Жоба тақырыбы: «Конституциялық құқық» Дайындаған:Құқықтану маманыдығының студенті Салауат Камилла Ғылымижетекші: э.ғ. м. Жағыппар Ж. Атырау-2020 жыл



бет8/10
Дата03.01.2022
өлшемі77.16 Kb.
#450272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ғылыми жоба салауат камилла

ҚОРЫТЫНДЫ
Ата Заңның негізгі нысаны – мемлекет және адам олардың өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған Конституцияның 1 бабында.

Құқықтық мемлекетті құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады. Республиканың президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.

Жоғарыда сөз етілгендей, Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды.

Ата заң қабылданған күн - мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады.

Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.

Қай мемлекет болмасын, білім беру жүйесі сол мемлекеттің жүргізіліп отырған саясатымен анықталады. Білімді де білікті, жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеу заман талабы. Оқу орындары жастарға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, білікті зерделік дамыған мамандарды даярлауды көздейді және оларды парасатты, адамгершілікті, әрі құқықтық мәдениетті етіп қалыптастыруды өз міндетіне алады.

Конституцияның 19-бабында «Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде кепілдік берілген.Жаңа Конституцияның тағы бір басты артышылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады. Негізгі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.

Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған. Конституцияның 39-бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.

39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына тағы басқа құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған.

Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында шағын және орта кәсіпкерлік саласына айрықша маңыз беріліп келеді. Сондықтан да болар ел экономикасының жетекші саласының бірі саналатын кәсіпкерлікте ілгерілеу үрдісі байқалады. Ел пайдалы кәсіп көздерін қолға алып, еркін еңбекке бой үйрете түскендей.

Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет. Біз жастар, өз күшімізді, білімімізді біріктіре отырып, өз еліміздің Ата Заңымымызды қорғауға, оны құрметтеуге тиіспіз.

Ата Заңның ел өміріне әкелген жаңалығы мол. Елбасы Н.А.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында бүгінгі жетістікке жеттік деп айта аламыз. Бұған мемлекетіміздің жеткен табыстарының ішіндегі елдің саяси жүйесінің өзгергендігі дәлел.

Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру.

Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайда ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.

Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.

Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекетің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты.

Конституция мемлекетті оның барлық элементтерімен; аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен, азаматтығымен, дербес заң шығарушылық қызметімен, т.б. қоса баянды етеді. Конституция мемлекеттің, мемлкеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттарымен өзара қарым-қатынастарының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық құрылыстың экономикалық, ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін де анықтайды. Мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық ережелерін, идеяларын пайдаланады. Қоғамның құрамдас бөліктері де (бірлестіктер, ұйымдар) өз қызметтерін Конституцияға негіздеп құруға тиіс.

Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы. Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдаған саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады. Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет түрлері көп болса да, олардың бәріе ортақ белгілері болады.

Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация), мемлекетті басқарудың (монархия әлде республика) формалары анықталады, мемлекеттің жоғары органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтан оның басқа нормативтік актілерде кездеспейтін өзіне тән белгілері болады.

ҰСЫНЫС
Қазақ халқының азаматтары, яғни Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтық сауатты болса екен, құқықтық сауаттылықтары артса екен. Оқушыларды жастайынан құқықтық сауаттылықты терең  үйрететін, соның ішінде конституциялық құқықтың қыр-сырын меңгертетін курстар оқу бағдарламасына енсе екен деген ұсынысым бар.

Келешекте қазақ халқының ұрпағының құқықтық сауаттылығы артады деген сенімдемін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет