Жоба тақырыбы: «Конституциялық құқық» Дайындаған:Құқықтану маманыдығының студенті Салауат Камилла Ғылымижетекші: э.ғ. м. Жағыппар Ж. Атырау-2020 жыл


Қ.Р.Конституциялық құрылымның негіздері



бет5/10
Дата03.01.2022
өлшемі77.16 Kb.
#450272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ғылыми жоба салауат камилла

1.2 Қ.Р.Конституциялық құрылымның негіздері

Қазақстан Республикасы Президенттік баскару нысанындағы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет

Демократиялық мемлекет дегеніміз өз халқының таңдауы мен мүддесін білдіретін, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қатамасыз ететін мемлекет болып саналады. Мемлекетті тек демократиялық мемлекет деп жариялай салу жеткіліксіз, ол үшін мемлекеттің демократия зандары бойынша жұмыс істеуі мен өмір сүруін қамтамасыз ету қажет. Естеріңде болса, бұрынғы КСРО да өзін демократиялық мемлекет деп жариялағаны белгілі, бірақ онда іс жүзінде адам құқығы мен бостандығы жиі бұзылып, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заң қағидалары сақталмайтын еді.

Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет талаптарына жауап бере ала ма? Бұл тұста Қазақстанның әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі екендігін есте ұстау қажет. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан өзін демократиялық мемлекет деп жариялады және барлык құқықтық, саяси құралдар арқылы бұл талаптарға сай келуге ұмтылуда. Қазақстанда Президентті халық сайлайды. Сондай-ақ Парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс депутаттарын да халық сайлайды.

Жергілікті мәслихаттар депутаттары да төте сайлау арқылы сайланады. 

Республика азаматтары жеке әлеуметтік-экономикалық, саяси құқықтар мен бостандықтарға ие.

Қазақстанда әрбір адам өмір сүру, жеке бостандығы мен жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығына және т.б. ар-ождан бостандығына ие және барлық адам заң алдында тең болып табылады.

Бұл, әрине, мемлекетте адам жэне азамат құқықтары мен бостандықтарының барлығы бірдей сақталып отыр дегенді білдірмейді. Сондықтан әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ұмтылуы қажет.

Республикадағы билік бөлінісі принциптері де Конституцияда бекітілді. Әрбір билік тармағы өз қызметін жүзеге асыруы тиіс. Үкімет ағымдағы мемлекеттік істерге жетекшілік етуді атқарса, парламент заң шығару жұмыстарымен шұғылдануға, соттар сот төрелігін жүзеге асыруға міндетті.

Демократиялық мемлекеттің тағы бір элементі - саяси пікір алуандығына жол беру. Республикамызда "Отан" партиясы, "Азамат" партиясы, Азаматтық партия, Аграрлық партия, Коммунистік партия, Республикалық халықтық партия тәрізді тіркеуден өткен 19 саяси партия жұмыс істейді. Кейбір партиялар, мәселен "Отан" партиясы, үкіметтік партия болып саналады, яғни олар қазіргі уақыттағы Үкімет жұмысын қолдайды. Ал, Азаматтық партия билік мүддесімен катар, аса ірі капитал мүдделерін де білдіреді. "Азамат", Коммунистік партия секілді партиялар билік құрылымдарына оппозициялық бағытты ұстанады. Олар Үкімет пен Президенттің кейбір іс-әрекеттеріне сыни пікірлер айтады, бұл, принципінде, демократиялық мемлекет үшін қалыпты құбылыс болып саналады.

Енді зайырлы мемлекет ұғымына келейік. Зайырлы мемлекет деп мынаны түсіну керек: Егер мемлекет өз ішінде діни бірлестік, ұйымдардан бөлек болатын болса, яғни бірінің ісіне бірі араласпайтын болса, ондай мемлекетті зайырлы мемлекет деп атайды. Зайырлы мемлекетте ешбір дін мемлекеттік немесе көпшілік ұстануға міндетті үшін бола алмайды. Зайырлы мемлекетте дін мемлекеттен бөлек қана емес, сонымен бірдей заң алдында тең болып табылады. Қазақстанда мұсылман мешіттері мен православ шіркеулері, иудейлік синагогалар мен католиктік костелдер заң алдында теңдей жұмыс істейді. Кез келген адам өз таңдауы бойынша кез келген дінді ұстануға құқылы.

Қазіргі уақытта тек бір ғана дінді мемлекеттік дін ретінде жариялаған елдер де кездеседі. Мысалы, Шығыс елдерінде, оның ішінде Иран мен Пәкістанда - ислам діні, Скандинавия елдері - Швеция, Норвегия, Финляндияда -католиктік лютеран діні, Израилде - иуда діні мемлекеттік дін болып саналады.

Конституцияда әлеуметтік мемлекет құру негіздері көрсетілген. Жалпы, әлеуметтік мемлекет деп өз азаматтарының игілігі мен әлеуметтік әділеттіліктің сақталуын қамтамасыз етуді мойнына алатын мемлекетті айтады. Бірақ, бұл-мемлекет барлық адамдардың материалдық және әлеуметтік жағдайларын теңестіреді деген сөз емес.

Қазақстан, әлеуметтік мемлекет кұруға ұмтылып отырғандықтан, елде кедейшіліктің етек алмауына баса назар аударады. Кез келген мемлекетте жұмыссыз, еңбекке жарамсыз адамдар, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар тәрізді, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары болады. Мемлекет бұл топтарға кем дегенде ең төменгі дэрежедегі көмекке кепілдік беруі қажет. Сондықтан да біздің республикамызда зейнеткерлер мен мүгедектер көлемі аса көп болмаса да зейнетақы алады. Сондай-ақ көп балалы аналар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға белгілі бір ақшалай жәрдемақы берілсе, мүгедектер мен соғыс ардагерлерін, көп балалы аналарды ішінара тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген. 

Мемлекет, сондай-ак, белгіленген мөлшерде тегін медициналық көмек көрсетуге қаржы бөледі. Орта білім алу республикамыздағы мемлекеттік мектептерде тегін. Жоғары оқу орындары үшін несие мен гранттар беруде мемлекет тарапынан айтарлықтай қаражат бөлінуде.

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құруды көздейді. Құқықтық мемлекет ұғымы жан-жақты түсіндірілуі мүмкін. Соның ішінде демократиялық мемлекетке қатысты анықтамалардың барлығы да құқықтық мемлекет ұғымымен астарлас жататындығын айтуға болады, өйткені демократиялық мемлекет әрі құкықтық мемлекет болып табылады.

Қүқықтық мемлекетте басты мақсат адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып саналады. Мемлекеттің өзі құқыққа бағынышты болып, құқық шеңберінде жұмыс істеп, өз азаматтарын қорғауға алуы қажет.

Құқыктық мемлекет белгілері: сот тәуелсіздігі, мемлекеттің ақпарат құралдарының жұмысына кедергі келтірмеуі, цензорлық бақылау болмауы, т.б. Мұнан басқа, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы үшін дамыған азаматтық қоғам болуы қажет. Азаматтық қоғамда, әдетте, әртүрлі меншік түрі, еңбек пен кәсіпкерлік бостандығы, яғни ақпарат бостандығы жүзеге асады. Азаматтық қоғам туралы айтқан кезде оның астарында бірінші кезекте құқық пен бостандық тұрады.

Қазіргі уақытта Қазақстан құқықтық мемлекет құрудың бастапқы кезеңінде тұр. Бұл ұзақ та күрделі жолдағы процеске енді ғана қосылып отырғандықтан, әзірге елімізде азаматтар өз құқын қорғау жолында әлі күнге дейін мемлекеттік органдардың кедергісіне кездесуде.

Конституция бойынша біздің мемлекетіміздің басшысы Президент болып табылады. Демек бұл, Қазақстан басқару формасы бойынша- президенттік республика дегенді біддіреді. 1995 жылғы Конституция бойынша барлық басқа билік тармақтарына қарағанда Президент рөлі айтарлықтай күшейді. Президент республиканың барлық мемлекеттік органдарына қатысты кең өкілеттіктерге ие, сондай-ақ заң шығарушы өкілеттіктігіне де ие бола алады (заңда көрсетілген жағдайларда). Президентті қызметінен кетіру процедурасы бірінші рет конституциялық тұрғыдан бекітілді. Рас, Президентті қызметінен кетіру үшін тек бір жағдай, яғни, президенттің мемлекетке опасыздық жасауы ғана негіз бола алады.

ҚР Конституциясының 2-ші бабына сәйкес, аумақтық құрылымы жағынан ҚР-сы бөлінбес, біртұтас унитарлы мемлекет болып есептеледі. Біртұтас унитарлы мемлекет-бұл өз құрамында басқа да мемлекеттік құрылымдар жоқ, әкімшілік-территориялық негізде орналасқан және орталық органдар қабылдаған заңдар негізінде басқарылатын мемлекеттік-территориялық құрылым, Ол әкімшілік-территориялық орналасуына қарай әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлінеді.

Олар: Облыс, аудан, қала, ауыл(село), ауылдық (селолық), округтар болып аталады.

ҚР территориясының біртұтастығы конституциялық құқықтың мәртебесінің бөлінбес элементі болып табылады. ҚР өз территориясы мыналардан тұрады: Субъектілер территориясы және құрғақ және ішкі сулары, территорнялық теңіз иелігі, және осылар үстіндегі әуе кеңістігі.

Әрбір мемлекетке төн бір ортақ көрініс-бұл мемлекетті ұйымдастыруда және мемлекеттік құрылысында өзіне ғана үйлесімді ерекшеліктердің болуы.

Мемлекеттің ең басты белгісі - оның тәуелсіздігі, немесе егемендігі. Бұл сөз мемлекетгің ішкі және сыртқы халықаралық істерін өз бетінше дербес жүргізе алатындығын білдіреді. Егемендік жағдайында өзге мемлекеттер оның істеріне араласып, ықпалын жүргізе алмайды. Мемлекеттік егемендікке ие мемлекеттердің өзінің зандары, билік органдары, әскері және полициясы болады. Олар өз халқын - азаматтарын қай жерде і болса да, тіпті шет елде болған күннің өзінің қорғауы тиіс. Сендер өзге елдерде жүріп те біздің мемлекетіміз - Қазақстан Республикасьшың көмегіне сүйене аласыңдар. Мысалы, шет елде жүргенде қолайсыз жағдай туындап қалса, казақстандық елшіліктің аумағына келіп қорғануға болады, өйткені халықаралық заңдар бойынша елшілік аумағының іші - Сенің еліңнің аумағы болып табылады. [6]

Егеменді, тәуелсіз мемлекеттің өзінің билік органдары болады. Мәселен, мемлекет заңдарын қабылдайтын - заң шығарушы орган деп аталатын орган бар. Сонымен қатар, бұл заңдарды өмірде жүзеге асыратын, оны елдің барлық тұрғындарының орындауын қадағалайтын орган бар. Бұл органдарды атқарушы органдар деп атайды. Ал, заңды бұзғандарды жазалайтын, соттайтын органдарды - сот органдары деп атайды. Олар туралы осы кітаптан кейінірек білетін боласыңдар.

Егеменді елдің өзінің тәуелсіздік рәміздері болуы тиіс. Олар - елтаңба, ту, әнұран. Алғашқы қауымдарда бұлар болған жоқ. Ертедегі тайпалар өздерінің рәміз-қорғаушылары ретінде жабайы аңдар мен құстар бейнесін қолданғанымен олар рәміздік қызмет атқармаған. Мәселен, олар күшті де айбынды аң-құстар - бүркіт, жолбарыс, арыстан бейнелерін пайдаланды. Мына қызыққа назар аударыңдар: көптеген елдердің елтаңбаларында жануарлардың суреті бейнеленген, мұндай бейнелеудің бастауы сол ежелгі қауымдық кезеңнен қалған белгі емес пе екен?

Дербес мемлекет өз аумағында үстемдік ететін өз заңдарын шығарады. Егер де ел тұрғындарының қайсы біреуі болсын сол заңдарды бұзатын болса, онда мемлекеттік органдар оны жазаға тартады.Мемлекеттің аса маңызды белгілерінің бірі - мемлекеттің өз ақшасы - валютасы, сонымен қатар салығы. Алғашқы қауымда ақша болмады, өйткені оларға ақшаның қажеттілігі болған жоқ. Олар өздерінде жоқ затты қажет болса өзгелермен тауарға-тауар беру есебімен айырбастап алды. Салық та мемлекет пайда болған соң, сол мемлекетті ұстап тұру үшін шықты.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы егеменді ел болып табылады. Егеменді мемлекет деген нені білдіреді? Мемлекет тәуелсіз болғанда ғана егеменді болып саналады. Егеменділік ұғымы сол елдегі шетелдік биліктің барлық түрін жоққа шығарады. Яғни мемлекет ешқандай шет мемлекеттің билігіне бағынбайды. Мемлекет егеменділігі ел ішінде мемлекеттік биліктің үстемдігін және сыртқы істер бойынша тәуелсіздігін білдіреді. Мемлекет өзге мемлекеттермен арадағы қарым-қатынасты өз алдына дербес үйлестіріп, құра алады. Бір сөзбен айтқанда, мұндай мемлекет аумағында сол елдің өзінің заң шығарушы органдары, өз үкіметі мен сот органдары болуы тиіс. Бұл мемлекеттік органдар билікті толықтай өзіне алады.Айқын шекара сызықтарымен белгіленген жеке аумағы бар мемлекет қана дербес жэне егеменді мемлекет болып саналады.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғандығына көп болған жоқ. Тәуелсіздіктің алғы шарттары Кеңес Одағының ыдырай бастауымен бірге қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған "Мемлекеттік тәуелсіздік туралы" Конституциялық Заң Қазақстан Республикасынын мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған ресми қүжат болып табылады. Осыдан былай Қазақстан өзге мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық принциптері негізінде жүзеге асыратын болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде өз аумағындағы барша билікке ие болып саналады. Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын ешкімнің араласуынсыз дербес анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет