Жоба тақырыбы: «Конституциялық құқық» Дайындаған:Құқықтану маманыдығының студенті Салауат Камилла Ғылымижетекші: э.ғ. м. Жағыппар Ж. Атырау-2020 жыл


ҚР-да адам және азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың Конституциялық жүйесі



бет6/10
Дата03.01.2022
өлшемі77.16 Kb.
#450272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ғылыми жоба салауат камилла

2.ҚР-да адам және азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың Конституциялық жүйесі
2.1 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң салаларындағы адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан көрінеді. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін құқықтармен еркіндіктерді қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтармен еркіндіктердің шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.

Негізгі құқықтармен еркіндіктерге төн заңдық ерекшеліктер мыналар:

1.Конституциялық құқықпен еркіндік, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқықсалаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.

2.Негізгі құқықтармен еркіндіктер әрбір азамат пен адамға беріледі.

3.Негізгі құқықтармен еркіндіктердің өзіне тән бір сипаты-бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі.

4.Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР-ның азаматтығына қатыстылығы бола алады.

5.ҚР-ның азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктері азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтароған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтаразаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.

6.Негізгі құқықтармен еркіндіктер оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып қалады.

7.Негізгі құқық, еркіндік және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың занды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтың Актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғаріы заңдық күші бар топтама-ел Конституциясы болып көрініс табады.

Жоғарыда аталған белгілер, адам және азаматтықтың негізгі құқықтары мен еркіндіктері ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер мынадай тәртіпте бейнеленеді:

Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған туылған кезінен бастап, немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес құқығы мен еркіндігі болып табылады.

Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен еркіндігі. Адам және азаматтың құқығының конституциялык, принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады. Оның мазмұны ҚР-сы конституциясының 14-ші бабында айтылады. Келесі тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің іске асыруын сипаттайтын конституциялық принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуі мен ерекшеленеді. әдетте, кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.

Конституциялық құқықтармен еркіндіктерді жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық деп саралау дәстүрі қалыптасқан. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтарәрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқықоған туылған кезінен бастал тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табғги құқығы жатады. Бұл құқықадамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15-ші бап), жеке басының бостандығы құқығы (16-шы бап),мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17-ші бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

Азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқығына қатысты салалар бұлар жеке меншік құқығы (26-шы бап) еңбек қатынастары, демалыс салалары (24-ші бап) денсаулық сақтау (29-шы бап) білім алу (30-шы бап) әлеуметтік қамтамасыз ету (28-ші бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31-ші бап). Осы адамның және азаматтың негізгі міндеттері Ата Заңымыз ҚР-ның Конституциясының 34-38-ші баптарында бекітілген. Тұлғаның мелекетпен арадағы болатын құқықтың сипаты азаматтықты қалыптастыратын негіз ретінде оның заңды тіркеуінде көрсетілуі тиіс. Азаматтың бұл іс-жүзінде іске асырылған жағдай емес, ол-құқықтық жағдай болып есептеледі. Мемлекет азаматы-бұл бірін-бірі толықтыратын, оның аумағында өмір сүретін адамдар ретінде ғана қарастырмау керек, өйткені соңғысы тек мемлекет тұрғындары болып - демографиялық категорияны ғана қалыптастырады. Ал осы ұғымға тек мемлекет азаматтары ғана емес, ел ішінде тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар мен шет елдіктер де кіреді.

Мемлекеттің азаматы болу үшін тек сол елдің аумағында тұрып, өмір сүруі ғана жеткіліксіз. Ол үшін тұлға мен мемлекет арасында ерекше байланыс болуы қажет. Бұл байлданыс көрінісі ретінде-заңдылық негізде тіркелген азаматтығын дәлелдейтін құжаттарының болуы және олардың құқықтық реттеуінің болуы, және әрбір занды тұлғаның занды түрде тіркеуінің болуы шарт.

Жалпы ортақ құқықтық реттеу өз бойына мыналарды кіргізеді: Тұлғаның азамат болып танылуы үшін, азаматтықты алуы және азаматтықтан шығу үшін мемлекет өз заңдарында құқықтық негіз болатын заңдарда осы мәселелерге шешім тауып береді. әрбір адамға байланысты-азаматтық алу тәртібі заңды түрде мынадай құжаттармен тіркеледі:

1.Қазақстан Республикасы азаматының төл құжаты.

2.Туу туралы куәлігі және азаматтығын дәлелдейтін басқа да құжат түрі. Мемлекет, сонымен бірге туылуы және қайтыс болуы сияқты азаматтың хал-ахуал Актілерін де тіркеп отырады. Азаматтыққа байланыста болатын тұрақты сипаты, әдетте азаматтың туылуы мен қайтыс болуына дейін және азаматтықты бір жақты тоқтатуға жол бермейтін шаралардан айқын көрінеді. Азаматтың өз бастамасымен азаматтықты тоқтату туралы ұсынысы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің бастамасы бойынша азаматтықты тоқтатуға мүлдем болмайды.

Азаматтықтың құқықтық негізі ретінде ҚР конституциялық нормалары және 1991 жылы 20-желтоқсанда шығып, 1995 жылы 3-ші қазанда өзгерістер 'мен толықтырулар енгізілген "ҚР азаматтығы туралы" заңы, және азаматтыққа қатысты құқықтық -нормативтік Актлері есептеледі.

Азаматтықты алуға негіз болатын жағдаяттар мыналар:

Туылғанан бастап,ҚР-сы азаматтығын қабылдауы нөтижесінде.ҚР-ның мемлекет аралық келісімдерінде қарастырылған жағдайлар негізінде.Заңда көрсетілген негіз бойынша.

(Заңның 11-ші бабында айтылғандай, бала туылған кезде оның ата-анасының екеуі де ҚР-сы азаматы болған болса, қай жерде туылғанына қарамастан ол ҚР-сы азаматы болып Қазақстанан тысқары жерде тұрақты тұрған болса, баланың азаматығы жазбаша түрде жазылған ата-анасының келісімі негізінде белгіленеді.

Азаматтықты тән алу, мойындау-бұл мемлекеттің еркін білдіретін Акт болып есептеледі. әдетте бұл Актте жұмыс істеп тұрған жағдай бекітіледі. Көп жағдайда заң "нольдік вариантты" қолданады. Бұл дегеніміз жаңа заң бойынша, аталған жаңа заң өз күшіне енген кезде мемлекеттің азаматтығын қабылдаған барлық тұлғалар мемлекет азаматы болып есептеледі. Аталмыш заң көп жағдайда бұрынғы кеңес азаматтарына қатысты қолданылады, өйткені бұл адамдар өз азаматтықтарын дәлелдеу үшін қандай-да бір іс-шараларға бармаған еді. 

Конституцияның 19-бабында «Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде кепілдік берілген. Жаңа Конституцияның тағы бір басты артышылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.

Негізгі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады. Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған. Конституцияның 39-бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет