Жобалау мерзімі бастап дейін



бет15/16
Дата11.12.2023
өлшемі0.65 Mb.
#486147
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
stud.kz-108483

5.1 IV класты нивелирлеу

IV класстың нивелирлеу жүйелерін жоғары кластардың полигондарының ішінен жүргізеді. IV класстың нивелирлеу желісі жоғары кластардың нивелирлеу пункттарына байланысып және IV кластың аралық реперларына сүйенуі керек.


Нивелирлеу жүрістерін бір бағытта жүргізеді. Пункттерде бақылауды бағдарлама бойынша орындайды: Артқы рейка, алдыңғы рейка. Рейкаларды деңгей бойынша орнатады.
IV класты нивелирлеуде ұзындығы 1 км болғанда 6 мм – деп артық болмайтындай жүрісте деңгейлік асудың орташа квадраттық кездейсоқ қателігімен ηkn сипатталатын дәлдікпен орындалады, ал бекеттердегі өсімшелер ( h cp )cm - 3 мм сәйкес болады.


5.2 Нивелирлеуде қолданылатын аспаптар

МЕСТ бойынша «Нивелирлердің» 3 тобын қарастырады:


1.НО5 түрі ( I және II класты нивелирлеу үшін);
2.Н3 түрі (I және II класты нивелирлеу үшін);
3.Н10 түрі (техникалық нивелирлеу үшін).
НО5 нивелирі Н2 нивелир базасында құрастырылған.
Қазіргі уақытта ниверлеуді орындау үшін өндірістерде НБ, НА -1, Н1 және шетелдің ГДР-да дайындалған «Цейс» фирмасының Ni 007 нивелирі қолданылады.


5.3 НО5 нивелирі

Осы нивелирмен орта квадраттық қателіктің бекеттегі +0,2 мм асыруын анықтау және I және II класс нивелирлеуі 1км жүрістегі +1мм орта квадраттық қателігі нивелирлеуін орындау үшін қолданылады.Нивелирдің жалпы түрі 5.1-суретте бейнеленген. Нивелирдің астыңғы қозғалмайтын бөлігі тұғырдың 1 (5.1 –сурет) 3 көтергіш бұрандасы және қондырғыш пластинкасы 2 бар.





1.7 –сурет. Н-05 нивелирі

Тұғырдың үстінгі бөлігінде төлке орнатылған, оның ішінде нивелир дүрбінің цилиндрлік айналу осі 3 кіреді.


Нивелирдің үстіңгі қозғалатын бөлігі – көру дүрбісі 5 және цилиндрлік деңгей 7. Көру дүрбісінің ішкі фокустауы 40’ шақты үлкейтілген. Обьективтің бос диаметрі 52 мм, дальномер коэффициенті 100.



1.8-сурет. Н-05 нивелир құрылысы

Кримальера 11 арқылы (1.8-сурет) дүрбіні фокустау 2 м – ден шексіздікке дейін аралықта орындалады. Керек кезде фокустау 1 ден 2 м – ге дейін. Дүрбінің қысқыш 14 және нысаналау 15 бұрандалары бар. Жазық параллельді пластинның еңістеу механизмі және пластиналардың еңістігін өлшейтін есеп шкаласы деңгей қорабымен 6 жабдықталған. Есеп шкаласының 110 бөлігі бар. Бөліктер бағасы 0,005 мм-ді құрайды. Есеп шкаланың бейнесі призмалар жүйесінен дүрбінің көру окуляр алаңына беріледі. Цилиндрлік түйісу деңгейінің бөліктер бағасы 10 “/2 мм.


Призмалар жүйесі окулярдың көру алаңына деңгейдің көпіршігі бейненің соңын береді. Деңгейлердің көпіршік соңыларын сәйкестену элевациондық бұрандамен 10 іске асады. Деңгейдің ампуласында бөліктер бағасы 4” шкаласы бар. Ол шкала нысаналау тәсілімен нивелирлеу көпіршіктің соңыларын есептеу үшін дөңгелек деңгейі 8, бөлік бағасы 5’/2 мм бар. Нивелирдің үстіңгі және төменгі бөліктері вкладышпен 4 бекітілген.



1.9-сурет. Н-05 нивелирдің оптикалық схемасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет