«Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері»
(пәннің аты)
Мамандық «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
(шифры, аты)
Оқу түрі __________күндізгі_________
(күндізгі, сырттай)
Алматы 2012ж.
Оқу-әдістемелік кешен кредиттік жүйеге сәйкес «5D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығына арналып жасалған. Оқу-әдістемелік кешен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының жұмыстық оқу жоспары және оқытушының жеке зерттеуінің нәтижелері негізінде әзірленді.
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралып ұсынылды.
«___ » __________________ 2012 ж., хаттама №____
Кафедра меңгерушісі _________________ А.К. Мынбаева
(қолы)
Факультеттің әдістемелік (бюро) кеңесінде ұсынылды.
« ___ » _____________ 2012 ж., хаттама № __
Төрағасы (Төрайымы) ________________________ Н.А. Саитова
(қолы)
Алғы сөз
Курстың мазмұны: «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» курсы мазмұны студенттердің ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және әдістері саласындағы жүйелі білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
«5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттері педагогика мен психологияны оқып-үйрену үшін қажет әдіснамалық тұғырлар және ұстанымдармен танысады.
Пәннің мазмұнына психологиялық-педагогикалық факт, психологиялық-педагогикалық теория, психологиялық-педагогикалық заңдылық туралы арнайы білімдер енеді. Студенттер психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістерін ойластырып, психологиялық-педагогикалық факт мен құбылысты зерделеу туралы тұжырымдар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |