Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»


Жоғарғы тыныс жолдарының бөліндісін зерттеу



бет22/23
Дата15.10.2023
өлшемі72.27 Kb.
#480838
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
!0= 8 - ! -3 A (1)

7. Жоғарғы тыныс жолдарының бөліндісін зерттеу

Мұрынның жоғарғы бөліктерінің шырышы міндетті бактериологиялық зерттеуден өткізіледі; аңқадан алынған шырышты зерттеуді көрсетімдер бойынша, қабыну процестері болған кезде ғана жүргізеді. Материал мұрынның екі жағынан стерильді мақта тампонымен алынады, басқа тампонмен бадамша бездерінің үстінен алынады. Материалды аңқадан аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағаттан соң алады.


Зерттелетін материалдың себіндісін қоректік орталарға оны алғаннан соң 2 сағаттан кешіктірмей салады.
Алғашқы себінді үшін саруызды-тұзды, сүтті-тұзды сүтті- -саруызды-тұзды агар қоректік орталар қолданылады.
Себіндіні келесі әдістердің біреуі арқылы жасайды:
- материал алынған тампон арқылы, бұл кезде қоректік ортаға материалды барынша мол салу үшін тампонды айналдырады;
- тампонмен алынған материалды зертханада 5 мл стерильді физиологиялық ерітінді бар сынауыққа салады. Тампонды 10 минуттың ішінде сынауықты шайқау арқылы сұйықтықта шаяды. Сұйықтықты тамшуырмен бірнеше рет араластырып, 0.1мл мөлшерінде жоғарыда көрсетілген қоректік орталардың біріне салады және қалақшамен жақсылап жағады.


Жоғарғы тыныс алу жолдарының тұқымдалу көлемділігін анықтау
Тампонға алынған колония түзуші бірліктердің (КТБ) 1000 және одан жоғары көрсеткіш арқылы байқалатын тұқымдалуы қоздырғышпен жоғары деңгейде тұқымдалу болып табылады, бұл кезде қоздырғыш қалыпты тыныс алғанның өзінде сыртқы ортаға тез таралады.
Материалды тампон арқылы себу кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының стафилококтармен тұқымдалуын крестпен бағалауға болады:
++++ тостағандардағы колониялардың төгілмелі көбеюі;*
+++ оқшауланған колониялардың жаппай көбеюі;*
++ айтарлықтай (100 колонияға дейін) көбеюі;
+ бірлі-жарым (10-25-ке дейінгі) колония.
Ескертпе:* - төгілмелі және жаппай көбею, әдетте тампонға алынған 1000 КТБ тұқымдалу көлемділігіне сәйкес келеді.
0,1 мл төгілмелі сұйықтықты себу кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының стафилококтармен тұқымдалуын анықтау үшін табақшаларда өскен біртекті, морфологиясы және пигменті бойынша ұқсас колониялардың санын есептейді, содан соң тампонға алынған КТБ санын есептейді.
Есептеу мысалы: табақшада 15 колония өсті, яғни 0,1 мл-де 15 КТБ болды, шайындының бүкіл көлемділігі мынандай: 15х10х5=750




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет