Пәннің мазмұнына енетін сұрақтар:
1. Педагогикалық жобалаудың дамуының тарихи-мәдени көздері. Педагогикадағы жобалау әрекеті идеяларының дамуы және қолданылуы.
2. Педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары. Жобалау әрекетінің мәні, қызметтері, деңгейлері, заңдылықтары, ұстанымдары.
3. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің мәні, құрылымы және мақсаты.
4. Жобалау әрекетінің субъектілері және нысаналары. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жасаушыларға қойылатын талаптар.
5. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жобалау кезеңдері.
6. Жобаалды кезеңді ұйымдастыру: пәндердің оқу-әдістемелік кешендері материалдарын жинастыру және жүйелеу.
7. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің тұжырымдамасын жасау және жобаның формасын таңдау.
8. Педагогикалық жобалар түрлері: оқу және тынығу жобалары, кәсіптік дайындау және біліктілікті көтеру, жеке тұлғалық өсу салаларындағы жобалар. Желілік және халықаралық жобалар.
9. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жасау тұжырымдамасын негіздеу әдістемесі. Бакалавриаттың 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандығының білім беру бағдарламалары мазмұнын жобалау.
10. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жобалау нәтижелерін рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар. Тілі және баяндау стилі. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіру жұмысы.
Курстың мақсаты: «Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жобалау және жасау» курсы магистранттардың пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жобалау саласындағы білімдерін жүйелі қалыптастыру, олардың жобалау құзіреттіліктерін меңгеруін ұйымдастыру.
Курстың міндеттері:
магистранттарды жобалау әрекетінің мәнімен, қызметтерімен, деңгейлерімен, субъектілерімен, нысаналарымен және ұстанымдарымен, пәннің оқу-әдістемелік кешен құрылымымен, нормативтік-әдістемелік негіздерімен таныстыру;
оларды педагогикалық жобалардың түрлері, педагогикалық жобалаудың негізгі нысаналары, жобалау әрекетін ұйымдастырудың логикасы туралы білімдермен қаруландыру;
оларды пәннің оқу-әдістемелік кешенін жобалау негізі ретінде білім беру мазмұнын (білім беру мазмұны тұжырымдамасы, білім беру бағдарламалары, оқу жоспарлары), педагогикалық технологяларын жобалау кезеңдерімен таныстыру;
магистранттарды пәннің оқу-әдістемелік кешенін жобалау технологиясына үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |