлекеттің уәкілетті өкілі көргенше әуе кемесін, оның ішінде орналасқан барлық немесе кез келген басқа да заттай дәлелдемелерді, қозғаусыз қалдыру туралы өтініш келіп түссе, осы Заңға сәйкес осындай өтінішті орындау үшін барлық қажетті іс-шаралар қабылданады.

Авиациялық оқиғаның немесе инциденттің болуына ықтималы болуы мүмкін әуе кемесін, оның сынықтарын, зақымданған бөлшектерін және басқада объектілері мен элементтерді алып тастау мен босату:

1) зиян шеккен адамдарға немесе әуе кемесінің үйіндісінің астында қалғандарға көмек көрсету қажеттілігі болған;

2) қоғам қауіпсіздігі мүддесіне қажет болған;

3) әуе кемесі немесе оны бөліктері әуе қозғалысына қатер төндіретін немесе кедергі келтіретін;

4) метеорологиялық факторларға, орын алған жер жағдайына немесе уақыт өтуіне байланысты жоғалуы мүмкін немесе өз сапасын жоғалтуы мүмкін тез бұзылатын дәлелдемелерді тексеріс үшін қорғау қажеттігі жағдайларын қоспағанда авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе тексеріс жөніндегі уәкілетті тұлғаның рұқсатымен ғана мүмкін болады.»;

75) 98-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

76) 99-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес шаралар қабылдауға және адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға және мүлiктi, оның ішінде әуе кемесін сақтауға мүмкін болатын өзге де шараларды қолдануға міндетті.»;

77) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдары, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесі туралы ақпаратты, сондай-ақ қауiптi жағдайға ұшыраған адамдар туралы кез келген өзге де ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен қажетті көмек көрсету жөнінде мүмкін болатын барлық шараларды қолдануға және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларына, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтеріне, әуе кемелерін пайдаланушыларға дереу хабарлауға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде авариялық оқиғаға немесе инцидентке тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарды хабардар етуге міндетті.»;

78) 105-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, әуе кемелерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.»;

мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

«1-2. Азаматтық авиация ұйымы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлейді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға келісуге ұсынады. Бағдарламаларда авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әзірленген заңсыз араласу актілерінің алды алу және қарсы тұру шаралары мен процедуралары қарастырылады.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-1) әуе кемесінің бортына, әуежайға немесе аэронавигациялық құрал немесе басқа да объектілер орналасқан жерге күштеп енудің алдын алу;

6-2) аэровокзалдар мен іргелес аумақтардағы жалпы рұқсат етілген аймақтарының қауіпсіздігінің қажетті шараларын қамтамасыз ету;»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы әр жыл сайын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнаманың және авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басқада нормативтық құқықтық актелердің талаптарын сақтауына азаматтық авиация ұйымдарда тексерулер, сынақтар, шолулар мен инспекторлық тексерулер жүргізуге бағытталған азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешені ұғынылатын авиация қауіпсіздігі желісі бойынша тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама қабылдайды.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақ жүргізу;

8) авиациялық қауіпсіздік жағдайына шолулар жүргізу»;

9-тармақ бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Әуежайлардың, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары өзіне ішкі аудиттерді, инспекциялық тексерулерді, зерттеулерді, сенімділік тексерулерді қамтитын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сапасын бақылау жөніндегі ішкі шараларды жүзеге асырады. Шараларды іске асыру Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік бойынша ішкі тексеру бағдарламасының негізінде сапа бақылауның ішкі аудиторымен (маманымен) жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

«10. Авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақ және авиациялық қауіпсіздік жағдайына шолулар Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекіткен Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуына сапа бақылауын жүргізу қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.»;

79) 106-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әрбір әуежайдың және тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдар өз құрылымында тиісті қажетті техникалық құралдар және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін кадр құрамы жинақталған авиациялық қауіпсіздік қызметі болуға тиіс.»;

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әуежайдың, тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның тиісінше бірінші басшысына тікелей бағынатын, оның орынбасары болып табылатын, ұлттық қауіпсіздік органдары мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша тағайындалатын және босатылатын Қазақстан Республикасының азаматы ғана әуежайдың, тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы бола алады.»;

3-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әуежайды пайдаланушы болып табылатын ұйымның бірінші басшысына және оның орынбасары - әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;

2) тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына және оның орынбасары - авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;»;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің бірінші басшысына және авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына.»;

80) 107-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жолаушыларды, багажды, қол жүгін, оның ішінде жолаушылардың өздерінде болатын заттарды, экипаж мүшелерін, азаматтық авиацияның авиация персоналы қатарындағы адамдарды, әуе кемесі бортындағы қосалқы заттар мен тағамды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін және әуежайдың бақыланатын аймағына келетін барлы адамдарды әуежайда қарап тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган на рұқсат алған және бағдарламалар бойынша тиісті оқудан өткен авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру инспекторы жүргізеді.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен арнайы тізбедегі лауазымды адамдарды қоспағанда, әуе кемесімен тасымалданатын әрбір адамға және оның багажына қатысты қарап тексеру жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

«10. Қазақстан Республикасының әуежайларының жолаушылар терминалының ғимаратына келген барлық адамдардың кірулері мен шығуларына бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік қағидасына сәйкес әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі ішкі істер органдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады.»;

81) 108-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».


8. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):

134-баптың 2-тармағы 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну;».
9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):

2-қосымшада:

41-жол алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

     Президенті    






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет