Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері



бет20/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Фоә

Жылдамдық, Жоғарғы сыныптарда бұл ұғым түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыстар үшін векторлық шама ретінде енгізіледі. Орын ауыстыру шамасы векторлық болғаңдықтан, жылдамдық та вектор ретінде сипатталады.
Түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты қайталап, оның негізгі белгісін: материялық нүктенің кез келген тең уақыт аралығында бірдей орын ауыстыратынын анықтайды. Әр түрлі денелердің түзу сызықты бірқалыпты қозғалысының бір-бірінен айырмашьшыш бар.Сондықтан да қозғалысты сипаттайтын шама жылдамдық енгізіледі. Ол орын ауыстыру векторының, осы орын ауыстыруға кеткен уақыттың қатынасымен анықталады . Жылдамдық ұғымын енгізгенде міндетті түрде демонстрациялық эксперимент жасап көрсетіледі.
Негізгі мектепте өтілген тузу сызықты бірқалыпты қозғалыстың жылдамдық үғымы, бағдарлы мектепте қайталағаннан кейін бірқалыпты емес қозғалыстың орташа жылдамдығы ұғымы енгізіледі.
Бір қалыпсыз қозғалыста орташа жылдамдықты дененің жүрген жолын, оны жүруге кеткен уақытқа бөлу арқылы табады. Оқушылар көбінесе орташа жылдамдықты анықтағанда қозғалыстың басындағы және соңындағы жылдамдықтың арифметикалық ортасын табады. Бұл анықтау қозғалыстың жылдамдығы уақытқа сызықтық төуелділікте болған кезде ғана дұрыс, яғни бірқалыпты үдемелі қозғалыста. Орташа жылдамдықты вектор рстінде қарастыру орын ауыстыру векторын, сол орынауыстыруға кеткен уақытқа қатынасымен анықтаған кезде болады. Мұндай жағдай лездік жылдамдықты анықтағанда қолданылады. Мұңда орташа жылдамдық, орынауыстыру векторының, сол орынауыстыруға кеткен уақытқа қатынасымена нықталады. Күнделікті айнала қоршаған өмірде орташа жылдамдық деп жүрілген жолдың, сол жолды жүруге кеткен уақытқа қатынасымен анықталатын шаманы айтады. Орташа жылдамдық ұғымын бекіту үшін мына түрдегі есептерді шығаруға болады. 1) Автокөлік өзінің қозғалыс уақытының бірінші бөлігін 60 км/сағ жылдамдықпен, ал уақыттың екінші бөлігін 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автокөлік қозғалысының орташа жылдамдығы қандай? 2) Автокөлік өзінің жүрген жолының бірінші жартысын 60 км/сағ жыддамдықпен, ал екінші жартысын 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автокөлік қозғалысының орташа жылдамдығы қандай? 3) Дене жолдың үштен бір бөлігін 30 м/с жыдцамдықпен, ал қалған бөлігін 20 м/с жылдамдықпен жүрді. Дененің орташа жылдамдығы қандай? Оқушылардьщ жылдамдық ұғымын жақсы меңгеруіне айналадағы өмірден, техникадағы, ғарыштағы денелердің жьлдамдығына мысалдар келтіріледі.
Келесі кезекте қозғалыстың тағы бір сипаттамасы лездік жылдамдықты қалыптастыру.
Материялық нүкте өзінің қозғалысы кезінде, қозғалыс траекториясының барлық нүктелері арқылы жүріп өтеді. Олардың әрқайсысын материялық нүкте белгілі бір уақыт мезетінде басып өтеді. Олай болса, уақыттың әр мезетінде және траекторияның әр нүктесінде дене қандай да бір жылдамдық алады. Міне осы жылдамдық лездік жылдамдық деп аталады.
Дененің лездік жылдамдығы деп берілген уақыт мезетіндегі немесе траекторияның берілген нүктесіндегі дененің жылдамдығын айтады. Лездік жылдамдықты қалай анықтауға болады? Ол қандай шама? Бұл сұрақтарға эксперименттік тәжірибе жасап көрсетіледі (электрсекундомер немесе стробоскоппен). Мұнда дененің орын ауыстыруы қарастырылып отырған уақыт аралығын азайтып, жылдамдықтың өзгеруі ескерілмейтіндей болғанда, орташа жылдамдық дененің лездік жылдамдығына айналады. Лездік жылдамдық векторлық шама. Лездік жылдамдықтың бағыты берілген нүктедегі қозғалыс бағытымен сәйкес келеді. Сонымен қозғалыс бір қалыпты емес болса, онда біз тек лездік жылдамдықты қарастырамыз. Бір қалыпты емес қозғалыс кезінде ол әр нүктеде және әр түрлі уақыт мезетінде әр түрлі болады.
Берілген нүктедегі лездік жылдамдықты анықтау үшін, сол нүктеге таяу бөлігіндегі мейілінше аз ғана орын ауыстыру векторын, соған кеткен аз ғана уақыт аралығына бөлу керек. Қисық сызықты қозғалыста да лездік жылдамдық ұғымы осылайша енгізіледі.
Үдеу үғымын енгізу үшін, бірдей уақыт аралығында жылдамдықбірдей шамаға өзгеретін бірқалыпсыз қозғалыс таңдапалынады. Мұнда түзу сызықты бірқалыпты қозғалыста жылдамдық уақыт бірлігі ішінде орын ауыстырудың өзгеруін сипаттайтыны сияқты түзу сызықты бірқалыпты үдемелі қозғалыста үдеу уақыт бойынша жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайды.
Түзу сызықты бірақлыпты үдемелі қозғалыстың үдеуі ұғымын бекіту үшін мынандай қозғалыстарды қарастыруға болады. Қозғалыстағы дененің үдеуі, 0,3 м/с. Бұл нені білдіреді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет