КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталатын Конституциядағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңартып, жаңа әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпақтың тарихи сабақтастығы тоғысып жатыр. Конституция әрбір зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжат.
Бүгінгі күндері біздің Конституциямыз бен заңдарымыз адам игілігіне жұмыс істеумен қатар, оның шығармашылық, жасампаздық қуатына серпін беріп, кәсіпкерлік бастамашылығын ынталандырады деп айтуымызға толық негіз бар. Конституция бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекеттік биліктің нағыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан, саяси ымыраға келу мақсатында қазақ халқы өз қамын күйіттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны әрі нығайтуды ойлауы керек. Ата Заңның негізгі нысаны – мемлекет және адам олардың өзара қарым-қатынасы.
Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған Конституцияның 1 бабында. Құқықтық мемлекетті құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады. Республиканың президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жоғарыда сөз етілгендей, Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн - мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады.
Соның айғағы үшін сынып оқушылары мен ауыл тұрғындары және мектеп ұстаздарынан мынадай анкеталық сұрақтар жүргіздік.
1. Конституциялық құқық дегеніміз не?
2. Конституциялық құқық туралы не білесің?
3. Конституциялық құқықпен айналысатын кімдерді білесіз?
4. Біздің қоғамның құқықтық сауаттылығы жоғары деп ойлайсыз ба?
5. Неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |