Бақылау сұрақтары:
Жоғары мектеп педагогикасы нені қарастырады?
Жоғары мектеп педагогикасы қандай өзге ғылым салаларымен байланысқа түседі?
Ересктерге білім беру өзектілігі немен түсіндіріледі?
Педагогикалық білімнің қазіргі қоғамдағы маңызы неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2009.
Мынбаева А.И. Основы педагогики высшей школы. А, 2008, -156.
Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. А: Қазақ университеті, 2010. -158.
Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика. Оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы, 2012. - 348 б.
Сорокопуд, Ю. В.Педагогикавысшейшколы. Учебное пособие / Ю. В. Сорокопуд. - Ростов н/Д: Феникс, 2011. - 541 с.
Громкова, М. Т.Педагогикавысшейшколы.Учебное пособие / М. Т. Громкова. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. - 447 с.
Подласый, И. П.Педагогика. Учебник / И. П. Подласый . - М. : Высшее образование, 2009. - 540 с.
Педагогика. Учеб. пособие / ред. П. И. Пидкасистый. - М. : Высшее образование,
2008. - 430 с
2-дәріс. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы.
Дәрістің мақсаты: педагогика ғылымы туралы жалпы түсінік қалыптастыру, ғылым ретіндегі өзіндік орнына баға беру, ғылыми сипаттау.
Ұлы Абайдың 25-қара сөзі:
”Ғылым-өнер-дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі” .
Әлемдегі педaгогикaлық ой ежелгі ой-пікірдің бір бөлігі болып тaбылaды және ол aдaмдaр ұрпaғының өмір сүру тәжірибесінен тікелей туындaғaн.Педагогикалық процесті тұтастық ретінде тек жүйелі амалының ұстанымымен ғана қарастыруға болады. Жүйе – реттелген элементтерінің жиынтығы, функциялануының жалпы мақсатының біріктірумен кейбір тұтас атаулар (П. К. Анохин, В. Н. Садовский). Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. І. «Парадигма» - латынның мысал деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес [1]. Оларға мыналар жатады:
1.Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.
Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді. Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады. Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.
Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады. Мұндағы басты қағида: «мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер «Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады» дейді.Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады. Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым - бұл құзырлылық. Құзырлылық (латын тілінде «competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді. Құзырлылық маманның «айналымға» түсудегі қажетті шарты [2]. Білім беру – жүйеленген білім, білік, дағдыларды, белгілі бір мәдени білім қорларын игеру процесі және оның нәтижелері.
Оқыту – білім алудың негізгі жолы. Ол жүйеленген білім, білік, дағдыларды меңгерудегі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен екіжақты әрекетіне негізделетін екіжақты процесс болып табылады.
|