Жоба тақырыбы: «Конституциялық құқық» Дайындаған:Құқықтану маманыдығының студенті Салауат Камилла Ғылымижетекші: э.ғ. м. Жағыппар Ж. Атырау-2020 жыл


ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі



бет7/10
Дата03.01.2022
өлшемі77.16 Kb.
#450272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ғылыми жоба салауат камилла

2.2 ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Президент — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі Конституцияда бекітілген Президенттік билік тұрпаты деңгейінен айқындалады.

Президент - бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.

Президент тікелей халық тарапынан сайланады. Ел конституциясы Президентке халық ойынан сөйлеуге, мемлекеттің бірлігі символы ретінде халық пен мемлекеттік биліктің біртұтастығын жариялауға, Кîнституцияның мызғымастығына және адам және азаматтың құқықтары мен еркіндіктерінің сақталуына кепіл болады.

Конституцияның 40-шы бабына сәйкес Президенттің аса маңызды конституциялық өкілеттілігі ретінде барлық мемлекеттік қызмет етуін қамтамасыз етуі және адам және азамат құқықтары мен еркіндіктерінің және Конституциясының мызғымастығын қамтамасыз етуі сияқты қызметтерін атаймыз. ҚР-сы Конституциясының 41-ші бабы, 2-ші тармағында жазылғандай, Республика Президенті болып, 40-жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін, ҚР-сы территориясында 15-жылдан астам тұрақты тұрған ҚР-ның азаматы сайлана алады.

Жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде ҚР-сы Президенті 5 жыл мерзімге сайланады. Сайлау жасырын дауыс негізінде өткізіледі. Президентті сайлау тәртібі заң жүзінде бекітілген. Президент өз қызметіне Қазақстан халқы алдында ресми ант бергеннен кейін кіріседі. Ел конституциясына сәйкес, ант беру рәсімі қаңтар айының екінші сәрсенбісінде. Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері Жоғарғы Сот төрешілері, және экс-Президенті қатысу кезінде болады. Бір адам 2-реттен артық ел Президенті болып сайлана алмайды. Республика Президенті өз қызметі мен өкілеттілігін іске асыру және орындау кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтатады. Сонымен бірге оның басқа ақы төленетін қызметпен, көсіпкерлікпен айналысуына және өкілетті органның депутаты болуына құқығы жоқ.

Президент өкілеттілігін шартты түрде 4 - топқа бөлуге болады:

1)Заңшығарушылық өкілеттілігі.

2)Жалпы саяси және әлеуметтік сипаттағы өкілеттілігі.

3)Мемлекеттік органдар қызыметтерін ұйымдастыру және іске асыру істеріне байланысты өкілеттіліктері.

4)Кадрлар мәселесіндегі өкілеттіліктері.

"ҚР-сы Президентінің қызметін қамтамасыз ету жүйелері" туралы Президент жарлығына сай, ел Президентінің қызметін қамтамасыз ету, іске асыру, тиянақты бақылау жасау, оның тапсырмалары мен актілерін тыңғылықты әрі уақытылы орындау мына тұлғаларға жүктеледі:

1)ҚР-сы Мемлекеттік хатшысына,

2)КР-сы Президенті өкімшілігіне,

3)ҚР-сы Президентінің бірінші көмекшісіне, көмекшілеріне, кеңесшілеріне.

ҚР Президентінің ар-намысына қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды, әрі оған ешкім тисе алмайды. Бұл дегеніміз - ол тұтқынға, қамауға алынбайды, соттық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл, яғни, ол Президент қызметін атқарып тұрған кезде болады. Ал осы қасиетті және оған ешкім тисе алмауы құқығы Президентті қызыметінен босатқаннан кейін өз күшін жояды. Президентті конституциялық жауапкершілігін іске асырудың ерекше процедурасы болып есептеледі. [10]

ҚР-сы Президентімемлекетке опасыздық жасағанда немесе басқа да ауыр қылмыс жасағанда қызыметінен мерзімінен бұрын босатылады.

ҚР-сы Президенті өз өкілеттілігін ант берген кезден бастап, жаңа сайланған Президент ант берген кезге дейін жүргізеді.

Ел Конституциясына сәйкес Президент кең ауқымдағы өкілеттіліктерге ие, біз оны жоғарыда төрт топқа бөлгенбіз.

1)Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіліктерге ие. Ол Парламенттің келісіміне орай Премьер-Министірді тағайындай алады, Премьер-Министр ұсынысы бойынша үкімет құрылымын белгілейді, үкімет мүшелерін тағайындайды әрі қызметінен босатады, үкімет мүшелерінің анттарын қабылдайды, Парламент келісіміне сәйкес Ұлттық Банк Төрағасын тағайындайды, Сенаттың келісіміне сөйкес Бас Прокурорды тағайындайды, ҚР-сы дипломатиялық өкілдіктері басшыларын тағайындайды әрі кері шақыРып алады. Есеп комитеті Төрағасы мен мүшелерін тағайындайды. Президент сондай-ақ ҚР-сы заңдарына қол қояды және жариялайды жене тиым салу әрі тоқтату ынтасына ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет